Жылдан –жылға көркейіп келе жатқан Т.Рысқұлов ауылында жаңа мектептер мен тұрғын үйлер бой көтеруде. Бүгін Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов жұмыс кестесіне сәйкес аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылындағы Нұршуақ мөлтек ауданындағы жаңа тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Биылғы жылдың мамыр айында бастау алған 2 қабатты 20 пәтерлі 2 тұрғын үйлер жыл соңына дейін яғни қыркүйек –қазан айларында 40 пәтердің кілті ауыл ...
Толығырақ »Ауыл жаңалықтары
АШЫҚ АЛАҢДА АШЫҚ ӘҢГІМЕ
Бүгін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков “Яссы” секторындағы О.Тілепов көшесінің тұрғындарымен кездесіп, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. — Мақсатым — атқарылған жұмыстар бойынша пікірлеріңізді тыңдау, кемшіліктер болса — өздеріңізден есіту. Біз таяу уақытта келесі жылдың жоспарын нақтылаймыз. Мәселелердің барлығын саралап, өзектілігіне сәйкес кезектілігін бекітуіміз керек. Айтылған барлық өтініштеріңіз назардан тыс қалмайды, тек қаржылық мүмкіндіктерге қарай мерзімі ұзауы ықтимал, — деді қала ...
Толығырақ »Аппараттық мәжілісте Түлкібас ауданының даму бағыты қаралды
Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуовтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары және мердігер компаниялардың жауапты мамандары қатысты. Ауданның экономикалық және әлеуметтік жағдайы сарапталатын жиында негізгі 3 мәселе қаралды. Бюджеттің игерілуі және индикаторлық көрсеткіштердің орындалу бағытындағы мәселелер төңірегінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Қ.Егембердиев баяндама жасады. Бөлім басшысының баяндамасын ...
Толығырақ »Мәжілісте бірқатар тапсырма айқындалып, жауаптылар бекітілді
Бүгін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков кезекті аппараттық мәжілісте салық түсімдерінің орындалуы, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша сала жетекшілерінің баяндамасын тыңдады. Көтерілген мәселелерге қатысты бірқатар тапсырманы айқындап, жауаптыларды бекітті. Қалалық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Жеңіс Төлепбергенов Түркістан қаласында тіркелген 193 Үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі зерделенгенін, нәтижесінде басқа өңірге қоныс аударған, қызметін тоқтатқан ұйымдар анықталғанын баяндады. Бұл өз кезегінде Ұлттық дерекқорға есеп ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАСТАРДЫҢ ӨНЕР ТУЫНДЫЛАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ
Түркістанда ерекше өнерлі жастардың өнер туындыларының көрмесі өтті. Шара облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі мен «Шаңырақ» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қолға алынған. Байқаудың мақсаты — ерекше таланттарды танып, олардың шығармашылық ізденісін ұлғайту және шығармашылыққа баулу. Жиынға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Жұпар Бейсенова, Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі Мереке Айдарша, Қазақстан дизайнерлер одағының ...
Толығырақ »ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «КҮЛТӨБЕ» ҚАЛАШЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНА БАРДЫ
Күлтөбе қалашығы – Түркістанның бастауы. Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи — мәдени қорық-мұражайының маңызды объектісі — «Күлтөбе қалашығы» ашық аспан астындағы заманауи археологиялық паркін құрудың алғашқы кезеңі аяқталды. Жобаның жалғасы ретінде келушілерге заманауи сандық технологиялар арқылы ежелгі заманға саяхат жасауға мүмкіндік беретін нысан салынбақ. Болашақта археологиялық парктің қонақтары үшін сандық технологиялар арқылы ежелгі заманға саяхат жасау мүмкіндігі туады. Облыс ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ПАРККЕ 100 МЛРД.ТЕҢГЕГЕ ЖЕКЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ
Түркістанда инвестициялық жобаларды арттыру мақсатында Өндірістік парктің құрылысы жүргізілуде. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ондағы өндіріс орындарын аралады. Жауапты басшыларға бірқатар тапсырмалар берді. Өндірістік парк 30 гектар жерде орналасқан және парк аумағында 42 ғимарат салу жоспарланған. Өндіріс аймағына тартылатын жеке инвестиция көлемі 98 млрд теңге құрайтын болады. Өндірістік парк толығымен іске қосылған соң 2000-нан аса жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. ...
Толығырақ »ҮШ МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҮЛЕК ҰЯСЫНАН ҰШТЫ
Бүгін облыс орталығында 39 білім ұясында соңғы қоңырау соғылып, үш мыңға жуық оқушы алтын ұя — мектебімен қоштасты. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков жас түлектердің қуанышына ортақтасып, сәт сапар тіледі: — «Ұрпағы білімді елдің болашағы зор» деген дана халқымыз. Біздің мемлекетімізде терең білім алуға, білікті маман атануға, өз кәсібіңнің үздігі болуға жағдай жасалған. Мемлекет болашағын құруда, стратегиялық қадамдарды жүзеге асыруда ...
Толығырақ »ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ПІКІРІ МАҢЫЗДЫ
Бүгін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков С.Қожанов көшесінде тұрғындармен кездесіп, ауланы абаттандыру жұмысына қатысты пікірлерін сұрады. Қала басшысымен өткен кездесулердің бірінде көпқабатты үй ауласына асфальт төсеу жөнінде өтініш түскен болатын. Мәселені зерделей келе аулаға балалар алаңшасын және демалатын орындар орнату келісіліп, тиісті жұмыстар атқарылды. Нұрбол Әбдісаттарұлы аяқталған істің басына барып, мердігер тарапынан міндеттемелерінің орындалуын саралады: — Шағымдарыңыз бен қосымша ұсыныстарыңыз ...
Толығырақ »“ЕР ЖІГІТТІҢ БАҒЫ АСАР, СӨЗІ МЕН ІСІ САЙ КЕЛСЕ”
Бүгінгі лездемелік мәжілісте Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков осы халық нақылын тілге тиек етіп, сала басшыларына ескерту жасады. Оған себеп те жоқ емес. Қала әкімдігінің ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі тарапынан ұсынылған кемшіліктерді арнайы мәжілісте саралап, бөлімдердің есебін тыңдаған қала басшысы мәселенің салдарымен емес, оның алдын алумен айналысу қажеттігін жиналысқа қатысушылардың есіне тағы да салды: — Орындауға өздеріңіз ұсынған мерзімді бекіттім. Дегенмен, кей ...
Толығырақ »Жастардың бос уақытын тиімді өткізу бойынша мәжіліс өтті
Бүгін мектеп бітіруші түлектердің қауіпсіздігі және жасөспірімдер мен мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді өткізу бойынша атқарылатын шаралар туралы мәжіліс өтті. Сондай-ақ, жиналыста күн тәртібінде өзекті деген бірнеше мәселе қаралды. 1.Қала аумағындағы балалардың құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша атқарылатын жұмыстар; 2. Балалардың шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша атқарылатын жұмыстары туралы; 3.Қала аумағындағы мемлекеттік және жекеменшік мектеп бітіруші ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖАС АЛАШЫ» ТАНЫМДЫҚ КЕШ ӨТТІ
Биыл қазақ әдебиетінің аспанында жарқ етіп, бір-ақ сәтте жалт етіп ағып түскен жұлдыздардың бірі, жас талант Саттар Ерубаевтың туғанына 110 жыл. Қазақтың маңдайына біткен марқасқа ұлы небәрі 23 жыл ғана ғұмыр кешті. Оның есімі адамзат тарихынан ешуақытта ұмытылмақ емес. Осы мақсатта Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің Саттар Ерубаев музей-филиалы және Түркістан қалалық Мәдениет үйі мен мәдениет үйіне қарасты «Бірлік» клубының бірлескен ...
Толығырақ »Сұлтанбек Қожанов ескерткіші маңында еске алу рәсімі өтті
Ел тарихында мерейі тасыған мәртебелі дәуірлерімен қатар, «тар жол тайғақ кешкен» тақсыретті кезеңдердің де аз болмағаны ащы ақиқат. Халқымыз қуғын-сүргін кесірінен жазықсыз жапа шеккен қайраткерлердің есімдерін еске алу, олардың рухтарына құрмет көрсетуді әр уақытта да есінен шығарған емес. Бүгін 31 мамыр- саяси қуғын- сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, Сұлтанбек Қожанов ескерткіші маңында еске алу рәсімі өтті. Іс-шараға С. Қожановтың ...
Толығырақ »«ТАЛАП БОЛМАЙ ТӘРТІП ЖОҚ»
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков лездемелік мәжіліс өткізіп, орынбасары Талғат Төлегеновтің жетекшілігіндегі салалардың жұмысын саралады. Қалалық Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің басшысы Мұхтар Төлепов тапсырмалардың орындалуын баяндай келе, қала аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында, базарлар мен сауда нүктелеріне, ірі супермаркеттер мен азық-түлік дүкендеріне бөлім тарапынан тұрақты түрде мониторинг жүргізілетінін жеткізді. Мониторинг жұмыстары барысында әлеуметтік маңызы бар ...
Толығырақ »Түркістан қаласында жолдар табиғи тапталу кезеңінен өтуде
Түркістандағы кәріз жүйесінің құрылысы аяқталған көшелерде жолдар табиғи тапталу кезеңінен өтуде. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков жұмысшы топқа жауын-шашыннан кейін барлық көшенің жағдайын аралап тексеруді тапсырды. Топырағы отырған аумақтарда жолды тегістеп, қайта тас төсеуді жауапты мекемелер жүзеге асыруда. Кәріз жүйесінің құрылысы өткен соң жолдардың негізі қатайып, топырақ тапталуына 1 жыл мерзім белгіленген. Асфальт содан кейін ғана төселеді. Мерзім асфальт төселгеннен кейін ...
Толығырақ »«БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР» ОРТАЛЫҒЫ БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ
Түркістанда зейнет жасындағы адамдардың салауатты өмір сүруі мен денсаулығына оң жағдай жасау мақсатында 2022 жылы «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ашылып, жұмысын бастаған. Орталық сол жылы 774 адамға қызмет көрсетсе, 2023 жылы бұл көрсеткіш 2 983 адамға жетті. Мекемеде 3 сектор арқылы тұрғындарға әлеуметтік көмек түрлері көрсетілуде. Олар: Белсенді ұзақ өмір секторында қарттарға медициналық, психологиялық, құқықтық бағытта көмек көрсетіледі, Тең қоғам ...
Толығырақ »Түркістан қаласы әкімдігінде кәсіби мерекеге орай салтанатты жиын өтті
Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Түркістан қаласы әкімдігінде салтанатты жиын өтті. Қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев мәдениет саласында еңбек етіп жүрген өнер майталмандарын мерекемен құттықтап, қала әкімінің Алғыс хатын табыстады. — Мәдениет пен өнердің дамуына, рухани байлығымыздың еселене түсуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген баршаңызға қала әкімінің алғысын жеткізуге рұқсат етіңіздер. Рухани астанамыз — Түркістанның мерейі мәдениетімен мәнді, өркениетімен ...
Толығырақ »ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫН КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 50%-ҒА ЖЕТТІ
Облыс орталығында тұрғындар жайлылығы үшін инфрақұрылым жүйесімен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. 2020 жылдың көрсеткішіне сүйенер болсақ, қалада орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 32,2 пайызды (13 601 абонент) құраған болатын. Жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 4 нысанның құрылысы аяқталып, кәріз жүйесімен қамтылған абонент саны- 20 274-ке артты. Бұл қала аумағының- 48,9 пайызын құрайды. Жалпы, Түркістан қаласында 27 КНС және ...
Толығырақ »«ТҮРКІСТАНДА ЖАСАЛҒАН» АТАУЫМЕН ҮЙ ЖИҺАЗДАРЫ ШЕТЕЛГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА
Өңірдің экономикалық дамуын анықтайтын басты сала – өнеркәсіп саласы. Бүгінде Түркістан қаласында өнеркәсіп саласы қарқынды дамып келеді. Өткен жылы өнеркәсіп саласын қала 25,8 млрд.теңгенің өнімін өндірумен қорытындылаған болатын. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда (22,3 млрд теңгенің өнімі) 4,7 пайызға артқан. Шаһарда бүгінде 126 кәсіпорын кәсіптік нысан жұмыс жасауда. Онда 23 мыңға жуық тұрғын жұмыспен қамтамасыз етілген. Аталған ірі кәсіпорындардың бірі — ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА МҰЗ АЙДЫНЫНДА ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚОЙЫЛЫМ ҚОЮ ЖОСПАРЛАНУДА
Түркістан бүгінде көптің арманына айналған қалаға айналып келеді. Жаңа ғимараттар бой көтеріп, мәдени-рухани бағыттан бөлек, халықтың спортпен тұрақты түрде айналысуына жол ашылды. Соның ішінде «Мұз сарайының» орны ерекше. Енді мұнда театрландырылған думанды қойылым көрермен назарына ұсынылады. Бүгін осы бағытта Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының Райымбек Сейтметов атындағы сазды-драма театры Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Қысқы спорт түрлерінен ...
Толығырақ »ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ЖАҢА ҒИМАРАТТА ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ
Түркістан қаласының құрылыс саласында жаңа жобалар жүзеге асып, халық игілігі үшін түрлі нысандар бой көтеруде. 71 486 жас тұратын облыс орталығында жаңа жастар орталығы бой көтеруде. Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан ғимаратта арнайы демалыс аймағы, стрит-воркаут алаңы, амфитеатр қарастырылған. Одан бөлек, нысан ішінде электронды кітапхана бөлмесі, үйірмелерге арналған бөлмелер және шағын спортзал мен көпфункционалды зал салынуда. Мердігер мекеменің мәлімдеуінше маусым ...
Толығырақ »МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ШАРТТАРЫН ТҮСІНДІРДІ
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көктемгі дала жұмыстарына қажетті несие және мемлекеттік қолдау шараларының шарттарын түсіндіру бойынша жиын өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев төрағалық етіп, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Түркістан филиалы директорының орынбасары Мүйтембаев Азат Мақсатұлы түсіндіру жұмысын жүргізді. «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы Аграрлық несие корпорациясы фермерлер мен ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНЕ БЫЛТЫР 560 МЫҢНАН АСТАМ ТУРИСТ ЖӘНЕ 1 МИЛЛИОН БІРКҮНДІК КЕЛУШІ КЕЛГЕН
Түркістан облысының құрылғанына бес жылдан енді ғана асса да, туристер мекеніне айналып үлгерді. Былтыр облысқа келген туристер саны 560 мыңнан асқан. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 19%-ға артқан. Ал біркүндік келушілер саны 1 миллион адамға жуықтады. Орналастыру орындарында қызмет көрсетілгендер 272,9 мың адамды құрап 7,6%-ға артқан. 2022 жылы – 253,4 мың адам. Ал емдік сауықтыру орындарында қызмет көрсетілгендер 163,3 мың адамды ...
Толығырақ »ТҮЛКІБАСТЫҚ КООПЕРАТИВ НАРЫҚҚА ЖЫЛЫНА 15 МЫҢ ТОННА ПЛАСТИКАЛЫҚ ҚҰБЫР ШЫҒАРУДА
Түлкібас ауданының орталығында орналасқан «Стас и К» өндірістік кооперативі жылына 15 мың тонна бүгінде құрылыс саласында сұранысы жоғары түрлі диаметрдегі пластик құбырларын шығаруда. Аталған өндіріс ошағына Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов жауапты мамандармен арнайы барып, бүгінгі жағдайымен танысты. Кооператив директорының орынбасары Тәжібаев Әбдірахманмен нысанды аралап, алдағы жоспарларына құлақ асып, өндірісті ұлғайту бойынша ұсыныстарын тыңдады. Өз өнімімізді қолдау мақсатында жауапты бөлім ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Бүгін Туризм және меймандостық университеті мен Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «2024 жыл — Түркістан – түркі елдерінің туризм астанасы» атануына орай БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Тур аясында журналистер облыс орталығындағы құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда шаһарда мемлекеттік бюджет және инвесторлар тарапынан 56 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. БАҚ өкілдері алдымен “Отырар” мөлтек ауданындағы 5 қабатты 20 үйдің ...
Толығырақ »