Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2020 » Апрель (страница 20)

Месячные архивы: Апрель 2020

ТӘРТІП ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Қала аумағындағы «Халық банк», «Каспий банк» және «Қазпочта» филиалдарындағы жағдай қалыпты. Қазір бөлімшелерден келушілерге арналған күту орындары дайындалған. Мәселен, Темірлан тас жолы бойындағы «Халық Банк» бөлімшесі алдынан күтушілерге 50 орындық қойылды. Онда сақтық шаралары сақталып, күтушілер арасында арақашықтық сақталған. Ал, А.Асқаров көшесіндегі банк бөлімшесінде адам көп болуына байланысты, клиенттер көлікпен Д.Қонаев көшесіндегі филиалға жеткізілді. Төтенше жағдайға байланысты пандемияның алдын алу ...

Толығырақ »

БАСШЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы болып Албаев Рустам Қуанышбекұлы тағайындалды. Бүгін жаңа басқарма басшысының м.а. таныстырған қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр біліктілігі жоғары және медицина ғылымдарының кандидаты Рустам Қуанышбекұлының алдағы жұмысына сәттілік тілеп, денсаулық сақтау саласының дамуы бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Рустам Қуанышбекұлы 1978 жылы Көкшетау облысы, Зеренді ауданында туған. Нұр-Сұлтан қаласындағы ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ КӨЛІКТЕР МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫН ТІРКЕЙТІН ПОРТАЛ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов айтты. Мақсұт Пернебайұлының айтуынша, төтенше жағдайға байланысты Шымкентте көліктер мен азаматтардың қозғалысына рұқсат беру рәсімін автоматтандыру бойынша арнайы веб-сайт іске қосылған. — Бекітілген қаулыға сәйкес, қалада жаяу жүргіншілерге және көлік құралдарына анықтама арқылы ғана жүруге рұқсат етілген болатын. Алайда аталған жағдай бойынша, қалада жалған анықтама арқылы жүргендер көбейген, ...

Толығырақ »

ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Түркістан облысында «Біз біргеміз» акциясы жалғасын тапты. Қазіргі таңда еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қиын-қыстау сәтте кәсіподақтар халықпен бірге екендіктерін көрсетуде. «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» ҚБ-нің Түркістан облыстық кәсіподақ филиалына қарасты Шардара аудандық комитеттің төрайымы Бақытгүл Биманова, өз қолымен дайындап, Жетісай – Шардара, Шардара – Келес блокбекетіне және карантинде күн-түн демей, отбасына жете алмай, қызмет ...

Толығырақ »

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚОЛДАУ

Республикалық #БізБіргеміз акциясы аясында SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Шымкент филиалының құрамындағы 34 мекеменің 130 қызметкеріне 5000 теңгелік купон берілді. Купондарды салалық кәсіподақ төрағасы Ерқозы Батырбеков өзі барып жеке-жеке тапсырды. Бұл купондарға медицина қызметкерлері «METRO» сауда орталығынан өздеріне қажет азық-түлік ала алады. Қиын сәтте адам жанына араша түсіп жатқан ақ халатты абзал жандардың еңбегін ескеріп, қолдау білдірген кәсіподаққа өз ...

Толығырақ »

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ҚАШАН?

Қазақстандық оқушылар әдеттегідей 25 мамыр күні жазғы демалысқа шығады, деп жазады Sputnik Қазақстан. Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 4-8 мамыр аралығында бөлім бойынша жиынтық бағалау, ал 18-22 мамыр аралығында тоқсандық жиынтық бағалау болады. 25 мамыр күні барлық оқушылар жазғы демалысқа шығады. Еске сала кетсек, коронавирус пандемиясына байланысты оқушылар төртінші тоқсанды қашықтықтан оқып жатыр. Соңғы тоқсанда оқушылар бөлім ...

Толығырақ »

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ІЗЕТТІ ІС

«Түркістан облысы, Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында Шымкент қаласында 50 отбасыға азық-түлік пен бетперде үлестірді. Акция аясында көп балалы отбасылардың, жалғыз ілікті аналардың тізімі жасақталып, мұқтаж жандарға бірінші кезекте қажетті өнімдер, атап айтсақ, 5 кг күріш, 4 кг макарон, 4 литр май, 2 кг ұн, 1 кг қант, шай, таратылды. Бұған дейін ...

Толығырақ »

ҚОҒАМДЫҚ МОНИТОРИНГТІҢ ҚҰРАЛЫ

«ANTIKOR.LIVE» жобасы аясындағы онлайн брифинг барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бірінші орынбасары Талғар Серікбаев «Ашық бюджеттердің интерактивті картасын»енгізу туралы айтып берді. Т.Серікбаевтың айтуынша осы ресурс арқылы азаматтар бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауға тікелей қатысу мүмкіндігін алады. «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» алғаш рет халық үшін қолжетімді және түсінікті бюджет шығындары туралы маңызды мәліметтерді және қоғамдық бақылаудың тиімді ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ ТӨРАЙЫМЫ ЛЯЗЗАТ ИБРАГИМОВА фейсбук парақшасында ЖУРНАЛИСТЕРДІ тиімді пайызбен ҮЙ АЛУҒА ШАҚЫРДЫ!!!

  Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттерге арналған 7 қадамын тегін жариялап, бізге қолдау білдірген БАҚ өкілдеріне алғыс-пост: Жас журналистер, ақпараттық агенттік қызметкерлері, телерадиокомпания операторлары, онлайн-БАҚ тілшілері, сіздерге келесідей мүмкіндік бар: 1. Алматыда үйіңіз жоқ болса, бірақ осы қалада жұмыс істеп жүрсеңіз, жаңа салынған немесе қолданыста болған үйлер нарығынан кез келген пәтерді сатып ала аласыз. Негізгі шарттары: — үй бағасы ...

Толығырақ »