Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою бойынша ұсынуларды онлайн форматта қарау тәжірибесін жалғастыруда (ҚР ҚПК 200-бабы шеңберінде). Бүгін қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысы А.Жұмағали мен Полиция департаментінің бастығы Е.Жұмаханбетовтың қатысуымен жиын өтті. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер бойынша бірқатар ұсынулар қаралды. Кездесу ...
Толығырақ »Қала тынысы
САLL-ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызметтер шығындарын өтеу мақсатында (15 мың теңге) азаматтарға кеңес беру үшін 29.04.2020 жылдан бастап Call-орталығы жұмысын бастады. Орталық таңғы 9:00-18:00-ге дейін, үзіліссіз жұмыс істейді. 15 мың теңгеден берілетін әлеуметтік көмек бойынша туындаған сауалдар болса, енді 8(7252) 39-23-68 нөміріне хабарласуларыңызға болады. Айта кетсек, мемлекеттік органдардың ұсынысы негізінде коммуналдық шығыны үшін төлем алушылардың келесі санаттары айқындалған. Олар: — ...
Толығырақ »ҚОСЫМША СЫЙАҚЫ БЕРІЛДІ
Шымкенттегі 4 бірдей медициналық мекемеде өз денсаулығына төнген қауіпке қарамастан өзгенің саулығы үшін тынымсыз еңбек етіп жатқан 500-ден астам қызметкерге қосымша сыйақы тағайындалды. Демеушілер есебінен жиналған 25 млн. теңге қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы мен №2 қалалық аурухана қызметкерлеріне берілді. Сыйақыдан «Мейірім» және «Атамекен» оңалту орталығында карантин режиінде тоқтаусыз еңбектеніп жүрген медицина мамандары да тыс қалмады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен ...
Толығырақ »6 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Вирус жұқтырған 5 ер азамат және 1 азаматша өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. Науқастардың барлығы Шымкент қаласының тұрғындары. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошағында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. 29.04.2020 жылғы ...
Толығырақ »ЖАНАТТЫҢ ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖОЛДАРЫН ЖОЮ ЖҰМЫСЫ
Білім саласындағы жемқорлықтың алдын-алуға бар күш-жігерін салып жатқан Жанат Тәжиева тағы бір жаңашылдығын байқатты, деп хабарлайды DIDARBEK.kz порталының тілшісі Шымкент қаласының білім басқармасына сілтеме жасай отырып. Бүгінде электронды заманда жаңа ғасырдың жаңа қазақтары ретінде жаңа жобаларға көшіп отырған жайымыз бар. Ол қандай электронды жоба ? Қандай форматта? Электронды жаңа жобаның жай-жапсарымен бүгін Шымкент қаласы білім басқармасы басшысы Ж.Тәжиева БАҚ өкілдерімен ...
Толығырақ »КӨЛІКТЕР ОНЛАЙН ТІРКЕЛУДЕ
Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғалы бері Шымкент тұрғындары egov.kz порталы арқылы 200-ден астам автокөлікті тіркеді. Еске салайық, 26 наурыздан бастап Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен автоХҚО-дың жұмысы тоқтатылған. Ел тұрғындары мемлекеттік қызметтерді тек электронды үкімет порталында ала алады. «Қызметті онлан алу режимде алу механизмі өте қарапайым. Ол үшін egov.kz порталына кіріп, өтінімді толтырып, жеке электронды цифрлық қолтанбамен (ЭЦК) қол қойса ...
Толығырақ »ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
Алдағы үш жылда Шымент қаласында жол мәселесі толық шешімін тауып, биыл қала шетіндегі топырақ жолдарға шағал тас төселеді. Бүгін Абай ауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысып, жергілікті халықпен жүздескен қала әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді. — Елбасы Н.Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше мән беріп отыр. Биыл қазынадан миллионды қалаға 440 млрд. теңге қаржы бөлінді. Қаралған қаражат мақсатты ...
Толығырақ »ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛАДЫ
ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛАДЫ Құрметті Шымкент тұрғындары мен қала қонақтары! Шымкент қаласының көлік инфроқұрылымын дамыту мақсатында, «А-2 «Қорғас-Алматы-Шымкент-Өзбекстан Республикасы шекарасы 674-705+621 (Шымкент қаласын айналып өту) автомобиль жолын қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Сол себепті 2020 жылдың 29 сәуірінен 1 қыркүйекке дейін Төлеметов көшесінен Темірлан тасжолына дейінгі аралықта уақытша көлік қозғалысына шектеу қойылатынын хабарлаймыз. Уақытша келтірген қолайсыз жағдайға кешірім сұраймыз. Шымкент ...
Толығырақ »ҮШ МЫҢНАН АСТЫ…
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 3 мыңнан асты. Дәл қазіргі эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 37 адам тіркелді. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 2, Ақмола облысында – 1, Шығыс Қазақстан облысында – 1, Маңғыстау облысында – 1, Алматы қаласында – 10, Ақтөбе облысында – 4, Алматы облысында – 12, Қызылорда облысында – 3, Қарағанды облысында — 3. Бұл туралы ...
Толығырақ »КӨМЕК КӨРСЕТТІ
Елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен «Birgemiz» қоғамдық қоры құрылып, Республика бойынша көмекке аса мұқтаж жандарға 50 мың теңгеден үлестіріліп жатқаны баршаға белгілі. Осы көмекке Шымкент қаласы бойынша 21 864 отбасы қол жеткізді. Алдағы уақытта тағы да 19 766 отбасы 50 мың теңгемен қамтылатын болады. Қазіргі таңда тiзiм бойынша қаражат бөлу процессі жүрiп жатыр. Айта кетсек, күні кеше 11 ...
Толығырақ »ИНТЕНСИВТІ ТЕРАПИЯДАН ПАЛАТАҒА АУЫСТЫ
Шымкент қаласында жұқпалы аурулар ауруханасындағы жан-сақтау бөлімінде жатқан COVID-19 бар науқас интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды. Коронавирус инфекциясына шалдыққан 1984 жылғы азаматтың денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған еді. Екі күн жасанды демалу аппаратымен демалған науқастың жағдайы жақсарып, палатаға ауыстырылды. Дәрігерлер науқастың енді қарқынды терапияны қажет етпейтіндігін алға тартты. Айта кетейік, елімізде барлығы 43 пациент реанимациядан мамандандырылған ...
Толығырақ »САЯЖАЙҒА БАРА АЛАДЫ
Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлім етті. — Шымкенттіктер қала аумағындағы саяжайларына күн сайын таңғы сағат 6-00-ден кешкі 21:00-ге дейін бара алады. Бірақ азаматтардың атына тіркелген саяжай учаскесінің бар екенін растайтын құжаты болуы тиіс. Бұл ретте саяжайлар кіру блокпостарының ведомствосына кіретін аумақта болуы қажет. Егер саяжай қала аумағынан тыс болса, онда кіруге рұқсат берілмейді, ...
Толығырақ »ЖЕҢІЛДЕТУ ЖАҒЫН ҚАРАСТЫРДЫ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы қызметкерлерімен жұмыс барысында кездесу өткізді. «Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін фронт-кеңсенің қызметімен танысқан қала басшысы кәсіпкерлерге несие беруді оңтайландыру барысын саралады. Корпорация жұмысымен танысқан М.Әйтенов штат кестесін қайта құрылымдау және инвестициялар департаментінің жұмысын жаңғыртуды жауаптыларға жүктеді. Бүгінде аталған департаменттің қарауындағы 353 инвестициялық жоба бар. Осыған орай, қаланың инвестициялық тартымдылығын ...
Толығырақ »266 814 АДАМҒА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАЛҒАН
2020 жылғы 28 сәуір, сағат 9-дағы мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 534 493 адамнан өтініш түскен. Оның ішінде 266 814 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 263 166 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған. Жалпы әлеуметтік төлем алатын 266 814 азаматтың ішінде 254 032 өтініштер бойынша, ал, 12 ...
Толығырақ »КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАР ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 27 сәуірдегі мәлімдемесіне сәйкес, Шымкент қаласы аумағында іске қосылатын нысандар бойынша брифинг өтті. Брифинг барысында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов 2020 жылғы 1 мамырдан бастап қалада кейбір кәсіпкерлік нысандарының қалпына келтірудің бірінші кезеңі басталатынын атап өтті. — Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Президент тапсырмасымен елімізде карантин режимін ...
Толығырақ »ЖУРНАЛИСТЕР ДЕ «ЖАЛЫННЫҢ» ІШІНДЕ ЖҮР
Шымкентте пандемияға байланысты енгізілген төтенше жағдай режимін сақтау қатаң бақылауға алынған. Жергілікті билік пен жауапты мекемелерден бөлек карантин тәртібінің сақталуын шаһарда Арнайы мониторингтік топ та назарға алған. Топ жетекшісі Әсет Әссандиді «Магнум» сауда желісінде азық-түлік бағасына қоғамдық бақылау жүргізу кезінде жолықтырып, әңгімелескен болатынбыз. – Әсет аға, карантин кезінде төтенше жағдай тәртібінің сақталуын қадағалауда мониторингтік топтың белсенділігін байқап жүрміз. Алдымен, топтың ...
Толығырақ »1-МАМЫРДАН БАСТАП…
Қазақстан Республикасы Президенті Қ.-Ж.Тоқаевтың 2020 жылғы 27 сәуірдегі мәлімдемесіне сәйкес, «Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік коммиссияның» келісімімен Шымкент қаласында 1-мамырдан мынадай өзгерістер енгізіледі.
Толығырақ »КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛДІ
Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 27 сәуір күні қалада коронавирус инфекциясынан тағы алты адам емделіп шықты. 1962 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны 5 сәуір күні қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына коронавирус инфекциясымен жатқызылған. Науқастан «COVID-19»-ға алынған талдаулар оң нәтиже көрсеткен. Қалған бес ем алушының барлығы 11 мен 58 жас аралығындағы қала тұрғындары. Алты азамат та вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық ...
Толығырақ »4 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
(27.04.2020 жылғы сағат 14:00-дағы мәлімет бойынша) Вирус жұқтырған 1991, 1987, 1978, 1973 жылы туған азаматшалар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. ...
Толығырақ »БАЛАЛАР АЛАҢШАСЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
30 жылдан ауласында балалар алаңшасы болмаған Шымкент қаласындағы көпқабатты үйлердің аулаларына балалар алаңшасын салу қолға алынды. Тіпті есік алдындағы аяқ бүгіп отыратын орындықтар да қирап кеткен. Енді міне есіктің алды жайнап тұр. Бүлдіршіндер тұрмақ қариялардың қуанышында шек жоқ. Айтар алғысымыз шексіз, деді қала әкімімен жүздескен «Қарасу» шағынаудандағы көпқабатты тұрғын үйдің төрайымы Людмила Розанова. Әл-Фараби ауданының аумағында салынып жатқан балалар алаңшасының ...
Толығырақ »ЖОЛ ТӨСЕЛЕДІ
«Сәуле» шағынауданына қарасты 276-орамдағы жол мәселесі биыл шешіледі. 6 көшеге тас төселіп, жарық пен ауыз су рет-ретімен тартылады. Бұл туралы бүгін орамды аралап көрген қала әкімі Мұрат Әйтенов айтты. – Жыл басында халық алдындағы есепті жиында жол мәселесіне ерекше айтылған еді. Біз уәдемізді орындаймыз, деді қала басшысы. Жалпы бұл орам қала құрамына енген 41 елді мекеннің бірі. – Бастапқыда орамда ...
Толығырақ »ҚИЫНДЫҚТЫ ЖЕҢІП ШЫҒАМЫЗ
Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі халыққа арнаған Үндеуін оқи отырып, Мемлекет басшысының төтенше жағдай мерзімін ұзартуда дұрыс шешімге келгенін байқадым. Қазіргі кезде коронавирустың екпіні әлі тоқтамай отырғаны бәрімізге белгілі. Егер дер кезінде дұрыс шешім қабылданбаса, осынша уақыт атқарған жұмыс зая кетер еді. Ел Президентінің сөзінше қазіргі уақытта ең бірінші адам өмірі мен қауіпсіздігі басты назарда. Қауіпті вирус басталған шақта дер ...
Толығырақ »КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСАДЫ
Короновирус инфекциясының таралуына байланысты орын алған алған пандемия әлем экономикасына ауыр соққы болды. Әсіресе, Қазақстан сияқты дамушы елдер үшін бұл дағдарыс қиын болып тұр. Өйткені, індетпен бірге мұнай бағасының құлдырауы өндіріс көлемінің құлдырауына, сәйкесінше бюджетке түсімдердің азаюына және жұмыс орындарының қысқаруына әкеп соқтырады. Сондай-ақ, карантин режимі шағын және орта бизнеске үлкен қиындықтар туындатуда. Сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі ...
Толығырақ »ОТАНШЫЛ ХАЛЫҚ ЕКЕНІМІЗДІ КӨРСЕТТІ
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бүгін жасаған мәлімдемесінде карантин мерзімі 11 мамырға дейін созылатыны белгілі болды. Президентіміз қауіпті вирус Қазақстанда кең жайылып кетпеуі үшін осындай күрделі, бірақ аса қажет шешім қабылдады. Кейбір аймақтарда індет шарықтау шегінен өткен сияқты. Бірақ бірқатар өңірде вирустың таралу қаупі әлі де сейілмей отыр. «Мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайды» деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Бұл сөздің артында үлкен қамқорлық жатыр. ...
Толығырақ »БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ МІНДЕТ
Әлемді алаңдатқан COVID-19 пандемиясының қаупі Қазақстанға да өз залалын тигізіп жатыр. Дегенмен билік тарапынан дер кезінде қабылданған жедел шаралар өз нәтижесін беруде. Өзге мемлекеттермен салыстырғанда біздің дәрігерлер мен жауапты сала мамандары індеттің таралу деңгейін бәсеңдетуге үлес қосуда. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев бүгінгі үндеуінде атап өткендей, пандемия өзінің шарықтау шегіне әлі жете қойған жоқ, бұл ретте әлі де карантин талаптарын сақтағанымыз абзал. ...
Толығырақ »