Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Руханият (страница 7)

Руханият

ЖАҢА КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, туған жердің қасиетті жерлері мен жәдігерлерін насихаттау мақсатында «Отырар жәдігерлері» атты кітап жарық көрді. Авторлары: мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Айтаханов және этнограф, өлкетанушы Абдулла Жұмашев. Отырар аудандық əкімішілігінің демеушілігімен жарық көріп отырған бұл альбом-кітап Отырар өркениеті қалыптастырған заттық-тұрмыстық жəне рухани мəдениет туралы жинақты сыр шертеді. Онда Əбу Нəсір əл-Фараби жəне оның арғы-бергі ізбасарларының қолжазбалары ...

Толығырақ »

СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖАСТАР ЭКСКУРСИЯҒА ШЫҚТЫ

Созақ ауданының 90 жылдығына орай жастар экскурсияға шықты, деп хабарлайды  Созақ аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Созақ аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және С.Қожанов атындағы мұражайының ұйымдастыруымен жастармен экскурсия ұйымдастырлды. Экскурсия барысында жастар «Баба түкті Шашты әзиз» бен  «Ысқақ-баб» кесенесіне және Жартытөбе ауыл округі Аққолтық елді мекеніндегі жаңадан ашылған Аманжол Найманбаев атындағы мұражайды тамашалады. Жастарға ...

Толығырақ »

ЖҮСІП АТА КЕСЕНЕСІ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты Жүсіп ата кесенесі – ХІІ-ХІV ғасырларға тән жергілікті маңызы бар ескерткіш. Кесене Түркістан қаласынан 25 км қашықтықта, Ескі Иқан ауылының орталығында орналасқан сәулеттік құрылысқа жатады. Ол Иқан каласы қирандысынан 500 метрдей оңтүстік-шығыста орналасқан. Координаттары: 43˚10.682΄, 068˚32.082΄ Теңіз деңгейінен биіктігі -233метр. Бұрын мұнда ешкандай археологиялық зерттеу жүргізілмеген, тек 2005 жылы кесене іргесіне зерттеулер жасалған болатын. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА «ТАҢБАЛЫ ТАСТАР- БАБАЛАР ІЗІМЕН» АТТЫ ЭКСПЕДИЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Түркістан облысында «Таңбалы тастар — бабалар ізімен» атты экспедиция ұйымдастырылды,   деп хабарлайды  Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz  ақпараттық агенттігі. Жобаның мақсаты – Қазақстанның киелі жерлеріне енген өңірдегі 24 нысанды таныстыру әрі киелі өңірдің бай тарихы мен таңбалы тастарын насихаттау. Сонымен қатар, өңірге келетін қонақтар үшін жаңа туристік бағыттарды ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ЯСАУИ ЖАЙЛЫ ФИЛЬМ ТҮСІРІЛЕДІ

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев белгілі кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сергей Әзімов пен философия ғылымдарының докторы, профессор Жақыпбек Әлтаевпен жолықты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Басқосуда қонақтар Түркістанның тарихи маңыздылығы мен рөлі жайында сөз өрбітті. Облыс басшысы Жансейіт Қансейітұлы Түркістанды түлетуге бағытталған ой-пікір, жобаларды бірлесіп іске асыру қажеттігін айтты. Кездесуде режиссер ...

Толығырақ »

АҚЫЛЫ ТЕСТІЛЕУ – ЗАҢСЫЗ!

Бұл туралы орта білім ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша өткен жиын барысында Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов әңгімеледі. Оның айтуынша, білім беру жүйесіндегі проблемалық мәселелердің бірі – мектеп оқушылары арасында ақылы тестілеу өткізу фактілері. Мәселен, Алматы облысында білім бөлімдерінің нұсқауы бойынша оқушыларды тестілеу тұрақты түрде өткізіліп тұрған. Мұндай тестілеудің бағасы әрбір оқушыдан ...

Толығырақ »

ШАҒАТАЙ ДИРХЕМДЕРІНІҢ КӨМБЕСІ

2012 жылы Шаян ауданының тұрғыны Құрысай деген мекеннен табылған ақша көмбесін «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің қорына өткізген болатын. Көмбе 450 дана тиындардан тұрады. Тиындарды тексеру барысында оларды жасырарда құмыра ішіне май жағып салғандығы анықталды. Осыған байланысты тиындар жақсы сақталған. Көмбеге тазарту жұмыстарын жүргізгеннен соң тиындардың жартысына жуығының беттерінде күміс қабаттарының қалдықтары бар екендігі белгілі болды. Көмбе құрамы біртекті, көлемі 39-43 мм. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 10 АҚЫН-ЖАЗУШЫНЫҢ КІТАБЫ ШЫҒАРЫЛЫП, 25 ҚАЛАМГЕРДІҢ САЙТЫ ҚҰРЫЛАДЫ

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың мәжіліс залында зиялы қауым өкілдері, өлкетанушылар, басқарма басшылары, қоғам белсенділері, ұстаздар мен ғалымдар, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын тиімді жүзеге асыру» тақырыбында қоғамдық тыңдау өтті. Жиынды Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсен Тәжібаев жүргізді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Басқосуда «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Бақытжан Әшірбеков 8 ...

Толығырақ »

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында мәжіліс өтті

Жетісай ауданы әкімдігінде «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру және сектораралық өзара іс-қимылды дамыту» жол картасын іске асыру мақсатында кеңейтілген мәжіліс өтті, деп хабарлайды Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Шараның мақсаты — халықтың денсаулығына және өркендеуіне эпидемиологиялық қадағалау жүргізу, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы халықтың денсаулығын қорғау болып табылады. Жиынға Мақтаарал ...

Толығырақ »

Кітапхана мерейіне әріптес ілтипаты

Сарыағаш аудандық орталық кітапханада кітапханашылар арасында «Шын жүректен! Кітапхана мерейіне әріптес ілтипаты» атты аудандық байқау өтті. Қасиетті рухан қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар – ең қажет, абыройлы мамандық иелері. Кітапханашылар білім, ғылым, өнер мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып, өркениетті елге айналуымыздың негізін қалауда. Кітапханашы өмір бойы оқуда, ізденісте болуы шарт. Ол – оның кәсіби ...

Толығырақ »

«КЕЛЕСІ ПРЕЗИДЕНТ ҮЙІМЕ ҚОНАҚҚА КЕЛЕДІ»

Түркістан облысы, Ордабасы ауданының орталығы – Темірланда Жастар сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, композитор Қалдыбек Құрманәлімен кездесу өтті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев, аудандық Мәдениет және Тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Кұрманәлі Жылқыбай, «Ордабасы оттары» газетінің бас редакторы Ғалымжан Зиябек, «Егемен Қазақстан» газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі Бактияр Тайжан, «Еркін ой» газетінің бас редакторы Балтабек Түйетаев, «Уақыт» газетінің бас редакторы Талғат Балтабаев, Ордабасы ауданы «Жастар ...

Толығырақ »

ҰЛЫ ТҰЛҒАҒА ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және Түлкібас ауданының 90 жылдығына орай аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылында мемлекет қайраткері, ұлы тұлға Тұрар Рысқұловқа ескерткіш орнатылды. Ескерткіштің салтанатты ашылуына аудан тұрғындары көптеп жиналып, ризашылықтарын білдіріп жатты. Іс-шарада аудан әкімі Н.Тұрашбеков қазақтың біртуар ұлы Т.Рысқұлов халқы үшін аянбай еңбек етіп, қазақ елінің тәуелсіз ел болуы жолында атқарған жұмысы мен ел басына ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ЖАУҺАРЛАРЫ КӨРМЕСІ

Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына орай  Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Түркістан жауһарлары» тақырыбында көрменің  салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Көрменің ашылуында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызы, сатирик ақын Көпен Әмірбек, қорық-музей директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы сөз ...

Толығырақ »

ҰЛТ ҚАЙРАТКЕРІ ҰРПАҚ ЖАДЫНДА

28 тамыз күні – еліміздегі музей ісінің дамуында өзіндік қолтаңбасын қалдырған мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің туған күні. Өзбекәлі Жәнібеков 1931 жылы 28 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Сарықамыс ауылында қарапайым жанұяда дүниеге келіп, еңбекқорлығы мен ізденімпаздығы нәтижесінде жоғары білім алған. Еңбек жолындағы қызметін шәкірт тәрбиелеуден бастап, бойындағы тума талантының арқасында саяси қызметте аудандық комсомол комитетінен Қазақстан ...

Толығырақ »

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН

Бүгін халқымыздың салт-дәстүрінің білгірі, еліміздегі музей ісінің дамуында өзіндік қолтаңбасын қалдырған мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің туған күні. Осы орайда «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен белгілі қоғам қайраткерін еске алу жиыны өтті. Шараға  ұлт жанашыры Өзбекәлі Жәнібековтің нұсқауымен Тайқазанды Түркістанға қайтару жолында аянбай еңбек еткен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің бұрынғы директоры, қазіргі ардагер, Түркістан қаласының Құрметті ...

Толығырақ »

ЖАЙДАРЛЫ ЖАС «ЖАЙДАРМАН»!

Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Арнайы, Жоғарғы, Премьер және Аймақтық лигалардың үздіктері мен аудан-қалалардағы жас «Жайдарманшыларға» арналған 3 күндік (24-26 тамыз) семинар-тренинг лагері өткізілді. Лагерь бағдарламасына «Самғау – 2018» кинофестивалінде байқауға түскен фильмдердің көрсетілімі, республикалық жайдарман ойындары жұлдыздарының жас командаларға арнап өткізген семинар-тренингтер, сондай-ақ, осы жылғы лагерьдің ерекшелігі – бағдарламаға «Тимбилдинг» енді. «Тимбилдинг» – бұл әлеуметтік-психологиялық тренинг, оның негізгі ...

Толығырақ »

ӨНЕРГЕ ӘРКІМНІҢ-АҚ БАР ТАЛАСЫ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Түркістан облысы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы «Жастар ресурстық орталығында» облыстық «Talant show» байқауы өткізілді. ІІ кезеңнен тұрған бұл байқауға аудан-қалаларда өткен байқауларда жүйрік атанып, іріктеліп шыққан 18 өнерпаз жас қатысты. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Сарыағаштық өнерпаз қыз Садвакасова Фатима иемденді. Сонымен қатар, 1 ші орын ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ 1560 ОҚУШЫҒА КӨМЕК БЕРІЛДІ 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры бірлесе отырып жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол», «Мектеп сөмкесі» атты қайырымдылық акциясын өткізді, деп хабарлайды ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі. Ресми шара ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаев, найб имамдар Мұхамеджан Естеміров, Адилхан Сертаев, Иса Яхяев және қалалық «Жастар ісі» бөлімінің жетекшісі Азамат ...

Толығырақ »

ОТЫРАРЛЫҚТАРДЫҢ ҚҰРБАН АЙТТАҒЫ ИГІ ІСІ

Отырарлықтар құрбан айтта игі  іс жасады. Бұл туралы Отырар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпарат агенттігігі хабарлайды. Осыдан біршама уақыт бұрын Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов «Маңғыстау облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» мекемесінің басшысы Мәди Ташовты қабылдаған болатын. Осы қабылдауда М.Ташов отырарлық жаны жайсаң, қолдары ашық, тарыққан жандарға көмек қолын созуға даяр аудандық мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлеріне арнайы ...

Толығырақ »

Құрбан айтта қайырымдылық шарасын өткізді

Құрбан айт мерекесіне орай Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстық түрік этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті. Шымкенттегі «Нұр 777» тойханасында өткен іс-шарада 750-ге жуық көмекке мұқтаж жандарға және балалар үйлеріне құрбандық еті таратылды. Сонымен бірге, 100-ден астам әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға мерекелік дастархан жайылды. «Құрбан айт мерекесі адамдардың ұлтына, дініне қарамай өзара сыйластықтың, достық пен бірліктің нығая түсуіне ...

Толығырақ »

ОТЫРАРЛЫҚТАР ҚҰРБАН АЙТТЫ ЕРЕКШЕ ДАЙЫНДЫҚПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

Отырарлықтар Құрбан айтты ерекше дайындықпен қарсы алды. Бұл туралы Отырар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпарат агенттігігі хабарлайды. Сындарлы уақыт сәтінде тосқауылға ұшырап, тыйым салынған Құрбан айт мерекесі Тәуелсіздік таңымен бірге қайта жүзеге асқаны белгілі.  Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев арнайы Жарлықпен Құрбан айттың бірінші күнін ресми демалыс ретінде жариялады. Бұл игі қадам Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі,  имандылығы ...

Толығырақ »

КЕСЕНЕ ҚАҚПАСЫ МЕН КӨШЕЛЕРІ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде киелі өңірді тарихи қалпына келтіру, абаттандыру мақсатында жиын өтті. Айтулы жиынға Түркияның «Sembol Construction» құрылыс компаниясының корпоративтік техникалық департаментінің директоры Selcuk Yelken және «Казреставрация» мекемесінің өкілдері мен тарихшы-археологтар, музей қызметкерлері қатысты. Шарада «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы тарихи қорғау аймағының жағдайымен, онда орналасқан ескерткіш құрылыстары және тарихы жөнінде сөз етті. Жиында «Әзірет Сұлтан» ...

Толығырақ »

ҚҰРБАН АЙТТА ҚАЙЫРЫМДЫ ІС ЖАСА!

Бүгін Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінде Құрабан Айт мерекесіне дайындық барысы, осы мейрамның мән-мағынасы мен ерекшелігін түсіндіру бағытында баспасөз мәслихаты өтті.  Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Жиында Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, Түркістан қаласы бойынша кеңсе басшысы Наурызбай қажы Өтпенов бұл мерекеде құрбандық шалу мұсылман үшін уәжіп екенін жеткізді.  «Биыл 21 ...

Толығырақ »

ШӘМШІ ӘНДЕРІ ШЫРҚАЛДЫ

Бүгін Отырар ауданында дүниеге келген аса көректі сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманның қазақ эстрадасының негізін қалаушы, Қазақстанның халық әртісі, Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының Құрметті азаматы Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Түркістан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған  ...

Толығырақ »

«Бұл – біздің таулар!» атты тау фестивалі қорытындыланды

Түркістан облысындағы «Сайрам-Өгем» МҰТП аумағында «Бұл – біздің таулар!» атты тау фестивалі қорытындыланып, 3 шыңға төле би, қазыбек би және әйтеке бидің есімдері берілді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz  ақпараттық агенттігі. Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өткен фестивальді облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мен Түркістан облыстық альпинистер федерациясы ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – ішкі, спорттық-экологиялық туризмді ...

Толығырақ »