Түркістан облысының орталығы – Түркістан қаласына ресми сапарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шаһардағы «Этноауыл» алаңында ұйымдастырылған «Түркістанға оралу» салтанатты іс-шарасының құрметті қонағы болды. Мемлекет басшысы алаңға жиналған көпшілікті Түркістан облысының құрылуымен құттықтады. «Түркістан – біздің халқымыз үшін үлкен маңызға ие. Орта Азиядағы көне де қасиетті қалалардың бірегейі. 2000 жылы біз Түркістанның 1500 жылдығын атап өттік. Мұнда қазақ халқының ұлы тұлғалары мен ...
Толығырақ »Саясат
ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАНДЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістанға жасаған жұмыс сапарында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев облыс активінде Түркістан қаласын дамыту бойынша кеңес өткізді. Жиында Елбасы Түркістан қаласының дамыту бағытындағы ойларын ортаға салды. «Бүгін еліміздің тарихында бір елеулі уақытта кездесіп отырмыз. Жаңадан Түркістан облысы құрылып, Түркістан қаласы облыс орталығы мәртебесін алды. Түркістанның дамуы, болашағы қалай болады деген сұрақ бойынша әңгімелесеміз. Біріншіден, менің тапсырмам ...
Толығырақ »ВЕНАДА БИЗНЕС ПЕН ИНВЕСТОРЛАРДЫ ҚОРҒАУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
28 қыркүйекте Австрия елордасында қазақстандық-австриялық экономикалық форумының алаңында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен қазақстандық бизнес пен инвесторларды қорғау бойынша жобасы таныстырылды. «Қазақстан бизнесті жеңіл жүргізу үшін барлық жағдайларды жасады. Шетелдік инвесторлар кеңесі тиімді жұмыс істейді. «Астана» Халықаралық қаржы орталығы құрылды, онда ағылшын заңдарының принциптері бойынша тәуелсіз қаржылық сот жұмыс істейді. Біз ЭЫДҰ Инвестициялық комитетінің қауымдастырылған мүшесі ...
Толығырақ »МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖАҢА ЕҢБЕКАҚЫ ЖҮЙЕСІ
Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Елбасы халықтың қажеттілігіне бағытталған кәсіби мемлекеттік қызметтің қалыптасуына аса мән беріп келе жатқаны бәрімізге мәлім. 2015 жылы «Мемлекеттік қызмет туралы» заң қабылданғанға дейін, елімізде конкурстық іріктеу жүйесі жүзеге асырылған. Аталған іріктеуге кез-келген бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға әрбір қабілетті азаматтардың қатысуына мүмкіндік берілген. Біліктілік талаптары мемлекеттік қызметке кіруге ниеттенген кандидаттардың мемлекеттік қызмет саласында тәжірибесі болмаған жағдайда басқа ...
Толығырақ »АЛИК ШПЕКБАЕВ АУЫЛ ОКРУГ ӘКІМДЕРІН ОҚЫТУ ТУРАЛЫ
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысында болды. Сапар барысында ол облыс әкімі Асқар Мырзахметовпен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалының ашылу салтанатына қатысты. Алик Шпекбаев мемлекеттік басқару Академиясының өңірлердегі филиалдарын ашу мемлекеттік қызметшілердің дамуына елеулі үлес қосатындығын және ел дамуына оң әсерін тигізетінін атап өтті. «Жамбыл облысының ...
Толығырақ »Қазақстан Президенті Түркістан қаласын дамыту жөнінде кеңес өткізді
Қазақстан Президенті Түркістан қаласын дамыту жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Жиын барысында Мемлекет басшысына Түркістан қаласын дамытудың жоспары мен перспективалары жөнінде мәлімделіп, облыс орталығын Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшіруге қатысты тапсырмалардың орындалуы туралы баяндалды. – Елімізде жаңадан Түркістан облысының пайда болғаны баршаға мәлім. Бұл орынды шешім деп санаймын. Облыс орталығы енді ...
Толығырақ »АҚЫЛЫ ТЕСТІЛЕУ – ЗАҢСЫЗ!
Бұл туралы орта білім ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша өткен жиын барысында Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов әңгімеледі. Оның айтуынша, білім беру жүйесіндегі проблемалық мәселелердің бірі – мектеп оқушылары арасында ақылы тестілеу өткізу фактілері. Мәселен, Алматы облысында білім бөлімдерінің нұсқауы бойынша оқушыларды тестілеу тұрақты түрде өткізіліп тұрған. Мұндай тестілеудің бағасы әрбір оқушыдан ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ ЕСКЕРТІЛДІ!
Ағымдағы жылдың 7 қыркүйек күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жаңадан құрылған жергілікті және аумақтық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен, персоналды басқару қызметінің өкілдерімен және әдеп жөніндегі уәкілдерімен кездесті. Департамент басшысы Ә.Көмекбаев төрағалық еткен іс-шараға Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Е.Әлімқұлов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлтық бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының ...
Толығырақ »ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕН ХАЛҚЫНА АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевқа алғыс хатын жолдады, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Түркістан облысының елордаға жасаған ерекше сыйы ел Президентінің айрықша көңілінен шығып, Астананы көркейтуге қосқан үлесі үшін Түркістан облысының әкімі мен өңір тұрғындарына шынайы ризашылығын білдірген. Таяуда Астананың 20 жылдығына орай, бірқатар облыстардың атсалысуымен елордада ...
Толығырақ »МЕМҚЫЗМЕТ МӘРТЕБЕСІ МЕН МЕРЕЙІ
Шымшаһарда орын тепкен «Қазақстан Халқы Ассамблеясының» үлкен залындағы «Мемлекеттік қызметшілер күні» және мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығы мерекесі жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастыруы да, жазылған сценариі де, марапатталғандар тізімі де, концерттік бағдарламасы да – көңілге қонымды. Әсіресе, болашағымыздағы «аңыз адамдарды» марапатталғандардың арасынан байқағандай болдық. Мемлекеттік қызметші – қоғам айнасы. Биліктің жарқын келбеті. Мемлекет алдында тұрған талап пен міндетті орындау қоғамның осы тобына жүктелген. Басқару құрылымының жұмысын тиімді жүзеге ...
Толығырақ »МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕРЕКЕСІ
Шымкенттегі Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне және мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өттi. Жиынға Түркiстан облысының әкімі Ж.Түймебаев, Шымкент қаласының әкiмi Ғ.Әбдiрахымов, ҚР семлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев, мәслихат депутаттары және 900-ге жуық мемлекеттік қызметші қатысты. Салтанатты жиында Жансейiт Қансейiтұлы, Ғабидолла Рахметоллаұлы барша мемлекеттiк қызметкерлердi мерекемен құттықтап, қазiргi сәтте мемлекетке ...
Толығырақ »«HIGHVILL» ҮЙЛЕРІ ШЫМҚАЛАДА САЛЫНАДЫ
Шымкентте әлемге әйгілі «Highvill» компаниясы тұрғын үйлер салмақ. Шымкент әкімдігі, «Highvill» құрылыс компаниясы және «Шымкент» ӘКК осындай үш жақты меморандумға қол қойды. Көп қабатты үйлер «Shymkent City» аумағына салынады. Құрылыс компаниясы осы мақсатта 160 млрд теңге шамасында инвестиция құймақ. Компания салатын құрылыс алаңының жалпы ауданы 52 гектарды құрайды, ондағы үйлер кешенінде 5500 пәтер мен 6700 орындық көлік тұрағы қаралған. Компанияның өкілдері ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТІҢ ЖАҢА ЕСКІ ӘКІМІ
Шымкент қаласының жаңа әкімі болып Ғабидолла Әбдірахымов тағайындалды. Бұл қызметте ол Нұрлан Сауранбаевты алмастырды. Мегаполистің жаңа әкімін қалалық активке Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков пен Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев таныстырды. Олар Ғабидолла Әбдірахымовқа сәттілік пен ауқымды жобалардың жүзеге асырылуын тіледі. Айта кетейік, Ғабидолла Әбдірахымов бұған дейін Шымкентті облыс орталығы кезінде басқарған болатын. Қала әкімі қызметіне 40 жасында тағайындалған. Оған дейін ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ӘКІМІ – ТҮЙМЕБАЕВ!
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков жаңадан құрылған Түркістан облыстық мәслихатының сессиясына қатысты. Отырыс барысында Қазақстан Республикасының Премьер — Министрі Бақытжан Сағынтаев Түркістан облысының әкімі лауазымына Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевты тағайындау туралы ұсынысты облыстық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады. Кездесуге қатысқан жергілікті зиялы қауым өкілдері сөз алды. Жазушы Мархабат Байғұт, қоғам қайраткері Ш. ...
Толығырақ »ШАҒЫН АУДАН «АСТАНА» БЕРДІ БІЗГЕ БАСПАНА!
Жаңа «Астана» шағынауданы тұрғындарына пәтер кілттері тапсырылды. Шымкент қаласында «Астананың 20 жылдығына – 20 нысан» акциясы аясында «Астана» шағынауданы мен «Астана» гүлзары ашылды. Сонымен қатар, тұрғындарға облыстық әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында орналасқан осы шағынауданнан жаңа пәтерлердің кілті тапсырылды.Салтанатты іс-шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Нұрлан Сауранбаев көпшілікті осы қуанышты сәтпен құттықтады. – Шымкент – елімізде Астана мен Алматы ...
Толығырақ »ҚАЛА ӘКІМІ ҚҰТТЫҚТАЙДЫ
Қала әкімі Н.Сауранбаевтың Шымкенттің республикалық дәрежедегі қала атануымен құттықтауы Құрметті шымкенттіктер! Қадірлі жерлестер! Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Шымкентке республикалық қала дәрежесін беру туралы Жарлыққа қол қойғанын баршамыз асқан қуанышпен қарсы алып отырмыз. Осы сәттен бастап елімізде үшінші мегаполис, он жетінші аймақ пайда болды. Шынында да тарихи саналатын бұл сәтке біз ұзақ уақыт жеттік. Енді Астана және Алматы тұрғындарымен бірге ...
Толығырақ »ШЫМҚАЛАНЫҢ БАСТАМАСЫ
Шымкенттің төрт ауданында қаланың жаңа дәрежесіне байланысты конференциялар өтті. Осыдан біраз бұрын, 17 мамыр күні Мемлекет басшысы Шымкент үшінші миллионды қала атанғаны туралы ресми мәлімдеген болатын. Аудандарда өткен конференцияларға мыңға жуық адам қатысты. Олар – көшелер мен үй төрайымдары, қаланың ақылдастар кеңесінің мүшелері. Конференциялар барысында тұрғындар осынау оқиғаға қатысты өз пікірлерін белсенді түрде білдіріп, Шымкенттің дәрежесі өзгеруіне байланысты бір ауыздан үндеу қабылдау ...
Толығырақ »МАҢЫЗДЫ МӘЛІМДЕМЕ
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Шымкент қаласы Қазақстанның үшінші мегаполисі атанды. Сіздерді осынау тарихи маңызды оқиғамен құттықтаймыз! Жуырда Мемлекет басшысы өз сөзінде «Қазақстан агломерацияны дамыту стратегиясын жүзеге асыруды бастады. Егер бізде бұған дейін миллион тұрғыны бар тек Алматы қаласы болса, қазір үш мегаполисіміз бар – Алматы, Астана және Шымкент қалалары. Миллионды қала – бұл әрдайым жаңа идеялар, жобалар мен жоспарлар, ауқымды ...
Толығырақ »НОВАЯ РОДСТВЕННИЦА АБЛЯЗОВА?
Итак, шымкентская блогерша Ардак Ашим решением Абайского суда отпущена на свободу. Но поскольку медики признали ее психически невменяемой, суд принял постановление об амбулаторном наблюдении на дому. Но давайте попробуем реально разобраться, как могут сложиться дальнейшие планы нашей героини в ближайшей перспективе? После судебного процесса с участием судмедэкспертов и врачей психдиспансера ее сторонники, адвокат и родные согласились что она, действительно, психически ...
Толығырақ »ҚАЗАҚСТАН – ӨЗБЕКСТАН БИЗНЕС-ФОРУМЫ
Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында өткен Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумында 62 млн. АҚШ долларынан астам сомадағы 8 құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Атап айтқанда, ОҚО әкімдігі өзбекстандық «Alliance textile» кәсіпорнымен Оңтүстіктегі тоқыма өнеркәсібіне инвестиция салу бойынша, ал «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы тоқыма кәсіпорындарын оңалту үшін «Оңтүстік» АЭА-ғы көрші елдің «Казтехинпекс» ЖШС-мен, сонымен бірге медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруге ...
Толығырақ »ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ДАМИ ТҮСПЕК…
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазақстан – Өзбекстан бизнес форумы аясында Өзбекстан Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Адхам Икрамов пен Өзбекстан Республикасының сыртқы сауда министрінің орынбасары Сохиб Сайфназаров бастаған делегацияны қабылдады. Өзбек делегациясымен болған екі жақты кездесуде сауда-экономикалық қарым-қатынасты одан әрі дамытып, тауар айналымын арттыруға бағытталған бірлескен жүйелі жұмыстарды атқару жайы қарастырылды. Өз кезінде Өзбекстан Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Адхам ...
Толығырақ »KADEX-ТІ ЕШКІМ «ҚАДАП» КЕТПЕСІН ДЕСЕК…
Елордамыз Астана қаласында үстіміздегі жылы мамыр айының 23-26 жұлдыздары аралығында ҚР Қарулы Күштерінің қажеттіліктеріне сәйкес отандық кәсіпорындардың мүмкіндіктерін кеңейту және даму перспективалары, олардың өнімін шетелдік нарыққа ұсынуға жәрдемдесу мақсатында «KADEX – 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық V Халықаралық көрмесі өтеді. Авиациялық техникаларды, ғарыш технологияларын, ІТ технологияларды, байланыс жүйелері мен құралдарын, робототехника мен баламалы қуат көздерін көрсетуге бағытталған көрмеде жетекші әлемдік өндірушілердің ...
Толығырақ »ТҮЙМЕБАЕВТЫ «ТЕНТІРЕТКЕН» ТҰЛҒАЛАРДЫ ТАНЫМАДЫҚ…
Өткен апта соңында ел назарын өзіне аударған бірқатар мәдени-тарихи шара ұйымдастырылды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Бәйдібек ауданының 90 жылдығына және ақын Орынбай Таймановтың 150 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өткізілді. Оған ел сүйіспеншілігіне бөленген айтыс ақындары Ақмарал Леубаева (Бәйдібек ауданы), Нұрлыбек Мейірманов (Бәйдібек ауданы), Қажымұқан Абзалов (Бәйдібек ауданы), Біржан Байтуов (Бәйдібек ауданы), Нұрғали Әнапия (Шымкент қаласы), ...
Толығырақ »САУАТСЫЗДЫҚТЫ ЖЕҢЕ АЛМАЙ КЕЛЕ ЖАТҚАН ШЫМКЕНТІМ-АЙ!..
Шымқала тұрғындары да бүкіл еліміз сияқты Ұлы Жеңіс күнін мерекелеп, аталар ерлігіне тағзым етті. Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында «Шымкенттіктер Ұлы Жеңіс күні мерекесін атап өтті» деген ақпарат та жарияланды. Әттеген-айы сол, шала сауатты жазылған сөйлемдердің астарында ерлікті де, тағзым етушілерді де қасақана мазақ етіп отырған базбіреудің шикі әрекеті есіп тұрғандай. Мәселен, «Әр қазақстандықтың үйінде сонау сұрапыл соғыстың ...
Толығырақ »ЖЕР ТЕЛІМІН МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРҒАН…
Шымкент қаласының әкімдігі Қошқар ата өзені бойын абаттандыруға үлес қосқан 28 азаматқа алғыс білдіреді. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ғабит Мәуленқұлов мәлімдеді. – Қошқар ата өзенінің бойын абаттандыру жұмысының бірінші кезеңі бойынша өзеннің екі жағалауынан 10 метр жерді абаттандыру жоспарланған болатын. Дегенмен, бұл жұмысқа өзен бойындағы 96 жер учаскесі кедергі келтірді. Оның 20-сы – үй, 14 – жеңіл құрылыс нысаны, 33 ...
Толығырақ »