Оңтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшыларының бірі Жұмағали Исмаиловтың заңға томпақ келетін іс-әрекеттерін сонау 2013 жылдан бастап жазып келе жатқан болатынмын. «Әділет» газетінде қызмет атқарған жылдары оның бұрынғы басшысы Қ.Т.Ботабекпен арадағы қарым-қатынасы туралы, «тапсырыстары» туралы біршама білетінмін. Мен «Әділетте» қызмет атқарып жүрген кезімде бір күні газет басшысы: «Әсеке, ұстанымды өзгертеміз. Егізбаевты сынап жазған мақалаларымызда Ж.Исмаиловты да бір шымшып өтуіміз қажет. Өйткені, М.Егізбаев бұл мақалалардың артында Ж.Исмаилов тұр деп ойлап қалмасын», – дегені бар еді. Содан Егізбаев туралы қисыны келіспейтін, жалған мәліметтерге сүйенген мақалаларға тапсырыс беріп жүрген кім екенін білдім.
Жалпы Жұмағали Исмаиловтың бұл тірліктеріне әу-бастан тұла бойым қарсы болды. Қуанышбек екеуі бірігіп, біраз нәрсені бүлдірмек ниеттерін іске асыру жолына түскен болатын. Қазір тисті жазасын алып, 7,5 жылға бас бостандығынан айырылған Қ.Т.Ботабектің сол әрекеттеріне қолынан келгенше «демеу» беріп жүрген де осы Исмаилов еді. Бұл жөнінде өзімнің Facebook-тағы жеке парақшама 2015 жылдың 13-қазанында:
«Иә, бұл есімді есімізден әлі шығарып үлгермеген сияқтымыз. Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарған Жұмағали «Әділет» газетінде еш сыналмайтын. Ботабек пен Исмаилов арасындағы байланыстың сыры неде екенін екеуі білер, дегенмен бүгінде екеуінің де үстінен қылмыстық іс қозғалғанын, екеуі де тергеуде жүргенін қалың көптің бірі білсе, бірі білмес. Жұмағали Исмаилов не бүлдіріп қойған екен? Асықпаңыздар, уақыт сәті туғанда бәрін де айтамыз. Тек қана сабыр сақтаңыздар!..» – деп жазған болатынмын.
#Жұмағали #Исмаилов…Иә, бұл есімді есімізден әлі шығарып үлгермеген сияқтымыз. Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулы…
Опубликовано Әсетом Әссанди 13 октября 2015 г.
Іле-шала, 2015 жылдың 14-қазанында RGMEDIA.KZ порталы «Жұмағали Исмаилов туралы жұрт тағы шулап жатыр» деген мақаласында:
«Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-інде облыстық денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы басшысы Ж.Исмаиловқа қатысты «коммерциялық ұйымның жетекшісін параға сатып алмақ (комерческого подкупа) болды» деген дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ, облыстық ІІД-інде Қ.Ботабекке қатысты заңсыз сыйақы алу фактісі бойынша да сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды». Ел арасына тарап үлгерген бұл ақпаратқа байланысты бүгінде жұрт әр алуан алыпқашты ақпартпен шулап жатыр. Осынау суыт ақпараттың қаншалықты рас-өтірігіне тақсыр уақыт төреші», – деген мәліметтерді келтірді.
http://rgmedia.kz/news/view/2684
Бір қызығы, ешкімнен қорықпайтын кейіп көрсетіп жүрген облысымыздың бұрынғы бас дәрігері тергеу орындарынан ат ізін аулақ ұстауға тырысып-бақты. Бұл туралы 2015 жылдың 22-қазанында өз постымда:
«Ж.Қ.Исмаилов 1972 жылы 14 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын дәрігер-хирург мамандығы бойынша, Алматы экономика университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.
2009-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болған.
Бүгінде ісі тергеуге өткен бұл азамат құқық қорғау орындарына барып жауап беруден жалтарып жүр. Бұл не? Қоянжүректігі ме? Әлде өзін заңнан биік санағаны ма? Бізге бірақ нәрсе аян – қанша қашқақтаса да, түбі келіп, жауап беруге мәжбүр болады. Әйтеуір, сол күйі қамалып кетпесе болғаны…» – деп жазған едім.
#Исмаилов #Жұмағали #ҚазыбайұлыЖ.Қ.Исмаилов 1972 жылы 14 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекетті…
Опубликовано Әсетом Әссанди 22 октября 2015 г.
Енді, міне, айтқандай-ақ, Жұмағали Исмаилов үйқамаққа алынды. Айта кететін бір мәселе, оны алдымен үстіміздегі жылы 11-сәуір күні Әл-Фараби аудандық соты уақытша тергеу абақтысына қамауға алу туралы шешім шығарған. Артынша күдікті Ж.Исмаилов бұл шешімді қайта қарау туралы сотқа шағым түсіріп, ол кепіл түріндегі бұлтартпау шарасымен үйқамаққа алынып отыр. Қолдарымыздағы мәліметтерге сүйенсек, Жұмағали Исмаиловқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы – «Параға коммерциялық сатып алу» және «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу» бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Әліптің артын бағайық, ағайын!..
Әсет Әссанди
Оқыңыздар! Спешите прочесть:
ТАЗАЛАУҒА ЖАТА МА, ЖАЗАЛАУҒА ЖАТА МА?