Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Архив меток: Асхат (страница 24)

Архив меток: Асхат

ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ ЖАСАЛДЫ

Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-де бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылып, 22 адам кәсіподақ мүшелігін қабылдады. Кәсіподақ комитетінің төрағасы болып Оспанов Дәлелхан Қоңырбайұлы сайланды. Бастауыш кәсіподақ ұйымының және «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының арасында келісім-шарт жасалып, қол қойылды. Сонымен қатар, мекеменің жұмыс берушісі және ...

Толығырақ »

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – ТАҒДЫРЫҢДЫ ТАҢДАУ

Республикамыздың барлық өңірлерінде «QAMQOR QAZAQSTAN» әлеуметтік жобасы әр-түрлі бағыт бойынша ауқымды шаралар өткізуде. Әлеуметтік жобаның маңыздылығы кәсіподақ жастарының белсенділігін дамытып, сонымен қатар мектеп бітіруші түлектеріне мамандық таңдауда кеңес беру және еріктілер тарапынан әлеуметтік көмек көрсету болып табылады. «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Серік Елемесұлы бітіруші түлектерге қазіргі кездегі еліміздің дамуына үлес қосып жатқан мамандықтар туралы ақпарат ...

Толығырақ »

ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ ЖАСАЛДЫ

Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасында бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылды. Кәсіподақ комитетінің төрайымы болып Ақмарал Есмұрзаева сайланды. Мекемедегі кәсіподақ мүшелерінің саны 22 адам. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Есмұрзаева Ақмарал Анартайқызы және «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы арасында келісім-шарт жасалып, оған қол қойылды. Сонымен қатар, ...

Толығырақ »

ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ – ҚАЙЫРЫМДЫ ҚОҒАМНЫҢ ҚАҒИДАСЫ

ҚР Кәсіподақтар Федерациясы жанындағы «KEA» (Kazakhstan En’bek adamy) корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Транстелеком» АҚ демеушілігімен және «Keleshek» жастар кеңесінің қолдауымен «QAMQOR QAZAQSTAN» әлеуметтік жобасы бастау алды. Аталған жоба аясында Шымкент қаласының «Keleshek» жастары және «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлері қаламыздағы 12 отбасыға азық-түлік үлестіріп берді. Акция аясында көп балалы отбасылардың, жалғыз ілікті аналардың тізімі жасақталып, мұқтаж жандарға бірінші ...

Толығырақ »

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ТЕГІН ТАСЫМАЛ ЖАСАЙДЫ

Түркістандағы қоғамдық көліктер Ораза айттың алғашқы күнінде жолаушыларды діттеген жеріне тегін жеткізбек. Қалалық әкімдік қолдауымен «Жолаушы» ЖШС жасағалы отырған қайырымдылық іс карантин режиміне байланысты таңертең және кешкі уақыттарда көрсетіледі. Яғни, таңғы 7.30-9.30 және кешкі 18.00-20.00 аралығында 125 қоғамдық көлік қатынас жасайды. Жалпы, мұндай қайырымдылық шара мекеме тарапынан алғаш рет қолға алынып отыр. Басшылық елдегі жағдайды ескере отыра, халыққа демеу ретінде, ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Табиғи газды пайдалану көмірмен салыстырғанда өте тиімді және қауіпсіз болып саналады. 1. Қысқы жылыту кезеңінде 1 жеке тұрғын үй шамамен 700 м3 газ тұтынады (үйдің шаршы алаңына байланысты). 1 текше метр табиғи газдың бағасы 32,4 теңге немесе 1 айға 22 680 теңге. Көмірдің шығыны 1 айға 36 000 теңге. Бұл қысқы кезеңде (күл шығару және т.б.) қаражатты үнемдеуге және қызмет ...

Толығырақ »

КАРАНТИН РЕЖИМІ ӘЛІ ДЕ САҚТАЛАДЫ

Карантин режимі әлі де сақталады. Оның талаптарын бәріміз сақтауға міндеттіміз. Карантин шектеулері әр өңірдің жағдайына байланысты жеке қаралып, оны жеңілдету туралы шешім кезең-кезеңімен шығарылып отырады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің алаңында өткен Төтенше жағдай режимінің аяқталуы туралы онлайн-брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті. «Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде 2020 жылғы 16 наурыздан бастап енгізілген төтенше жағдай режимін тоқтатқанын ...

Толығырақ »

БАТЫР ӘУЕСХАН ӘЛІМСАҚОВ

Әлімсақов Әуесхан Әлімсақұлы 1907 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бұрынғы Қаратас ауданының (қазіргі Қазығұрт ауданының) Қақпақ ауылында дүниеге келген. Арнаулы педучилищені бітіргеннен соң, 1930 жылы жоғары Шыршық Бостандық ауданында және Қаратас ауданының (қазіргі Қазығұрт ауданының) елді мекендерінде мұғалімдік қызметін атқарған. 1941 жылы Отан қорғау үшін Кеңестер Одағының жаяу әскер құрамы қатарына алынып, 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында неміс-фашистеріне қарсы майдандардағы қанды ...

Толығырақ »

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІ САҒЫНСАҢЫЗДАР…

Қоғамдық көлікті сағынсаңыздар, Сіздерді жақсы жаңалық күтуде. Шымкентте 12 мамырдан бастап қоғамдық көліктер жүре бастайды. Ал, қоғамдық көліктерде азаматтардың карантин талаптарын қатаң сақтағаны дұрыс. Бұл туралы ақпараттық коммуникация — орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлім етті. — Қазақстанда бүгіннен бастап төтенше жағдай режимі алынды. Алайда пандемияның кең таралуына жол бермеу мақсатында Шымкент қаласы аумағында 11 ...

Толығырақ »

ҰЛЫ ЖЕҢІС – ҰРПАҚТАР МАҚТАНЫШЫ!

Биыл Ұлы Жеңіске 75 жыл. Осы орайда, Шымкент қаласында айтулы мерекеге орай ардагерлерді құттықтау сәті басталып кетті. Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы Аутрич NEET жас отбасылармен жұмыс жүргізу бөлімі «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің мүшелерімен бірлесе соғыс ардагерлеріне бүгінгі бейбіт күн үшін алғыстарын білдіріп, қарт майдангерлердің шаңырақтарына барып, сый-сияпат жасап, мерекелік көңіл сыйлады. Өз ...

Толығырақ »

КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ЖАҢА ТӨРАҒАСЫ

Бүгін ҚР Кәсіподақтар федерациясының Бас кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында Кәсіподақтар федерациясының жаңа төрағасы сайланды. Мүше кәсіподақ ұйымдары мен кәсіподақтар қозғалысы ардагерлерінен түскен өтінімдер негізінде ҚРКФ төрағасы лауазымына бір кандидат – бүгінгі күнге дейін ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келген Сатыбалды Дәулеталин ұсынылды. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты тұңғыш рет Бас кеңестің күн тәртібін қарастыру дистанционды режимде өтті. ...

Толығырақ »

БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЛАРЫ

Олар қауіпті індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүр. Олар өз бастарын қатерге тігіп, нартәуекелмен шешім қабылдайды. Олар бейбіт күнде «көрінбейтін жаумен» алысып, қабылдаған антына берік жандар. Ел үшін ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген дәрігерлерге арнап, ҚР Кәсіподақтар федерациясы Facebook әлеуметтік желісінде «1» мамырдан «Есімің есте сақталған – ақ халатты абзал жан» атты арнайы акциясын бастады.  Мемлекеттің басты байлығы адам десек, әрбіріміздің ...

Толығырақ »

ЕСІРТКІ ПРИТОНЫ ТАБЫЛДЫ

22 сәуірде Шымкент қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен кешенді жедел іс-шаралар жүргізу барысында есірткі құралдарын заңсыз дайындау, өткізу және есірткі притонын ұйымдастыру бойынша күдікті 34 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Тінту барысында күдіктінің үйінде есірткі заттарын тұтынуға арналған ғимарат табылды. Барлық айғақты заттар тәркіленді. Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді ...

Толығырақ »

ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Беларусь Президенті Александр Лукашенко бірін-бірі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь майдангерлері мен тыл ардагерлерінің фашистік агрессияға қарсы күрестегі көзсіз қайсарлығы мен ерен ерлігін атап өтіп, оларға мықты денсаулық, ұзақ өмір тіледі. Александр Лукашенко Қазақстан мен Беларусьтің ортақ Жеңіске жетуге зор үлес қосқанын айтты. Сондай-ақ барша Қазақстан халқына шексіз алғысын жолдап, ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖАҒДАЙЫ

2020 жылғы 4 мамыр, сағат 18:00-дегі мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 534 883 адамнан өтініш түскен. Оның ішінде 285 274 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 249 596 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған. Жалпы әлеуметтік төлем алатын 285 274 азаматтың ішінде 265 776 өтініштер бойынша, ал, 12 ...

Толығырақ »

ҰОС АРДАГЕРІ: СӘРСЕН ӘБДІНҰРОВ

Әбдінұров Сәрсен Әбдінұрұлы 1922 жылдың 22 желтоқсанында Түлкібас ауданы Кемербастау ауылында туған. Соғыс жылдарында ол 368-шы, кейін 823-ші атқыштар полкінде қызмет етті. 1-ші Украин майданының құрамында шайқасып, Берлинге дейін барды. Соғыс біткеннен кейін 1947 жылға дейін Германияда Совет Армиясы қатарында қызмет етті. Елге оралған соң Кемербастау ауылдық почта байланысы бөлімшесінің бастығы, кейін мәдениет бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Алматыдағы Қазақ мемлекеттік ...

Толығырақ »

ҰОС АРДАГЕРІ: ҚАДЫР АТАЖАНОВ

Ұлы Отан соғысының ардегері Атажанов Қадыр Салжанұлы 1925 жылы Шымкент қаласында туған. Совет Армиясы қатарына 1942 жылы шақырылып, Ашхабад қаласында әскери даярлықтан өтеді. Ол мұнда 18-ші округтік мергендер мектебінде оқиды. Алғашқы шайқасқа 1-ші Украин майданында қатысады. Қадыр Салжанұлы 179-шы дивизияның 514-ші полкында взвод командирі, аға сержант болып қызмет етті. Ұрыс алаңдарын минадан тазарту және миналау жұмыстарымен айналысты. Луцк, Торчин, Владимир ...

Толығырақ »

ҰОС АРДАГЕРІ: АБЫЛАЙ ҚАЗЫБАЕВ

Абылай Қазыбаев, Оңтүстік Қазақстан облысының Қайнарбұлақ ауылында 1925 жылдың 1 шілдесінде дүниеге келген. 1943 жылы әскер қатарына алынып, Ташкент қаласында әскери дайындықтан өтті. 219-шы дивизияның 2-ші гвардиялық полкі құрамында Харьков, Ворошилов қалалары түбіндегі ұрыстарға қатысты. 4-Украин, 3-ші Белорус майдандарына қатысып, Севастополь қаласын, Латвия, Литваны азат етіп, Кенигсберг арқылы Берлинге дейін барып қайтты. Жеңістен соң 1946-1950 жылдары Пушкин, Ленинград, Москва және ...

Толығырақ »

ҰОС АРДАГЕРІ: ҒАНИ ЕРГЕШОВ

Ғани Ергешов 1923 жылдың 12 мамырында дүниеге келген. 1941 жылдың 22 маусымында соғыс басталған бойда Ғани қызыл әскер қатарына алынады. Оны алдымен Фрунзе қаласындағы жаяу әскерлер училищесіне оқуға жіберді. Мұнда оқытудың жеделдетілген курсынан өткен соң 1941 жылдың қазан айында әскери ант қабылдады. Ал, 1942 жылы Сталинград түбіндегі ұрыстарға қатысты. Шайқас кезінде Ғани Ергешов ауыр жарақат алып, госпиталға түсті. Ол туған ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ИНТЕРНЕТ ПЛАТФОРМА АРҚЫЛЫ 23 884 ӨТІНІМ ТҮСКЕН

Төтенше жағдай кезеңінде халықтың жекелеген санаттары үшін коммуналдық қызметтерінің шығындарын өтеп беру бойынша азаматтардан өтініштерді қабылдау мақсатында іске қосылған Сommunal-komek.kz интернет платформасына 23 884 өтінім келіп түскен. Қазір барлық азаматтардың өтінімдері тексеріліп жатыр. 15 000 теңге көлеміндегі коммуналдық төлемге қатысты қала тұрғындарына кеңес беру үшін 29 сәуірден бастап 8(7252) 39-23-68 сымтетігі бойынша 10 байланыс каналынан тұратын Call-орталығы жұмыс істеп тұр. ...

Толығырақ »

100 ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Төтенше жағдай кезінде көмекке мұқтаж жанұяларға қол ұшын беру мақсатында Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» кезекті рет «Жанға жылу» қайырымдылық акциясын қолға алды. Қайырымдылық шарасына «Петро Қазақстан» Шымкент мұнай өңдеу зауыты да атсалысты. Ұйымдастырушылар мен демеушілер Шымкент қаласындағы төрт ауданмен, яғни Еңбекші, Абай, Әл-Фараби мен Қаратау ауданы әкімдіктерімен бірлесе отырып, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы 100 отбасының тізімі нақтыланды. Осыған ...

Толығырақ »

КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері Мақтаарал ауданындағы су басқан елдімекендерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған ауданға 2020 жылғы 2 мамырда шыққан құтқарушылар күн сайын ауданның елдімекендеріндегі судың деңгейіне мониторинг жүргізуде, жергілікті халыққа көмек көрсету үшін су басқан ауылдарды аралауда. Осылайша, Шымкент қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Жеңіс ауылында ірі және ұсақ малдарды құтқару жұмыстарын жүргізді. 200-ден астам үй орналасқан Өргебас ауылында ...

Толығырақ »

АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

Рамазан айында халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қолдау мақсатында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Шара шеңберінде Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты қызметкерлері, «REGION 13» жолаушылар тасымалдау компаниясы және «Шымкент қаласының Access бітірушілері «ASАА» жастар қоғамдық бірлестігінің қызметкерлерімен бірлесе 150 мұқтаж отбасыға азық-түлік жиынтықтарымен көмек көрсетті. Жалпы, Әл-Фараби ауданының әкімі аппараты мұндай ізгілікті істерге әрдайым мұрындық болып, аудан аумағындағы кәсіпкерлер, ерікті азаматтарды қайырымдылық жасауға ...

Толығырақ »

АРНАЙЫ ТЕХНИКА КӨМЕККЕ ЖІБЕРІЛДІ

Шымкент қаласынан Мақтаарал ауданындағы су басқан елдімекендерге авариялық-құтқару қызметі үшін 30 арнайы техника жіберілді. Ауданда төтенше жағдай орын алған алғашқы күннен Шымкент қаласынан арнайы техникалар көмекке жіберіле бастаған болатын. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбековтың мәлімдеуінше, су тасқынынан зардап тартып отырған ауданға көмек мұнымен тоқтамайды және шаһардан жіберіліп жатқан көмек Мақтаарал ауданы әкімінің ұсынысына сәйкес қарастырылуда. – Қазір Мақтаарал ауданының ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ТОҒЫЗ ПОЛИЦЕЙ МАРАПАТТАЛДЫ

Жеңістің 75-жылдығы қарсаңында ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев бейнебайланыс арқылы еліміздің қызметі аймақтарынан 47 ерекше көзге түскен полиция қызметкерлерін салтанатты түрде марапаттады. Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетовтың қатысуымен өткен салтанатты рәсімде департаменттің 9 қызметкері марапатталды. «Құқық тәртібін қамтамасыз етудегі қосқан үлесі үшін» медалімен: — Қаратау АПБ-ның полиция капитаны Есенқұлов Медет Қанатұлы марапатталды, ол ...

Толығырақ »