Жаратушы Алла адамға соншалықты ақыл берсе де адам осы ақылы арқылы Ұранға, Исламға, ақиқатқа ермесе шайтан оған жасырын әрі ақырындап жақындайды. Адамға түрлі ой салып, негізсіз қорқынышты санасына салып, жүрегін жаулап алады. Мұндай жағдайда не істеп, не қою керектігі жөнінде бұрыс шешімдер қабылдайды. Біз осылай істеген адамды аяғы тайды дейміз. Абақтыдағы адамдардың жалпы рухани жағдайымен етене таныс болғандықтан, қылмыс жасағандардың ...
Толығырақ »Қала тынысы
ДІНАРАЛЫҚ ҮНДЕСТІКТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА
Шымкент қаласында ақпараттық-түсіндіру топтарының (АТТ) мүшелері қызметін ақпараттық сүйемелдеу және жұртшылыққа кеңінен таныту, олардың жүргізіп отырған жұмыстарына тұрғындардың сенімін арттыру мақсатында өңірлік БАҚ-тардың әлеуеті мен мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланып отыр. Атап айтқанда; -теледидар мен радиода беделді теологтардың, дінтанушы-ғалымдардың, дін өкілдерінің, мемлекеттік және күштік құрылымдар өкілдерінің сөз алуына арналған алаңдар ұйымдастырылуда; — интернет желісіндегі сайтта, әлеуметтік желілерде ақпараттық-түсіндіру топтарының беделді мүшелерінің сұхбаттары, ...
Толығырақ »ДІН САЛАСЫ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Шымкент қаласында ақпараттық-түсіндіру топтарының (АТТ) жұмысы Дін істері комитеті тарапынан берілген әдістемелік нұсқаулыққа сәйкес жаңа бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері дін саласындағы АТТ тарапынан 166 кездесулер өткізіліп, 39046 адам қамтылып отыр. АТТ тарапынан өткізілген кездесулер БАҚ құралдарында, әлеуметтік желі парақшаларында кеңінен насихатталып жатыр. АТТ қызметін ұйымдастыру барысында қала тұрғындары мен жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде мына тақырыптарға назар ...
Толығырақ »МАҚСАТ – ДІН САЛАСЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Шымкент қаласы, халықтың көптігімен де маңызды ірі қалалардың бірі болып есептеледі. Мұсылманшылығы да басым. Ұлттық салт-дәстүрлері де кеңінен сақталған. Қалада орналасқан мешіттер саны 105, исламдық емес діни бірлестіктердің саны 31. Олар діни бірлестіктер жөніндегі заң аясында қызмет етеді. Сонымен қатар, түрлі мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың қатары да мол. 2019 жылы Шымкент қаласында ашылып, өз жұмысын бастаған «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» ...
Толығырақ »ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛЫП КЕЛЕДІ
Дін бүгінгі күндегі қоғамдық өмірде маңызды рөлге ие және бұл факт заманауи әлемнің құбылмалы жағдайында өзекті бола түсуде. Елімізде діни сауаттың төмендігінен, әсіресе, жұмыссыз жастар, әлеуметтік тұрмысы төмен топтардың өкілдері, ауыл тұрғындары, шағын мешіттерге келушілер, дәстүрлі емес дін өкілдерінің тұрғылықты жері, жұмыс орны бойынша қоршаған әлеуметтік ортасының ықпалынан түрлі діни ағымдардың қатарын толықтырып отыр. Сондықтан да азаматтардың діни сауатын көтеру ...
Толығырақ »ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРС ЖАРИЯЛАНДЫ
Республикалық маңызы бар қала ретінде Шымкент қаласының бас жоспары тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі халықаралық конкурсқа қатысуға ниет білдірушілерден өтінім қабылдау басталды Басты мақсат — Республикалық маңызы бар қала мәртебесіне сәйкес Шымкент қаласының бас жоспары тұжырымдамасының тұжырымдамалық қала құрылысы, сәулет шешімдері мен идеяларын қалыптастыру болып табылады, нәтижесінде 2050 жылға дейін қаланың аумақтық дамуы бойынша сапалы шешімдер қабылдауға алып келеді. Конкурсты өткізу мерзімі ...
Толығырақ »БАЗАРЛАР САНИТАРЛЫҚ ТАЛАБЫН САҚТАЙ МА?
Базарларда қалың халық, қызу сауда жүргізуде. Бірақ, санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Бұл өз кезегінде аты жаман індеттің таралуына тосқауыл болады. Шымкент қаласына қарасты Абай аудандық әкімдігі мониторинг жүргізіп, жалпыға ортақ міндеттің орындалу барысын бағамдап қайтты. Халық арасында «Крытый рынк» аталған «Жабық базарда» бүгінде жұмыс қызу жүріп жатыр. Сатып алушысын тапқан орталықта халықтың нөпірі үзілмегендіктен санитарлық талапта сәйкесінше сақталуы тиіс. ...
Толығырақ »МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ – ӘРБІР МЕКЕМЕНІҢ МІНДЕТІ
Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше қажеттілігі бар адамдарға тең мүмкіндіктер жасау туралы тапсырмасының орындалуы бойынша қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен бейне байланыс арқылы мәжіліс өтті. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта құру мәселесі бойынша атқарылған жұмыстар жайын баяндаған қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Қасымбек Сайлауов осы жылы қалада 37 014 мүгедек жан есепте тіркелгенін айтып ...
Толығырақ »КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 31 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 31 адам тіркелді (21.05.2020 жылғы мәлімет бойынша). ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 31 Шымкент қаласы тұрғынынан COVID-19 диагнозы нақтыланды: 14-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым — қатынаста болған, 5-і ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, 12-і скрининг нәтіжесінде анықталған. Тиісінше барлығы инфекциялық стационарға жатқызылған. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БҰРЫШТАРЫ АШЫЛДЫ
Шымкенттегі мемлекеттік органдар мен оқу орындарыны ғимараттарында egov.kz электрондық үкімет порталының бұрыштары пайда болды. Енді тұрғындар қаладағы 315 өзіне-өзі қызмет көрсету аймағынан электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алады. Әр сектор қажетті құралдармен жабдықталған, келушілер электрондық үкімет порталы мен басқа да мемлекеттік ресурстарға кіре алады. Мекенжайыңызға жақын орналасқан секторларды 2gis бағдарламасы арқылы табуға болады. Бұл қызмет түрі «Азаматтарға арналған үкіметтің» ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: КОММУНАЛДЫҚ ТӨЛЕМГЕ ӨТІНІМ БІЛДІРГЕНДЕР САНЫ 30 МЫҢНАН АСТЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, карантинге жабылған өңірлерде тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңгеден берілетіні бұған дейін хабарланған болатын. – Аталған көмекті алу үшін азаматтардан өтінімдерді қабылдау мақсатында communal-komek.kz сайты іске қосылған. Онда әрбір азамат өзінің ЖСН, әлеуметтік мәртебесін және жеке шоттарын енгізе отырып, өтінім бере алады. Жалпы 21 сәуірден бастап бүгінгі таңға дейін 30 ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ 7 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҮЛЕК ҰБТ ТАПСЫРУҒА ОНЛАЙН ӨТІНІШ БЕРГЕН
Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы бойынша онлайн режимде жиын болып өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. ҰБТ тапсыру кезінде мектеп түлектерінің денсаулығы басты назарда екенін айтқан қала басшысы тестілеу өткізу кезінде санитарлық талаптар мен санитарлық-эпидемиологиялық шараларды күшейтуге айрықша назар аударуды тапсырды. Жиында Ұлттық бірыңғай тестілеудің дайындық барысы туралы баяндаған білім басқармасының басшысы ...
Толығырақ »КАРАНТИН РЕЖИМІН САҚТАМАҒАНДАРҒА ЕСКЕРТУ БЕРІЛДІ
Карантин режимін бақылау үшін Абай ауданы бойынша жергілікті полиция қызметі, әкімдік мамандары, көрсетілетін қызметтер мен тауарлардың сапасын бақылау басқармасы мамандары, Шымкент әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы қызметкерлерімен бірге жұмысшы топ құрылған. Бүгінгі таңда аудан аумағындағы жұмыс істеп тұрған 132 кәсіпкерлік нысанды жауапты мамандар аралап, олардың 37-не ескерту беріліп, түсініктемелері алынды. Құрылған жұмысшы топ 4 кіші топқа бөлінген, ауданның төрт бағытында жұмыс атқаруда. ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ЧЕЛЛЕНДЖ ЖОЛДАДЫ
4 маусым – ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығы «Көк тудың желбірегені» атты видео-challenge жолдады. Аталған орталық бұл челлендж арқылы ел тұрғындарының Отанымызға деген махаббатын көрсетіп, рәміздер мәртебесін тағы бір арттыруын қалайды. Челленджге қатысушылар қазақ эстрадасының әншісі Ибрагим Ескендірдің орындауындағы «Көк тудың желбірегені» әнін орындап, #көктудыңжелбірегені2020 хэштегі мен @resurstyq_ortalyq деп белгілеп, әлеуметтік желіге видео жүктеуі қажет. ...
Толығырақ »ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында түсіндірме жұмыстары қарқынды жүргізілуде. «Әл-Фараби ауданында орналасқан коммерциялық нысандарының иелерімен және халық арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Шымкент қаласының Бас санитариялық дәрігердің 2020 жылғы 17 мамырдағы №17 қаулысына сәйкес індеттің таралуына жол бермеу мақсатында түсіндірме жұмыстары қарқынды түрде жүруде. Аталған мониторингтік топ (аудан әкімі аппараты, аудандық полиция және тауарлар ...
Толығырақ »ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 87 ПАЙЫЗЫ САҚТАНДЫРЫЛҒАН
Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселесі қаралды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда енгізілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы қала әкімі М.Әйтеновке денсаулық сақтау басқармасының орынбасары А.Бекбауова баяндады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта Шымкент қаласындағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне бекітілген халықтың саны 900 мыңнан асады. Яғни, жалпы тұрғындардың 87 ...
Толығырақ »СТАТИСТИКА ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ
Бүгін «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде Шымкент қаласы Статистика Департаменті басшысының орынбасары және әдеп жөніндегі уәкілі Жабаева Меруерт Болатқызы онлайн сұхбат берді Сұхбат барысында әр жылдың соңында Қазақстан Республикасының Ұлттық Экономика Министрінің бұйрығымен келесі есептік жылға статистикалық жұмыс жоспары бекітілетініні жайында мағлұмат берді. 2020 жылдың арнайы статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес, Шымкент қаласының статистика департаменті бойынша статистикалық нысананың жалпы саны 143-ті ...
Толығырақ »САУДА ОРЫНДАРЫН ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Карантин режимін бақылау, коронавирус инфекциясының таралу жолдарын тежеу мақсатында қаладағы барлық ауданда орналасқан ірі сауда орындарын дезинфекциялау жұмыстарын қарқынды түрде жүргізуде. Бүгін бұл жұмыстардың жалғасы ретінде Еңбекші ауданында орналасқан «Айна» базары залалсыздандырылды. Базардағы сауда орындарының иелері және сатушыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, санитарлық талаптардың қатаң сақталу қажеттілігі түсіндірілді. Індеттің қауіптілігі айтылды. Айта кетейік, барлық ауданда жүргізіліп жатқан аталған санитарлық жұмыстар Шымкент ...
Толығырақ »МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР
Бүгін «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде Шымкент қаласы ішкі аудит департаментінің басшысының орынбасары Тастемір Ұланбек Қуанышбекұлы онлайн сұхбат берді. Спикер сұхбат барысында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруережелеріне енгізілген өзгерістер жөнінде біршама баяндады. Ережеге 2019 жылдың 5-мамырында өзгерістер енгізіліп, 1-шілдесінен бастап күшіне енді. Атап айтқанда, қаржылық тұрақтылық принципі көрсетіліп отыр. Бұл әлеуметтік өнім беруші мемлекеттік сатып алу конкурсына өз өтінішін ұсыну ...
Толығырақ »«SHYMKENT» ӘКК АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
«SHYMKENT» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Акционерлік Қоғамы басқарма төрағасы тағайындалды. Директорлар кеңесінің шешімімен Басқарма Төрағасы болып Бауыржан Тоқболатұлы Канкин тағайындалды. Канкин Бауыржан 1987 жылы 23 маусым күні Павлодар облысы Екібастұз қаласында дүниеге келген. Экономика бакалавры, «Master of Business Administration» іскерлік әкімшілік магистрі. Еңбек жолын 2007 жылы «ABN AMRO Bank» / «Royal Bank of Scotland» Акционерлік Қоғамы операциялық департаментінің маманы қызметінен бастады. «Deloitte» ...
Толығырақ »ЕҢБЕК ШАРТЫ — СІЗДІҢ БАСТЫ ҚҰЖАТЫҢЫЗ
Шымкент қаласының еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасына төтенше жағдай кезінде азаматтардан 63 өтініш түскен. Оның ішінде, еңбек қатынасы бойынша – 42, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 19, халықты жұмыспен қамту бойынша – 2 шағым. Мемлекеттік еңбек инспекторлары тарапынан төтенше жағдай және карантин шараларын қамтамасыз ету жөніндегі жедел топ құрылып, бірқатар жұмыстарды атқарды, деп жазады қалалық «Шымкент келбеті» газетінің ...
Толығырақ »КӨРКЕМ МІНЕЗДІ КӨРКЕМ СӨЗ ШЕБЕРІ
ХХІ ғасыр ақпараттар ағынының толассыз дамып, ғылым мен техниканың асқан жылдамдықпен өсіп-өркендеген ғасыры деп айтып жүргенімізге де біршама уақыт болды. Қазіргі қоғамның, қоғамның ғана емес бүкіл адамзаттың алдында тұрған күрделі мәселе – адами құндылықтардың әлсіреп, материалдық құндылықтардың өсіп бара жатқандығы. Сөз өнерінің қыр-сырын қопара қарастырған академик З.Қабдолов: «Әдебиет адамдарға өмірді танытып қана қоймайды, олардың сол өмірге көзқарасын қалыптастырады, мінез-құлқына ықпал ...
Толығырақ »ДҰРЫС ДЕРЕККӨЗДЕРДІ ПАЙДАЛАНАЙЫҚ
Бүгінгі таңда әлем халқының екіден бірі Facebook, Twitter, Bkонтакте, Whatsapp сияқты әлеуметтік желілерде түрлі бағыттағы материалдарды пайдаланып отырады. Дінге құштарлығы бар азаматтар діни мәліметтерді үйренемін деп намаз, ораза, басқа да діни мәліметтермен танысу мақсатында қолданып, кейде теріс діни бағыттағы ақпараттарды қабылдап соңында көптеген қиыншылықтарға ұшырайды. Бүкіл әлемнің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани жағдайына ықпал етіп отырған діни экстремизм мен ...
Толығырақ »БІЛІМСІЗДІК – ЭКСТРЕМИЗМГЕ БАСТАЙТЫН ЖОЛ
Дін – қай кезде болмасын өзектілігін жоймаған тақырып. Себебі ойлануға қабілетті кез келген адам баласы өмірінің белгілі бір этаптарында өзіне «Мен қайдан келдім?», «Не үшін келдім?», «Қайда барамын?» деген сияқты рухани сұрақтарды қоя бастайды. Яғни адам баласының биологиялық тұрғыда қарны ашқаны секілді рухани да қарны ашады. Демек жоғарыда біз келтірген сұрақтарда тұрған ешқандай проблема жоқ. Адамның өзін-өзі іздеп, рухани кеңістігін ...
Толығырақ »ДІНДІ ӨЗ МАҚСАТЫНА ПАЙДАЛАНУ
Бүгінгі таңда діни экстремизм мен терроризм сөздерін естімеген адам жоқтың қасы. Жарық көрген еңбектер мен ғаламтор беттерінен шет елдердегі және Қазақстандағы діни ахуал соның ішінде діни экстремизм мен терроризм тақырыптарына қатысты мағлұматтар жетерлік. Бұл аталған мәселенің әлемдік деңгейде орын алып отырғандығы белгілі. Қазақстан әлем елдеріне көптеген дін өкілдерінің бейбіт өмір сүріп және конфессияаралық келісім моделін қалыптастырған мемлекет ретінде танылып отыр. ...
Толығырақ »