Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ТАЗАЛАУҒА ЖАТА МА, ЖАЗАЛАУҒА ЖАТА МА?

ТАЗАЛАУҒА ЖАТА МА, ЖАЗАЛАУҒА ЖАТА МА?

Фото Әсета Әссанди.

Оңтүстік Қазақстан облысы Мәдениет басқармасының мәліметтеріне сенсек, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400 қаулының 28 қосымшасының 2 тармағына яғни, қаржыландыру жоспары бойынша үнемделген қаражаттың толық көлемінде; жалақы, салықтар және бюджетке түсетін өзге де міндетті төлемдері бойынша үнемделген қаржыдан бір жылға, яғни 2014 жылы музей қызметкерлеріне қосымша сыйақы – 1 167,0 мың теңге, 2015 жылы – 953,0 мың теңге көлемінде берілген. 2014 жыл бойына 418 535 теңге көлемінде Х.Есенқарақызына сыйақы берілген, алайда коммуналдық қызметтерге ақы төлеуден қарыз шығуына байланысты, сыйақы кері қайтарылған» екен.
 
Осыған байланысты бес сұрақ:
 
1. Ханбибі Есенқарақызына берілген «сыйақы кері қайтарылған» деген сөз – сыйақы заңсыз алынған деген сөз емес пе?
 
2. Ханбибі 418 535 теңге сыйақыны заңсыз алған болса, ол қалай жауапқа тартылмай қалып кетті?
 
3. «Мен – тазамын!» деп жүрген Ханбибінің сыйақысын кері қайтартқан қандай күш?
 
4. Ханбибі мемлекеттің қомақты қаражатын сыйақы ретінде заңсыз алған фактісі тіркелген болса, оның жауапкершілікке тартылмауына кім мүдделі болды екен?
 
5. 418 535 теңгені заңсыз алған адам мемлекет қаражатына қол салған болып есептеле ме, әлде ұрлық жасаған болып есептеле ме?
 

Пікір жазу