Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары (страница 41)

Ауыл жаңалықтары

Баланың тәрбиесі – ата-ананың еккен егінінің жемісі

Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылдық әкімдіктің мәжіліс залында кеңейтілген кездесу өтті. Кездесуге ауыл әкімі К.Абдилахатов, аудандық мәслихат депутаты М.Сиддиков және мектеп басшылары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Кездесудің басты тақырыбы, мектеп оқушыларының түнгі мезгілде көшеде жүрмеуі, ата-аналарының рұқсатынсыз кәмелетке толмаған жасөспірімдерді жұмысқа жекпеу және жастар қылмысының алдын алу. Ауыл әкімі К.Абдилахатов қазіргі таңда жиі кездесіп жүрген осы жоғарыда мәселелерге аса ...

Толығырақ »

Сайрамда жылыту қазандықтары шығарылады

Қазақстанда жылу қазандықтарын шығаратын 18 компания бар. Соның үшеуі Түркістан облысында. Әрине бұл өте аз, халыққа қажетті толықтай қамтамасыз ете алмайды. Сол себептен шетелден әкелінеді. Айта кетейік, облысымыздағы жылу қазандықтарының 60 пайызы Қытайдан, 15 пайызы Ресей, Корея елінен әкелінеді. Әрине өз елімізде өндіргенге не жетсін. Халқымыз үшін аса қажет осындай ерекше өндіріс орындарының бірін Сайрам ауданының кәсіпкері қолға алып отыр. ...

Толығырақ »

Алаяқтық профилактикасы

Сайрам ауданы прокуратурасымен 2020 жылдың 7 айына алаяқтық туралы істер бойынша сот-тергеу практикасының жай-күйіне талдау жүргізілген. Талдауда көрсетілгендей аудан аумағында аялақтық қылмысы 113 (92)-22,8% өскен. Аталған істердің 36-і негізінен қарау үшін сотқа жолданып, ал 59-ы ақталмайтын негізбен тараптарыдың татуласуына байланысты өндірістен тоқтатылған. Ауданымызда орын алып жатқан алаяқтық қылмыстарының басым көпшілігі жәбірленушілерді мемлекеттен әлеуметтік көмек алып беремін деп немесе мүгедектікке шығарып ...

Толығырақ »

Сайрам ауданында «АУЫЛ АМАНАТЫ» жобасы насихатталды

Ауыл тұрғындарына ең төменгі 2,5%-бен 1 триллион теңге несие таратылады. Халықтың тұрмысын көтеруді көздейтін мемлекеттік бағдарламаға сай 7 млн. теңгеге дейінгі несие 7 жылға арналған. Ал кепіл ретінде елді-мекендегі барлық үй жарайды. Әрі банктегідей емес (банкте 50%), баспана құнының 80%-на дейін есептеледі. Қаражат қолға тиген соң алғашқыда 1,5 жылға дейін демалыс алуға толық мүмкіндік бар. Несиені ай сайын емес, тоқсанына ...

Толығырақ »

«АУЫЛ — ЕЛ ТІРЕГІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОНКҮНДІК ІС-ШАРА ҚАРАСУДА ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібековтің бастамасымен Қарасу Ауылдық Округі «Ауыл — Ел тірегі» жобасы аясында онкүндік іс-шара басталды. Іс-шараға аудан әкімінің кеңесшісі Рысқұл Еполай қатысты, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Кездесуде ауылдық округінің әкімі Дамир Сыдыков онкүндіктің жоспарын дайындау барысында ауылдық округіне қарасты жергілікті қоғамдастық мүшелері және ауыл кәсіпкерлері, аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен кеңес ...

Толығырақ »

САЙРАМ АУДАНЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ БАСТАМАСЫМЕН ЖАСӨСПІРІМ БАЛАЛАРМЕН СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаев 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» мақалын назарға жеткізіп, өсіп келе жатқан ұрпақтың сапалы білім алу қажеттілігін атап өтті. Сапалы білім алудың педагог тарапынан оқытуымен қатар, құрастырушы бөліктері ретінде ол жастардың дұрыс бағыттағы жүріс-тұрысы, алдағы буынның тәрбиелік мәні бар өмірлік тәжірибемен бөлісу, олардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу болып табылады. ...

Толығырақ »

САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АРЫСТЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков Арыс ауылдық округіндегі «As-Salam» салтанат сарайында тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Кездесу барысында аудан әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы Мади Нурлыбаев 2022 жылдың ІІ тоқсанында тұрғындармен өткен кездесуде көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстарды қысқаша таныстырды. Атап көрсеткендей, 1. Ауылдық округінде ардагерлер демалыс орындарын ашу. — Қожақорған ...

Толығырақ »

САЙРАМ АУДАНЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСТАМАСЫМЕН МЕКЕМЕАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен өндірістегі атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлерді және пробация қызметі бөлімінің есебінде тұратын азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті және құзырлы органдарының қатысуымен мекемеаралық жиналыс өткізілді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Жиынға аудан прокуроры, аудан әкімінің орынбасары, аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалының басшысы, аудандық жергілікті полиция ...

Толығырақ »

САЙРАМ: АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ҚАРЖЫ ИГЕРУ ЖӘНЕ ТАЗАЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібековтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Мәжіліс басталмас бұрын Қайнарбұлық ауылдық округінің әкімі Есбол Дүйсебаевтың жаңа қызметін таныстырып, алдағы жұмыстарына сәттілігін тіледі. Мәжілісте аудан бюджетінің 2022 жылдың 1 қыркүйегінде орындалуы, 2022 жылғы күзгі әскерге шақыру, аудан аумағында жұмыстарының барысы туралы талқыланды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ...

Толығырақ »

ХАН ОРДАСЫ-ХАНҚОРҒАН

Ханқорған Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округінің аумағында жатқан, қазіргі уақытта Ханқорған (бұрынғы Мәдени ауылы) елді мекенінің іргесінде жатқан төбе. Мәртөбе, Күлтөбе, Ордабасы тауы сияқты Ханқорған да Оңтүстіктегі, жалпы қазақ тарихындағы орны ерекше нысандардың бірі саналады. Рас, тарихи орындар туралы әңгіме қозғағанда Ханқорған ауызға көп іліге бермейді. Оның өзіндік себептері бар. Тарихшылардың айтуынша, Ханқорғанның тарихын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бір ...

Толығырақ »

«АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНА 9 ЖЫЛ ТОЛУ КҮНІНЕ ОРАЙ, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Сайрам ауданында ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік саласы жақсы дамыған. Осы салада өнім сапасы мен көлемі жағынан көрсеткіштер жыл сайын артуда. Қол жеткізіп отырған табыстарға Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының Сайрам аудандық филиалының қосып отырған өзіндік үлесі бар. Бұл орайда, аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков аталған филиалдың басшысы мен ұжымын «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасына 9 жыл толу күнімен құттықтап, алдағы жұмыстарына табыс тіледі, ...

Толығырақ »

ЖЕРГІЛІКТІ АҚЫНҒА ҚҰРМЕТ

Сайрам ауданы Жібек жолы ауылдық мәдениет үйінде Жібек жолы ауылдық округінің жергілікті ақыны Нышанәлі Мұсаұлы Ниязбектің «Жырлап өтер жүрегім!» атты мерекелік шығармашылық кеші өтті. Кешті ауыл биі, ауданның Құрметті азаматы, ақсақалдар алқасының құрметті азаматы Айтқұл Керімбеков және Сиқым ауыл ақсақалы, ауылдық округтің құрметті азаматы Батырбек Ботанов құттықтау сөзімен ашып, аудан әкімі ұсынған Алғыс хатымен марапаттап, шапан жапты. Көпшілік назарына ақын ...

Толығырақ »

Кезек күттірмейтін шаруа

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан «Қазіргі жаһандық өзгерістер кезеңінде түлектің білімі еңбек нарығына шыққанға дейін-ақ жеткіліксіз болып қалуы әбден мүмкін. Сондықтан, құзырлы министрліктің алдында оқу бағдарламаларын жаңа жағдайға бейімдеу міндеті тұр. Бұл – кезек күттірмейтін шаруа. Біздің білім беру жүйеміз қолжетімді әрі инклюзивті болуға тиіс. Сонымен бірге, жағымды жаңалығымыз да бар. Биыл бірнеше оқушы халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары ...

Толығырақ »

Мақсаты айқын, бағыты берік

2022 жыл 1 қыркүйек күні Ел Президенті Қ.К.Тоқаев Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауын теледидар арқылы отбасыммен тыңдадым. Президентіміздің алға қойған мақсаттары айқын және бағыты берік. ЕЛ БОЛАШАҒЫНА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ бағытынде Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе. Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам ...

Толығырақ »

САЙРАМ АУДАНЫНДА ҮШ АУЫЛДЫ ЖАЛҒАУШЫ ЖОЛҒА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Түркістан облысының Сайрам ауданында ауданаралық жолды жөнделуге 1 млрд 551 млн теңге қаржы қаралды. Оған бірнеше жылдан бері жөндеу көрмеген Ақсукент, Манкент және Жібек жолы ауылдарын байланыстыратын күре жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды «Хабар24» арнасына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Жол құрылысы қалай жүріп жатыр? Қашан аяқталады? Сайрам ауданында 140 шақырым ауданаралық жол бар. Оның 60 пайыздан астамы ...

Толығырақ »

«AMANAT – САЙРАМ»: ПАРТИЯЛЫҚ АКТИВ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Ынтымағы жарасқан Сайрам ауданында «AMANAT» партиясы аудандық филиалының актив жиыны өтті. Күн тәртібінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ” атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын қолдау және насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру жайы талқыланды. Мәжіліске Сайрам аудандық мәслихат хатшысы Шамхат Халмурадов, «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Алмас Абдикадиров, аудандық мәслихат депутаттары, партия ардагерлері мен мүшелері, БПҰ төрағалары, ...

Толығырақ »

САЙРАМ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҮНІ ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

«АМАNАТ» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасындағы Жолдардың сапасын жақсарту бастамасында ауқымды іс-шаралар жоспарланған. Тамыз айының соңында, «АМАNАТ» партиясы Сайрам аудандық филиалының Қоғамдық Қабылдау бөлмесінде, партия филиалының төрағасы, аудан әкімі У. Садибеков Қоғамдық Қабылдау өткізді. Қоғамдық Қабылдауда Ақсукент ауылы, Иманалиев көшесінің тұрғындары жол құрылысына байланысты арыз-шағымдарын жеткізген болатын. Тұрғындардың көтерген мәселесін тыңдау үшін, партия филиалының Атқарушы хатшысы ...

Толығырақ »

«УМАР АТА» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНДА ЖЫЛЫНА 60-70 ТОННА КӨЛЕМІНДЕ АЛМА ЖЕМІСІ ЖИНАЛАДЫ

Сайрам ауданының әкімі  Ұласбек Сәдібеков Қарабұлақ ауылындағы Далабазар көшесі бойындағы «Умар Ата» шаруа қожалығына тиесілі «Алма бау» жұмысымен танысты. Шаруа қожалығын Розакулов Икрамжан Ирисбекович басқарады. Бауға арналған жер көлемі 2,35 гектар. Қожалықтың басшысы 2009 жылы ашып, бүгінгі күнге дейін бау өсірумен айналысып келеді. Алманың жоғары сортты көшеттерін бауына еккен. Шаруашылықта жалпы 700 дана көшет отырғызылған. Шаруа қожалығымен кездесу барысында аудан ...

Толығырақ »

САЙРАМ: ҚАРАБҰЛАҚТАҒЫ РЕЙДТІК ШАРА

Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімі, Сайрам аудандық полиция басқармасы, « Жастар ресурстық орталығы» КММ-і, адами аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі қызметкерлері бірлесе Қарабұлақ ауылында түнгі рейдтік шара өткізді. Мақсат – аудандағы кәмелет жасына толмағандардың еңбегін заңсыз пайдалану деректеріне жол бермеу, олардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу және қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету. Сайрам Ауданының Прокуратурасы осындай ауқымды бастама көтеріп, жоғарыда аталған ...

Толығырақ »

ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ — ТИІМДІ ӘДІС

Сайрам ауданында Қарабұлақ ауылдық округінің шаруа қожалықтары көкөніс егу және өнім алу жағынан көш бастап отырады. Аталған ауылдағы «Қадиркул ата» шаруа қожалығы соңғы жылдары тамшылатып суғару әдісін тиімді қолданады. Соның арқасында жыл сайын өнім көлемі артып, өнімдері түрленуде. Аудан әкімі Ұ.Сәдібеков қарабұлақтық Усманов Мухаммаджан Каримкулович отбасымен бірге жүргізіп отырған шаруашылығымен танысты. 2011 жылдан бастап шаруа қожалығының басшысы көкөніс егу жұмысымен айналысып ...

Толығырақ »

БАЗАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА

«AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалы жанынан құрылған аудан бойынша азық-түлік тауарларының бағаларына сараптама жүргізу жөніндегі мониторинктік топ мүшелері Б.Биназаров, А. Бейсебай, А. Төлебек “MAGNUM”, “Әділ” маркет-дүкендерінде және «Сайрам» базарларында аудан тұрғындарына қажетті азық-түлік пен тағы басқа да қажетті өнімдері бағасының тұрақтылығына сараптама жұмыстарын жүргізді. Сараптама барысында сауда орындарындағы халыққа қажетті өнімдер толық екендігі анықталды. Бағаларды негізсіз көтерген кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылатыны ...

Толығырақ »

ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПКЕРЛЕР ӨЗ ЕСЕБІНЕН ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ЖӘНЕ ШАҒЫН КӘСІП АШҚАН

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков Қарабұлақ Ауылдық Округінде жұмыс сапарымен болды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Іс-сапар кезінде алдымен биылғы Жаңа оқу жылында ашылған жекеменшік негізгі орта мектебінің жұмысымен танысты. Типтік үлгіде салынған жекеменшік мектепті Ахмедов Элмурад Иристаевич басқарады. Бүгінгі таңда білім беру мекемесіне 35 мұғалім жұмысқа қабылданған. Жалпы 386 бала білім алуда. Нысанның ...

Толығырақ »

САЙРАМ: ҚАРАБҰЛАҚТА БІРНЕШЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕНІҢ ОҢ ШЕШІМІ ТАБЫЛУДА

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков Қарабұлақ ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Жиында аудан әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы Мади Нурлыбаев 2022 жылдың II тоқсанда жергілікті халықпен өткен кездесу барысында көтерілген мәселелері бойынша атқарылған жұмыстарды таныстырды. Төмендегідей, 1. Ахмаров көшесінің 2,7 шақырымын жарықтандыру. — Ахмаров көшесінің 2,7 шақырымына жарықтандыру жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық ...

Толығырақ »

САЙРАМ: ҚАЙНАРБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында кездесу өтіп, Аманат партиясының аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Алмас Абдикадиров, Сайрам Аудандық Мәслихаты хатшысы Шамхат Халмурадов, аудандық мәслихаттың депутаттары және ауыл тұрғындары қатысты. Алдымен Сайрам аудандық аумақтық комиссиясының төрағасы С.Кенжебаев ауылдық округінде 2022 жылдың 4 қыркүйегінде өткен сайлауының қорытындысы бойынша Қайнарбұлақ ауылдық округі әкімдігіне сайланған әкімін тіркеу туралы Сайрам аудандық аумақтық ...

Толығырақ »

САЙРАМ: «ТІЛ – ДОСТЫҚТЫҢ ТІРЕГІ» АТТЫ АУДАНДЫҚ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА АТАЛЫП ӨТТІ

«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл», — деп ұлағатты сөз қалдырған ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесі аталып өтеді. Осы орайда, Қ.Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде «Тіл – достықтың тірегі» атты іс-шарасы өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Іс-шараға келген тұрғындар мен қонақтарға мерекеге ...

Толығырақ »