Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 19.02.2021

АКЦИЯҒА ӨЗ ҮЛЕСІН ҚОСТЫ

Жастарды кітап оқуға тарту арқылы кітапханаларға қолдау көрсету — білім сапасын нығайтуға, рухани бай ұрпақ қалыптастыруға зор ықпал етпек. Осы мақсатта мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен қолға алынған «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы Түлкібас ауданында өз жалғасын тапты. Бүгін аудан әкімі Нұрлан Байғұт Азаттық елді мекеніндегі А.Науаи мектебіне арнайы барып, Абай Құнанбайұлының, Мекемтас Мырзахметұлының және т.б қазақ халқының бір туар азаматтарының ...

Толығырақ »

NIS-ТІҢ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨКІЛДІГІ ТІРКЕЛДІ

Түркістан облысының Әділет департаментінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Түркістан қаласындағы өкілдігі тіркелді. Өкілдіктің жетекшісі қызметіне Әлібек Алатаев тағайындалды, деп жазады қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Түркістан қаласындағы 720 орынға арналған жаңа Зияткерлік мектептің құрылысы 2020 жылдың шілдесінде басталып, 2021 жылдың қазан айында аяқталады деп жоспарлануда. Оқушылар контингенті конкурстық негізде қалыптастырылады. Оқыту Қазақстан Республикасының ...

Толығырақ »

АЛҚАЛЫ ЖИЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

Балалар – бұл әрбір шаңырақтың шамшырағы, қоғамның құнды қазынасы, ертеңгі күннің тірегі, әрі келер келешектің келбеті. Оларға қоғам болып қолдау көрсету, әрі жан жылуына бөлеу – адам болмысындағы құнды қасиет парасаттылықтың жарқын көрінісі. Осыған орай, бүгін Арыс қаласында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен облыс аумағында орналасқан «Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» мен «Бауыржан ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ БҮГІНГІ АХУАЛЫ БАҚЫЛАНДЫ

2019 жылдың 24 маусымы күні Арыс қаласында орын алған жойқын жарылыстың салдарынан қала тұрғындарының басым көпшілігі зардап шегіп, бірқатар әлеуметтік нысандар күрделі жөндеуді қажет етті. Бұл ретте, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зақым келген нысандарды аралап, қаланы шұғыл қалпына келтіру бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Осыған сәйкес, бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫН ҮЙ ДАУЫ ТАЛҚЫҒА ТҮСКЕН ЖИЫН

Бүгін Арыс қаласына арнайы жұмыс сапарымен келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары М.А.Қарғабай төтенше жағдайдан кейін тұрғын үйлерде жүргізілген қалпына келтіру жұмыстары мен проблемалық мәселелер бойынша мәжіліс өткізді. Алқалы жиынға Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек пен қала әкімінің орынбасарлары, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев, аудан прокуроры Н.Қосбаев, қалалық әкімдікке қарасты бөлім басшылары мен ауылдық ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚТАНУ ЖОБАСЫ — ҚОҒАМНЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Кентау қалалық филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «қазақтану» жобасы аясында Қарнақ ауылында «Қазақтану жобасы- қоғамның ұйытқысы» атты кездесу өтті. «Қазақтану» жобасы қазақ мәдениетін, тарихын, философиясын насихаттауға, ұрпақ арасындағы байланысты дамытуға, жалпықазақстандық құндылықтарды қалыптастыруға, қазақстандық патриотизмді нығайтуға бағытталған. Бұл жоба арқылы қазақстандықтар қазақ халқының тарихын тереңірек танып, мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен танысады. ...

Толығырақ »

АДАМ САУДАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН МӘЖІЛІС ӨТТІ

Түркістан облысы Арыс қаласының әкімдігінің мәжіліс залында карантин талаптарын сақтай отырып, адам саудасының алдын алуға және еңбекпен қанау құрбандарын анықтауға бағытталған пилоттық жобаны іске асыруға арналған мәжіліс өтті, деп жазады ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Жиылға Түркістан облысының Полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Т.Бижанов, Түркістан облысының мемлекеттік инспекторы Ғ.Сапарқұлов, «Сана Сезім» қоғамдық ...

Толығырақ »

ЖАҢА АУДАННЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖОСПАРЛАНУДА

«Халқымыз үшін елеулі оқиға орын алғалы тұр. Елбасының тапсырмасына сәйкес, наурыз айында Түркістан қаласында Түркі тілдес Мемлекеттер Басшыларының Саммитін өткізу үшін дайындық жұмыстары басталды. Бұл шара – күллі Түркі халықтарының рухани-мәдени орталығы – Түркістан қаласының туризмін жаңа бағытта дамытуға, туристердің көптеп келуіне ықпал етеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Әрбір халық, әрбір тәуелсіз мемлекет өзінің рухани орталығын нақтылап алуы керек. Қазақстанның ...

Толығырақ »

ТҮРЛЕНГЕН ТҮРКІСТАН

«Түркістан өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстар өз жалғасын тауып, Түркістан қаласының көркеюіне бар ынтамыз бен күш-жігерімізді саламыз»,-деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев есептік кездесуінде. Түркістан қаласын дамытуда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қаланың әкімшілік – іскерлік орталығында әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерге 100 шақырым инженерлік инфрақұрылым тартылды. Ал, рухани-мәдени орталықта құрылысы жүрзілген 9 нысанның жетеуі пайдалануға берілді. Сонымен ...

Толығырақ »

ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ — БАСТЫ НАЗАРДА

Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани орталығына айналдыру және туристерді тарту мақсатында Қ.А.Ясауи кесенесінің айналасында ашық аспан астындағы мұражай, амфитеатр және мәдени демалыс орындары қызмет көрсетуде. Қазақстандағы туризм саласындағы кадрлардың қажеттілігін және қалада көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды ескере отырып, Түркістанда Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті ашылды. «Облысымыз тарихи және мәдени нысандарға бай өлке. Өз кезегінде өңірде Түркістан, Кентау қалалары мен Отырар, ...

Толығырақ »

ТУРИЗМДЕ ҚОЛҒА АЛЫНАТЫН ТЫҢ ЖОБАЛАР

Түркістан қаласында туризм саласын дамыту, оның әлеуетін арттыру, әрі туристерге тартымды ету — бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Ел алдында есеп берген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев осы салада қолға алынатын жоспарлармен бөлісті. «Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев Түркістанды тек облыс орталығы ғана емес, жалпы түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөнінде тапсырма берген болатын. Осыған орай, Түркістан қаласын дамыту ...

Толығырақ »

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН АЛУ КАРТАСЫ ЖАСАЛДЫ

Ел алдында есеп берген Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жаһан жұртын құрсауына түсірген пандемия кезінде орын алған Мақтаарал оқиғасын еске алды. «Басына қиын іс түскен бірде-бір адам қамқорлықсыз қалмады. Бұл халқымыздың біртұтас ел екендігін дәлелдеді. «Бірлігі бекем ел, бәрін жеңеді» демекші, апаттың салдарын жоюға бүкіл республика атсалысты. Бұл жағдай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және Қасым-Жомарт ...

Толығырақ »

САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

Ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 54 нысанның құрылысына 18,3 млрд. теңге қарастырылып, 28 нысан пайдалануға тапсырылды. Нәтижесінде 19 елді мекен жаңа ауыз су жүйелерімен қамтылып, бес елді мекеннің тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылып, халықты ауыз сумен қамту деңгейі 92,1%-ды құрады. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев  өткен жылды қорытындылаған ел алдындағы есебінде айтты. Биыл тағы 49 нысанның құрылысы жүруде. ...

Толығырақ »

БАСПАНА МӘСЕЛЕСІНЕ БАСЫМ НАЗАР АУДАРЫЛУДА

«Облыс аумағындағы құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 65,8%-ға артып, 300 млрд. теңгені құрады. Елімізде өзекті болып отырған баспана беру мәселесіне басым назар аударылуда. Осыған орай, жылдың қорытындысымен нақты 735,5 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, тапсырма 18,6%-ға артығымен орындалды»,-деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев халық алдында берген жылдық есебінде. Халыққа есеп беру кездесуінде облыс әкімі өткен жылы атқарылған ...

Толығырақ »

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР АУҚЫМДЫ

Пандемияның білім саласына тигізген әсері мен бүкіл білім жүйесі үшін ауыр сынаққа айналғанын айтқан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ел алдында берген есебінде барша ұстаздар қауымына, ата-аналар мен оқушыларға алғысын білдірді. Адамзаттың алғаш рет бетпе-бет кездескен мұндай жаһандық қиындықтың уақытша құбылыс екенін, қауіпті індеттің алдын алып, санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім берудің дәстүрлі қалпына оралу үшін барлық жағдайдың жасалатынын айтты. Биылғы ...

Толығырақ »

ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА

«Түркістан облысын әлеуметтік — экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары» аясында ағын су тапшылығын шешу мақсатында ірі су нысандары құрылыстары жүргізілуде. Атап айтсақ, «Түркістан магистральдық арнасы» күрделі жөндеуден өтуде. «Сыйымдылығы 18 млн. текше метр (м/3) Кеңсай — Қосқорған-2» су қоймасы салынып, «Жетікөл көлдер жүйесін» қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. «Түркістан магистральдық каналын» толтыру үшін Сырдария өзенінен машиналық каналын салынып жатыр. ...

Толығырақ »

РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША БІРІНШІ ОРЫНДА

Ауыл шаруашылығы саласында өнім көлемі 2020 жылы 729,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,1%-ға артты. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы елімізде үшінші орында. Негізгі капиталға 58 млрд. теңге инвестициялар тартылып, 13%-ға артты. Республикадағы үлесі – 10,1%-ды құрады. Өңделген өнім экспорттың көлемі 105,1 млн. АҚШ долларына жетіп, 47,6%-ға артты. Оның ішінде Республикада ірі қара мал етін экспорттау бойынша ...

Толығырақ »

ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТУДА

Биыл «Бизнестің жол картасы 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары арқылы кәсіпкерлік субъектілерін 70 млрд. теңгеге жуық жеңілдетілген 6% несиемен қамтамасыз ету жоспарланған. «Бизнеске арналған Үкімет» бірыңғай сервисі арқылы 40 мыңнан астам қызметтер көрсетіп, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын 150 мыңға дейін жеткізіліп, өндірілетін өнім көлемін 900 млрд. теңгеге дейін ұлғайту көзделген. «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастығы орталығын құру ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ САНЫ 141 МЫҢҒА ЖЕТТІ

Өткен жылды қорытындылап, халық алдында есеп берген Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жыл көшінде атқарылған жұмыстар мен қол жеткен жетістіктерді баяндады. Экономиканың басты көрсеткіші болып табылатын жалпы өнеркәсіп өнімнің көлемі өткен жылы 535,2 млрд.теңге болды. Облыста 258 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп (үлесі 48,2%), 2019 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 3,5%-ға артты. Биыл бұл көрсеткіштерді айтарлықтай арттыру көзделген. Түркістан облысында жұмыс ...

Толығырақ »

АЙМАҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫНА ТОҚТАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өткен жылды қорытындылап, жыл көшінде атқарылған жұмыстар туралы айтты.  Өз есебінде Өмірзақ Шөкеев аймақ дамуының негізгі бағыттарына тоқталды. «Жалпы, өткен жылы облыста халықтың өмір сапасын жақсарту, өңірдің әлеуметтік-экономикасын дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жасалды, алдымызға іске асыруға тағы да көлемді міндеттер қойып отырмыз. Өздеріңіз білетіндей облысымыз туу көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда. Сондықтан әлеуметтік сала басты назарда. ...

Толығырақ »

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ АЙТТЫ

Ел алдындағы есептік кездесуін бастаған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өткен жылды қорытындылап, жыл көшінде атқарылған жұмыстар туралы айтты. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға былтыр 24,4 млрд. теңге қаралды. Оның аясында 88 мыңнан астам адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысты. Бүгінде облыстағы 100 мыңнан астам көпбалалы отбасы ай сайын жәрдемақы алады. 2020 жылы жоспарланған 50 мыңдай көпбалалы отбасының 39 мыңы ...

Толығырақ »

ӨТІНІШ-ШАҒЫМ АЗАЙҒАН

Мемлекеттік мекемелердің халыққа көрсетілетін қызмет сапасының артуы нәтижесінде 2020 жылы тұрғындардан 63 мыңнан астам өтініш түсіп, өткен жылмен салыстырғанда 26%-ға азайған. Ел алдындағы есептік кездесуін бастаған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өткен жылды қорытындылап, жыл көшінде атқарылған жұмыстар туралы айтты. Қол жеткен жетістіктер мен алдағы айқын міндеттерді кеңінен баяндады. Өз есебінде Өмірзақ Шөкеев аймақ дамуының негізгі бағыттарына тоқталды. Пандемияға байланысты ...

Толығырақ »

ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Бұқаралық спортты дамыту, тұрғындар арасында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында аудан әкімінің бастамасымен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен және аудандық Жастар ресурстық орталығының қолдауымен ұйымдастырылған жарыс өткен жылдың қаңтар айында бастау алған болатын. Бүкіл әлемді жайлаған пандемияға байланысты жарыс кейінге қалдырылған болатын. 2021 жылдың 19 ақпан күні аудан орталығындағы Абылайхан жалпы орта мектебінің спорт залында санитарлық ...

Толығырақ »