Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2020 (страница 5)

Годовые архивы: 2020

Туған жері әлі нақтыланған жоқ

Ресми деректерге жүгінсек, Қажымұ­қан 1871 жылы 12 тамызда Ақмоладағы Қараөткел дуанына қарасты Қоспа деген жерде дүниеге келген. Алайда палуанды «Оңтүстік Қазақстан топырағының тума­сы» ретінде танитындар да бар. Бұған негіз болатын жайт – палуанның атасы Ернақ зиратының Отырар ауданы Шілік ауылын­дағы ескі қорымда жатқандығы және сол маңайда Ернақтың жайлауы деген жайлаудың болғандығы. Көнекөз қариялар Ернақтың баласы Мұңайтпас­тың Ақмола маңына қоныс аударуы ...

Толығырақ »

Жер жүзіне палуандықпен атын жайған… қазақтың Қажымұқаннан басқа кімі бар?

Күллі қазақ «күш атасы» ретінде қадір тұтқан Қажымұқан – ғибратты ғұмыр кешкен сан қырлы тұлға. 15 жасынан топқа түскен Қажекеңнің жасы 70-ке келгенше күресті тастамауының өзі – оның жаратылысы бөлек саңлақ спортшы екендігінің айғағы. Бір айта кетерлігі, 11-атасы Қарақыпшақ Қобыланды болып келетін Қажымұқанның дара бітімі бала жасынан-ақ байқалған. Өзі құралпылас балалармен ойнап жүргенде әлдекімге жазатайым қолы тиіп кетсе, оңдырмайды екен. ...

Толығырақ »

Қажымұқан жөн білмейтін хатшыны қалай қатырды?

Ұлы Отан соғысы аяқталған соң үш ай өткенде Абайдың 100 жылдық мерейтойы Қарауылда аталып өтті. Жұрт тойды өткізуге заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің тікелей өзі мұрындық болды деседі. Осыдан 70 жыл бұрын өтсе де, Абайдың 100 жылдық тойының ұмытылмайтын, қатысқан әр адамның өмірінің тәтті күндері саналатын себептері бар. Біріншіден, ол той Ұлы Жеңістен соң іле-шала өтті. Бес жыл бойы қысылып, қиын ...

Толығырақ »

Қажымұқанның біз білмейтін ұрпақтары Францияда тұрады

Күш атасы – Қажымұқан атамыздың өмірінде төрт рет үйленгені белгілі. Ал бесіншісі…Францияда француз әйелінен туған ұрпақтары бар екен. Ол туралы сәл кейін. Қажекеңнің бірінші әйелі – Бәтима. 16 жастағы Бәтимаға 1909 жылы үйленген. Бәтиманың шын есімі – Надежда Николаевна Чепковская. Циркте аттың құлағында ойнайтын биші болған. Некелері Омбы мешітінде қиылып, мұсылманша есім алған. 1966 жылы қайтыс болған. Бәтимадан 1910 жылы ...

Толығырақ »

Қажымұқанның меценаты кім?

Аягөз өңірінің өткеніне көз жіберсеңіз, талай тарихтың куәсі боласыз. Осы ауылдың аңқылдаған абыз ақсақалдарын былай қойғанда, орта буын өкілдерінің де айтар ой-толғамы бар. Бірде әріптесім Бекен Малдыбаев деген азамат осы қалада Қажымұқан атамыздың болғанын және ұлы күш атасының осындағы орталық алаңда өнер көрсеткенін білетін адамның Аягөзде тұратынын айтты. мен болсам, оған бірден қолқа салып, сол адаммен таныстыруын өтіндім. Келісті. Бірақ ...

Толығырақ »

В ШЫМКЕНТЕ СОСТОЯЛСЯ ОНЛАЙН ТРЕНИНГ ПО ФОРМИРОВАНИЮ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ

В Шымкенте прошел онлайн тренинг на тему «Основы формирования антикоррупционной культуры». В онлайн семинаре приняло участие порядка 50 представителей неправительственных организаций и средств массовой информации. В ходе мероприятия обсуждены вопросы становления добропорядочного общества без коррупции. Спикерами мероприятия выступили казахстанский политический деятель Зауреш Батталова, эксперт-аналитик Исследовательского центра по изучению вопросов противодействия коррупции Академии государственного управления при Президенте Республики Казахстан Айбек Кабылдин, ...

Толығырақ »

ОНЛАЙН ТРЕНИНГ ӨТТІ

Шымкент қаласында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру негіздері» тақырыбында онлайн тренинг өтті. Онлайн режимде өткен оқыту семинарына 50-ге жуық үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Тренинг барысында адал қоғам қалыптастырудың негізгі бағыттары мен басымдықтары талқыланды. Шарада қазақстандық саясаткер Зауреш Батталова, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер орталығының сарапшы-талдаушысы Айбек Қабылдин, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ...

Толығырақ »

Қажымұқан ұшағы қазір қайда?

Ұлы Отан соғысы кезінде Қажекеңнің қаржысымен Қазанда жасалған арнайы ұшақ қазақ ұшқышы Қажытай Шалабаевқа табыс етілген екен. Ұшақтың одан кейінгі тағдыры қалай болған? Ол қазір қайда? Қажымұқан аманатын көзінің қарашығын­дай сақтаған Қ.Шалабаевтың айтуынша, ұшқыштық жеке кітапшасында оның соғыс кезінде аспанға 217 рет көтерілгені жазылыпты. Соның 70-тен астамы Қажымұқан ұшағының еншісіне тиген. Ұлы Жеңістің хабарын Курлян­дия майданында естіген ол Мәскеуде өтетін ...

Толығырақ »

Қажымұқан балуанның дене құрылысының өлшемдері

Қажымұқан өте денелі, алып болғанын жақсы білесіздер. Сондай-ақ, өз заманында атақты балуандардың бірі болып, тарихта қалды. Қажымұқан балуанның 75 жасындағы дене құрылысының өлшемдері. … Жиырма төрт патшаны араладым, Палуанды неше таудай жараладым. Жүрегімді жылытқан қызуы мол, Туған жердей ыстықты таба алмадым! – деп өзі жазып кеткендей әлемді аралап, кездескен балуанның жауырынын жерге тигізіп, атақ пен даңққа бөленсе де, «өзге елде ...

Толығырақ »

Қажымұқан қанша келі көтерген?

Бір деректерден батыр бабамыз Балуан Шолақтың өз заманында 51 пұт болатын ауыр тасты көтергенін оқыдым. Бұл рас па? Сондай-ақ Қажымұқан бабамыз қанша көтерді екен? Қазақ күресін, қазақ батырларын зерттеп жүрген ғалым Елемес Әлім­ханұлының еңбектеріне сүйенсек, Балуан Шолақ 20 жасында 51 пұт (1 пұт=16 келі) гір, яғни 816 келіні көтерген екен. Барлығы 816 келі болатын алты тасты біріктірген Балуан Шолақ алдымен ...

Толығырақ »

Қажымұқан – қазақ балуандарының бренді. Кинодағы Қажымұқан …

Кезінде «Қажымұқан» фильмі арқылы жұртшылыққа танымал болған балуанның рөлін сомдаған, бүгінде «Қажымұқан» қо­ғам­дық қорының төрағасы Леухан Бек­бо­лат ағамызды да осы астан кездестірдік. Әң­гімеге де тарттық. «1983 жылы Ле­нин­шіл жас га­зетіне «Қа­жы­мұқан кім болады?» деген мақала шыққан болатын. Сол ма­қа­лада ба­луан баба­мыз­дың рөлін сомдауға қа­тысты конкурс жария­лан­ғаны жазы­лып­ты. Жас шамасы, бойы, түр әлпеті туралы бір­шама талаптар көрсетіліпті. Мен ол кезде Оңтүстік ...

Толығырақ »

Өмірдегі Қажымұқан қандай еді?

Қажымұқан Мұңайтпасұлы – ғаламат күш иесі. Қазақтың атын тұңғыш рет әлем жұртына танытқан осы бір таудай құбылыс баба тарихынан бізге жеткен алып баһадүрлер туралы әңгімені растай түсуі үшін арнайы жіберілгендей көрінеді, кейде. Шындығын да, ежелгі қазақ батырларының тау тұлғалық алып қасиеті туралы кейбір аңыз боп жеткен әңгімеге сеніңкіремей «қазекемнің асырып жіберетіні бар» дейміз. Алайда күні кеше, яғни 1948 жылы ғана ...

Толығырақ »

Қажымұқан мен Поддубный: кім-кімді жеңген?

Ресейде «Поддубный» фильмі көрерменге жол тартқан. Екі жыл бойы түсірілген, бюджеті 12 миллион доллар болатын бұл фильм орыстың әлемге әйгілі балуаны, француз күресінің алты дүркін чемпионы Иван Поддубный турасында. Әйгілі орыс қаһарманы туралы түсірілген осы фильмде Поддубныйдың Қажымұқан есімді түрік балуанымен белдесіп, оның желкесін үзіп жіберетіні жайлы бір келеңсіз көрініс бар. Аянышты күйде сұлық жатқан түрік балуанын кілемнен сүйреп алып ...

Толығырақ »

Қажымұқан: ұлы балуанның біз білмейтін құпиялары…

Осы біз біреу намысымызға тимесе, «мәу» демейтін халықпыз. Көрші Ресей «Поддубный» деген фильмді түсірмесе, өзіміздің батыр атамыз Қажымұқанды ұмытып кеткендей екенбіз. «Ойбай, біздің Қажымұқан бабамыз қайда қалды? «Поддубныйдағы» түрік Гаджымукан деген кейіпкер біздің Қажымұқан емес пе?! Ол неге Поддубныйдан оңбастай болып жеңіледі? Қажымұқан кім, Поддубный кім?» – деп қызылкеңірдек болдық. «Қажымұқан кім?» деген сұрақ төтесінен қойылып қалған соң, жас оқырманымызға ...

Толығырақ »

Қажымұқаннан да асқан күшті бар

Қазақтың абыройын жер жаһанға көтерген Қажымұқан балуан Семей қаласында ел құрметіне бөленіп жүргенде бір отырыста мынандай сұрақ қойылыпты: – Осы біздің қазақта дәл өзіңіздей күшті бар ма? Болды ма, кезікті ме? Сонда Қажекең: – Бар ғой, менен де күштілер болған. Балуан Шолақ ағамызды барлығың білесіңдер. Дәл осы қалада да бір мықтыға жолыққаным бар, – деп әңгімесін бастапты. – Осындағы бір ...

Толығырақ »

ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ КӨЙЛЕГІ

Күш атасы Қажымұқанның көйлегін жетпіс жыл рахаттанып жамылған Рахат аға. Ұлылар, ұлыларға жөн сілтеп тұратындай. Былтыр Ұлы хан Абылайдың 300 жылдық тойы дайындығымен жүріп Ақмола облыстық Ұлттық спорт мектебінің директоры Марат Хойшиннің кабинетінде, үстел үстінде жатқан Көкшетау қалалық «Степной маяк» газетінің бетіндегі, орасан үлкен көйлек киіп тұрған адамның суреті көзіме оттай басылды. Мараттан сұрасам ол, күш атасы Қажымұқанның көйлегі Көкшетауда ...

Толығырақ »

Қажымұқан қандай болған?

Қазақ балуандары жайлы сөз қозғағанда Қажымұқан бабамызды ерекше атап өтеміз. Бұл ол кісінің атақ-даңқынан бөлек, халықтың балуанға деген ілтипаты мен құрметін білдірсе керек. Бала күнімде Шиеліден шыққан жазушы, атақты «Мың бір түнді» қазақша сайратқан аудармашы Қалмақан Әбдіқадыровтың Қажымұқан туралы жазғандарын оқып таңданып жүретін едік. Белдескенде ешкімнен жеңілмеген, жауырыны жерге тимеген батыр бабамыз жайында кино түсірілген киноны көріп кәдімгідей бір масаттанып ...

Толығырақ »

ҚАЖЫМҰҚАН ӘНШІ МАЙРАНЫ ДА ҚАТТЫ ЕРКЕЛЕТКЕН

Қажымұқан әйгілі әнші Майрамен де тату дос болыпты. Майра бір жерге барып өнер көрсетсе, әншіні көргісі келген жұрт киіз үйдің жабығын жыртып, туырлығын тілгілеп тастайды екен. Майраның өнеріне есі кеткен жігіт-желеңнің бәрі әншінің айналасынан шықпайды. Майраның жанында жүретін атқосшы серіктерге де оңай болмаған. Кеудесіне нан піскен бұзық, есерсоқ жігіттер оларға дөңайбат көрсетеді, қоқан-лоққы жасап ықтырады. Ол кез халықтың өнерге деген ...

Толығырақ »

МӘСЕЛЕ САЛМАҚ ПЕН БОЙДА ЕМЕС

«Жас Алаш» газетінде 2007 жылғы 23 қаңтарда «Қажымұқанның салмағы қанша болған?» деген мақала жарияланды. Оның қысқаша мазмұны: «Не көп, портрет көп. Бұлардың бір-біріне ұқсастығы. Кейбір басылымдар Райымбек батыр деп Жанғожа батырдың, Жанғожа батыр деп Өтеген батырдың суреттерін береді екен». Қажымұқанның портретін салған Е.Бидахметұлын мақтаған «Аса бір құндысы һәм дәлдісі» деп. Әрі қарай: «Күресіп жүрген кезінде Қажымұқан 190 келі тартады екен. ...

Толығырақ »

ҚАЖЫМҰҚАН «АЛАШ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ БОЛДЫ МА?

1937 жылдары Қа­же­­кеңнің Омбы жағынан Оң­түс­тік Қазақстанға келген кезі. Баршаға бел­гілі, кешегі актив болып жүргендері бар, жай ғана шаруасы әлділе­рі бар, бұрынғы байлардың, төрелердің ұрпақтарын үйлерінен ұстап, алып кетіп жатты. Қажекеңнің Арқадан оңтүстікке қа­лай кеткенін Есенгелді төренің (Төре ауылының жігіті) біздің үйде қонақтап оты­рып айтқаны: «Бес жігіт Омбыға, Омбыдан Қызылжарға (Петропавловск) қарай шығарып салдық. «Әрмен қарай өзім барам, сендерге көп ...

Толығырақ »

ӘЛІ ДЕ БОЛСА ІЗДЕНІС КЕРЕК

Бұл жазып отырған әңгімеміз, бір жағынан, естелік, екінші жағынан өзгелерге ой салу. Осы сияқты естеліктерден, әрине, шындық туады. Әлі де болса, Қажекеңнің өмірі, қызме­ті жөнінде мағлұматтар сарқылған жоқ. Бір жолы «Алатау» демалыс үйінде жатқанымда «Пионер жазы» киножурналының 4-ші нөмірінен («Пио­нерское лето», киножурнал, №4) И.Поддубныйдың туған еліндегі пионер лагерінде балалардың қалай демалып жатқанын көріп отырсам: бір топ палуандар (Петербургте түсірілген болар), ...

Толығырақ »

ҚАЖЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ

«Күш атасы» кітабында: «Таяу және Орта Шығыс елдерін аралады. Түріктің жауырыны жерге тимеген атышулы палуандарын жыққаннан кейін оған қажы атағы беріліп, Қажымұқан аталды» делінеді. Бұған сену қиын. Бірінші, дәлел ретін­де құжат жоқ, екіншіден, ол елдің жеңіске жеткен палуанға қажы атағын беру салты болса баяғыда естілер еді. Тағы бірі, түрік халқы Ислам дінінің ережесін мықты ұстаған. Қажылық дінмен байланысты десек, ол ...

Толығырақ »

БАЛАЛАРЫ ОЙШЫЛ АЗАМАТ БОЛЫП ӨСТІ …

Қажекеңнің балалары, немерелерінің көбі парасатты, ойшыл азамат болып өсті. Жанәбіл де ірі, палуан болды. Айдарханның баласы Шаттық та «карате-до» бойынша 2002 жылы Азия ойындарында күміс жүлде алды. Бірақ өзіне тартқан нағыз палуан, батыр әлі жоқ. Бәрі қатардағы ғана. Қажекеңнің тірі кезінде жанашыр жолдастары, замандастары аласұрып палуанға бір әйелден соң бір әйелді алдырып жүргені айтпаса да белгілі болып тұратұғын – өзі ...

Толығырақ »

ЖҰБАЙЛАРЫ ЖӨНІНДЕ

Атышулы адамдар жөнінде аңыз-әңгімелер көп болады ғой. Менің есімде қалғаны, Қажымұқан атамыздың бүкіл Ресейді, Қа­зақстанды аралап жүріп негізгі қоныстанған жерлері – «Сибкрайда» (Омбы маңайы) және «Киркрайда» (Оңтүстік Қазақстан облысы). «Енді ол неге Омбы жерінде қоныстанды?» деген сұрақ тууы мүмкін. 1910-37 ж.ж. дейінгі келіп, кетіп тұрған елі – төре ауылы, «Жаңа жол» колхозы, Шарлақ ауданы, Омбы облысы. Менің әкем Көшкімбай 1939 ...

Толығырақ »

ОЛ — ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ

Қажымұқан өзінің бір отырысында әндетіп айтқан: Сұрасаң арғы атам ұзын қыпшақ, Тәңірім беріп еді өлшеусіз бақ. Шын бабам қарақыпшақ Қобыланды, Тең келер ондай ерге қандай қазақ. («Күш атасы», 157-бетте). Осы қысқаша ғана берілген шумақта өзінің арғы заты, ата-бабалары қазақ тарихында болған белгілі тұлғалар екені менмұндалап тұр. Оған талас жоқ. Бертін келе кейбір жерде, тіпті қазақтың зиялы азаматтарымен кездесіп қалсақ: «Осы ...

Толығырақ »