Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » «Отырар төбе» туристер үшін тартымды болады

«Отырар төбе» туристер үшін тартымды болады

Елбасы «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деген ой айтты. Яғни, қазақ мықты ұлт болу үшін түп-тарихынан ажырап қалмай, бүгін­гісімен қабыса тағлымды өмір сүруі қажет. Ұлттық кодты сақтаудың бір жолы – өткенді ұдайы жаңғыртып отырып, ұлтқа еңбегі сіңген арыстардың еңбегін ұлықтау, жас ұрпаққа өнегелі өмірін өзек ете отырып тәрбие беру болмақ.

Елбасы «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деген ой айтты. Яғни, қазақ мықты ұлт болу үшін түп-тарихынан ажырап қалмай, бүгін­гісімен қабыса тағлымды өмір сүруі қажет. Ұлттық кодты сақтаудың бір жолы – өткенді ұдайы жаңғыртып отырып, ұлтқа еңбегі сіңген арыстардың еңбегін ұлықтау, жас ұрпаққа өнегелі өмірін өзек ете отырып тәрбие беру болмақ.

Бұл шаруа өңірлерде қалай орындалып жатыр? Біз бұл сұрақты Мемлекет басшысы «Отырар – өркениеттің алтын бесігі» деп баға берген бүгінгі Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтахановқа қойдық.

– Отырар өлкесі – өнер мен ғылымның ту тіккен жері десе де болады. Нақты сауалға істелген нақты жұмыстарды айтар болсақ, жергілікті ақын-жазушылардың, жалпы зиялы қауымның басын біріктіретін «Отырар әдебиеті мен өнері» атты қоғамдық бір­лестік құрылып, жұмыстарын бастады. Уақыт тауып бірлестік мүше­лерімен кездесіп, кеңе­сіп тұрамыз. Былтыр ел Тәуел­сіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай «Тәуелсіздік толғауы» деген атпен жинақ шығардық.

Бұл жинаққа сонау Майлы­қожа, Ергөбектен бастап, халық ақыны Әселхан Қалыбекова мен бүгінгі жас ақындардың өлеңдері топтастырылды. Биыл осы іс жал­ғасын табады.

Мұнан бөлек 2016 жылы ұлт мәдениеті мен өнерінің жанашыры Өзбекәлі Жәнібековтің 85 жылдық, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, академик Өмірзақ Айтбайұлының 80 жылдық, филология ғылымының докторы, профессор Дандай Ыс­қақ­ұлының 70 жылдық мерейтойлары тойланды. Бұл тойлардың ерекшелігі жас ұрпаққа берерінің мол болғаны. Себебі, жастарымыз осындай тұлғаларға қарап бой түзейді.

Сондай-ақ, биыл Қазақ­стан­ның халық әртістері, ән өнерінің корифейлері Сара Ты­ныш­ты­ғұлова мен Нұрғали Нүсіп­жа­нов­тар жеке концерттерін бе­ріп, отырарлықтарды халық ән­­дерімен, даңқты жерлесіміз Шәм­ші Қалдаяқовтың әндерімен сусындатты.

– Мемлекет басшысы «Пат­риотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жерге сүйіс­пеншіліктен басталады» деді. Осыған байланысты «Туған жер» деген бағдарлама тү­зілді. Туған жерге көмек жа­са­­ған жандарды құр­мет­теудің жолын табу керек деген ой айтты.

– Түсіндім. Елбасы Оң­түс­тікке келген сапарында об­лыс­тың зиялыларымен ке­ле­лі кеңес өткізді. Жиынның өзегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы болды. Сонда Нұрсұлтан Әбішұлы елі­мізге белгілі кәсіпкер, «Саутс Ойл» компаниясының президенті С.Сейітжановқа қаратып: «Се­рік­жан, мен саған ризамын», деді.

Серікжан Сейітжанов – Отырар өлкесінің перезенті. Елге істеген басқа жақсылықтарын айтпай-ақ қояйық, өз туған ауылына мектеп, мешіт салып бер­генінің өзі өзге кәсіп­кер­лер­ге үлгі болса керек. Сол өңір­ден шыққан атақты азаматтарға ескерткіш көтерді. Отырар өлкесінде игі істерге көмектесуден ешқашан бас тартқан емес.  Аталарымыз «бай болсаң, елге пайдаң тисін» деп ғибратты сөз айтқан. Бүгінде Серікжан ағамыздың ізін басып келе жатқан кәсіпкерлердің көбейіп жатқандығы қуантады. Мұндай азаматтарды елге үлгі етіп отырамыз.

Аталарымыз «бай болсаң, елге пайдаң тисін» деп ғибратты сөз айтқан. Бүгінде Серікжан ағамыздың ізін басып келе жатқан кәсіпкерлердің көбейіп жатқандығы қуантады. Мұндай азаматтарды елге үлгі етіп отырамыз.

Елбасы мақаласында қозғал­ған «Туған жер» бағдарламасы «кіші Отан» ұғымын пайдалана отырып жалпыұлттық пат­риотизмді жас ұрпақтың бо­йына сіңіруге апарар жол бол­мақ. «Туған жерге деген сүйіс­пеншілік, Туған елге – Қазақ­станға деген патриоттық сезімге ұла­сады» деп Елбасымыз атап көрсетті.

Отырар ауданында өткен жылдан бері «Туған елге тағзым», «Онжылдықтар тоғысында» акциялары тұрақты түрде өтуде. Былтыр аталған акциялар аясында 11 млн 232 мың теңге көле­мінде ауылдар мен мектептерге, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға материалдық және қаржылай көмек көрсетілді. Би­ыл да игілікті іс жалғасын табуда.

Ауданымыздан шыққан кәсіпкер, бүгінде алматылық Айт­құлбек Сұлтанов өз қаржысына туған ауылы «Ынталыдан» саябақ салып, жерлестерінің демалуына жағдай жасады.

«ЭКСПО-2017» көрмесіне орай еліміз бойынша алғаш­қылардың бірі болып этноауыл­ды ұйымдастырған жеке кәсіпкер Алмас Сыздықбеков. «Алаш» этноауылы қазақтың байырғы тіршілігімен, ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыруды дамыта беретін болады.

Елбасы мақаласында дін мен дәстүр, рухани құндылықтар мен таланттарға жол ашу сияқты мәселелер атап көрсетілген. Осы­­ған орай, ауданымызда өткен аптада дінтанушылар мен осы тақырыпта жазатын жур­налистердің басын қосқан Респуб­ликалық форум өтті. Фо­румда өзекті мәселелер қозғалып, болашаққа бағдар түзілді.

Сондай-ақ, ауыл ішіндегі дарындыларды анықтайтын, елге таныстыратын «Отырар таланттары-2017» өнер фестивалі кеше ғана мәресіне жетті. Қазақ­станның халық әртісі Нұр­ғали Нүсіпжанов осы өнер мере­ке­сінде қазылар алқасының төр­ағасы болды.

– Отырар ауданы ғасыр­лардан сыр шерткен, тарихы терең, туризмге сұранып тұр­ған өлке. Бұл салада қандай жұ­мыстар атқарылып жатыр?

– Мақаланың төртінші мінде­тінде «Жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек» – деп атап көрсетілген. Мұн­дағы басты мақсат киелі де қасиетті орындарымызды дұ­рыс насихаттап, ішкі және сыртқы туризмді халықаралық деңгейде дамыту болып табылады. Біздің ауданымызда күллі мұсылман халқы қастер тұтатын Арыстанбаб кесенесі мен тарихы тереңде жатқан Отырартөбе қалажұрты мен жүзден аса тарихи төбелеріміз бар. Осы мәдени-тарихи ескерткіштерімізге алыс-жақын шетелдік туристерді тарту бағытында көптеген жұмыс­тар атқарылуда. Бұл жұмыстар болашақта іске асатын «Мәдени-географиялық белдеуге» дайын­дық десек болады.

Арыстанбаб кесенесі мен Оты­рар төбе қалашығына дейін­гі 1,7 шақырым аралықты сер­вистік орталық салу, демалыс аймағын жасау, абаттандыру көгалдандыру жобасы қолға алынып жатыр. Алдын ала болжамды есеппен жоба құны 480 млн теңге болады. Қазіргі таңда абаттандыру мақсатында жобалық сметалық құжаттамасы жасалынуда. Ағымдағы жылдың маусым айында әзірлеп, бітіру жос­парланған.

Сондай-ақ, ауданымыздағы туристік, тарихи нысандардың, яғни «Арыстанбаб» кесенесінің кіре беріс қақпасының аумағын абат­тандыру жобасының жо­балық сметалық құжаттамасы дайындалды. Жоба құны 329 млн теңге 2017 жылдың маусым айын­да мемлекеттік сараптамалық қорытындысы алынатын болады. Бұл нысанда автотұрақтар, сауда қатарлары, күн сәулесінен энергия алатын жарықшамдар мен ішкі аяқ жолдар, қоршаулар көлеңкелі орындықтар, кіші архитектуралық кескіндер, анық­тамалық тақтайшалар орнату және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Одан бөлек, бүкіл әлемнің туристерін қызықтырған ежелгі «Отырар төбе» қалажұртының кіре берісін абаттандыру мақ­са­тында жобалық сметалық құжат­тамасы дайындалды. Жо­ба құны 317 млн теңге. Бұл ны­санда авто­тұрақтар, сауда қатарлары, күн сәулесінен энергия алатын жа­рық­шамдар мен ішкі аяқ жол­дар, қоршаулар, көлеңкелі орын­дық­тар, кіші архитектуралық кес­кіндер және әжетхана салу және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Батыс Еуропа – Батыс Қытай көлік дәлізінен Отырар ауданымен қиылысатын тұстан бас­тап туристік нысандарға, атап айтсақ, «Арыстанбаб» кесенесі, «Отырар төбе» қалашығы, «Оқ­сыз», «Отырар мұражайына» бағыт­тайтын бес дана сілтеме, Арыстанбаб кесенесі, Отырар қалашығына екі дана ақпараттық тақтайша орнатылды. Барлық орнатылған тақтайшалар туристік нысандардың арақашықтығы мен қысқаша тарихын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сипаттайды.

«Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек», деді Елбасы еліміз үшін өзекті мақаласында.

Облыс әкімі Жансейіт Түйме­б­аев осы мақалаға байланысты әр аудан, қалада істелетін жұмыстардың бағытын айқындап берді. Біз өз тарапымыздан нақты іс-жоспарды бекітіп, кезең-кезеңімен орындап жатырмыз.

Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»

Пікір жазу