Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Руханият » ТҮРКІСТАН: СУДЬЯЛАР АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫДЫ

ТҮРКІСТАН: СУДЬЯЛАР АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫДЫ

Абай Құнанбайұлы тек ұлы ойшыл, ақын, сазгер ғана емес өз заманының мықты бітімгері болған. Егер оның шығармашылығын талдап қарайтын болсақ, Абай өлеңдерінде жұртты ауызбіршілікке, татулыққа үндейді. Осылай деген Түркістан облыстық сотының ұжымы Түркістанда «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы» тақырыбында арнайы кездесу ұйымдастырды, деп жазады  «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасына сілтеме жасаған didarbek.kz.

Шараға түрлі соттардың төрағалары мен ғалымдар, судьялар мен жастар қатысты. Кездесу кезінде сот саласының мамандары Абайдың  халықты бірлікке шақырған шығармаларынан үзінділер оқыды. Ондағы әрбір сөзді бүгінгі сот саласындағы терминдермен байланыстырып жастарға түсіндірді. Айтып, өтейік, «Абай өз заманының білікті заңгері. Ұлы ойшылдың Шар бойында жазған 160 баптан тұратын «Шар ережесі» еліміздің шығысынан бөлек, Жетісу, Қытай өлкесіне дейін тараған. Хакім Абайдың заңгер, өз заманының айтулы биі болғаны белгілі. Ал оның жазған басқа да заңдары әлі де толық зерттелген жоқ». Осындай мәселер айтылып, шығармалары орындалған шара Ибраһим Құнанбайұлының 175 жылдығына арналды

 Нұржан Таштенов – Түркістан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы: Жас кезінде би қызметін атқару жұмыстарына белсене қатысқан. Қылмыстық заңнамаларға да араласқан. Дау болған жерде бітімгершілікке шақыру мәселесі қазіргі заңда да сот жүйесінде бітімге келу – дауды шешудің ең бір қолайлы жолы ретінде танылып жатыр. Оның өлең, сөздерінде де елді ауызбіршілікке, бітімге шақырады.

 

 

 

Пікір жазу