Сайрам ауданында бүгін қардың қалың түсуіне байланысты «Сәтті Жол-2017» ЖШС тарапынан аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстарға мердігер тарапынан тоғыз техника тартылған. Тайғаққа қарсы себілетін инертті материалдар жеткілікті. Ал жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында түрлі қызмет көрсететін мекемелер мен кәсіпкерлік нысандардың аумағын қардан тазартуды нысан иелері тарапынан жүргізілуін ауылдық округ әкім аппаратының қызметкерлері ұйымдастыруда. ...
Толығырақ »Ауыл жаңалықтары
ТҰРҒЫНДАР САУАЛЫН ТЫҢДАДЫ
Қарабұлақ ауылдық округінің Сервистік орталығында Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков жергілікті тұрғындарды жеке сұрағымен қабылдады. Музаффар Қаратев күл-қоқыс жинау мәселесіне көңілі толмайтынын жеткізген. Ауылдық округ тұрғындарына бұл бағытта «МАДИНА Н» ЖШС қызмет көрсетеді екен. Дегенмен, мәселе орынды. Қазіргі таңда ауыл аумағының үлкен және тұрғын үйлер санының көптігін ескерсек, мердігер мекеме техника санын арттыруы тиіс. Ал Бахром Ахматжанов тұрғын үй құрылысы ...
Толығырақ »МЕРЕЙТОЙҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Кітапхана — мәртебесі биік, киелі шаңырақ! Ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманында да кітап, кітапхана өзінің құндылығын жоғалтпай, заманға сай жаңғырып, қызметін жаңа жүйемен жалғастырып, халықтың сұранысына ие болып келеді. Бүгін, Қарабұлақ ауылында Сайрам ауданының әкімі Ұ.Сәдібековтің бастамасымен басталған «Ауыл – ел тірегі» атты онкүндік жоба аясында №3 Қарабұлақ ауылдық кітапханасының жаңа ғимаратқа көшуіне байланысты салтанатты кеш өтті. Ел тәуелсіздігінің ...
Толығырақ »БАҒДАРЛАМАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысында шаруаларды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру шаралары жүзеге асырылуда. Ауыл шаруашылығының сала мамандары Сарыағаш және Келес ауданы диқандарымен көктемгі егіс науқаны бойынша қаржылай қолдау көрсету мақсатында кездесу өтті. Негізгі жоспар – ауыл шаруашылық субъектілерін несие алуға ынталандыру. Жиында егін егуге, егістікке қажетті техника сатып алауға ниетті шаруаларға мемлекет тарапынан жасалған мүмкіндік мол екені баяндалды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ...
Толығырақ »КӘСІПКЕРЛЕР САНЫ АРТУДА
Түркістан облысы Қазығұрт ауданында шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамып келеді. Биыл жалпы 65 шағын жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл 300-ге тарта жергілікті халықтың жаңа жұмыс орындарымен қамтылуына мүмкіндік береді. Ал, 2020 жылдың қорытындысымен аудан бойынша 240 жаңа жұмыс орнын құрайтын 62 жоба жүзеге асырылған болатын. Осылайша ауданда шағын және орта бизнес 9 166-дан асқан. Ауданда шағын және орта ...
Толығырақ »ПОЭЗИЯ МЕНІҢ ЖҮРЕГІМДЕ
Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 90-жыл толуына орай, аудан жастары арасында «Поэзия менің жүрегімде» тақырбы аясында ақынның өлеңдері мен поэзияларын жатқа оқу сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа жалпы 40- тан аса аудан жастары қатысуға өтініш берген. Дегенмен карантин режимін толық сақтай отырып, 22 үміткер бақтарын сынады. Сайысты аудан әкімінің орынбасары С.Дүйсебаев ашып берді. Сайысқа ...
Толығырақ »АРНАЙЫ-ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТКІЗІЛДІ
Түркістан облысы, Төлеби ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында «Көктемгі су тасқынының қауіпі туындағанда халықты және үй жануарларын эвакуациялау бойынша» арнайы-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Шараға аудан әкімі Төлеген Телғараев, аудандық маслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров, азаматтық қорғау қызметтері және БАҚ өкілдері қатысты. Жалпы оқу-жаттығуға 127 адам, 47 техника, 27 құрылым жұмылдырылған. Әзірленген сценарий бойынша алдымен ауданның құлақтандыру жүйесі қосылып, арнайы ...
Толығырақ »ДАЙЫН БОЛУЫН ТАПСЫРДЫ
Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт шұғыл түрде төтенше жағдайдың алдын алуға бағытталған штаб мүшелерін және аудан аумағындағы мекеме басшыларын жинап, ауа райының қолайсыздығына байланысты жұмыстың күшейтілген режимде жүруін тапсырды. Республикалық, облыстық, ауданішілік жолдардың тазалануын, жолда көлік, адам қалмауын қатаң бақылауда болуын және білім, денсаулық, әлеуметтік нысандардың қалыпты жұмыс істеуін, түнгі жарықтандырулардың толық қосулы болуын қатаң ескертті. Сонымен қатар, боран салдарынан ...
Толығырақ »КАРАНТИН: ТОЙҒА КЕЛУШІЛЕРДІ ТАРҚАТТЫ
Түркістан облысының полицейлері кезекті «Қыз ұзату» тойына келушілерді тарқатты. Сарыағаш АПБ-ның қызметкерлері карантин режимін және шектеу шараларын сақтау мақсатында тұрақты түрде іс-шаралар ұйымдастыруда. Осындай кезекті арнайы құрылған топпен бірге профилактикалық жұмыстар жүргізу барысында, Сарыағаш қаласының көшелерінің бірінде орналасқан тойханада «Қыз ұзату» тойы өтіп жатқаны анықталған. Аталған тойға шамамен 100-ге жуық қонақ жиналған. Тойдың үстінен түскен тәртіп сақшылары аталмыш тойға келушілерге ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА 25 000 АСТАМ ТҰРҒЫН ЖЕР КЕЗЕГІНДЕ ТҰР
Түркістан қаласында инфрақұрылым аяқталмай жер берілмейді. Бұл туралы қала әкімі Рашид Аюпов Instagram желісіндегі жеке парақшасында тікелей эфир арқылы айтып өтті. WhatsApp мессенджерінде тегін жер беріліп жатқаны және ол бойынша Халықтық кеңсеге бару қажеттігі жайлы ақпараттар тарауда. Рашид Абатұлы жалған ақпарат тарататындарға Заңмен шара көрілетінін айтып, қазірде ешқандай жер беріліп жатқан жоқ екенін айтып өтті. «Тек Түркістан қаласының азаматтары ғана ...
Толығырақ »АЛҒЫС АЙТЫП, АЛҒЫС ХАТТАР ТАПСЫРДЫ
Жарық дүниеге келген адамзат баласы ғұмыр сүрген өмірінде талай-талай қуанышты оқиғалар мен ауызбіршілік пен азаматтық қасиеттер сынға түсетін небір ауыр сынақтарға, табиғи апаттарға тап болып жатады. Мұндайда үрейге бой алдырмай, сабыр сақтап, туындауы мүмкін қауіптің алдын алып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара жүріп ұйымшылдықпен қажетті жұмыстарды сәтімен жүзеге асырған жандардың қашан да ұтары көп, жүздері жарқын. Жақында киелі ...
Толығырақ »ҚЫЗ СҰЛУ КӨРІНЕДІ ҚЫЛЫҒЫМЕН
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Кентау қалалық филиалы мен Жастар ресурстық орталығының бірлесе ұйымдастыруымен арнайы бекітілген кестеге сәйкес “Ерте жүктілік және оның алдын алу жолдары” атты іс-шара өтті. Дөңгелек үстелге Кентау қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Маржан Кривенцова, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Кентау қалалық филиалының маманы Алия Курманбаева, Жастар ресурстық орталығының психологы ...
Толығырақ »KENTAU QYZMET CUP ТУРНИРІ ӨТТІ
Кентау қаласында мемлекеттік қызметкерлері арасында кіші футболдан турнир өтті. Аталған турнир ҚР “Тәуелсіздігінің — 30 жылдығы” мерекелік іс-шаралар мен қазақтың әйгілі палуаны Қ.Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылды. Турнирге жалпы саны 10 команда қатысып, іс-шара 100 адамды қамтыды. Қатысқан командалар атауы: Кентау қаласы әкімдігі аппараты, қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы, қалалық ішкі істер бөлімі, қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі, қалалық кәсіпкерлік және ...
Толығырақ »ЕКІНШІ ДОЗАСЫН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын алғашқылардың бірі болып Кентау қалалық емханасы қызметкерлері мен Кентау қалалық санитариялық эпидемиологиялық басқармасының қызметкерлері, Кентау қалалық орталық ауруханасының қызметкерлері және медицина ұйымының қызметкерлері, жұқпалы аурулар, жансақтау бөлiмi, қабылдау бөлімі, фильтр бөлiмi және санитарлық эпидемия мекемелерiнiң мамандарына «SPUTNIK-V» вакцинасының екінші дозасын егу жұмыстары басталды. Вакцинацияға 02.02.2021ж. егілгендер шақырылып, 21 күн аралықпен жасалуда. Бүгін таңертең емханаға орталық ...
Толығырақ »ЖЫР АЛЫБЫ –ЖАМБЫЛ
Қазақ халық поэзиясының жыр алыбы атанған қайталанбас тұлға Жамбыл Жабаевтың туғанына биыл 175 жыл толып отыр. Республикамыздың барлық өңірінде ақынның мерейтойына орай түрлі ісшаралар өткізу басталып та кетті. Осыған орай, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылындағы мәдениет үйінде №12 Қарабұлақ ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Жыр алыбы — Жамбыл» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Кеш қонақтары Сайрам аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ қызметкерлері, ...
Толығырақ »ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ
Былтыр Жетісай ауданы бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолы мен елді мекендерге қарасты 53 көшеге орта жөндеу және 219 көшеге ағымдағы (тас төсеу) жол жөндеу жұмыстары жүргізілген. Атап айтқанда, «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы аясында 15,2 шақырымды құрайтын 22 көшеге орта жөндеу, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 1,68 шақырымдық 1 көшеге орта жөндеу және 3 көшеге аяқ жол салу ...
Толығырақ »ҚАРУЫҢЫЗ ТІРКЕЛГЕН БЕ?
Түркістан облысы полицейлерімен тіркелмеген 50-ге жуық қару анықталды. Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтің тапсырмасына сәйкес, облыс аумағында заңсыз сақтаудағы қаруды және оқ-дәрілерді тәркілеуге, оларды сатып алу көздерін анықтауға, оны заңсыз жеткізу арналарын анықтау және оларды жоюға, қаруды заңсыз сақтау мен алып жүрумен айналысатын тұлғалар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау, отты атыс қарумен жасалатын қылмыстардың алдын алу, ескерту ...
Толығырақ »«SOS» БАТЫРМАСЫ ОРНАТЫЛУДА
Түркістан қаласында «Қауіпсіз қала» жобасы аясында туристік орындар мен саябақтарға «SOS» батырмасы орнатылуда, деп жазады қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Жоба мақсаты — қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Яғни, «SOS» батырмасында кез-келген азамат Полиция департаментінің Жедел басқару орталығымен (ЦОУ, ДВД) аудио байланысқа шыға алады. Нақты айтсақ, батырма орнатылған аумақта төбелес, ұрлық іс және басқа ...
Толығырақ »ЕСЕЛЕНГЕН ҚУАНЫШ
Сайрам ауданы Қарамұрт ауылдық округі Мухитдиновтар отбасында өмірге үшем келді. Улуғбек Мухитдинов пен Едгор Мухитдинованың бұған дейін үш ұл бір қызы болса, жаңа туған үшемнің екеуі – ұл, біреуі — қыз. Шымкент қаласындағы Дархан перзентханасында босанған көпбалалы ананың жағдайы жақсы, бүгінде үйіне шықты. Көпбалалы ананың жағдайын біліп, Мұхитдиновтар отбасын құттықтап қайту үшін Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлуметтік бағдарламалар бөлімінің ...
Толығырақ »СУ АРНАЛАРЫНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАНАДЫ
Шаhар басшысы Рашид Аюпов Б. Саттарханов даңғылы бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандарды, Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ аумағындағы канал арнасын аралады. Ғимараттарды шығыстық келбетке сай ету — халықаралық деңгейдегі қала болуды мақсат еткен рухани шаhар үшін маңызы зор екенін айтқан Рашид Абатұлы кәсіпкерлерді жұдырықтай жұмылып, қаланы бірге көркейтуге шақырды. Мақсат — тек нысан келбетін ғана емес, тұрғындарға ыңғайлы қызмет көрсету екендігін ...
Толығырақ »ҒАСЫР ЖАСАҒАН ӘЖЕНІҢ КУӘЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ
Созақ АПБ-нің полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындарға, соның ішінде қарттарға, ҰОС ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға құжатын жасап беруге, ары-бері сандалтпауға үнемі көмек көрсетіп отырады. Осы мақсатта Созақ АПБ-нің қызметкерлерінен құрылған мобильдік топ халық арасында сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, жеке куәлігінің мерзімі өткен, 1 ғасыр жасаған әжені анықтады. Содан кейін ақ жаулықты ананы шаршатпастан қажетті құжаттарын жинақтап, фото-бейнеге түсірді. Осылайша Созақ ауданының ...
Толығырақ »АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысының полицейлері ардагерлермен кездесті, деп жазады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтееме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Ағымдағы жылы Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Бағлан Халықовтың нұсқауына сәйкес, жедел кеңес өткізілді. Онда саптық және арнайы бөліністері жауынгерлерінің оң келбетін қалыптастыру мен олардың имиджін арттыру бойынша, мақсатты жұмысты жүргізу мәселесі көзделген. Осыған орай Ордабасы аудандық полиция бөлімінің мәжіліс ...
Толығырақ »ЕРЕКШЕ ҮЛЕС ҚОСУДА
Түркістан қаласы облыс орталығы болған күннен бастап, киелі шаһарды дамыту және абаттандыру, көгалдандыру бойынша қарқынды жұмыстар атқарылып келеді. Бұл тұрғыда Түлкібас ауданы да ерекше үлесін қосып, өздерне бөлінген №14 секторда ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Солардың бірі көгалдандыру жұмыстары. Бүгінгі күнге дейін Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен жоспарға сәйкес жалпы саны 7310 түп арша,терек, гужум, қараағаш көшеттері отырғызылды. Қазіргі таңда 5 ...
Толығырақ »КІШІ ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ
Сарыағаш ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 2021 жыл ақпан айының 20 жұлдызында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Тәуелсіздік тұғырым!» атты ұранмен кіші футбол және волейболдан құқық қорғау органдары, дербес бөлімдер, аудан, қала, кент және ауылдық округ әкімдіктері қызметкерлері арасында жарыс өтті. Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары М.Сейтимбетов арнайы қатысып, командаларға сәттілік тіледі. Жасыл алаңға шыққан мемлекеттік қызметшілер өздерінің спортта да осал ...
Толығырақ »NIS-ТІҢ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨКІЛДІГІ ТІРКЕЛДІ
Түркістан облысының Әділет департаментінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Түркістан қаласындағы өкілдігі тіркелді. Өкілдіктің жетекшісі қызметіне Әлібек Алатаев тағайындалды, деп жазады қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Түркістан қаласындағы 720 орынға арналған жаңа Зияткерлік мектептің құрылысы 2020 жылдың шілдесінде басталып, 2021 жылдың қазан айында аяқталады деп жоспарлануда. Оқушылар контингенті конкурстық негізде қалыптастырылады. Оқыту Қазақстан Республикасының ...
Толығырақ »