Ордабасы ауданындағы Қалдыбай Бектаев атындағы жалпы орта мектебінің жас та жаңашыл директоры Гүлнұр Сүлейменованың бастамасымен ауыл азаматтарының басы қосылып, «Туған жерге тағзым!» акциясы өтті. Акция нәтижесінде оқу ордасының ауласында алақандай ауылдан Ұлы Отан соғысына аттанған 200 ардагердің есімі қашалған ескерткіш бой көтеріп, мәңгілік алау жағылды. Ескерткіштің салтанатты ашылуына Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Омарбеков, ауыл ардагерлері, аудан мен облыс зиялы қауым ...
Толығырақ »Саясат
ОН ҮШ – СИҚЫРЛЫ САН…
Иә, еліміздің 13-өңірінде жайғасқан ауыл шаруашылығына орта буын мамандар дайындайтын іргелі он оқу орнының бірі – Шымкент аграрлық колледжінің он үшінші директоры болып білікті маман, ұлағатты ұстаз, заңгер, педагогика ғылымдарының магистрі, «Нұр Отан» партиясының «Өркениет» бастауыш ұйымының төрайымы Гауһар Алпысбайқызы Бекбергенованың тағайындалғанына аса көп уақыт бола қойған жоқ. Десек те, осы қысқа мерзім ішінде атқарған сан алуан шаруалары шаш етектен екеніне көз жеткіздік. Бардық, ...
Толығырақ »ТАШКЕНТТЕ ТАРИХИ ӘДІЛЕТТІК ОРНАЙДЫ
Генерал Сабыр Рахимовтың ескерткіші бұрынғы орнына қайтарылатын болды. Бұл туралы Өзбекстан Республикасының Президенті Шавқат Мирзияев мәлімдеді. 2011 жылдың қысында Гафур Гулямның саябағына орнын ауыстырған ескерткіштің қайта орнына оралуы – тарихи әділеттіктің орнауы деді көрші мемлекет басшысы. «Бұл істі 9-мамырға дейін аяқтасақ, жөн болар еді», – деді ол. Ескерткіш 1981 жылы Сабыр Рахимов ауданы хокимиятының алдында ашылған болатын. 2010 жылы бұл ...
Толығырақ »Гульжан Ергалиева объявлена в розыск
По информации портала 365info, 20 апреля Сарыаркинский районный суд Астаны постановил Медеускому РУВД разыскать журналиста для принудительной явки в суд о клевете. В телефонной беседе с журналистом Гульжан Хамитовна отказалась что-либо комментировать. По ее словам, она ничего об этом не знает и не получала на руки постановление суда. Соцсети раздора Частным обвинителем против Гульжан Ергалиевой выступает известный адвокат Асхат Оразаев. ...
Толығырақ »ТІРКЕУСІЗ ТҰРУ ТОҚТАСЫН!
24 сәуірде «Қауіпсіз аула» және «Көрші назары» жобалары аясында Шымкентте «Тіркеу» жедел профилактикалық іс-шарасы бастау алады. Полиция қызметкерлері тіркелмей тұрып жатқан азаматтарды анықтайды. Сондықтан құжаттарыңызды тексеріп, тұрғылықты мекенжайларыңыз бойынша тіркеліп үлгеріңіздер. Қолға алған осы жедел профилактикалық іс-шара 28 сәуірге дейін созылатынын естеріңізге саламыз. PS. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінен: 492-бап. Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру ...
Толығырақ »ТУРИЗМ КЛАСТЕРІ ДАМИ ТҮСЕДІ
Шымкентте туризм кластерін дамыту жайы талқыланды. Өткен жылдың өткен 10 айында Шымкент қаласына ел аумағынан, сондай-ақ, шет елдерден 18 мыңнан астам адам демалуға келіпті. Мамандар өз кезегінде, бұл көрсеткіш әлі де болса өз межесінен төмен екендігін айтады. Яғни, Шымкент қаласы әлі күнге туристік бағытты жандандыруда тиісті рөлге ие бола алмай келеді. «Шымкент» қонақ үйінің мәжіліс залында «Қазақстан – 2050» Жалпыұлттық ...
Толығырақ »ҚЫТАЙ ИНВЕСТОРЫНЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ
«Tие Жиан» «CRCC» компаниясы «Шымкент Сити» жобасына қызығушылық танытты. «Шымкент Сити» жаңа іскерлік және тұрғын үй кешені мен қала ішіндегі жүк тасымалдау саласына ҚХР «Tие Жиан» (China Railway Construction Corporation Limited Representative Office in Kazakhstan) компаниясы қызығушылық танытуда. Шымкент қаласы әкімдігінде өткен кездесуде ҚХР «Tие Жиан» компаниясының Қазақстандағы өкілі Ся Цзямин осылай деп мәлімдеді. Екі жақты кездесу барысында қытайлық инвестор Шымкент қаласы әкімдігінің фронт-офис орталығында инвесторларға қызмет көрсетудегі ыңғайлы жағдай жасалғандығын атап ...
Толығырақ »ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШІРІЛДІ
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласында орналасқан №7 халыққа қызмет көрсету орталығы көлемі 450 шаршы метрді құрайтын заманауи фронт-офисте жұмыс істей бастады. Бөлімнің жаңа, әрі ыңғайлы нысанға көшірілгеніне, әсіресе, Әл-Фараби ауданының тұрғындары дән риза. Кең ғимаратта мемлекеттік қызметтерді тиімді және сапалы көрсету үшін барлық жағдай қарастырылған. Мұнда 20 жұмыс орны бар. Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін «Connection Point» өз-өзіне қызмет ...
Толығырақ »КЕШЕ – «КӨНЕ», ЕРТЕҢ – ЖАҢА!..
Шымкенттің ескі қалашығы жаңару дəуіріне қадам баспақ. Қалалық әкімдік көне қалашықтың орнын сақтап қалуды ғана емес, қайта жаңартуды көздейді. Бұл туралы Шымкенттің бас сәулетшісі Нұрлан Архабаев мәлімдеді. Шаһар әкімдігінің көне қалашыққа қатысты жасаған арнайы жоспары бар. Жуырда қала әкімі бастаған топ Шымкенттің ескі бөлігін аралап шықты. – Жұмысшы топ Цитадельде болдық, Қошқар ата өзені бойымен Жангелдин көшесіне дейін жүріп шықтық, ...
Толығырақ »ИНВЕСТОРЛАР ШЫМКЕНТТІҢ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУЫНА МҮДДЕЛІ
Шымкенттегі «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінде қала әкімдігінің ұйымдастыруымен «Шымкент – Қазақстандағы үшінші мегаполис» атты инвестициялық кездесу өтті. Кездесуде шаһардың инвестициялық мүмкіндіктері сөз болып, үшінші қаланың 2020 жылдарға арналған даму тұжырымдамасындағы заманауи жобалар таныстырылды. Бір қуанарлығы, Елбасы Н.Назарбаев Шымкентке келген сайын қаланың шырайланып келе жатқанын, көркем көрінісін әрқашан назарынан тыс қалдырмайтындығын үнемі айтып келеді. Елбасы тапсырмасына орай Шымкент болашақта өзгеше бағытпен дамып, қала ...
Толығырақ »КӨНЕ ҚАЛАНЫҢ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ – 02
Біз барғанда, төбенің басында он шақты адам қызу жұмыс үстінде екен. Мұнда Ә.Марғұлан атындағы археология институтының және М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ғылыми қызметкерлері 1 қыркүйектен бері қазба жұмысын жүргізіп жатыр. Бірі топырақ бетін жәймендеп аршып жатса, енді бірі қазылған топырақты арбамен әрірек апарып, төгіп жатыр. Ал әнебір жерде шағын үстел, орындыққа жайғасқан бір үлкен кісі қағаз бетіне бірнәрсе түсіріп отыр. Екінші ...
Толығырақ »КӨНЕ ҚАЛАНЫҢ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ – 01
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының шыққанына жарты жылдан асса, осы алты айдың ішінде елімізде ауқымды жобалар қолға алынып, жүзеге асуда. Көптеген тың бастамалар, ұлағатты істер Оңтүстіктен бастау алатыны белгілі. Облыс орталығы Шымкент қаласының күніне орай шаһарда күн сайын маңызды жиындар, қызықты шаралар өтуде. Солардың бірі, бірегей археологиялық нысан «Шымкент» көне қалашығында қарқын алған қазба жұмыстары. Біз сол ...
Толығырақ »«KAZAKH INVEST» ӨКІЛДІГІ – ШЫМКЕНТТЕ!
Оңтүстік Қазақстан облысында елге шетелдік инвестициялар тарту және осы бағыттағы жұмысты ұйымдастыру мақсатында “KAZAKH INVEST” Ұлттық компаниясы” АҚ өңірлік өкілдігінің жұмыс істей бастағанына бір жылға жуықтады. Өткен жылдың маусымында Шымкент шаһарында ашылған өкілдік Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан шетелдік компаниялардың басшыларымен, сондай-ақ аймақта өндірісін бастауға ниетті әлеуетті инвесторларға қажетті қолдау көрсету мақсатында бірқатар кездесулер өткізді. Қазіргі таңда да бірқатар шетел компанияларымен ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ ИНВЕСТОРЛАРДЫ ШАҚЫРАДЫ!
Еліміздің Оңтүстігінде орналасқан шуақты шаһар Шымкентіміз инвесторлар үшін ең тиімді қала десек, қателесе қоймаймыз. Өйткені, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына инвестиция құйған кәсіпкерлер еш ұтылмайтыны айдан анық белгілі болып тұр. Неге дейсіздер ғой? Бұның онан астам себебі бар: Үшінші мегаполис атанып келе жатқан Шымкенттің бүгінгі таңда бір миллионға жуық тұрғыны бар. Шымкент орталығы болып табылатын Оңтүстік Қазақстан облысында 3 миллион тұрғын тұрады. ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕГІ «АШЫҚ АСПАН» – АДАМЗАТҚА ҒАШЫҚ АСПАН!
Биыл Шымкентте Наурыз мейрамын атап өту бағдарламасы ерекше іс-шарамен есте қалды. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған «Ashyq Aspan»халықаралық әуе шарлары фестиваліне Қазақстан, Ресей, Украина, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан және т.б. елдердің үздік әуеде бағыттаушы мамандары жиналды. Қалалық әкімдіктің ұйытқы болуымен өткен алғашқы іс-шара елімізде бұрын-соңды ұйымдастырылмаған. Әуе шарлары фестивалінің бастамасы ретінде есте қалған мұндай халықаралық жарқын іс-шара әлемнің АҚШ, Түркия, Ұлыбритания мен ...
Толығырақ »ЖЕРҰЙЫҚ ІЗДЕСЕҢ, ШЫМКЕНТКЕ КЕЛ! – 03
Жалпы, Оңтүстік туризмі Шымкенттен басталады. Қала Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы болғандықтан, аумақтың түкпір-түкпіріне апаратын барлық туристік бағыттар шаһардан бастау алады. Қалада мамандандырылған 20 арнайы фирмалар мен мекемелер туристік қызмет көрсетумен айналысады. Туристік бағыттар тарихи орындар мен экзотикалық аудандарға барып, аң-құс, балық аулау, тау туризмі және мәдени-архитектуралық ескерткіштерді таныстыру секілді салаларды қамтиды. Шымкентке жақын аймақта орналасқан, табиғаты ғажайып Ақмешіт, Біркөлік ...
Толығырақ »ЖЕРҰЙЫҚ ІЗДЕСЕҢ, ШЫМКЕНТКЕ КЕЛ! – 02
Шымкентте Қазақстандағы ең үлкен әрі теңдесі жоқ дендросаябақ бар. 1979 жылы іргесі қаланған саябақта бүгінде 600-ге жуық өсімдік түрі өседі және шағын көлінде аққу, қаздар жүзіп жүреді. Туристерді бұдан кейін зообақ күтеді. Онда мыңдаған аң-құс тіршілік етеді. Қала аумағында саяхат жасап жүрген меймандар бір сәтке жаңа «Жайлаукөл» демалыс саябағына аялдай алады. Осында орналасқан Орталық Азиядағы ең биік «Altyn eye» ...
Толығырақ »ЖЕРҰЙЫҚ ІЗДЕСЕҢ, ШЫМКЕНТКЕ КЕЛ! – 01
Туризм әлемдік экономиканың ажырамас бөлігіне айналғаны қашан. Дүниежүзілік туристік ұйымның мәліметіне сүйенсек, қазіргі әлемдік туризм өнеркәсібінен түскен табыс мұнай экспорты мен мұнай өнімдері және автокөлік табысынан кейінгі 3-орында тұр екен. Бұл саланы дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын көптеп ашып, ұлттық табысын молайтып отырған елдер көп. Осы орайда елімізде, оның ішінде Оңтүстікте де қарқынды дамып отыр деп айта алмаймыз. Десек те, ...
Толығырақ »ДЕНДРОСАЯБАҚ ТУРИСТЕРДІ ШАҚЫРАДЫ!
Дендросаябақта 4-5 жылдан бері тоқтап тұрған жылқымен серуендеу қызметі өз жұмысын қайта бастады. Әзірге мұнда 3 жылқы бар. Алдағы уақытта Қамбар ата төлінің саны тағы бірнеше есеге артады деп күтілуде. Көктем келіп, күн жылынғалы дендросаябақта адам қарасы көбейе түсті. Таза ауамен тыныстауға, той алдындағы қыдыруға, аққуларды көруге, велосипед тебуге, жаттығу жасауға онсыз да осында келетін жұрт енді атпен серуендеуге арнайы ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ – ТУРИЗМ АСТАНАСЫ?!
Несі бар, туризм астанасына айналатындай шырайлы Шымқаламыздың толық мүмкіндігі жетерлік. Осындағы әлеуметтік нысандар мен демалыс орындары, қасиетті орындар мен киелі мекендер, әулиелі жерлер мен көненің көзіндей болып қалған тарихи құнды жәдігерлер – миллиондаған саяхатшылардың назарын күншуақта орын тепкен үшінші мегаполиске еріксіз аударуда. Шымкент қалалық кәсіпкерлік бөлімінің туризм секторы Шымшаһарымызда туризмді дамытуға арналған көптеген игі шараларды ұйымдастыруы да жайдан жай емес шығар. «Шымкентте туризмді дамыту үшін ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕГІ «КЕЙБІРЕУ» МЕН «КЕЙБІРІ»…
Иә, Шымкент қаласы әкімдігіндегі «кейбіреу» дәл осылай жазады да, оның сауаттылығын қадағалауға тиіс «кейбірі» оған еш мән бермейді. Әкімдіктің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланған жаңа жазба бізді бұрынғыдан бетер таң қалдырды. Мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік тілімізді мұншалықты құрметтемейтіні өз алдына, келеке-мазақ етуіне жол болсын! Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаевтың да қазақ тіліне шорқақ болғаны ма? Неге бұндай олқылықтарға жол беріп отыр ...
Толығырақ »ПАЦИЕНТЫ ПАЛАТЫ №6
Почему Мухтар Аблязов защищает Ардак Ашим? Весна бушует в Шымкенте. Вместе с природой просыпается и оживляется общество. А у больных обостряются заболевания, в том числе психические. Местную блогершу Ардак Ашим поместили в психоневрологическую клинику. Это вызвало большой ажиотаж. Народ зашумел: мол, активного борца за справедливость изолировали от общества, закрыли в «психушку». Массовый психоз в своих целях попытался использовать еще один ...
Толығырақ »САРЫАҒАШТА БАСТАУ АЛДЫ
Оңтүстік Қазақстан облысында жарияланған «Зорлық-зомбылықсыз Оңтүстік» акциясы Сарыағаш ауданында бастау алды. Мақсаты – оқушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылық нені білдіретінін түсіндіріп, отбасындағы бала тәрбиесі туралы кеңінен насихаттау. Облыс әкімінің бастамасымен жарияланған «Зорлық-зомбылықсыз Оңтүстік» акциясына сарыағаштық 600 оқушы қатысты. Аталған іс- шараға ауыл ардагерлері, ата-аналар мен БАҚ өкілдері қатысты. Онда ауыл ақсақалдары тəрбие тал бесіктен басталатынын айтып, елді ынтымаққа жəне баланы дұрыс тəрбилеуге ...
Толығырақ »ГРОМКИЙ ЗАГОЛОВОК – ПУСТОЙ ЗВУК?
«Обысками в редакциях полиция опозорила Казахстан перед всем миром» – истерично сообщают журналисты Ratel.kz и тут же приводят «внушительный» список зарубежных СМИ, которые «пишут о беспределе в отношении журналистов Ratel.kz и Forbes Kazakhstan»: РИА Новости: «В редакциях Ratel.kz и Forbes Kazakhstan идут обыски». «Новая газета» (Россия): «В Казахстане начались обыски в редакциях Forbes и портала расследований Ratel.kz. Редакторов увезли в неизвестном направлении». ...
Толығырақ »«АНАЛДЫ» ДЕП ЖАЗҒАН КІМ? «РЕСМИ ӨКІЛ» МЕ, БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ МА?
Иә, Шымкент қаласы әкімдігінің facebook әлеуметтік желідегі ресми парақшасын оқып, не күлерімізді, не жыларымызды білмей қалдық. Мәселен, жазбаның бірі: «Шымкентте қалалық ипподром алаңында шынымен де ғажайып іс-шара болды», – деп тұр. Қандай керемет! Ел-жұрттың қалай бағалағаны не керек осыдан соң? Қала әкімдігі өзі ұйымдастырған шараларға өзі жоғары баға беретін болған екен ғой! Көптің көңілінен шықты ма, шықпады ма – бәрі-бір ме ...
Толығырақ »