Бүгін Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков аудан аумағындағы жайылымдарды қайтару бағытында атқарылған жұмыстардың барысымен танысты. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев, аудан әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы Мади Нурлыбаев, Қарамұрт, Қарасу, Құтарыс ауылдық округтерінің әкімдері қатысты. Түркістан облысының жер қатынастары басқармасымен белгіленген жоспардың орындалуын аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Н.Абылғазиев баяндап, өз кезегінде бүгінгі таңда қайтарылған жайылымды ортақ жайылымға рәсімдеу мәселесіне ...
Толығырақ »Ауыл жаңалықтары
Сайлау алды пікірсайыстарға қатысушылардың тізімі бекітілді
Бүгінгі отырыста ҚР ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның жекелеген нормаларын қолданысқа енгізу мерзімдеріне тоқталды. Сондай-ақ, ҚР ОСК Төрағасы Конституциялық заңның қолданысқа енгізілетін басқа нормаларына тоқталды. Нұрлан Әбдіров қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі нормалар олар ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 60 күн өткен соң 2023 және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап тиісінше ағымдағы сайлау ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: БРУЦЕЛЛЕЗДІ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА 6 СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Түркістан қаласы бойынша бруцеллез ауруын алдын алу үшін медицина қызметкерлері арасында 6 семинар ұйымдастырылды,-деп хабарлайды didarbek.kz Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған жұқпалы аурудың таралуын алдын алу мақсатында Түркістан қаласы бойынша ошақтарда 20 әңгіме жүргізілді. Әлеуметтік желілер арқылы ауруды жұқтыруды алдын алу бойынша ақпараттар жүктеліп, тұрғындар арасында жадынама парақшалары таратылды. Мектеп оқушылары арасында дәл осы тақырыпта ...
Толығырақ »60-қа толған Нұрлан Өнербаев Түркістанда концерт берді
Түркістан қаласы облыс орталығына айналғалы мұндағы зәулім сарайларда тек облыстық емес, республикалық, тіпті халықаралық шаралар өтіп жатыр. Бір кездері көгілдір экраннан ғана тамашалайтын танымал жұлдыздар концерті да осында. Яғни түркістандық көрермен қауымның бағына елімізге белгілі, атағы айға жеткен белгілі өнер иелері бірінен соң бірі киелі қалаға келіп, жеке шығармашылық кеш беруде. Өткен аптада ғана ерекше дауыс иесі қазақтың әндеріне қайталанбас ...
Толығырақ »Түркістан қаласында спорттық инфрақұрылымның қарқыны мықты
Спорт — мемлекеттің мәртебесін, ұлттың намысын айқындайтын, халықтың жанкүйерлік рухын көтеретін көрсеткіш. Сондықтан еліміз спортты дамытуға айрықшы көңіл бөлуде. Мәселен, он тоғыз жылдан бері елімізде спорт күні белгіленіп атап өтілуде. Бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде әр сала бойынша спорттық жарыстар өткізіліп, халықты салауатты өмір салтына тарту мақсатында түрлі шаралар өткізіледі. Жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісін спорт күні ретінде халық асыға ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ «ДИНА. КҮЙ ҚҰДІРЕТІ» ФИЛЬМІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОБЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін облыс орталығында Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығында қазақтың дәулескер күйші қызы Дина Нұрпейісованың шығармашылық жолы мен өміріне негізделген тарихи туындының шығармашылық тобымен кездесу өтті. Аталмыш шараға аталған фильмнің режиссері, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, аниматор Батырхан Дәуренбеков және сценарий авторы, драматург, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Ж.Шанин атындағы драмалық театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Сая Қасымбек, сонымен қатар басты рөлдерді сомдаған ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ТҮРКИЯДАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №28 мектеп-лицейінің оқушылары Түркияның Анталия қаласынан жеңіспен оралды. «XIV INTERNATIONAL OLYMPIAD IN ANTALYA» деп аталатын Халықаралық олимпиада 2009 жылдан бері мектеп оқушыларының арасында жаратылыстану бағытындағы пәндерден өтетін білім жарысы. Доданың басты мақсаты – үздік білім мен тәжірибе, шынайы дарын иелерін тану және табысқа жету жолына серпін беру. Осы жылы қатысушылар саны да айтарлықтай ...
Толығырақ »САЙРАМ: ҚАЙНАРБҰЛАҚТА ӨРТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІМІН ТАПТЫ
Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Хасанов Бахытбек Сембекұлының жеке қабылдауда тыңдалған қайнарбұлақтықтың өтініші бүгінгі таңда толықтай қанағаттандырылды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Сайрам ауданы әкімдігінің «Фейсбук» және «Инстаграм» әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында ағымдағы жылдың 25 қазанында Қайнарбұлақ ауылдық округінің Қасымбек Датқа ауылындағы С.Уәлиханов көшесінде №11 тұрғын үйде өрт оқиғасы орын алу салдарынан зардап шеккен Қ.Жандаровтың жақыны ...
Толығырақ »САЙРАМДА МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТ ИЕСІ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Жуырда ғана Мемлекет басшысының мемлекеттік наградасымен марапатталған Қансейіт Мұхамеджан жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Ағымдағы жылы аудан орталығында орналасқан «Светофор» сауда орталығы және Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының ғимаратында өрт оқиғасы орын алған болатын. Осы келеңсіз жағдайда өміріне төнген қауіпсіздігіне қарамастан, еліміздің Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын өрттен қорғап, өз ...
Толығырақ »САЙРАМ: Ошақты ауылының тұрғындарымен кездесу өтті
Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылдық округіне қарасты Ошақты ауылының тұрғындарымен кездесу жиыны өтті. Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімі Е.Дүйсебаев алдымен ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын ауыл тұрғындарына қысқаша түсіндіріп өтуі үшін алғашқы сөз кезегін ауылдық округі әкімінің орынбасары М.Аязовқа берді. М.Аязов ауыл тұрғындарына ҚР-ның Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын жиналысқа қатысушы ауыл тұрғындарына ...
Толығырақ »Кәсіподақтар күні қарсаңында салтанатты шара өтті
10 қазан — Кәсіподақтар күні мерекесіне орай «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен салтанатты шара өтіп, осы салада елеулі еңбегімен көзге түскен қызметкерлерге құрмет көрсетілді. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының атынан арнайы келген «Атом өнеркәсібі қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қасымжан Мадиев, «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі және кәсіподақ ардагерлері, ...
Толығырақ »Еліміздің болашағын айқындауға қатысыңыз!
2022 жылғы 20-қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Сіз өз таңдауыңызды жасау арқылы еліміздің болашағын айқындауға қатысасыз. 20-қараша күні қала аумағында Сіздер үшін барлығы 293 сайлау учаскесі жұмыс жүргізетін болады. Өзіңіздің қай сайлау учаскесінде дауыс беретіндігіңіз туралы мəліметті «Shymkent_sailau2022_bot» телеграм каналынан немесе «i-shymkent.kz» сайтына кіріп, ЖСН нөміріңізді теру арқылы біле аласыз. Ары қарай 2ГИС мобильді қосымшасына сайлау учаскесінің ...
Толығырақ »ТӘНІ САУДЫҢ — ЖАНЫ САУ!
«Тәні саудың — жаны сау» дейміз ғой. Осы қағидағы берік ұстанған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап қазақстандықтарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып келеді. Жалпы халықтың спортпен айналысуы ел халқының сау денелі болуына әсер еді. Сау денелі, сапалы ұлт қана мәңгілік ел мұратын орындай алмақ. Басқасын айтпағанда еліміздің спорт саласында қандай жетістіктерге жеткенін ескерсек, соның өзі Мемлекет басшысының салауатты ...
Толығырақ »САЙРАМДА ВАЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР БОЛЫП ӨТТІ
Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылында, Түркістан облысының мәслихаты депутаты, облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Бадритдин Ншанкуловтың қолдауымен, «Ақсукент спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, Қарабұлақ ауыл округі бойынша спорт нұсқаушысы Урмантаев Зухриддин Хайтмуратұлының ұйымдастыруымен, Қарабұлақ ауылының асыл перзенті Қадіржон Әбубәкіровті еске алуға арналған волейболдан обылыстық III турнир болып өтті. Турнирдің құрметті қонақтары: Өмірінің елу жылын спортқа арнаған Ибрагимжон Тожибоев, Түркістан облысы өзбек ...
Толығырақ »БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ ҚҰТҚАРУШЫЛАРЫ БОЛДЫ
Тілсіз жаудың салдарынан будақтаған көк түтіннің ортасына қойып кетіп, өрттен зардап шеккен адамдарды түрлі кедергілерден алып шығу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Ай күннің аманында отқа түсетін батырлар арамызда аз емес. Қоғам өмірінде құтқарушы болмаса да өрттен зардап шеккен адамды көрген бойда көмек көрсететін ер жүрек азаматтар кездесіп жатады. Ондай кезде олардың есім сойлары елге айтылып, көп алдында марапатталып жатады. ...
Толығырақ »ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ШЫРАЙЫН АШАТЫН МӘДЕНИЕТ ҮЙІ
Ұлт руханияты жаңғырған қазіргі шақта мәдениет саласы қызметкерлерінің қоғамдағы алатын орны ерекше. Олар – ұлттың түп тамырын тануына, бүгінгі жаһандану заманында өз болмыс-бітімін жоғалтпау жолында орасан еңбек атқаруда. Ендеше, Түркістан қаласындағы Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Шәмет Лиза Төлегенқызы басқаратын қалалық мәдениет үйі ұжымының жоспарына сәйкес, Түркістан қаласында яғни өңірде ұйымдастырылып жатқан қоғамдық маңызы бар, мерекелік, мерейтойлық және атаулы күндердегі шаралар аясында ...
Толығырақ »ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «TURKISTAN» АЭА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ
«Turkistan» арнайы экономикалық аймақтың инженерлік инфрақұрылымның құрылысының екінші кезеңі жүзеге асуда. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Оранғай ауылында орналасқан аумағы 365 га құрайтын арнайы экономикалық аймақта болды. Ондағы газ, жол, су, жылу мен кәріз жүйесінің құрылысының жәй — күйімен танысты. Мұнда өрт сөндіру депосы, байланыс жүйесі, бақылау өткізу бекетінің құрылысы жоспарланған. 23 шқ.газ құбыры жүргізіліп, жұмыстар жалғасуда. Сонымен бірге абаттанттыру ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТЕКСЕРІЛДІ
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды әкімшілік-іскерлік орталығындағы тұрғын үйлердің құрылыс барысы мен жылу қазандығының жай-күйімен танысты. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков қаланы жылумен қамту бағытындағы жұмыстарды баяндады. – Жылыту маусымын сапалы атқаруымыз керек. Жылу қазандықтарының үздіксіз және мүлтіксіз жұмыс істеуін қадағалауда ұстаймыз. Көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандар толық жылумен қамтылып, ешбір тұрғын қиналмауы тиіс. Осы мәселені бақылауда ұстаңыздар. Қаланың тұрғындарға жайлы болуы ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА АСАНБАЙ АСҚАРОВТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ЕЛІМ ДЕГЕН ЕР АСАНБАЙ» ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала елі» орталығында Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың 100 жылдығы аясында «Елім деген ер Асанбай» танымдық конференциясы өтті. Басқосуға Алматы, Шымкент қалалары мен Жамбыл облысынан Асанбай Асқаровпен қызметтес болған түрлі саланың ардагерлері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, туыстары, өңірдің азаматтары мен белсенді жастар қатысты. Алдымен қонақтар ұлы тұлғаның 100 жылдығына арналған «Ұлы ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА МАРХАБАТ БАЙҒҰТТЫҢ «АСҚАРОВТЫҢ АҚҚАЙЫҢДАРЫ» ДРАМАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ
Бүгін Түркістан қаласындағы «Фараб» кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың 100 жылдығына арналған «Асқаровтың аққайыңдары» драмасының премьерасы өтті. Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан сазды драма театрының әртістері сахналаған қойылымның авторы – белгілі жазушы, драматург Мархабат Байғұт. Рухани кешке Алматы, Шымкент қалалары мен Жамбыл облысынан Асанбай Асқаровпен қызметтес болған түрлі саланың ардагерлері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, туыстары, қала тұрғындары қатысты. Қойылымнан соң ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА «ОТБАСЫ ТАТУЛЫҒЫ» ТАҚЫРЫБЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Түркістан қаласында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Отбасы татулығы» тақырыбында «Ана үйі» қоғамдық қорының жалғыз басты аналарымен кездесу өтті. Кездесуге Түркістан облысы ҚХА Медиация кеңесінің төрайымы, Халықаралық медиация орталығының директоры Лаура Ақшегірова және «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» АКБ-нің “Заң клиникасы” бөлімінің меңгерушісі Салтанат Абдукаримова қатысты. Медиация — бұл берілген қақтығыста үшінші бейтарап, әділ, мүдделі емес тараптың — медиатордың қатысуымен дауларды шешудің ...
Толығырақ »САЙРАМ: ҚАЙНАРБҰЛАҚТЫҚТАР ОНКҮНДІК ІС-ШАРАДА БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН ТАНЫТТЫ
Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылдық округінде «Ауыл – Ел тірегі» жобасы аясында онкүндік іс-шараны қорытындылау мақсатында тұрғындармен кездесу өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Кездесу барысында ауыл округінің әкімі Е.Дүйсебаев аудан әкімдігі, дербес бөлімдер, ауыл кәсіпкерлері, ауыл тұрғындарының қолдауымен онкүндіктің жоспарына сәйкес жұмыстар өз деңгейінде атқарылғанын таныстырды. Сөзіне қарағанда, бірінші кезекте ауылды абаттандыру, көркейту, көгалдандыру, ...
Толығырақ »САЙРАМ: ҚАЙНАРБҰЛАҚТА «АУЫЛ – ЕЛ ТІРЕГІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОНКҮНДІК ІС-ШАРАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Бүгін Қайнарбұлақ ауылдық округінде аудан әкімінің бастамасымен ағымдағы жылдың 6 қазанында басталған «Ауыл — Ел тірегі» онкүндік іс-шараны қорытындылау жиыны өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Аталған жиынға аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев, сала басшылары және тұрғындар қатысты. Онкүндік іс-шараның өту кезінде ауылдық округінің коммуналдық жүйелерінің жағдайын зерделеу, әлеуметтік көмек көрсету, жастардың бос уақытын ...
Толығырақ »САЙРАМ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Бүгін Сайрам ауданы әкімдігінде аудан әкімі Уласбек Садибековтің кезекті жеке қабылдауы өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Жеке қабылдау барысында Қайнарбұлақ ауылдық округінің тұрғыны Б.Құлжабаев Құрлық ауылындағы бірқатар шешімін қажет ететін мәселені айтып, сонымен қатар жазбаша өтінішіне назар аударуды сұранды. Атап айтқанда, жол жөндеу, ауылдың кіре-беріс жеріне бағдаршам орнату, көшені жарықтандыру, жайылымдық жермен қамту, ...
Толығырақ »20 ҚАРАША ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҮШІН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ ЖАСАЛАТЫН КҮН
Кез келген жетілген қоғам үшін Президент сайлау айтулы іс-шара. Бұл сайлауда, халқының қамын жейтін, елім десе жан салатын көшбасшы сайлау – біздің ертеңгі тату-тәтті, ашық аспан астында емін-еркін жұмыс істеп, өмір сүруіміздің кепілі бола отырып және де Қазақстанның тұрақты дамуы үшін қажет! Сондықтан, осынау елдік істен шет қалмай сайлауға қатысып, бәріміз ынтымақта болып, белсенділігімізді көрсетіп, елдің баянды болашағы үшін жауапкершілікпен ...
Толығырақ »