Өрт – тілсіз жау. Кешіксең, кешірмейді. Әсіресе6 автокөліктерде өрт орын алған жағдайда ол лезде таралып, саналы уақытта-ақ темір тұлпарыңыз өртке орантыны белгілі. Ал газбен жабдықталғаны болса оның қауіпі де жоғары. 2020 жылғы 3 мамыр 9 сағат 37 минутта Шымкент қаласы Төлеметов көшесі Назарбаев Зияткерлік мектебінің көлік тұрағындағы жеңіл автокөлікте өрт орын алғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орны мен өрт ...
Толығырақ »Төтенше
215 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК СЕБЕТТЕРІ ҮЛЕСТІРІЛДІ
Түркістан облысы Түлкібас ауданында «BIZ BIRGEMIZ» акциясы аясында 215 мұқтаж отбасыға азық — түлік себеттері үлестірілді. Түлкібас ауданында Елбасының бастамасымен елімізде қарқын алған «BIZ BIRGEMIZ» акциясы өз жалғасын табуда. Осыған дейін аудан әкімдігінің және «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының ұйымдастыруымен қарқынды түрде іске асып жатқан акция бұл жолы аудан тұрғындары тарапынан жалғасын тапты. Күні кеше қасиетті Рамазан айының 9-шы күні ...
Толығырақ »СЕНАТТА СӨЙЛЕГЕН СӨЗ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Сенатында сөйлеген сөзі Құрметті Сенат депутаттары! Біз бүгін ерекше жағдайда кездесіп отырмыз. Қазір бүкіл әлем жұртшылығы күрделі дағдарысқа ұшырады. Мұны жақсы білесіздер. Коронавирус дерті Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Соған байланысты халқымыз он алтыншы наурыздан бастап төтенше жағдайда өмір сүруде. Карантин режимі азаматтарымызға айтарлықтай қиыншылық туғызды. Дегенмен, бүкіл еліміз осы індетке қарсы күресу үшін жұдырықтай ...
Толығырақ »ДАРИҒА МЕН МӘУЛЕН, АИДА МЕН ДӘУРЕН…
Мамыр айының 4-ші жұлдызы ауыс-түйістерге бай болды. Мамырдың 2-ші жұлдызында Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы ҚР Президентінің Жарлығы жарияланғаны белгілі. Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданды. «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі ҚР Президентінің 2020 жылғы 2 мамырдағы «Д.Н.Назарбаева туралы» № 315 Жарлығы негізінде ҚР ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: 5 ЕЛДІМЕКЕНДЕ ҚАУІП СЕЙІЛДІ
Мақтаарал ауданының 10 елдімекені қауіпті аймақта орналасқан. Оның 5-уі, яғни Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас, Достық ауылдары су астында қалса, қалған 5 елдімекенді облыс әкімдігі, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті, ҚазСУШар және ауыл тұрғындарынан құралған волонтерлердің көмегімен су басу қаупінен шығарылды. Соның ішінде атап өтетін стратегиялық маңызы зор 14 мыңнан астам халқы бар Мырзакент елдімекені қызыл су басудан аман қалды. Бұл туралы ...
Толығырақ »СУ БАСУ ҚАУПІ БАР ЖЕРЛЕРГЕ БӨГЕТТЕР ТҰРҒЫЗЫЛУДА
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су басу қаупі бар елдімекендер айналасына бөгеттер тұрғызылуда, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Атап айтқанда, Нұрлы жол елдімекені аумағында ұзындығы 2,5 км, биіктігі 1,5 метр болатын бөгет соғылды. Фирдоуси елдімекенінен Мырзакент елдімекеніне қарай 3 коллектор орналастырылды. Өргебас елдімекенінің аумағында ұзындығы 20 метр, биіктігі 1 метр болатын бөгет жасалса, Ырысты елдімекенінде ...
Толығырақ »МАҚТААРАЛ: 31 000-НАН АСТАМ ТҰРҒЫН ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су басқан елдімекендерінен 2 мамырдан бастап 31606 адам эвакуацияланған, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. 4 мамыр күнгі ақпарат бойынша Жаңа — Тұрмыс (46 үй), Жеңіс (130 үй), Фирдоуси (250 үй), Өргебас (194 үй), Достық (11 үй) елдімекендерінен жалпы саны 631 үй су астында қалды. 2 мамыр үшін Атакент елдімекенінде 24 эвакуациялық ...
Толығырақ »МАҚТААРАЛҒА АЛҒАШҚЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
Жамбыл облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен 30 тоннадан аса азық — түлік тиелген керуен киелі Тараз қаласынан мақталы Мақтаарал ауданына жетіп келді, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Көне шаһардың жақсыларынан жылу жинап, көмекке асыққан жамбылдық кәсіпкерлер 10 тонна ұн, 10 тонна күріш, 5 тонна қант, 1 тонна гречка, 2 тонна сұйық май, 2 тонна макарон өнімдері мен ...
Толығырақ »Жамбыл облысы Түркістан облысының су басқан ауылдарына гуманитарлық көмек жіберді
Жамбыл облысы Түркістан облысының су басқан ауылдарына гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды DIDARBEK.kz облыс әкімдігінің zhambyl.gov.kz ресми сайтына сілтеме жасап. Жамбыл облысының әкімдігі Түркістан облысының су басқан аймақтарына гуманитарлық көмек көрсетті. Жексенбі, 3 мамыр күні азық — түлік және алғашқы кезектегі қажеттілігі бар тауарлар тиелген жүк көліктері Түркістан облысына аттанды. «Жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен 30 тонна азық — түлік өнімдері жиналды. ...
Толығырақ »ШӨКЕЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА АТТАНДЫ
Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен «Қазсушар» мекемесінің жауапты мамандары Мақтаарал ауданындағы су тасқыны мәселесін реттеу бойынша Өзбекстан Республикасының Сырдария облысына аттанды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов кезекті брифингте мәлімдеді, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Оның айтуынша, тасқын суды тоқтату бойынша Қазақстаннан барған топ тиісті министрлік өкілдерімен кездесіп, келіссөздер жүргізеді. Суды жіберу жұмыстарын ...
Толығырақ »Б.ТӘЖІБАЕВ: ЕЛДІ ДҮРЛІКТІРУГЕ ЕМЕС, БІРІКТІРУГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТЕЙІК!
Қазақта «Тас түскен жеріне ауыр» деген мақал бар. Мән беріп қарасаңыз, мағынасы өте терең. Биыл 1 мамырда Өзбекстандағы «Сардоба» су қоймасының іргесі сөгіліп, Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланғанын жақсы білесіздер. Бүгін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бастаған арнайы топ Өзбекстанға аттанды. Ол жақта Су шаруашылығы министрлігімен ашық келісссөздер жүргізуде. Сонымен бірге барлық құрылымдар күндіз-түні тынымсыз жұмыстар жүргізуде. Дәл қазіргі ...
Толығырақ »ТҰРҒЫНДАР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ КӨМЕКТЕСУДЕ
Түркістан облысы Жетісай ауданы Атамекен ауыл округі Қоғалы ауылын тасқын су басты деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Алайда ондағы 186 үйде тұратын 1400 тұрғынның басым көпшілігі яғни әйелдер қауымы балаларын алып, бүгінде өз еріктерімен Жетісай қаласындағы туған — туыстарының үйлеріне орналасқан. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Десек те, аудан әкімдігі қауіпсіз аймаққа көшемін деушілерге ...
Толығырақ »ТАҒЫ 3 АУЫЛДЫ СУ БАСУ ҚАУПІ СЕЙІЛМЕЙ ТҰР
Бүгін Мақтаарал ауданындағы Жаңажол ауыл окугіндегі Өргебас ауылын қызыл су басып, М-39 «Ташкент-Термез» трассасының бойына жайылды. Сонымен қатар, түсауа ішкі каналдар арқылы трассының келесі бетіне өтіп, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Ырысты, Қарақыр және Достық ауылдық округіне қарасты Гүлістан ауылының егістік алқаптарын жайылуда. Осыған орай Мақтаарал ауданының орталығы – Мырзакентте орналасқан облыстық штаб алдағы уақытта тұрғындарды су басқан жағдайда көшуге дайын ...
Толығырақ »Ө. ШӨКЕЕВ: ХАЛЫҚҚА ЖАН-ЖАҚТЫ КӨМЕК КӨРСЕТЕМІЗ
Мақтааралдағы ағын суды ауыздықтау үшін күндіз-түні ауданда жүрген Өмірзақ Шөкеев Төтенше жағдай жөніндегі кезекті штаб отырысын өткізді, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Өңір басшысы халыққа жан-жақты көмек беріп, тұрғындарға үлкен қолдау көрсету керектігін атап өтті. Ол халыққа көрсетілетін көмектің үлкен ауқымда болатынын айтып, тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, ең алдымен эвакуациялық пункттерге ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛҒА БАРЛЫҚ КҮШ ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ
«Су – тілсіз жау» демекші, қазір барлық күш Мақтаарал өңіріндегі тасқын сумен күресуге жұмылдырылған. Мақтаарал ауданындағы су тасқынына орай ауыл шаруашылығы саласында түгендеу жұмыстары жалғасуда. Арнайы жұмысшы тобы айналысып жатыр. Қазірдің өзінде 3600 гектардан астам ауыл шаруашылығы дақылдарының су астында қалып, зардап шеккені анықталған», деді облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте деп жазады облыс әкімінің баспасөз ...
Толығырақ »ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ ТҰРҒЫН ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Келес ауданы əкімдігінің қызметкерлері мен Келес аудандық полиция бөлімінің полицейлері Мақтаарал ауданының Фирдоуси елді — мекенінде құтқару жұмыстарын жүргізуде. Көмек қолдарын созып, қалып кеткен тұрғындар мен үй жануарларын қауіпсіз аумаққа шығаруда. Осындай кезекті көмекті полицейлер жасады. Төтенше жағдай жарияланған кезде, үйінде қалып қойған егде жастағы азаматты тауып, қайықпен қауіпсіз аймаққа алып шықты. Осылайша қиын сәтте жәрдемші болған барлық қызметкерлерге ауылдың ...
Толығырақ »КОРОНАВИРУСТАН КӨЗ ЖҰМДЫ
Шымкент қаласында 3 мамыр күні коронавирус жұқтырған бір науқас көз жұмды. 1942 жылғы азаматша Шымкент қаласы, Абай ауданының тұрғыны. 78 жастағы науқас 27 сәуір күні ЖРВИ, пневмония диагнозымен жедел жәрдем қызметі арқылы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Азаматша үй жағдайында өз бетінше емделіп, медициналық көмекке жүгінбеген. Науқастан зертханалық сынама алынып, ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Науқас коронавирус ошағынан анықталды. ...
Толығырақ »ПОЛИЦИЯДА ПАТРИОТТАР ҚЫЗМЕТ АТҚАРАДЫ
Мақтаарал ауданы, Фирдоуси ауылындағы мектеп ғимаратының ауласын су басқан тұста Жетісай аудандық полиция бөлімі басшысының қызмет жөніндегі орынбасары, полиция майоры Есімжан Надиров мемлекеттік тудың қауіпсіздігін қамтамасыз етті, деп жазады Түркістан облыстық Полиция Департаментіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Биік тұғырда ілініп тұрған туды шешіп алып, құрметпен орап, қауіпсіз жерге алып шықты. Тәртіп сақшысының бұл әрекеті әлеуметтік желіде кеңінен таралып, көпшілікті тәнті етті. ...
Толығырақ »МАҚТААРАЛ: ТАСҚЫН СУДЫҢ ШЫҒЫНЫ ЕСЕПТЕЛУДЕ
Мақтаарал ауданындағы су тасқынына орай ауыл шаруашылығы саласында түгендеу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда бұл жұмыстармен Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов бастаған Арнайы жұмысшы тобы айналысып жатыр. Бүгін бұл туралы Мырзакент кентіндегі штабтың баспасөз орталығында Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Тұрғанбек Оспанов мәлім етті, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Басқарма орынбасарының айтуынша, ...
Толығырақ »ЕРІКТІЛЕР ЕЛМЕН БІРГЕ
2020 жылғы 1 мамыр күні Өзбекстан Республикасы «Сардоба» су қоймасында орын алған апатты жағдайға байланысты Мақтаарал ауданының бірқатар елді мекендері судың астында қалды. Орын алған төтенше жағдайға байланысты зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Мақтааралмен іргелес жатқан Жетісай ауданында да бірқатар эвакуациялық орындар дайындалған болатын. Бүгін Мақтаарал ауданына қарасты «Өргебас» ауылынан эвакуацияланған адамдардың ...
Толығырақ »САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ШТАБЫ ҚҰРЫЛДЫ
Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Сарыағаш ауданы Еңбекші ауылдық округі, Т.Жайлыбаев елді мекеніне жауапты болып бекітілді. Ауданға бекітілген аумақтағы жағдайды толық бақылауда ұстау мақсатында Сарыағаш ауданының штабы құрылып, елді мекеннің кіріс – шығыс жолдарына арнайы бекеттер қойылды. Сарыағаш ауданы әкімдігі мен аудандық полиция бөлімінің 100 қызметкері жұмылдырылып, көшелерде патрульдік полиция қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды. Сонымен ...
Толығырақ »СЕЛДЕН 620 ҮЙ ЖАПА ШЕККЕН
Түркістан облысында селден 620 үй жапа шеккен, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Қазіргі таңда Түркістан облысы Мақтаарал ауданының 4 елдімекені: Жаңа — Тұрмыс (46 үй), Жеңіс (130 үй), Фирдоуси (250 үй) және Өргебас (194 үй) су астында қалған. Жалпы қызыл судан 620 үй жапа шеккен. Тұрғындарды көшіру үшін 22 эвакуациялық орын даярланған. Бүгінгі күнге бұл ...
Толығырақ »ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА ҚАЙДА КЕТТІ?
Сонымен, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігін тоқтатты. Естіген жұрттың бір бөлігіне бұл жаңалық қуаныш сыйласа, бірі – абдырап қалды, тағы бірі – өкініштерін жасыра алмады. Ендігі қадам – Дариға Назарбаеваны ҚР Парламенті Сенатының төрайымы қызметінен босату. Көп ұзамай, бұл мәселе де шешімін табайын деп тұрған сияқты. Сонда Дариға Назарбаева қайда кетті деген ...
Толығырақ »ЖАҢА ЧЕЛЛЕНДЖ! ҚОЛДАЙСЫЗДАР МА?
Мен – қазақпын, Қазақстан Республикасының азаматымын. Осы жерде дүниеге келдім, осы жерде өлемін. Сондықтан мемлекеттік тіл – менің тілім! Мен Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерімен мемлекеттік тілде сөйлеуге міндеттімін. Елдегі барлық ақпаратты, жаңалықты, хабарламаны мен алдымен мемлекеттік тілде жариялаймын. Ғасырлар бойы осы тілде сөйлеп, бұл тілді бізге аманаттап кеткен ата-бабаларымыздың әруақтарын құрметтеп, өз тілімді өзге тілдерден бұрын сайратамын. Мен – ...
Толығырақ »ШЫНДЫҚҚА ЖАНАСПАЙДЫ!
Жетісай ауданын су басады деген қауіптің жоқ екендігін тағыда қайталап айтамыз. Коллекторға жақын орналасқан елді-мекендердің аздап су деңгейі көтерілген. Қазір жағдай тұрақты. Аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев коллектор бойына жақын орналасқан » Қоғалы», » Жылы Су» елді мекендерінде болып тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сосын, Мақтаарал ауданына тиісті видеоларды Жетісай ауданы мен шатастырмауларыңызды және Жетісайды су басып жатыр деп әлеуметтік желілерге таратпауларыңызды ...
Толығырақ »