Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Төтенше (страница 10)

Төтенше

СУ ШЫҒАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

Түркістан облысы Мақтарал ауданында су басқан елдімекендерде су шығару жұмыстары қарқын алды, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпарат агенттігі. Бүгінде Мақтаарал ауданындағы су шығару жұмыстары қарқынды жүруде. Жетісай ауданы, Қоғалы елдімекені маңындағы автомобиль жолының бойында нығайту жұмыстары жүргізілді. Нұрлыжол, Фирдоуси, Өргебас, Ырысты, Жантақсай ауылдарының аумағында ұзындығы 21 шақырымды құрайтын уақытша бөгеттер тұрғызылып, құм толы 85 ...

Толығырақ »

ЖҰМЫСЫН ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗУДЕ

Мақтааралда арыстық арнайы топ өз жұмысын қарқынды жұргізуде, деп жазады Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Мақтаарал ауданындағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарын жою және үкімет тарапынан берілетін бір ретік өтемақыларға құжаттарды қабылдауға жәрдемдесу мақсатында, Арыс қаласының әкімі Қадырбек Мұрат Болатұлының жетекшілігімен құрылған арнайы жұмысшы тобы Мырзакент елді-мекенінде өз жұмысын бастады. Жұмысшы топтың құрамында қала әкімінің орынбасары С.Дәрібай, ...

Толығырақ »

ҰЛЫ ЖЕҢІС – ҰРПАҚТАР МАҚТАНЫШЫ!

Биыл Ұлы Жеңіске 75 жыл. Осы орайда, Шымкент қаласында айтулы мерекеге орай ардагерлерді құттықтау сәті басталып кетті. Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы Аутрич NEET жас отбасылармен жұмыс жүргізу бөлімі «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің мүшелерімен бірлесе соғыс ардагерлеріне бүгінгі бейбіт күн үшін алғыстарын білдіріп, қарт майдангерлердің шаңырақтарына барып, сый-сияпат жасап, мерекелік көңіл сыйлады. Өз ...

Толығырақ »

СУ БАСЫП ЖАБЫРҚАҒАН ЖҰРАҒАТЫМ…

Апта бұрын Өзбек еліндегі техногендік апаттың салдары мақтааралдықтарды әбігерге салды. «Сайдағы арқардың тұяғына тас батса, қырдағы арқардың мүйізі сырқырайды» дегендей тосыннан келген апаттың зардаптарын жоюда, қөңілі күпті халықпен барша қазақстандықтардың бірге екенін көріп, отырарлықтар да бей-жай қарамай қолдау білдіруде. Алғашқылардың бірі болып Отырар жастарынан құралған «Береке» еріктілер тобының жетекшісі Әскербек Батырбековтің ұйытқы болуымен, Отырар ауданының тұрғындары мен еріктілері Мақтаарал ауданындағы тұрғындарға ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕН МАҚТААРАЛДЫҚТАРҒА КӨМЕК

Мақтааралдықтардың бүгінгі жай күйі шымкенттік кәсіпкерлерді де бей-жәй қалдырмады. Жомарт жандар Мырзашөл өңіріне қажетті киім-кешек пен гигиеналық заттар жіберді. Атап айтсақ, кәсіпкерлер тарапынан 4000 адамға аяқ-қиім мен спорттық киімдер, одан бөлек 200 дана жейде мен 150 дана әйелдерге арналған көйлек, шалбарлар жөнелтілді. «Апаттың айтып келмейтіні белгілі. Сондықтан Мақтаарал ауданына қиын сәтте қол үшін созып, төтенше жағдай зардаптарын жоюға бүкіл халық ...

Толығырақ »

ЖУРНАЛИСТЕР ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КӨМЕКТЕСТІ

Тасқын судан зардап шеккен Мақтаарал ауданының тұрғындарына көмек беру ісінен Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы журналистер қауымы да шет қалған жоқ. Бір топ БАҚ өкілі ең алдымен Мақтаарал ауданы Ізгілік ауылы Т.Әубәкіров атындағы орта мектебінде орналасқан Жаңатұрмыс ауылының тұрғындарымен кездесіп, олардың қазіргі тыныс-тіршілігімен танысты. Мұнда қазір тасқын судан зардап шеккен 207 адам орналастырылған. «Үш мезгіл тамақ беріледі. Арнайы медицина мамандары тексеру ...

Толығырақ »

ЖОМАРТ ЖАН

Өзбекстанның тумасы, миллиардер Алишер Усманов Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевке Сырдарияда болған апатқа байланысты жанашырлық хатын жолдады. «Құрметті Шавкат Миромонович! Балалығым мен жастық шағым өткен туған жерімдегі аға-інілерім және әпке-қарындастарыммен бірге қазіргі эпидемиологиялық қиыншылыққа серік болады екенмін, Сардоба су қоймасындағы апат туралы хабарды, сондай-ақ оны азаматтар үнжырғасы түспей батылдықпен қарсы алғанын жүрегіммен сезіндім. Қасиетті Рамазан айында Алланың өзі мені Отаныма ...

Толығырақ »

АРДАГЕРЛЕРІН АРДАҚТАҒАН ЕЛ ЕШКІМДІ ДЕ ЕШҚАШАН ҰМЫТПАЙДЫ

Өткен жылдар өшпес ізін қалдырған қаншама уақыт, қаншама ғасыр өтсе де қарапайым халықтың басынан өткен атаулы оқиғалар тарих бетінде алтын әріптермен жазылып қала бермек. Соның бірі, қазақ елі баз кешіп, соғыс өрті шарпыған отты жылдар еді. Биыл сол сұрапыл соғыстың жеңіспен аяқталғанына да 75 жыл толып отыр. Осы Жеңіске өз үлесін қосқан қарт майдангерлеріміздің бірі- Төрегелді Зорбанов. Екінші дүниежүзілік соғыс ...

Толығырақ »

ЖАҢА АУЫЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА 200 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ АУДАРАДЫ

Мақтаарал ауданында жаңадан тұрғызылатын ауылдың құрылысына белгілі қоғам қайраткері, меценат Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қоры 200 миллион теңге аударады. Бұдан бөлек, қор тарапынан қиын жағдайға тап болған әрбір жанұяға 100 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қор директоры Қасым Қасабеков мәлімдеді, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Оның айтуынша, Мақтаарал ...

Толығырақ »

ЖАҢАДАН 500 ҮЙ БОЙ КӨТЕРЕДІ

Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов пен Өзбекстан Республикасының Төтенше жағдай Министрінің бірінші орынбасары Абдулла Құлдашев және Түркістан облысы Төтенше жағдай департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов Мақтааралдағы су тасқынының салдарын жою бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баспасөз брифингін өткізді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz порталы. Брифинг барысында Мемлекеттік комиссия шешімімен жүзеге ...

Толығырақ »

300-ДЕН АСТАМ ҚЫЗМЕТКЕРІ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов пен Өзбекстан Республикасының Төтенше жағдай Министрінің бірінші орынбасары Абдулла Құлдашев және Түркістан облысы Төтенше жағдай департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов Мақтааралдағы су тасқынының салдарын жою бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баспасөз брифингін өткізді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz порталы. Брифингке қатысқан Өзбекстан Республикасының ТЖМ бірінші ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨМЕК

Сонымен Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы тасқын қаупіне ұшырағандарға және үйлерін су басып қалғандарға төмендегідей көмек көрсетілетін болды. Ауылын су басқан 6127 адамға 100 мың теңгеден беріледі. Мұнда қазіргі есеп бойынша 845 отбасы бар. Егер бір отбасыда 5 адам болса 500 мың теңге алады. Алишер Усмановтың қоры аудан бойынша эвакуацияға ұшыраған тұрғындар үшін 5,2 млн $ аударды. Бұл 2,3 млрд теңге ...

Толығырақ »

ШТАБ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН

Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты құрылған штабтарда жұмыс қызу үстінде. Бүгінде штаб мүшелері бекітілген тапсырмалар мен міндеттемелерді мұқият қарап, жұмысқа жұмыла кірісуде. Келес ауданы әкімдігі тарапынан штаб құрылып, штабқа Келес аудан әкімі аппаратының қызметкері Сәкен Жолдыбаев басшылық жасауда. Жалпы Келес ауданы әкімінің аппарты, дербес бөлімдер және ауылдық округтерінің мамандарынан жасақталған топ, тасқын судан зардап шеккен Фирдауси ауылы тұрғындарының ...

Толығырақ »

ФИРДАУСИ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН АҒАЙЫН БОЛЫП КЕТТІК

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы №42 М.Тоқжігітов мектебі эвакуациялық пункттің бірі  болып бектілген, оған жауапты Келес ауданының әкімдігі.  Жалпы аталған эвакуациялық пунктте 120 Фирдауси ауылының тұрғындары жайғасқан. Тұрғындар 3 мезгіл ыстық тамақпен, қажетті киім-кешекпен толық қамтылған. Эвакуациялық пунктте жауапты болып, Келес ауданы Жүзімдік ауылдық округінің бас маман іс басқарушысы Сәбит Ботбаев тағайындалған. Келестік мемлекеттік қызметкер: «Қазір Фирдаусидың тұрғындарымен ағайын, жақын болып ...

Толығырақ »

САРБАЗДАР ТОЛАРСАҚТАН САЗ КЕШУДЕ

Мақтааралдағы техногендік апаттың салдарын жою үшін Шымкент қаласынан келген 35748 әскери бөлімі өздерінің кәсіби мерекелерінде толарсақтан саз кешіп, қызыл су басқан аймақтан табылды. 112 адамнан тұратын топты аталған әскери бөлім басшысының қару-жарақ жөніндегі орынбасары, подполковник Рахматулла Тасполаев бастап келіп, су астында қалған елдімекендерді тазалау және халыққа көмек беру жұмыстарын жүргізуде, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Жол ...

Толығырақ »

КЕЛЕШЕК КҮНДЕРІМІЗ ЖАДЫРАЙТЫН БОЛАДЫ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдай ешкімді де бей-жай қалдырмады. Тасқын судың зардабын шеккен эвакуациялық пунктердегі азаматтарды азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыру үшін арнайы қойма жұмыс істеп жатыр. Қазір жағдай тұрақталып, әкімдік қызметкерлері және ерікті жандар тынымсыз қызмет етуде. Бүгінде  “ЕРІКТІЛЕР ШТАБЫНЫҢ” жұмысы қызып, еріктілеріміздің саны күннен күнге артуда. Арнайы қоймаларда азық-түліктен басқа жеке бас гигенасына арналған заттар, киім-кешектер жиналуда. Бүгінге ...

Толығырақ »

«JAS OTAN» ЖӘРДЕМ ЕТУДЕ

Түркістан облысы Мақтарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты «Біргеміз, Мақтарал» еріктілер штабында 150 жуық еріктілер зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру мен олардың қиын жағдайдағы жан — жақты қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Қазіргі таңда Штаб жанынан облысымыздың өзге өңірлері мен аудандарындағы волонтер жастардың бастамаларымен ұйымдастырылған көмек керуендерін қарсы алып, қауіпсіз аймақтарға орналастырылған халыққа азық — түлік пен қажетті ...

Толығырақ »

ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРДЫ АРАЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданындағы су астында қалған ауылдардың халқымен кездесіп, оларға мемлекеттік комиссия шешімін жеткізді. Уақытша ашылған орталықтарда азаматтардың тұрмыстық жағдайларымен танысып, мұң-мұқтажын тыңдады, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «DIDARBEK.kz». Сарыағаш ауданының әкімдігіне бекітілген Игілік ауылындағы орта мектептегі эвакуациялық ошақта Жаңатұрмыс ауылының 200-ден астам тұрғыны орналасқан. Барлық эвакуациялық орталықтар азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі ...

Толығырақ »

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕГІ

Бүгін Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына «Nur Otan» партиясының 40 тоннадан астам гуманитарлық көмегі келіп жетті. Бұл көмек «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің бастамасымен «Біз біргеміз» акциясы бойынша жолданып отыр, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Тұрғындарға бірінші кезектегі қажет заттар мен азық-түлік Мақтаарал ауданындағы апатқа байланысты құрылған штабтың орталық қоймасына жеткізілді. Партия ұсынған ...

Толығырақ »

ЛЕНГІР ҚАЛАСЫН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ

Төлеби ауданы, Ленгір қаласында орын алған селдің зардаптарын жою жұмыстары жалғасуда, деп жазады Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Төлеби ауданы Ленгір қаласында қатты жауған нөсерлі жауын-шашын салдарынан «Ленгір» өзенінде судың көтерілуінен орын алған су басудың зардаптарын жоюға 7 мамыр күні аудан әкімі Б.Омарбековтың бастамасымен 300 астам азаматтардан құралған 4 жұмысшы топ таңғы сағат 8-ден бастап кірісті. ...

Толығырақ »

ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгін Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Мақтаарал ауданындағы Келес ауданы жауапты болып бекітілген эвакуцияланған пункттерде болып, жергілікті тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Келес ауданы Фирдауси және Жантақсай елді мекендеріндегі тұрғындарды эвакуациялап, уақытша жатын орындармен қоса азық-түлікпен қамтуға бекітілген еді. Бүгінгі таңда Жантақсай елді мекеніне, су деңгейі төмендеп елді мекенге топан су зиян жеткізбегендіктен, тұрғындар өз үйлеріне қайтарылды. Ал Фирдауси елді мекенінің ...

Толығырақ »

ОТЫРАРЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЕРЛЕУДЕ

Отырарлық құқыққорғаушылар әркез аудандағы қоғамдық шаралардың басынан табылып жүр. Полиция полковнигі Бақыт Мыңжасаров басқаратын ұжымның 50 қызметкері ерікті түрде Донор күнінде қан тапсырып, өзгелерге үлгі көрсеткен болатын. Бүгін «Нұр Отан» партиясының бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз» акциясына отырарлық полицейлер өз үлестерін қосып, аудандағы көп балалы және аз қамтылған 40 отбасыға біржолғы азық-түлікпен қамтып отыр. Аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқығын ...

Толығырақ »

ЕРАСЫЛ КЕТТІ – ЕР КЕЛДІ!

«ШЫМКЕНТ – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ БАСШЫСЫ – ӘКІМНІҢ ШТАТТАН ТЫС КЕҢЕСШІСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ. «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы болып Жани Қамбар тағайындалды. Қамбар Жани Сайдуллаұлы Шымкент қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. Жобалық кеңсе басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары болған. Сонымен қатар, Ж.Қамбар ...

Толығырақ »

АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОПТЫҢ ЖЕМІСТІ ЖҰМЫСЫ

Осыдан бір-екі күн бұрын елдегі төтенше жағдай мен карантинге байланысты ұлы Абайдың 175-жылдығын атап өте алмай қалған Шымкент тұрғындарының орнына қаттырақ «тойлап» жіберген Абай саябағындағы электр бағаналарды байқап қалдық: бір-екеуі мас болып құлап тұрған, бір-екеуі жанында «пахмель» таппай жылап тұрған… «Мейрамгершілік» қой деп жанымыз ашып кетті де, дереу қала әкімдігіне хабарластық. Ол жақта да азаматтар бар екен, телефон тұтқасын түсірмей ...

Толығырақ »

САЙРАМ АУДАНЫНДА КАРАНТИН РЕЖИМІ ҚАТАҢ САҚТАЛУДА

Сайрам ауданында зейнетақы мен жәрдемақы алушылар саны 43 мыңға жуық, әлеуметтік төлемдер (42500 т) алатын 65000 азамат және жалпы 1859 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Мемлекет тарапынан осы төлемдер әр айдың басында жеке есеп шоттарына түседі. Екінші деңгейдегі «Halyk» банктің аудандық бөлімшесінде, банкоматтарда, «Қазпошта» АҚ-ның аудандық филиалында аудан тұрғындарын топтап шоғырландырмау мақсатында арнайы полиция, әкімдік, еріктілер, әскери қызметкерлер, банк және ...

Толығырақ »