Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Руханият (страница 22)

Руханият

ЖЕРДІҢ ТӨРІ – ТҮЛКІБАС

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ...

Толығырақ »

«АСҚАҚТАЙ БЕР, АСТАНА!» ШАРАСЫ ӨТТІ

Оңтүстік Қазақстан облысында Астана күні мерекесі қарсаңында «Асқақтай бер, Астана!» атты концерттік шара ұйымдастырылды. Шара шымылдығын түрген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жиналған жұртшылықты Астана күнімен құттықтап, елордамыз- Астана қаласынның 20 жылда жеткен жетістіктеріне тоқталды. «Баршаңызды Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осыдан 23 жыл бұрын яғни 1994 жылдың 6 шілдесінде Жоғарғы Кеңестің отырысында астананы ауыстыру ...

Толығырақ »

«ҚАЗЫНА» БИ АНСАМБЛІ ТҮРКИЯДА ҮЗДІК АТАНДЫ

Түркия Республикасының Бурса қаласында өткен ХХХІ Халықаралық «Алтын Қаракөз» фольклорлық би байқауында оңтүстікқазақстандық «Қазына» би ансамблі бірінші орынды иеленді. «Алтын Қаракөз» деп аталатын Халықаралық өнер сайыпқырандарының дүбірлі додасы тарихында Қазақстанның бишілері алғаш рет жүлделі орыннан көрінді. Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасының мамандары хабарлайды. Байқауға Қазақстан Республикасымен қатар, Әзірбайжан, Чили, Косово, Черногория, Грузия, Беларусь, Аргентина, Албания, Македония, Қырғызстан, Филиппин, Қытай, Босния ...

Толығырақ »

104 ЖАСАР АҚСАҚАЛДЫҢ ӨСИЕТІ

1. Айналаңдағы тіршілікті жан-жүрегіңмен көруді үйрен, көз көргеннің бәріне қуана біл – шөпке, ағашқа, құсқа, жануарға, жерге, көкке. Оларға мейірімді көзбен, сезімтал жүрекпен қара – сонда кітапта жазылмаған білімді көресің. Сен олардан өзіңді көресің – жуасыған әрі жаңарған өзіңді. 2. Жылдың кез келген уағында бірнеше минут жерде жалаңаяқ тұруды әдет қыл. Жер өзі шақырып алмай тұрғанда тәніңе жердің лебін сездір. ...

Толығырақ »

Әкесі ұлына мына сөздерді айтсын!

1. Адамдармен амандасқанда, бетпе-бет сөйлескенде, көзіне тік қара. Қолын алғанда, сенімді бол. 2. Ата-анаңды сыйла. 3. Қызметіңе жауапкершілікпен қара. Есіңде болсын: әлемдегі барлық жұмыс маңызды. Біреудің лауазымы сенен төмен болса, сөзбен тілме. 4. Алдыңдағы істі өзіңнің жасай алатыныңды білсең, өзгені мазалама. Мұнымен көп нәрсеге қол жеткізесің. 5. Бауырмал бол. Қолыңнан келгенше, адамдарға көмектес. 6. Нәзік жандыларды және олардың таңдауын сыйла. ...

Толығырақ »

ТҮРКИЯЛЫҚТАРДЫ ТӘНТІ ЕТТІ

Түркия мемлекетінде VIII «Халықаралық Рамазан» фестивалі  аясында өткен «Қазақстан кеші» концертіне Оңтүстік Қазақстан облысының өнер тартуын арқалап 36 өнерпаз барып келді. Аталған делегаттардың топ жетекшілерімен Өңірлік коммуникациялар қызметінде  баспасөз конференциясы ұйымдастырылды. Баспасөз конференциясына қатысқан облыстық мәдениет басқармасының мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Ғ. Шарафиева, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әртісі С.Әбдірайымова, облыстық опера және балет театрының директоры  Ә.Нұрмаханбетов бауырлас ел ыстық ...

Толығырақ »

ОРАЗА АЙТЫНЫҢ САУАПТАРЫ

Тарихи мәліметтерге сүйенсек, айт намазын оқу һижраның бірінші жылынан бастап шариғатқа енді. Әнес ибн Мәлік (р.а.) былай деп риуаят еткен: «Алла Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мәдинаға келгенде қала жұртының екі күн тойлайтын мейрамы бар еді. Пайғамбар (с.а.с.) олардан: «Бұл екі күн қандай күн?» – деп сұрағанда мәдиналықтар: «Бұл екі күнді жәһилиет дәуірінде осылай тойлаушы едік», – деді. ...

Толығырақ »

ҚАСИЕТТІ ОРАЗА АЙТЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын! Құрметті мұсылман бауырлар, жерлестер! Әлемнің әр түкпірін мекендеген мұсылман қауымы Рамазан айымен қимай қоштасуда. Мұсылман қазақ халқы да қасиетті айды құлшылықпен, тақуалықпен өткізіп, Жаратқаннан елге жақсылық тілеп, дұға жасады. Күннің аптап ыстығына қарамастан, Алланың мейірімінен үміт етіп, ораза ұстады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) ораза тұтқан үмбетін Алланың үлкен сыйымен сүйіншілеген. «Кімде-кім Алла жолында бір ...

Толығырақ »

АЙТ МҮБӘРАК БОЛСЫН, АҒАЙЫН!

Құрметті отандастар, бауырлар! Ораза айт мерекесіне аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мадақтар болсын. Сіздерді мұсылман қауымының ұлық, қастерлі мерекесі – Ораза айт мейрамының басталуымен құттықтаймын. Айт мүбәрак болсын, ағайын! Қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін Ораза айт – мейірімділіктің, игіліктің, бірліктің, ізеттіліктің, қайырымдылықтың мерекесі. Бұл мейрам барша халықты ізгілікке ұйытады. Еліміздің мұсылман қауымы қасиетті Рамазанда ауыз бекітіп, шарапаты мол ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚ-ТҮРІК БАЙЛАНЫСЫ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

Маусым айының басында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығы аясында Түркия Республикасы, Кечиөрен ауданында оңтүстіктен бір топ делегация болып қайтқан болатын. Сол сапарға Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев бастаған жергілікті билік өкілдері мен өнерпаздарының қатысқанын хабарлаған едік. Осы игілікті шара түркиялық топтың оңтүстік өңіріне келуімен жалғасын тауып отыр. Тарқатып айтсақ, қасиетті Рамазан айының ...

Толығырақ »

ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢҒЫРЫҚТАРЫ

Отырар кітапханасында (директоры Күлия Смайылханқызы Айдарбекова) «Рухани жаңғыру» жобасы аясында өткен Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелерімен – атап айтқанда: қаламгер-журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденімен, Ұлттық журналистік «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері, Алматы қалалық мәслихатының депутаты, «Таң-Шолпан» әдеби-көркем, көпшілік журналының бас редакторы ҚҰЛКЕНОВ МЕРЕКЕ ӘБДЕШҰЛЫМЕН, ақын, халықараралық «Алаш» сыйлық лауреаты, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің ...

Толығырақ »

АҚЫНДЫҚТЫҢ МIНДЕТI МЕН АЗАБЫ және ҚАЗIРГI КЕЗЕҢДЕГI АҚЫНДЫҚ, АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМЫМ

Өлең құрау – ақындықтың көп қырының бiр түрi. Тек сол үшiн оны ардақтау, жөнсiздеу һәм күлкiлi. Дәуiрi мен билiгiне саналғанмен алымды, Ұлтын сатқан ақындар бар, бiрақ жыры дарынды… Ерлiгi жоқ, елдiгi жоқ, аузы ғана белсенер, Сөзден iсi алшақ жатса, оған қалай ел сенер? Неге бүгiн ұлт мүддесi науқас жандай теңселер?.. Мұндай шақта ақындық күш тек шындықпен өлшенер. Нағыз ақын әр ...

Толығырақ »

Әкеме айтып қоймаңыз…

Олар өте бақытты отбасы болатын. Бірақ, бір күні анасы ауру себебінен сүйікті күйеуі және енді ғана үш жасқа толған сүйкімді қызын тастап, бұл дүниемен қоштасты. Сәби күн сайын әкесінен «Мамам қашан қайтып келеді?” деп сұрайтын. Ал әкесі қызын жұбатып, „Қызым, мамаң өте алыс бір жерге жұмысқа кетті” деп құшақтап ұйықтататын. Сөйте жүріп, қызы алты жасқа шыққан жылы, әкесі мейірбан, ақкөңіл ...

Толығырақ »

Алғыс дәметкен қарияның алған жауабы

Бір ауылда даналығымен танымал қария тұрыпты. Оған ақыл-кеңес сұрау үшін көрші ауылдардан да адамдар келеді екен. Осындай көрші ауылдың бірінен бір шал Қарияға барып: – Бай болмасақ та, сізге ең күшті тамақтардан жасап қонақ күткім келіп отыр, – деп асқа шақырады. Қария қуана келіседі да қонаққа жиналады. Шалдың үйінде расында да дастархан неше түрлі астармен толып-тасып тұрады. Тамақты жеп алып, ...

Толығырақ »

ҚАДІР КЕШІ – ТАҒДЫР КЕШІ

Араб тіліндегі «қадр» сөзі «мән-маңыз», «өлшем» деген мағыналарды білдіреді. Сонымен қатар, «құдірет» мағынасын қамтиды. Жалпы, мұсылман әлемінде қасиетті кештер мен айтулы күндер жетерліктей бар. Соның ішіндегі ең маңыздысы әрі бірегейі – қасиетті Рамазан айындағы Қадір кеші. Бұл түн – адамзаттың ақ пен қараны айыратын түні, және де барлық жақсылық атаулының бастау қайнары көзі болып саналатын мүбарак Құран Кәрім аяттары түсе ...

Толығырақ »

ТҮРКИЯДА ӨНЕР КӨРСЕТУДЕ

Елшілік, Кечиөрен муниципалитеті мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі тарапынан ұйымдастырылған Түркия еліндегі «Қазақстан күндері» аясында Оңтүстік Қазақстан облысының өнерпаздары өнер көрсетті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы мен Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына орай ұйымдастырылған мемлекетаралық маңызды шараға Оңтүстік Қазақстан облысынан 42 делегат келді. «Қазақстан күндерінің» шеңберінде Анкара қаласында «Жамбыл» атындағы көшенің салтанатты ашылу рәсімі, «Болашаққа бағдар: ...

Толығырақ »

КӨЗДІҢ ЖАСЫ…

Бұл осыдан біраз жыл бұрын «ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс» болып жүрген бұрынғы әкімдердің бірінен хабар беретін жайсыз оқиға. Алаяқтарға алданған бір отбасы бастарына түскен қиындықтан құтылу жолдарын іздеп, осы кісімен ақылдасуға барған екен. Ол ә-дегеннен бар қиындықтан құтқарып беретінін айтып уәде берген. Ақысына сол отбасыдан кәмелетке толмаған қызын некелі әйел етіп алу үшін сұраған. Қыздың пәктiгi ...

Толығырақ »

АЛАҚАЙ! ҚУАНА БЕР, БАЛАҚАЙ!..

Мен ауылда өскен қазақтың қара домалақ баласымын. Спектакльдің не екенін, сахнаның не екенін білмей өстім. Бірақ, бала кезіміздегі ақ-қара теледидарынан Сергей Образцовтың қуыршақ театрының қойылымдарын аса қызығушылықпен көретінім бар. Жай, бейнебір ертегі көргендей, тамашалайтыным әлі есімде. Осындай «ертегілердің» ар жағында үлкен шығармашылық ұжымның, актерлар құрамының, режиссерлар мен қоюшылардың, суретшілер мен сценографистердің, жарық берушілер мен киім тігушілердің, қуыршақ жасаушылар мен гримдеушілердің ...

Толығырақ »

«Отырар төбе» туристер үшін тартымды болады

Елбасы «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деген ой айтты. Яғни, қазақ мықты ұлт болу үшін түп-тарихынан ажырап қалмай, бүгін­гісімен қабыса тағлымды өмір сүруі қажет. Ұлттық кодты сақтаудың бір жолы – өткенді ұдайы жаңғыртып отырып, ұлтқа еңбегі сіңген арыстардың еңбегін ұлықтау, жас ұрпаққа өнегелі өмірін өзек ете отырып тәрбие ...

Толығырақ »

О! ОРДАБАСЫ!.. ОҚО!..

«О» дегеніміз – қасиетті Ордабасы ауданы, «ОҚО» дегеніміз – Оңтүстік Қазақстан облысы… Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруына, облысымыздың 85 жылдығына, EXPO – 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің жақын арада өз жұмысын бастауына және «Түркістан 2017 жыл – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылына орай облыс басшылығы айтулы бастаманы қолға алды. Шымкент қаласында ...

Толығырақ »

ОРДАБАСЫ – МЕКЕНІМ… Бала кезден білген едім, қасиетті екенін!..

Киелі топырақ қасиетті ұл-қыздарды тудырады. Ордабасыға ат басын бұрған әр азамат бұның рас екеніне көзін жеткізетіні шүбә келтірмесе керек. Осы елдің осындай қасиетті ұлдарының бірі –   ТӨРЕКЕЛДІ СЕРІКБАЙҰЛЫ БАЙТАСОВ.   Төрекелді туралы айту да, жазу да қиын-ақ… Қиын болатыны – ол көтерілген биікке, ол шыққан шыңға қазіргі «заңғар жазушылармыз», «алып ақындармыз», «жүйрік журналистерміз», «кәсіби мамандарымыз» деп жүргендердің бірі де ...

Толығырақ »

Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз!

Оңтүстік Қазақстан облыстық Жастар ресурстық орталығы мен «Жастар Шыңы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Шымкенттегі Көркемсурет галереясында «АСТАНА EXPO – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз!» атты мүмкіндігі шектеулі жастар арасында облыстық шығармашылық байқауы өткізілді. Мүмкіндігі шектеулі дарынды да өнерлі балалар мен жасөспірімдерді анықтау, олардың шығармашылығына қолдау көрсету және насихаттау, ...

Толығырақ »

Дін істері үйлесім таба ала ма?

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бақытжан Күлекеев, Қазақстан Республикасы Президентінің аппараты Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ғалым Шойкин бастаған республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Шымкент қаласында Алматы, Астана қалаларының, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының Дін істері басқармалары мен Дін мәселелерін зерттеу орталықтарының басшыларына арналған семинар өткізді. М.Әуезов атындағы Оңтүстік ...

Толығырақ »

Түркі халықтарының жанашыры Тұрар Рысқұлов

Бүгінгі «тарих айдынында» сұхбатымызда 1917 қазан төңкерісінен кейін социалистік жүйенің құрылуы барысында Орталық Азия халықтарының басын қосып, Түрік Республикасын құруды ұсынып, тың саяси пікірлер ортаға салған мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұлов туралы әңгімелемекпіз. Оқу-ағарту саласына сіңірген еңбегі де орасан зор болған Рысқұлов бірқатар ғылым ордаларының бой көтеруіне  мұрындық болған. Бүгінгі сұхбатымызда тағдыры  ұлт тағдырымен астасып жатқан және өзгеше трагедияға толы Рысқұловтың ...

Толығырақ »