Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Төтенше (страница 4)

Төтенше

АЯЛДАМАЛАР ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласында қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоғамдық көліктер де коронавирусқа қарсы залалсыздандыру жұмысы қарқынды жүргізілуде. Атап айтар болсақ, дезинфекциялау жұмысы барысында 64 автопарк, 323 бағыттағы автобус залалсыздандырылды. Бұл туралы Шымкент қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мәлімдеді. Сала мамандары тамақтану орындары мен базар, өндіріс орындары жалпы саны 77 нысанды аралап, олардың барлығында коронавирустық инфекцияның ...

Толығырақ »

ҚАПЕРГЕ АЛМАҒАН — ҚАТЕРГЕ ҰРЫНАР

2020 жылғы 11 маусымдағы жағдай бойынша елімізде жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 630 тасымалдаушы тіркелді. Шымкент қаласы бойынша олардың саны — 395 (+30). Ал Нұр-Сұлтан қаласында — 385 (+53) Алматы қаласында — 421 (+130). 3 маусымнан бастап Қазақстанда асимптомикалық коронавирус тіркеле бастады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 1696 асимптоматикалық коронавирус тасымалдаушысы тіркелген. Алайда, COVID-19-дың асимптоматикалық түрімен тіркелгендер жалпы статистикаға енгізілмейді. ...

Толығырақ »

САНИТАРЛЫҚ НОРМАЛАРДЫ ҚАТАҢ САҚТАҒАН ЖӨН

Бүгінде коронавирус инфекциясының қаупі басылмай отыр. Осыған орай, тұрғындар мен заңды тұлғалар меншік нысанына қарамастан, шектеу шараларын, соның ішінде карантиндік режимді орындауы тиіс. Ең алдымен бетперде тағу режимі басты назарда болып, қоғамдық ортада міндетті түрде бетперде тағылуы керек. Екіншіден, жеке гигиеналық талаптар қатаң сақталуы керек. Көпшілік орыннан үйге оралған соң, қолды сабынмен жақсылап жуу, дезинфекциялау немесе бір реттік пайдаланатын қолғаптар ...

Толығырақ »

КАРАНТИНДІК РЕЖИМ ҰЗАРТЫЛДЫ

Түркістан облысының аумағында карантин және шектеу іс-шаралары 2020 жылы 8 маусым сағат 00.00-ден бастап коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылады. Осыған байланысты бірқатар шектеу шаралары қолға алынып отыр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді. С.Қалқаманов облыс тұрғындарын жарияланған карантиндік шараларға түсіністікпен қарап, сақтық шараларын сақтауға шақырды. «2020 жылғы ...

Толығырақ »

БІРНЕШЕ ҮЙ ШАТЫРСЫЗ ҚАЛДЫ

Түркістан облысы Арыс қаласында 5 маусым күні екпіні қатты жел болып, тұрғындарға қауіп төндірді. Секундына 20 метр жылдамдықпен соққан желдің салдарынан Байтоғай ауылындағы жалпы ауданы 653 шаршы метрді құрайтын 14 ғимарат шатырсыз қалды. Олардың қатарында жеке тұрғын үй мен кәсіпкерлік нысандары да бар. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті оқиғадан зардап шеккендер мен адам шығыны болмағанын ресми түрде мәлімдеді. Сала мамандары осыған ...

Толығырақ »

ӨТЕМАҚЫ БЕРІЛЕ БАСТАДЫ

Үкімет тарапынан берілетін 100 мың теңгелік өтемақыға байланысты Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фердауси, Достық, Өргебас елдімекендерінің 6314 азаматынан құжаттар қабылданды. Оның 6020-сы көші-қон полициясының ақпаратымен расталып, қаржы аудару үшін бекітуге ұсынылған. Бұл туралы бүгін топан судан зардап шеккен халықпен арнайы кездескен Түркістан облыстық Қазақстан халықтары Ассамблясыхатшылығының меңгерушісі, Мақтаарал ауданындағы облыстық штабтың әлеуметтік мәселелер жөніндегі жетекшісі Ғани Рысбеков мәлімдеді, деп жазады Түркістан облысының ...

Толығырақ »

КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІС ӨТТІ

Бүгін Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде Түркістан облысы әкімінің аппарат басшысы Әуелхан Тұрғымбековтің қатысуымен Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты кеңейтілген мәжіліс өтті. Жиынды Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов ашып, жүргізіп отырды. Мәжіліске сондай-ақ, Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, облыстық басқарма басшылары, Жетісай, Шардара, Сарығаш, Келес ауданы ...

Толығырақ »

МЫНА ВИРУС ШАРШАТТЫ-АУ БӘРІМІЗДІ…

Тосқауылдардың бәрі ашылып, қатынау жеңілдеген жаздың алғашқы күні Қазақстан бойынша жаман індетке шалдыққандар саны 11 308 болды. Бұл көрсеткіш бойынша алғашқы екі орынды еліміздің екі мегаполисі – Алматы (2647 адам) мен Нұр-Сұлтан (2207 адам) алып отыр. Шымкент қаласы (867 адам) өңірлер арасында Атырау (1105 адам), Қарағанды (932 адам) облыстарынан кейінгі бесінші орында. Түркістан облысы (379 адам) болса – сегізінші орында. ...

Толығырақ »

БҰЛ АПТА ДА ТЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАР МЕН ҚАРБАЛАСҚА ТОЛЫ БОЛДЫ

Жұрт назары ауып тұрған Мақтаарал ауданындағы Өргебас ауылы топан судан толық тазартылып, құрылыс басталды. Алғашқы бір үйдің қабырғасы қаланып, үш баспананың іргетасы құйылды. Жалпы Өргебас ауылында 189 үй бар. Соның 138-нің иесіне үкімет тарапынан 17 млн. теңгенің 50 пайызы яғни, 8,5 млн. теңгесі беріліп қойды. Дәл қазіргі уақытта мұнда 162 үйді бұзу және 45 баспананың іргетасын құю жұмыстарына дайындық жүргізіліп ...

Толығырақ »

МОЛАҒА ҚАРАЙ ЖҮГІРЕ ЖӨНЕЛУГЕ НЕ СЕБЕП?

Сурет: pikabu.ru Қазақ: «Ажалды бала молаға қарай жүгіреді» деген де қойған, неге үйтетінін ашып «айтпаған». Алайда  мұнда … … «ажалды адам» демей, «ажалды бала» деп тұр ғой. Яғни әңгіме ақыл тоқтатқан адам емес, бала туралы. Ал, бүгінде молаға қарай бала ғана емес, аға қазақ, ата қазақ та жүгіре жөнелгіш. Мысал келтірейік. Денсаулық саласы мамандары жұрттың коронарлық вирус сайран сап тұрған елдерге ...

Толығырақ »

АЛҒАШҚЫ ҮЙДІҢ ҚАБЫРҒАСЫ ҚАЛАНДЫ

Мақтаарал ауданындағы топан су басқан Жаңажол ауыл округіне қарасты Өргебас ауылында алғашқы бір үйдің қабырғасы қаланып, үш баспананың іргетасын құю жұмыстары басталды. Осындағы жұмыстарға үйлестіруші боп бекітілген Аязхан Қалыбеков ауыл округінің әкімі Молдабек Битеміровтің айтуынша, жалпы Өргебас ауылында 189 үй бар. Соның бүгінде 138-інің иесіне үкімет тарапынан 17 млн. теңгенің 50 пайызы яғни, 8,5 млн. теңгесі толық аударылған. Дәл қазіргі ...

Толығырақ »

ОРАЛДАН ШЫҚҚАН КЕРУЕН

Бүгін Батыс Қазақстан облысы Орал қаласынан жолға шыққан керуен Мақтаарал ауданына келіп жетті. 12 тонна гуманитарлық көмекті жинауға Батыс Қазақстан облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері мен кәсіпкерлері үлес қосқан. Сондай-ақ, еріктілердің ықпал етуімен керуен көлігіне азық — түліктер мен құрылыс материалдары, киім-кешек және тұрмыстық қажетті құрал-жабдықтар тиелген, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Су тасқынынан ...

Толығырақ »

ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Шымкентте су тасқынынан зардап шеккен Елтай елдімекенінің тұрғындарына қаржылай көмек көрсетілді. «Қызыл ай» қоғамы мен «Болат Өтемұратов қоры» өкілдері 91 отбасына 50 мың теңгелік банк карточкаларын таратты. Бұл тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға едәуір көмек болары сөзсіз. Қазіргі таңда онда 56 үй жарамсыз болып қалған. Олардың бәріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Құрылыс жұмыстары басталып кетті. Жарамсыз қалған баспаналар жөнделіп, жуық арада тұрғындар ...

Толығырақ »

«BIRGEMIZ» ҚОРЫ 2,8 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРАЖАТ АУДАРДЫ

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі М.Әйтеновтің қатысуымен «Nur Otan» партиясы активінің бейнеконференция мәжілісі өтті. Жиын барысында Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» республикалық қоғамдық қорымен атқарылып жатқан жұмыстар мен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың төтенше жағдай кезінде халықты әлеуметтік қолдау шаралары, партия Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбектің Шымкентке жасаған іссапарында және ҚР Премьер-министрі А.Маминнің азаматтарды қабылдау кезінде берген тапсырмаларының орындалу ...

Толығырақ »

ВИРУСТЫҢ АЛДЫН АЛУ ТУРАЛЫ

Бүгінде коронавирус инфекциясының қаупі басылмай отыр. Сондықтан індеттің алдын алу барысындағы негізгі талаптарды білу мақсатында Шымкент қаласы ЖИТС орталығы бас дәрігерінің орынбасары Қожахмет Машировтың пікірін білдік. Маманның айтуынша, ең алдымен бетперде тағу режимі басты назарда болып, қоғамдық ортада міндетті түрде бетперде тағылуы керек. «Екіншіден, жеке гигиеналық талаптар қатаң сақталуы керек. Көпшілік орыннан үйге оралған соң, қолды сабынмен жақсылап жуу, дезинфекциялау ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ПРОВОДЯТСЯ ПРОФИЛАКТИЧЕСКИЕ МЕРЫ ПО КОРОНАВИРУСНОЙ ИНФЕКЦИИ

На данный момент весь мир, в том числе и Казахстан переживает большую пандемию, связанную с коронавирусной инфекцией. И мы, граждане Казахстана должны сделать все возможное, чтобы предотвратить распространение инфекций и это в наших руках. Что мы можем сделать для этого? Во-первых, самое основное носить средству индивидуальной защиты, то есть маску в общественных местах, особенно в закрытых помещениях и общественном транспорте. ...

Толығырақ »

ЕКІНШІ МӘРТЕ КӨМЕК КЕРУЕНІ ЖЕТТІ

Бүгін Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына Жетісу өңірінен екінші мәрте гуманитарлық көмек келді. Жуырда ғана аса қомақты көлемде гуманитарлық көмек жолдап үлгерген жетісулықтар бұл жолы да жомарттықтарын көрсете білді, деп жазады «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Бұл игі іс «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі А.Баталовтың бастамасымен қолға алынған. Бастамаға партияның белсенді ...

Толығырақ »

ҚИРАҒАН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

Түркістан облысы, Төлеби ауданында нөсерлі жауын салдарынан су шайған үйлер бой көтеруде. Апатты деп танылған 38 баспана толық сүріліп, бүгінде 28-нің іргетасы қаланған. Құрылысшылар бірнеше үйдің қабырғасын қалауға кірісіп кеткен. Жергілікті деңдейдегі төтенше жағдай салдарынан қиындыққа кез болған тұрғындар көп ұзамай баспаналарына қайта оралатын болады. Құрылыс жұмыстарын шілде айына дейін аяқтау жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тұрақты бақылауында. ...

Толығырақ »

КАРАНТИН РЕЖИМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

Түркістан облысында бүгінгі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі 8 маусымға дейін ұзартылды. Осыған орай өңірде бірқатар шектеулер сақталады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев онлайн-брифингте мәлімдеді. «Ауа арқылы тез тарайтын бұл дерттің әзірге нақты вакцинасы жоқ. Дәрігерлер қауымы күн-түн демей вирусты жеңу жолында талмай еңбек етуде. Облыс аумағында да 300-ден аса адам ауырып, дәрігерлердің арқасында 180-ге жуық науқас дертінен ...

Толығырақ »

КАЛА ӘКІМІ НЕ АЙТТЫ?

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов БАҚ өкілдеріне онлайн-брифинг беріп, оның барысында карантиннің ұзартылуына байланысты бірқатар мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды Шымкент ақпараттық коммуникациялық орталығына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық порталының тілшісі. ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ Шымкент қаласында бүгінгі эпидемиологиялық ахуалға байланысты бас санитарлық дәрігердің қаулысымен карантиндік шектеулер 8 маусымға дейін ұзартылды. Бұл туралы бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов журналистермен болған баспасөз конференциясында ...

Толығырақ »

20 ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған Мырзакенттегі жаңа шағын ауданнан белгілі меценат Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қоры 20 үйдің құрылысын бастап кетті. Бүгінде құрылыс алаңында дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Жуырда іргетасы қаланып, үйдің қабырғасы көтеріледі, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. «Салиқалы ұрпақ» қорының ресми өкілі Нұрлан Байымбетовтің айтуынша, 20 үйдің құрылысы ағымдағы жылдың ...

Толығырақ »

БІРНЕШЕ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАН ЖАБЫЛДЫ

Түркістан облысында коронавирус инфекциясын 282 адам жұқтырған. Төтенше жағдайдың аяқталғаны қауіптің сейілгенін білдірмейді. Өкінішке орай, өңірде карантин талаптарының өрескел бұзылып жатқаны анықталып отыр. Пандемияға қарсы сақтық шараларының сақталмауы Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Н.Нышановтың облыс орталығындағы бірқатар әлеуметтік маңызды нысандарды аралауы барысында анықталды. Кейбірінде «Карантин іс-шараларын өзгерту туралы» жарияланған қаулы талаптары қадағаланбаған. Мәселен, қаулыға сәйкес, қоғамдық тамақтану орындарына тамақ ...

Толығырақ »

ТАЛДЫҚОРҒАННАН КӨМЕК КЕЛІП ЖЕТТІ

Бүгін Мақтаарал ауданына Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығының Талдықорған облыстық филиалы атынан гуманитарлық көмек келіп жетті. Керуен жүгі Атакенттегі арнайы қоймаға орналастырылды. Алдағы уақытта тасқыннан зардап шеккен отбасыларға үлестірілетін болады. Талдықорғандық топты бастап келген Алматы облысы ұйғыр этномәдени орталығының Талдықорған қаласындағы өкілі Нурум Ивуллаев. Керуен 7 тоннаға жуық 140 түрлі азық-түлік жиынтығын ала келген. Сондай-ақ, делегация мүшесі, ұйғыр мәдени орталығының ...

Толығырақ »

БІР МЫҢ ДОЛЛАРЛЫҚ ӨТЕМАҚЫ ТАРАТЫЛУДА

Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға Ә.Усманов қорынан 5 млн 202 мың АҚШ доллары 5202 жанұяның (30 420 адам) есепшоттарына аударылады. Бүгінде бұл қаржыны 1308 отбасы алып үлгерді. Тұрғындарға бүгінгі таңда 4638 банк картасының 90 пайызы таратылды. Қалған отбасыларға қаржы алдағы уақытта аударылатын болады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаевпен өткен тікелей эфирде ...

Толығырақ »

ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ – ҚАЙЫРЫМДЫ ҚОҒАМНЫҢ ҚАҒИДАСЫ

ҚР Кәсіподақтар Федерациясы жанындағы «KEA» (Kazakhstan En’bek adamy) корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Транстелеком» АҚ демеушілігімен және «Keleshek» жастар кеңесінің қолдауымен «QAMQOR QAZAQSTAN» әлеуметтік жобасы бастау алды. Аталған жоба аясында Шымкент қаласының «Keleshek» жастары және «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлері қаламыздағы 12 отбасыға азық-түлік үлестіріп берді. Акция аясында көп балалы отбасылардың, жалғыз ілікті аналардың тізімі жасақталып, мұқтаж жандарға бірінші ...

Толығырақ »