Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Таным (страница 9)

Таным

ЭКСПО – 2017: Опера жұлдыздарының кезегі келді

Астана төрінде өтіп жатқан Оңтүстіктің күндері аясында облыстық опера және балет театрының 100-ден астам өнерпазы астаналықтарға қазақ ұлттық және әлемдік операларының үздік шығармаларын ұсынды. Бұл жинақ – театр ұжымының өз туындысы, режиссер Қайрат Құлыншақов дайындаған «Інжу-Маржан» қойылымы. Аталған қойылым ұлттық опера тарихының жарқын беттерінен алынған Ахмет Жұбанов, Латиф Хамидидің «Абай», Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек», Еркеғали Рахмадиевтің «Қамар сұлу», Мұқан Төлебаевтың ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Мырзалық және жомарттық

Ел ордасы – Астана қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында өтіп жатқан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесінде облыс аудандарынан барған көптеген өнім түрлері тегін таратылды. Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары «Құрбан айт» мерекесіне орай Астана қаласындағы 100 әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен 3 арнайы әлеуметтік көмек көрсету мекемелеріне тегін қауын-қарбыз таратты. Ондағы мақсат – халықтың әл-жуаз тобына қолдау ретінде оңтүстіктің жерінде өскен тәттілігі тіл ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Шымкентше тойлау

Соғымнан қалған сыбағаны алты ай сүрлеп, сыйлы қонағына асып бергені секілді ЭКСПО-ның асабасы ОҚО күндерін ең соңында бекерден-бекер сақтамапты. ОҚО бірден «ОХО» дегізді. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, мәдениет пен байлық паш етілетін 43 мәдени көпшілік іс-шараның барлығы “ТЕГІН” өткізілуде. Туристер “Жарықтық Карл Маркс аңсаған “Коммунизм” мұнда екен ғой”, – деп таңданысын жасыра алмады… Бұндайды бұрын-соңды көрмеген Елорда тұрғындары Жетісайдың экспорттан қалған қауын-қарбызынан дәм ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Жастарымыз жарады!

Оңтүстіктің белсенді және талантты жастары Астанағы Оңтүстік өңірінің күндері аясында жергілікті жұртты ертеңгі Құрбан айт мейрамымен құттықтап, жергілікті халық пен шетелдік қонақтарға 5000 қалташа  яғни, 450 келі тəтті тоқаш таратты. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау мақсатында ұйымдасқан жастар Құрбан айтпен құттықтау шеруін бас қаладағы «Хан шатыр» ойын-сауық орталығынан бастап, қоғамдық көліктерді де аралады. Құрбан айтпен құттықтаушылардың бағдарламасында, ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Айт мерекесі қарсаңында

Елордасы – Астана қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында өтіп жатқан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесінде Мақтарал ауданынан барған бірнеше өнімдер тегін таратылды. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданының 10 тонна қауыны мен 350 кг қауынның қағы, 10 тонна қарбыз астаналықтарға тегін тарту етілді. Сондай-ақ, ауданнан жіберілген 3 тонна қызанақ, 3 тонна қияр, 2 тонна қырыққабат, 2 тонна пияз, 2 тонна сәбіз, ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Тарихта тұңғыш рет

«ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында астаналық цирк сүйер көрерменге жол тартқан «Томирис» қойылымы еліміздегі цирктер тарихында тұңғыш рет қолға алынған тарихи-театрландырылған көрініс болып отыр. Қойылымның бас режиссері – Данияр Серікбаев. Сақтар дәуіріндегі қазақ даласын мекендеген еркін, азат, рухы биік, қайсар халықтың өмірін көрсете отырып, ұлы даланың қадір-қасиетін ұрпаққа насихаттайтын қойылымда қазақ қызының қайсарлығы, тектілігі мен даналығы, Тұмар (Томирис) ханшайымы ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Көңіл-күй көтерілді

Оңтүстік Қазақстан облысының қуықшақ театры елордалық бүлдіршіндерге керемет көңіл-күй сыйлады. «ЭКСПО – 2017» көрмесі аясында Астана қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облысының күндерінде облыстық қуыршақ театры Астана қалалық қуыршақ театры мен балабақшаларында жас көрермендерге Мақпал Малдыбаеваның «Алтын балық» қойылым мен Антонина Малюченконың «Масақ» («Колосок») қойылымдарын қазақ және орыс тілдерінде ұсынды. Алтын балық қойылымы кедей баласы Фархаттың бойындағы әділеттілік, адамгершілік пен Хан шабармандарының бойын ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Таусылмайтын тегін тартулар

«ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында, Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері шеңберінде 2017 жылдың 31-тамызында Оңтүстіктің белсенді және талантты жастары Елордада өнер көрсетті. Күнгейлік жас толқын Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында таңғы сағат 10:00-ден бастап түскі 13:00-ге дейін Астана қаласындағы «Хан Шатыр» және «Керуен» ойын-сауық орталықтарында, «ЭКСПО» қалашығында және түстен кейін «Бәйтерек» алаңы ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Оңтүстік тартулары тегін таратылды

Елордадағы Оңтүстік күндерінде «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесін тамашалауға келген қонақтар қонақжай күнгей жұртының ерекше сыйына куә болды. Яғни, бас қаланың төрінде оңтүстікқазақстандық өнертапқыш Еркінбек Бөкебаев ойлап тапқан «Qazaq Arbasy»-ның екі данасы қойылып, онда ұлттық сусындарымыз – қымыз, қымыран және құрт, түстік аймақтың дархан даласында пісіп жетілген жеміс-жидектер шараға келушілерге тегін таратылып, бір сәт арқа-жарқа күйге енді. Астанадағы «Бәйтерек» алаңының ...

Толығырақ »

ҚАЗЫБЕК БИДІҢ 350 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы қазақтың ұлы биі, қоғам және мемлекет қайраткері Қазыбек бидің өмірі мен қоғамдық қызметі туралы деректі фильмнің түсіру жұмыстарын бастады. Фильм Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Қазыбек бидің 350 жылдық мерейтойына орайластырылған. Фильмнің сценарий авторлары әрі режиссерлері драматург, режиссер Ғазиз Насыров пен әнші, өнертанушы Ерлан Төлеутай. Авторлар бұған дейін шығармашылық бірлестікте «Мәди Бәпиұлы» және «Тәттімбет Қазанғапұлы» ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Этноауыл ұсынған…

Ұлысымның ұйытқысы атанған Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері Этноауылда Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бірегей жәдігерлерінен құралған көрме жасақталды. Мыңдаған жылдар бойы халықтың өмірі мен тұрмысына алтын арқау болған, салты мен санасына бағыт-бағдар етіп сақтаған әдет-ғұрып, салт-дәстүр, әдеп пен жоралғы сияқты қазақ мәдениеті мен тіршілігінен насихаттау – музейдің басты мақсаттарының бірі. Сондықтан да Этноауылда жасақталған көрме қазақтардың дәстүрлі мәдениетіне, ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Тамыздың соңғы күні түстен кейін

«ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері аясында өтетін іс-шаралардың тамыздың соңғы күніне тура түсіп тұрған бірқатары бүгін түстен кейін Елорда тұрғындары мен қала қонақтарына ұсынылады. Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениеті мен өнерін, өндірістік-экономикалық мүмкіндіктері мен тауарларын, тарихи-мәдени орындарын, көне қалашықтарын, Оңтүстіктің бренді ретінде танылатын киелі жерлері мен туристік әлеуеттін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Тамыздың соңғы күні түске дейін

«ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері аясында өтетін іс-шаралардың бірқатары тамыздың соңғы күндеріне тура түсіп тұр. Әсіресе, бүгін біз Елорда төріне не шығара аламыз? Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениеті мен өнерін, өндірістік-экономикалық мүмкіндіктері мен тауарларын, тарихи-мәдени орындарын, көне қалашықтарын, Оңтүстіктің бренді ретінде танылатын киелі жерлері мен туристік әлеуеттін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Оңтүстіктен ән шашу

Елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында Астана қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет күндері аясында жалпы жұртшылыққа арналған «ЭКСПО-ға Оңтүстіктен ән шашу!» атты облыстың өнер шеберлерінің гала-концерті өтті. Гала-концерттің ашылу салтанатында сөз алған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев барша астаналықтар мен қонақтарды Конституция күнімен құттықтады. Оңтүстік өнерпаздарының концертіне ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Досаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенова, Мәдениет және спорт ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Балбыратқан «Балбырауын»

«ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында 29 тамыз бен 3 қыркүйек арасында Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өтіп жатыр. Алдын ала бекітілген бағдарламаға сәйкес, Оңтүстік Қазақстанның күндері аясында облыстың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениеті мен байлығын паш ететін 43 мәдени көпшілік іс-шарасы елордалықтар мен қала қонақтарының назарына ұсынылып келеді. Теңдесі жоқ дүбірлі тойда оңтүстікқазақстандық өнер майталмандары «Түркі елінің түп тамыры – ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Теңдесі жоқ көрме

Астана қаласындағы «Has Sanat» өнер галереясында Оңтүстік Қазақстан облысы суретшілері өз туындыларын Елордамыздың қонақтары мен өнер сүйер қауым назарына ұсынды. «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесі,  Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан Оңтүстік Қазақстан облысының Астанадағы күндерінде өздерінің қайталанбас қолтаңбаларын қалдырған 20 суретшінің таңдаулы 45  жұмысы көрермен көзайымына айналды. Мұнда халық назарына ілініп, келушілердің қызығушылығын тудырған екі суретшінің туындысына ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Жер кіндігі – Қазығұрт

Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері аясында «Қазақстан» орталық концерт залының фойесінде «Жер кіндігі – Қазығұрт» атты көп салалы ғылыми көркемөнер көрмесі өтуде. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын насихаттауға арналған шараның мақсаты – Астана қонақтары мен жұртшылығын Оңтүстіктің тарихи шежіресімен шығармаларымен таныстыру. Оңтүстік өңірі тарихи-мәдени ескерткіштерге толы аймақ. «Жер кіндігі – Қазығұрт» көп салалы ғылыми көркемөнер көрмесінде 9 бөлімнен ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Қажымұқанды еске салған…

Елордадағы Оңтүстік Қазақстан облысы күндерінің екінші күнінде Астана қалалық «Оқушылар сарайында» «Күш атасы – Қажымұқан» анимациялық фильмінің тұсауы кесілді. «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында тұсауы кесілген шығарма туған елге деген сүйіспеншілікті арттыру, өңірдің әсем табиғаты мен киелі жерлерін және тарихи ұлы тұлғалардың өмірін насихаттау бағытында түсірілген. Фильмнің мақсаты – өскелең ұрпаққа қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан, күш атасы Қажымұқанды ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Бұның өзі ғажап болды!

Оңтүстік Қазақстан облысының Астанадағы бірінші күні «Бәйтерек» алаңында облыстың өнер шеберлерінің «Сәлем, Астана! Сәлем, ЭКСПО – 2017!» мерекелік концертімен қорытындыланды. Концертте ҚР Мәдениет қайраткері Айжан Таженова «Домбыра туралы баллада» орындаса, «Оңтүстік-Цирк» мекемесінің «Х-бэнд» эстрадалық джаз ансамблі заманауи шығармалар ұсынды. Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әншілері «ЭКСПО – 2017» туралы ән шырқаса, «Семсер» тобы «Отырардағы той» əнімен өңірдің киелі өлкесін дəріптеді. «Өркен» отбасылық ансамблі, ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Туған топырақ сырлары

Оңтүстік шежіресі Астанада сыр шертеді. «ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын насихаттауға арналған Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері аясында үстіміздегі жылдың 30 тамызы күні Астана қаласының «Қазақстан» орталық концерт залының фойесінде ОҚО музейлерінің 1500-ден аса құнды жәдігерлерінен жасақталған «Жер кіндігі – Қазығұрт» көп салалы ғылыми көркемөнер көрмесі Елорда ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Жұлдыздар жарқылы

  Құрметті Астана қаласының тұрғындары және қала қонақтары! Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын насихаттау және ақпараттық ілгерілету арқылы қоғамдық сана-сезімді жаңғыртуға үлес қосу мақсатында Астана қаласында 2017 жылғы 29 тамыз – 3 қыркүйек аралығында «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында кеше Елордамызда Оңтүстік Қазақстан облысы күндерінің шымылдығы ашылды. Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениеті ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Күш атасы туралы анимация

«ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облысының күндерінде облыстық мәдениет басқармасы және «Оңтүстікфильм» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Астана қалалық «Оқушылар сарайында» «Күш атасы – Қажымұқан» анимациялық фильмінің тұсауы кесіледі. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Түймебаев Жансейіт Қансейітұлының тапсырысымен түсірілген фильмде туған елге ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Оңтүстік не ұсынады?

«ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері аясында өтетін іс-шаралардың қарқыны бүгін пәсеңдемейді. Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениеті мен өнерін, өндірістік-экономикалық мүмкіндіктері мен тауарларын, тарихи-мәдени орындарын, көне қалашықтарын, Оңтүстіктің бренді ретінде танылатын киелі жерлері мен туристік әлеуеттін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы басымдылықтармен ұштастыра отырып, насихаттау және ақпараттық ілгерілету арқылы қоғамдық ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Өнер керуені

Астана қаласының бас көшелерімен «Түркі елінің түп тамыры – Оңтүстіктен мерейлі Астанаға сәлем!» атты өнер керуені жүріп өтті. Еліміздің тарихынан сыр шертетін сазды керуен «Ғашықтар»  алаңынан «Бәйтерек» алаңына дейінгі аралықты қамтыды. Керуен сапында  Алтын адам, Арыстанбаб, Қожа Ахмет Ясауи, Әл-Фараби сынды тарихи тұлғалар мен ғұламалар, хандар мен батыр, билер бейнесіндегі өнер азаматтары, ЭКСПО аруы мен ұлттық киім киінген әнші, бишілер, ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Әннен шашу шашты

Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері күнгей өлкенің эстрада және дәстүрлі әншілері, ұлттық аспапта орындаушыларының қатысуымен сазды-әуенді шеруімен жалғасты. Нақтырақ айтсақ, оңтүстік өнерпаздары екі қабатты үсті ашық қызыл автобуспен Астана қаласының қоғамдық орындарды аралап, танымал қазақ әндерін шырқады. Ондағы мақсат – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын кеңінен насихаттау. Арнайы музыкалық құрылғылармен жасақталған қоғамдық көлік Астана ...

Толығырақ »