Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түлкібас » «Тілдік кемсітушілікке жол жоқ!»

«Тілдік кемсітушілікке жол жоқ!»

Түлкібас ауданында тілдік кемсітушілікке жол жоқ. Осы ойды өскелең ұрпаққа жеткізу мақсатында бүгін Түлкібас аудандық орталықтандырылған кітапханасында дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған iс-шараның мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №2 Жарлығымен бекітілген «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін.Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 114-тармағын орындау, яғни «Тілдік негізде кемсітушіліктің кез келген түрлеріне бір уақытта табанды қарсы тұрып, мемлекеттік тілдің одан әрі дамуы мен практикалық қолданылуын ынталандыру» мақсатында ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелге аудан әкімі аппаратының заң бөлімшесі, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі қызметкерлері, ауылдық округ кент әкімдіктерінің заңгер мамандары, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Түлкібас аудандық филиалының қызметкері және «Тілдерді оқыту және дамыту орталығының қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында, Түлкібас ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Д.Есбосын, Тілдерді оқыту және дамыту орталығының директоры Б.Даулетов, қазақ тілі пәні оқытушысы Р.Қайыпова, Келтемашат ауылдық округі заңгері Е.Төленді баяндама сөз сөйлеп, тілдік кемсітудің кез-келген көрінісіне жол бермей, мемлекеттік тілімізді құрметтеуге шақырды.
Ел мерейі – тіл мәртебесі. Тілсіз халықтың өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған, әлем мойындаған ел болу үшін тілімізге деген құрмет соғырлым жоғары болу қажет. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дегендей ана сүтімен дарыған қасиетті де қастерлі тілге құрмет көрсетіп, дақ түсірмеу сіз бен-біздің парызымыз!

Пікір жазу