Төтенше жағдайдың алдын алу қай кезде де күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселе. Мәселең, биыл жыл басынан бері аудандық Төтенше жағдайлар бөліміне орман және дала өрттеріне қатысты 147 хабарлама түсіп, 42 рет арнайы жасақ шыққан. Нәтижесінде, өрт дер кезінде ауыздықталған. Бұл туралы Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуовтың төрағалығымен өткен жиында аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы А.Қоқыров мәлімдеді. Сонымен қатар, ...
Толығырақ »Ауыл жаңалықтары
Түлкібас: аудандағы құрылыс және жол саласына қатысты атқарылып жатқан жұмыстар бақылауда
Бүгін Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов жауапты мамандармен бірге ауданның шығыс шекарасында орын тепкен Шақпақ ауылдық округіне табан тіреп, ол жердегі құрылыс және жол саласына қатысты атқарылып жатқан жұмыстар барысын бақылады. Бірінші кезекте, шығыс қақпадағы облыс атауы жазылған стеллада болып, бүгінгі жағдайымен танысты. Нысандағы орын алған кемшіліктерді тізбектеп, ауыл әкіміне тез арада демеушілер есебінен ретке келтіру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. ...
Толығырақ »ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ БАЗАР АУМАҒЫН РЕТКЕ КЕЛТІРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов орталық базардың иелерімен кездесіп, ретсіз сауда нүктелерін жою және ол жердегі санитарлық-тазалық жұмыстар бойынша жиын өткізді. Жиынға аудандық полиция, округ әкімдігі және басқа да құзырлы органдардың өкілдері қатысып, ретсіз сауданы ретке келтіру, қызыл сызыққа шығып кеткен нысандарды жою және санитарлық-тазалыққа қатысты атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндамалар жасалды. Басқосуды қорытындылаған аудан әкімі, орталық базар аумағындағы ...
Толығырақ »Түркістан: мөлтек ауданның сәулеттік келбетін қалыптастыру жайы талқыланды
Бүгін Түркістан қаласының Ә.Жангелдин көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарын кезекті рет тексеруге барған қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков мердігерге соңғы рет ескерту жасады: — Кәріз жүйесінің құбырларын көмуді өткен аптаның соңына дейін аяқтаймын деген уәдеңіз қайда? Сөз берген кезде сіз өз мүмкіндіктеріңізді есепке алғаныңыз белгілі. Біз келістік. Кешігуіңіздің себебін сұрамаймын. Дегенмен, жол құрылысы 10 күнде аяқталмаса, заң аясында тиісті шара қабылдайтынымызды ескертемін, ...
Толығырақ »ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА БИЫЛ 4 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Түлкібас ауданында Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында көп жылдан бері аймақта өзекті болып келген медицина саласындағы түйіткілді мәселелер шешімін тауып келеді. Мәселен, соңғы жылдары аудан орталығынан шалғай жатқан Келтемешат, Рысқұл, Ақбиік және Шұқырбұлақ елді мекендерінде заманауи жаңа медициналық емханалар құрылып ел игілігіне берілді. Онда жалпы дәрежелі дәрігер, фельдшер және медбике сынды мамандар халыққа қызмет көрсетіп келеді. Бұдан бөлек обиыл өңірдегі Абайыл, ...
Толығырақ »САЙРАМ: АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ БІРҚАТАР ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен аппараттық лездемелік мәжіліс өтті. Жиынға тиісті сала және дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібінде 2024-2025 жылдар аралығындағы жаңа оқу жылына дайындық барысы және ауыл округтеріндегі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары туралы облыс, аудан әкімінің хаттамалык тапсырмаларынын орындалу барысы туралы мәселелер талқыланды. Алдымен Сайрам аудандық білім бөлімінің басшысы Бауыржан Ахметов биылғы ...
Толығырақ »САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АУДАНДАҒЫ АБАТТАНДЫРУ, ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН ҚАДАҒАЛАДЫ
Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов тиісті тұлғалармен бірге аудан аумағындағы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар нысандардың жұмыс барысымен танысты. Аралау барысында алдымен Ақсукенттің орталығында орналасқан Дендросаябақтағы құрылыс жұмыстарының сапасын тексерді. Бұдан кейін Жібек жолы көшесінің бойындағы инженерлік инфрақұрылым және абаттандыру құрылыс жұмыстарының барысын бақылауға барды. Аралау барысында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын қадағалады. Бүгінгі таңда «Технический надзор» ЖШС-ның техникалық қадағалауындағы «Сақ-Құрылыс» ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА «БІР АУЫЛ — БІР ӨНІМ» ӨҢІРЛІК КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан қаласы Ясауи кесенесі маңындағы Этноауыл кешенінде облыстың 40-қа жуық кәсіпкері өз өнімін көпшілік назарына ұсынып, өзара мықтыны анықтады . Басты талап — өнім жергілікті шикізаттан өндірілуі және де сақтау мерзімі 5 күннен кем болмауы тиіс. Көрмеде қолөнер шеберлерінің өнімдерімен қатар, бал, құрт, кептірілген жеміс-жидектер, сүт пен кондитерлік өнімдер, жартылай фабрикаттар, сабын және тағы басқа тауарлар қойылды. Арнайы құрылған комиссия ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: ЭКОБАЗАРДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ
Бүгін «Экобазар» кешенінде Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңке өтті. Жәрмеңкеге жергілікті 26 кәсіпкер қатысты. Сондай-ақ жәрмеңкеге қойылған кеңсе құралдары, балалардың мектеп сөмкелері, формалары мен аяқ киімдерді қолжетімді бағада тұрғындарға ұсынылды. Шараның негізгі мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде мектеп тауарларын нарықтық бағадан төмен бағада сатып алуға жағдай жасап, дайындықты жеңілдетуге бағытталған. Айта кетейік, шара екі ...
Толығырақ »Апталық мәжілісте анықталған кемшіліктердің орындалуы сараланды
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен бүгінгі аппараттық мәжілісте өткен аптада анықталған кемшіліктердің орындалуы сараланды. Бүлінген аяқжолдар мен қоршаулар, істен шыққан автоматты суғару жүйелері ретке келтіріліп, арық-атыздар тазаланған. Қала әкімінің Жаңа қала аумағын аралау барысында берілген тапсырмаларға сәйкес, жауапты мамандар көпқабатты үйлердің қасбетін реттеу мақсатында 990 салқындатқыш құрылғыларының қосалқы қорабын бірдейлендіріп, қайта орнатылуын қамтамасыз еткен. Тұрғындарға желдеткіш орнату барысында ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНҒА АИДА БАЛАЕВА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдің маңызды мәдени мұра нысандарындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты. Сапар барысында Аида Балаева «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне, Қылует жерасты мешітіне және Яссы-Күлтөбе ортағасырлық қалашығына барды. Министр «Әзірет Сұлтан» музей-қорығына 2023 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Ұлттық» мәртебе беру оның Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау үшін ...
Толығырақ »Тұтынушылар «e-tutynushy.kz» платформасында шағым қалдыра алады
Сайрам ауданының тұрғындарының назарына тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша «e-tutynushy.kz» платформасында шағым қалдыру туралы ақпараттарды ұсынамыз. Бүгінгі таңда тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласы елдегі ең проблемалы бағыттардың бірі болып табылады. Оның негізгі себебі: азаматтардың өз құқықтары мен заңдарын білмеуі, тараптардың жанжалдарды шешудегі қиындықтары, тұтынушылардың дауларды шешудегі әрекеттер алгоритмін білмеуі. Саланың оң жұмыс істеуіне жәрдемдесу мақсатында 2021 жылдан бастап тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ...
Толығырақ »Түркістан қаласының әкімі “Тұран” тұрғын үй кешенін аралады
Бүгін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің жұмыс күні “Тұран” тұрғын үй кешенін аралап, кемшіліктердің қалпына келтірілуін тексерумен басталды. Көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында анықталған олқылықтар, аумағын күл қоқыстарды тазарту бойынша берілген тапсырмалардың орындалуын қала әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков баяндады. Құрылыс бөлімінің басшысы Нұркен Нақбаев мердігерлермен жүргізілген жұмыс жөнінде есеп берді. Қазіргі таңда мұнда аяқжолдардың бүлінген бөліктері қайта төселіп, кей үйлердің қасбеттерінің ...
Толығырақ »ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
«Amanat» партиясы Түлкібас аудандық филиалының және Түркістан облысының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің «Түлкібас аудандық мансап» орталығы филиалының ұйымдастырылуымен аудандық Мәдениет үйінің кіші залында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүгедектігі бар жандарды жұмыспен қамту мақсатында ұйымдастырылды. Бос жұмыс орындар білім саласы, денсаулық сақтау саласы және басқа да түрлі сала бойынша ұсынылды. 43 жұмыс орны білім саласынан, ...
Толығырақ »ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҮЛКІБАС АУДАНЫ АУМАҒЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ
Түлкібас ауданына облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібай жауапты мамандармен арнайы келіп, аудан аумағындағы ағымдағы жөндеуден өтіп жатқан білім беру мекемелерінің жұмысын бақылап, жаңа оқу жылына дайындығын пысықтады. Ондағы білім ошақтарында жүргізіліп жатқан жұмыстармен жіті танысып, бірқатарына қатаң ескерту жасады. Алда тұрған міндеттерге жауапкершілікпен қарауды талап етіп, сапалы әрі дер кезінде аяқтауды тапсырды. Бейсенбай Дәулетұлы Түлкібас ауданындағы жұмыс сапарын Састөбе кентінен ...
Толығырақ »БИЫЛ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 4 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ТІРЕК ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Түлкібас ауданында соңғы 2 жылда «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында көп жылдан бері аймақта өзекті болып келген медицина саласындағы түйіткілді мәселе шешімін тауып келеді. Мәселең, соңғы жылдары аудан орталығынан шалғай жатқан Келтемешат, Рысқұл, Ақбиік және Шұқырбұлақ елді мекендеріне заманауи жаңа медициналық тіректер соғылып ел игілігіне пайдалануға берілді. Заманауи медициналық тіректе жалпы дәрежелі дәрігер, фельдшер және медбике халыққа қызмет көрсететін болады. Бұл ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: «ҚОҒАМДЫҚ ЭКО-БАҚЫЛАУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық шарасын қолдау және «Қоғамдық бақылау туралы» Заңы аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен 15 тамыз-15 қыркүйек аралығында «Қоғамдық эко-бақылау» республикалық акциясы өтеді. Осыған орай, Түркістан қаласындағы «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейіне өңірлік қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен эко-бақылау жұмыстары жүргізілді. Шара барысында кеңес мүшелері қорық музейдің жай күйін бақылап, тиісті ұсыныстарын ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА «ЕЛ ҰЙЫТҚЫСЫ – ЕНЕ МЕН КЕЛІН» САЙЫСЫ ӨТТІ
Түркістан қаласында салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды дәріптеген «Ене мен келін» сайысы өтті. Қалалық «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» ұйымдастыруымен өткен шараға Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Созақ ауданынан 6 отбасы қатысты. Сайыстың мақсаты – еліміздегі әрбір шаңырақтың тату-тәтті, үлгілі болуын насихаттап, ене мен келін арасындағы ауызбіршілікті сақтауға үлес қосу. Жарасымды жанұяны анықтап, өнегелі отбасын көпке үлгі ету. Ұлттық салт-дәстүрімізге сай, ...
Толығырақ »САЙРАМ АУДАНДЫҚ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Сайрам ауданы Мансап орталығы ғимаратында «Кедергісіз келешек» жобасы аясында «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалы мен аудандық Мансап орталығының ұйымдастыруымен, мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Аталған іс-шарада 23 жұмыс беруші тарапынан 43 бос жұмыс орындары ұсынылды. Бүгінгі жәрмеңкеге 30-дан астам адам қатысты. Оның ішінде, 3 азамат тұрақты жұмысқа, 1 азамат «Күміс жас» жобасы бойынша жолдама ...
Толығырақ »Қала әкіміне абаттандыру жұмыстары бойынша баяндалды
Бүгін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков Әкімшілік-іскерлік орталығы мен Жаңа қала аумағын аралап, берілген тапсырмалардың орындалуын тексерді. Қала әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков “Тұран” тұрғын үй кешенінің аулаларын абаттандыру жұмыстары бойынша баяндады. Құрылыс бөлімінің басшысы Нұркен Нақбаев 11-көшеде орналасқан 16/1, 21/1, 25/2 үйлерге қатысты белгіленген тапсырмалардың жүзеге асырылуы бойынша есеп берді. Мәлімдеуінше, тұрғындардың өтініші зерделеніп, өзекті мәселелер кезеңімен атқарылуда. Кей үйлердің ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҚҰРЫЛЫСЫ ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА
Түркістан қаласына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Абдиев арнайы жұмыс сапарымен келді. Облыс орталығында құрылысы жүріп жатқан 2000 орындық «Жайлы мектеп» алаңына барып, құрылыс жұмыстарының деңгейін бақылады. Аталған нысанның құрылыс сапасын тексеру үшін Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев бастаған жергілікті халық қалаулылары да қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үш ауысымды және апатты мектептердің тапшылығын ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНЕ 10 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ
Бүгін Түркістан қаласындағы “Конгресс холл” көпсалалы кешенінде Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер органдарына 10 жыл толуына орай мерекелік шара өтті. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров, Мемлекеттік кірістер департаменті басшысы Мақсат Нұрахаев, Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков, AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев және бірқатар басқарма басшылары мен мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Облыс әкімінің орынбасары салтанатты шарада ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАР САЛЫНАДЫ
Түркістан қаласы бүгінде қайта жаңарып, көптің қызығушылығын тудыруда. Құрылыс бастауға ниетті инвесторлар саны артып келеді. Әр ғимарат сәулетшілердің мақұлдауынан кейін ғана салынуы тиіс. Бұл мәселені облыс әкімі Дархан Сатыбалды бақылауда ұстап отыр. Сәулеттік жобалар талқыланған мәжілісте жаңа жобалар таныстырылды. – Жаңа жобаларды жүзеге асыру бастамаларын қолдаймыз. Түркістан қаласында салынатын жаңа ғимараттардан шығыс және ұлттық сәулет нақыштары көрініс табуы керек. Сондай-ақ ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Күн тәртібінде денсаулық саласы бойынша бірқатар мәселелер талқыланып, атқарылған жұмыстардың баяндамасы тыңдалды. Алдымен «МӘМС жүйесі» туралы әлеуметтік сақтандыру қоры КЕАҚ Түркістан облысы бойынша директоры Бақыт Исмаханбетов баяндады. — Түркістан қаласы тұрғындарының 83%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған болса, медициналық сақтандырылмаған азаматтар 17%-ды құрап отыр. МӘМС жүйесінде сақтандырылғандар медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: ҚАЛАНЫҢ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Халықаралық Жастар күніне орай, Түркістан қаласының әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаевтың қатысуымен шаһардың белсенді жастарымен кездесу өтті. Кездесу барысында жастар көкейдегі сауалдарын қойып, түрлі тақырыптар талқыланып, ұсыныс-пікірлері тыңдалды. — Бүгін өздеріңізбен Жастар күні мерекесі аясында кездесіп отырмыз. Қазіргідей заманда жастарымыз тек еңбекпен, біліммен ғана жарқын жетістіктерге қол жеткізе алады. Бұл ретте, жаңарған Түркістан – жастар үшін жаңа мүмкіндіктер алаңы. Таяуда қаламызда ...
Толығырақ »