Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары (страница 108)

Қазақстан жаңалықтары

Қылмысты жасыру да – қылмыс!

Қылмысқа қарсы күрес кезінде қылмыстық заңнамамен бекітілген жасырын болу жауапкершілігі маңызды рөл атқарады. Жазаның алдын алу құны оның қатыгездікке емес, оның сөзсіз болуына байланысты. Қылмыс үшін ауыр жаза тағайындалуы маңызды емес, бірақ ешқандай қылмыс оқиғасы жария етілмегені маңызды. Осылайша, барлық қылмыстарды ашу қылмыспен күресудің маңызды шарттарының бірі, жазаның сөзсіздігі принципінің негізгі мазмұны болып табылады. Сол қылмыстарды жасыру – бұл қылмыспен ...

Толығырақ »

КӨРМЕСІ ӨТУДЕ

Облыстық бейнелеу өнері музейінде «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» аясындағы ХХ-шы TURKSOY ұйымына мүше елдер суретшілері пленэрінде салынған жұмыстардың  қорытынды көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Пленэрге 9 шет мемлекеттерден, яғни, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Босния-Герцеговина, Украина, Болгария, Молдавия, Башқұрстан, Азербайжан елдерінен   15 суретші, ал еліміздің  Астана, Алматы, Павлодар, Шымкент қалаларынан 13 кәсіби суретшілер және Қазақстанның еңбек  сіңірген  қайраткерлері, ҚР ...

Толығырақ »

ОҢТҮСТІКТЕН – СОЛТҮСТІККЕ!

Оңтүстік Қазақстан облысынан 36 отбасы Солтүстікке жолға шықты. Олардың ішінде әзірге екі отбасы Ақтоғай ауданына қоныс аударуға барса, қалғандары ондағы жағдаймен танысып, мүмкіндіктерді қарастырып алмақ ниетте. Сарыағаш ауданы Абай аулының тұрғыны Сейдалы Әшірбаев осыдан бір ай бұрын аталған ауданға барып, ондағы тыныс-тіршілікті көзбен көріп қайтыпты. Тұрғынның айтуынша, аудан ауыл шаруашылығын дамытуға сұранып тұр. Ендігі жерде ол қолайлы ауа райы мен ...

Толығырақ »

«ЭКСПО – 2017» КӨРМЕСІН АРАЛАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірлік делегациямен Астана қаласында өтіп жатқан «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесін аралап көрді. Ең алдымен, облыстан барған делегация «Нұр Әлем» павильонын аралады. Сфера ішінде орналасқан ұлттық павильон мен 2050 жылғы Қазақстанның астанасы «Болашақ Астана» композициясын,  қазақстандық ғалымдардың ең озық жобаларын тамашалады. Бұл – диаметрі 80 метр, биіктігі 100 метрді құрайтын шар түрінде салынған әлемдегі ...

Толығырақ »

РЕСЕЙГЕ ЭКСПОРТТАЛМАҚ

Шымкентте шығарылған аяқ киімдерге бүгінде сұраныс артып, импортты алмастырып келеді. «Қазақстанда жасалған» деген таңбамен ел нарығында сатылып жатқан аяқ киімдер былғары және қолтырауын терілерінен жасалады. «Заря» деген сауда белгісімен өнім шығаратын цех ерлер, әйелдер және балаларға арналған қыстық, жаздық және спорттық секілді 27 түрлі аяқ киім шығарады. Қазіргі заманға лайықты 180 модель тігіледі. Өнімдер шетелдіктен еш кем емес екенін айтқан ...

Толығырақ »

ДОМБЫРАНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ НҰСҚАСЫ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған ұлттық кодымызды жаңғырту мақсатында оңтүстікқазақстандық өнертапқыш домбыраның электронды нұсқасын ойлап тауып, қолданысқа енгізді. Енді домбыраны ұялы телефоныңыздан тартып, ән шырқауыңызға болады. Егер үйренгіңізге келсе, тегін  жүктеуге де мүмкіндік туып отыр.  «Apple» компаниясы мақұлдаған бұл бағдарламаның авторы – оңтүстікқазақстандық  ІT маман  Нұрлан Қамбар. Өнертапқыш жігіт аталған бағдарламаны жуырда ғана АҚШ-тағы «Apple» компаниясына мақұлдатып, авторлық ...

Толығырақ »

«QAZAQ ARBASY»-ЫН ОЙЛАП ТАПТЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлттық кодты сақтай білу арқылы ұлттық сананы жаңғырту жайын айтқан еді. «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық  дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», – деген-ді Мемлекет басшысы. ...

Толығырақ »

ЗАУЫТ САЛУДЫ ҚАРАСТЫРУДА

Біріккен Араб Әмірлігінің «Schneider & Danzey FZC» компаниясы Оңтүстік Қазақстан облысынан тұрмыстық қатты заттарды қайта өңдеуден өткізетін зауыт құрлысын салуға ниетті. Бұл туралы аталған компанияның басшылары Йорга Шнайдер мен Крейг Дензидің Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевпен кездесуінде мәлім болды. Кездесу барысында қонақтар өңір басшысына компания туралы толық ақпарат беріп, іске асырылғалы отырған инвестициялық жобасын таныстырды. 25 жылдық тарихы бар ...

Толығырақ »

ТАУҒА ШЫҚҚАНДА САҚ БОЛЫҢЫЗ

2017 жылғы 14 тамызда сағат 13:31-де Төлеби ауданы, Сайрам-су тауларында «Кіргелі» шатқалында 1985 және 1986 жылы туылған азаматтар 12 тамызда тауға шығып, қайта оралмағандығы және байланысқа шықпағандығы туралы хабар келіп түскен. Сағат 14:25-те хабарды алысымен, жедел-құтқару жасақтың жеке құрамында 5 адам және 1 техникасы көрсетілген мекенжай бойынша шығып кетті. Оқиға орнына сағат 16:27-де жетіп келіп, шұғыл түрде іздестіру жұмыстарына кірісті. ...

Толығырақ »

ИНВЕСТИЦИЯ САЛМАҚ

Оңтүстік Қазақстан облысы мен Словакия Республикасының арасындағы экономикалық қарым-қатынас одан әрі дами түспек.  Екі жақты әріптестік әлеуетті арттыру мақсатында шетелдіктер өңіріміздегі денсаулық сақтау мен туризм саласына инвестиция салуға дайын. Бұл туралы  Словакия Республикасының ҚР-дағы төтенше және өкілетті елшісі Петер Юза бастаған делегация мен  Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың кездесуінде мәлім болды. Делегация құрамында Словакияның Оңтүстік Қазақстан облысындағы құрметті консулы ...

Толығырақ »

3 МЫҢНАН АСТАМ КӘСІПКЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН

Оңтүстік Қазақстан облыстық Кәсіпкерлік палатасы бизнеспен айналысқысы келетін жеке тұлғаларға қаржылық емес қолдау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді.  Атап айтқанда,  2015 жылдан бүгінгі күнге дейн палата тарапынан  13 мыңнан аса шағын және орта бизнес өкілдері тегін қызмет түрлерін алған. Ал, биылғы  жылдың басынан  3 мыңнан аса кәсіпкерге  5491 қызмет түрі көрсетілді. Бұл туралы бүгін өңірлік палатаның директоры Асқар Әбубәкіров ОҚО ...

Толығырақ »

БІР АЙЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТЕДІ

Оңтүстік Қазақстанда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы бірқатар тапсырмаларды іске асыру жұмыстары жан-жақты жүргізілуде. Таяуда күнгейлік жұртшылық рухани жаңарудан бұрын, ең алдымен, қоғамдық сананы жаңғырту, яғни оны тазалықтан бастау қажеттігін ескеріп, облыс көлемінде арнайы сенбілік ұйымдастырды. 34 мыңға жуық адам мен 250-ден астам техника жұмылдырылған шарада 915,8 шқ. көше бойлары мен 391,15 шқ. жаяу жүргіншілер жолы, 196 840 ...

Толығырақ »

КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН БАСТАМАҚ

Қытайлық кәсіпкерлер Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданынан 200 МВт-тық энергия өндіретін күн электр станциясының құрылысын бастамақ. Бұл туралы қытайлық «Циндао Бэйхай» компаниясының арнайы өкілі Минг Ие Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевпен кездесуінде мәлім етті. Кездесу барысында жергілікті билік аталған жобаны жүзеге асыруға қажетті 300 гектар жер телімін бөліп, барлық инфрақұрылымдық қажеттіліктермен қамтамасыз етіп беретін болып келісілді. Сондай-ақ екіжақты келісімге ...

Толығырақ »

ОҢТҮСТІКТІҢ ҚҰНДЫ ТАРИХЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев елімізге белгілі шығыстанушы, дінтанушы азамат Әбсаттар қажы Дербісәлімен кездесті. Басқосуда тараптар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жөнінде әңгімелесіп, Оңтүстіктің тарихы, әдебиеті мен мәдениет, ұлттық бірігуі жайлы сөз қозғады. Руханият саласында талай жылдардан бері түрлі зерттеулер жүргізіп келе жатқан әдебиет зерттеушісі облыс басшысын соңғы уақытта жарыққа шыққан еңбектерімен таныстырып, Оңтүстікке қатысты шығармалар топтамасын ...

Толығырақ »

БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫНДАР ҚҰРУҒА НИЕТТІ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Венгриядан келген бір топ делегациямен кездесті. Делегация құрамында Яс Надькун Сольнюк аймағының мәжіліс төрағасы Шандор Ковач, Венгрияның Алматыдағы бас консулы Блауманн Ференц, Венгрияның Қазақстандағы құрметті консулы Ласло Хорват бар. Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық, мәдени байланыстар төңірегінде әңгіме өрбітіп, пікір алмасты. Өңір басшысы қонақтарға Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық даму қарқынын баяндап, шетелдік инвесторларға көрсетілетін ...

Толығырақ »

ОҢТҮСТІК ЖАСТАРЫН ОҚУҒА ШАҚЫРАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қостанай облысындағы Рудный индустриялық институтының ректоры, профессор Әбдірахман Найзабековты қабылдады. Кездесуде тараптар еліміздегі білім беру жүйесі мен оған мемлекеттен жасалып жатқан қамқорлық жайын сөз етіп, осы мәселер аясында жүзеге асырылып жатқан түрлі бағдарламалар туралы әңгімелесті. Әсіресе, облыс басшысы өңіріміздегі жастарды «Серпін-2050» бағдарламасы аясында Солтүстіктегі өзі басқаратын оқу орнына шақыра келген қонақтың ұсынысын құп көріп, ...

Толығырақ »

11 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПӘТЕР САЛЫП ЖАТЫР

Оңтүстік Қазақстан облысында «Құрылысшылар күні» кәсіби мерекесі аталып өтті. Тамыз айының екінші жексенбісінде тойланатын осынау мейрамда аталған кәсіп иелерін құттықтаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бұл саланы дамыту бүгінде мемлекеттің өзекті экономикалық және саяси міндеті болып табылатынын жеткізді. «Құрылыс индустриясының өркендеуі, әлеуметтік маңызды нысандардың салынуы әлемдегі отыздыққа ұмтылған елімізде ерекше орын алады. Соңғы жылдары құрылыс нысандарын салуға арналған инвестициялар көлемі республикалық, ...

Толығырақ »

ТӨРТ ҚҰЖАТ ТҮЗІЛДІ

Оңтүстік Қазақстан облысына Батыс Қазақстан облысынан бір топ делегация жұмыс сапарымен келді. Өңіраралық кооперацияның дамуын жолға қою мақсатымен келген жұмысшы топтың жетекшісі – Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновке арнайы сапары үшін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев алғысын білдіріп, Оңтүстіктің әлеуметтік-экономикалық ахуалымен таныстырды. «Бүгінгі жиналысымыздың мақсаты өңірлер арасында экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өзге де салаларда тығыз ынтымақтастық орната отырып, өзара тауар айналымын ...

Толығырақ »

ІШКІ КӨЛІК ЖОЛДАРЫН ДАМЫТУ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласы аумағындағы жол-құрылыс нысандарын аралап, бүгінгі ахуалымен танысты. Ең алдымен, аймақ басшысы облыс орталығы – Шымкентті Сайрам ауданының Ақсукент ауылымен және Түлкібас ауданын қосатын негізгі транспорттық жол торабы болып табылатын Жібек жолы көшесінің қайта құру жұмыстарын көрді. Пазиков көшесінен Кіші айналма жолына дейін, Арғынбеков көшесі қиылысының жол айрығымен бірге реттеліп жатқан жолдың жалпы ...

Толығырақ »

ТУРИЗМДІ ДАМЫТУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

Жол мұраты – жету. Ал діттеген жеріңе шаршамай, қиындықсыз баруға жол бойындағы сервистік қызметтер мен инфрақұрылымдық нысандардың талапқа сай болуы зор маңызға ие. Бұл жөнінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіндегі жол құрылысының барысымен танысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. «Елдің өркендеп, кемелденгенін білгің келсе, жолына қара» деген сөз бекер айтылмаған. Барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынастары айрықша ...

Толығырақ »

«ЭКСПО»-ДАН ОРАЛДЫ

Таяуда ғана елордасы – Астанаға аттанған оңтүстікқазақстандық 150 ерікті «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне келуші қонақтарға бір айдан астам уақыт бойы қызмет көрсетіп, бүгін Оңтүстікке оралды. Жас полиглоттар 35 күн бойы айтулы халықаралық шараға қатысып, шетелдік меймандарға көрменің жеке аймақ павильондарын таныстырып, мәртебелі шараға белсене атсалысып қайтты. Күнгейлік жас толқынның еңбегін елеген ұйымдастырушылар тарапы үш тілді жетік меңгерген жастарға зор ...

Толығырақ »

АУЫЛЫН СҮЙМЕГЕН АЛАШЫН СҮЙЕ АЛМАЙДЫ

Қазақстан өзiнiң ширек ғасырлық тарихында ғасырларға бергiсiз даму жолынан өттi. Небәрi жиырма бес жылда халқының ынтымағы жарасқан, экономикасы өркендеген, бүкiл әлемге бейбiтшiл ел ретiнде танылған iргелi мемлекетке айналды. Осыдан 20 жыл бұрын қабылданған «Қазақстан — 2030» стратегиясын уақытынан бұрын орындап, ендi «Қазақстан — 2050» мақсаттарына қарай қадам басты. Ендiгi мақсатымыз айқын, ол – әлемдегi бәсекеге қабiлеттi 30 мемлекеттiң қатарына қосылу. ...

Толығырақ »

ХАЛЫҚҚА КЕҢІНЕН ТҮСІНДІРУ ҚАЖЕТ

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында «Өрлеу» жобасын іске асыру үшін 7,3 млрд. тенге бөлініп отыр.  Бұл қаражатқа 126 мың адамға шартты ақшалай көмек көрсетіліп, 27,3 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған.  Әзірдің өзінде облыстың барлық аудан, қалаларында 1630 отбасыға 445,0 млн. теңгеге шартты ақшалай көмек беріліп, еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің 95,2 пайызы жұмыспен қамтылған. Бұл туралы облыс әкімі Ж: Түймебаевтың төрағалығымен өткен ...

Толығырақ »

ТУРИСТЕР САНЫ АРТҚАН

2017 жылдың алғашқы жарты жылдығында Оңтүстік Қазақстан облысына 52 850 шетелдік және отандық туристер (былтыр 33 мың турист келген) саяхаттауға келген. Оның 3600-і (2016 ж. І жарты жылдығында 2883 шетелдік турист келген) шетелдік қонақтар. Бұл өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 50%-ға көп. Бұл туралы ОҚО кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының өкілдері хабарлады. Шетелдік туристерді ежелгі Түркістан, Отырар аудандарының тарихи ...

Толығырақ »

116 НЫСАН БЕРІЛЕДІ

Оңтүстік Қазақстан облысында жыл соңына дейін 209 нысанның 116-ын пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр. Соның ішінде 1 қыркүйек күні 20 мектеп ел игілігіне берілмек. Аталған 209 инвестициялық жобаның іске асырылуына 64,9 млрд. теңге бағытталған. Бүгін бұл туралы облыс әкімі Ж.Түймебаевтың қатысуымен өткен селкторлық отырыста облыстық құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашев мәлім етті. Құрылысы жоспарланған 209 нысанның 93-і 2018 жылға өтпелі. Атап ...

Толығырақ »