Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » СУ БАСЫП ЖАБЫРҚАҒАН ЖҰРАҒАТЫМ…

СУ БАСЫП ЖАБЫРҚАҒАН ЖҰРАҒАТЫМ…

Апта бұрын Өзбек еліндегі техногендік апаттың салдары мақтааралдықтарды әбігерге салды. «Сайдағы арқардың тұяғына тас батса, қырдағы арқардың мүйізі сырқырайды» дегендей тосыннан келген апаттың зардаптарын жоюда, қөңілі күпті халықпен барша қазақстандықтардың бірге екенін көріп, отырарлықтар да бей-жай қарамай қолдау білдіруде. Алғашқылардың бірі болып Отырар жастарынан құралған «Береке» еріктілер тобының жетекшісі Әскербек Батырбековтің ұйытқы болуымен, Отырар ауданының тұрғындары мен еріктілері Мақтаарал ауданындағы тұрғындарға қолдау көрсетіп, гуманитарлық көмектерін жеткізді.


Мырзашөлге азық-түліктерін артып жеткен отырарлық керуенмен жас спортшылар, белсенді жастар мен серілер жергілікті тұрғындарға рухани күш сыйлады. Ойын жасындағы балалар үшін Азамат Асылханов арнайы батут орнатып, балалардың жабыққан жүзін күлкімен көмкерді.
Т.Бигелдинов мектебіндегі эвакопункттегі тұрғын үйін су басқан тұрғындарға арнайы ас мәзірі әзірленіп, ауызашар ұйымдастырылды. Сын сағаттарында тосыннан келген апаттың зардаптарын жою, тұрғындарды сабырға шақыруға келген облысымыздың бас имамы Мұсабек қажы Ақтамбердіұлы, республикалық «Jas Otan» жастар қанатының жетекшісі Елнұр Бейсенбай, облыстық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Амалбек Өміртай және өзге де сала өкілдері аудан жастарының жанынан табылды.


Ақсақалов және Полатбаев сынды қос Дәурен ақынның жыр арнауына шабыттанған жергілікті тұрғындар сазгер Руслан Ақынбековтің «Мырзашөлім» әнін тыңдап, қуаныштан көзіне жас іркіді.
«Су басып жабырқаған жұрағатым, Су жаңа шаңырағыңда қауышқанша» десіп, отырарлықтар алыстағы ағайынмен қоштасып, тарқасты.

© Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу