Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2020 » Май (страница 39)

Месячные архивы: Май 2020

64 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

Қаланың Еңбекші ауданында күні бүгінге дейін 519 аула абаттандырылған.​ Биыл тағы 64, ​ келер жылы 47 ауланы абаттандыру жоспарда бар. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтың Тоғыс тұрғын алабына барған сапарында мәлім болды.​ Қала басшысы ондағы Мұнайбарлаушылар​ көшесіне салынған ойын алаңшасымен танысты. Мердігер компания ғарыштық үлгіде бой көтерген​ балалар алаңшасына құрылғыларды арнайы Ресейден алдырыпты. Маңында үш спорт алаңы да бар. ...

Толығырақ »

ОТАНДЫҚ ӨНІМ — БЕРЕКЕЛІ ӨНДІРІС

Сайрам ауданы Қарасу ауылында тәулігіне 800 кг ет өнімдерін өндіретін цех бар. «ЖК Алма» ауылшаруашылық өндірістік копертивінде 25-ке жуық адам жұмыс істейді. Өндіріс орнына барған аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков өнімдердің сапасын жоғары бағалап, ұжымға табыс тіледі, деп жазады Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Бұдан кейін аудан басшысы «Қайып ата» ЖШС-ның мал сою бекетінің, Қайнарбұлақ ауылдық округінде орналасқан ...

Толығырақ »

534 493 АДАМНАН ӨТІНІМ ТҮСКЕН

2020 жылғы 1 мамырдағы мәлімет бойынша шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлем алу үшін арнайы портал,сайттарында 534 493 адамнан өтінім түскен. Оның ішінде 277 555 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 253 216 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған. Жалпы әлеуметтік төлем алатын 277 555 азаматтың ішінде 264 773 өтініштер бойынша, ал, 12 782-іне проактивті (атаулы ...

Толығырақ »

ГҮЛДЕР ЖАҚЫН ӨҢІРЛЕРГЕ ЖЕТКІЗІЛУДЕ

«Ханжук» шаруа қожалығының төрағасы Рүстем Абдурасуловтың аула гүлдерін өсіруді отбасылық кәсіпке айналдырғанына жетінші жыл. Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округі Ақсуабад елді мекенінің тұрғыны 2013 жылдан бері 3,30 гектар жерге гүл өсіреді. Жылыжайдағы әр гүлді жеке стақанда өндіріп, сәуір, мамыр айларында сатылымға шығаратын кәсіпкер шаруашылығын аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков аралап көрді. «Ханжук» шаруа қожалығы өндірген гүлдер еліміздің астанасы Нұрсұлтан қаласынан бастап, Өскемен ...

Толығырақ »

8 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Вирус жұқтырғандар 2016, 1997, 1989, 1984, 1972, 1990, 1964, 1996 жылғы туылған қала тұрғындары. Олар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. ...

Толығырақ »

ҚЫРЫҚҚАБАТ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ

Бүгін Шымкентке қырыққабат әкелген Мырзашөл өңірінің диқандары қала тұрғындарына бір күнде 63 тонна қырыққабатты тегін үлестірді. Қасиетті Рамазан айында қала әкімінің бастамасымен әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған азаматтарға шағын тарту жасаған диқандар: – Біздің көздегеніміз – мұқтаж жандарға көмек беру арқылы сауап жинау, індет тараған тұста қаладағы ағайынға аз да болса қуаныш сыйлау, деді. Өз кезегінде ерте пісетін бақша өніміне қол ...

Толығырақ »

БІРЛІГІМІЗ БЕКИ БЕРСІН!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Сіздерді 1-Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймын! Тәуелсіз елдің тұмары — татулық пен тұтастық. Егемен елдің ен байлығы — бірлігі. Қазақстан халқы бір тудың астында бір мақсатпен бірігіп берекесін бекемдеп, ынтымақпен ырысын арттырып отыр. Әсіресе қазіргідей әлемді әбігерге салған қауіпті дертпен күресте түсіністікпен тұтастығымызды айғақтап отыр. Осындай қастерлі құндылықты ұғына білген әрбір азаматқа алғыс айтамын. ...

Толығырақ »

КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ

Марқұмның жатқан жері жайлы, жаны жәннатта, иманы жолдас болсын! Мұқан Кеңесбекұлы өз қызметін абыроймен атқарып, білікті басшы, іскер ұйымдастырушы ретінде еліміздің өсіп өркендеуіне зор үлес қосты. Ұзақ жылдар бойы өзі қызмет еткен денсаулық саласының заман талабына сай дамуына көп еңбек сіңірді. Артында қалған туған-туыстарына сабырлық, денсаулық тілейміз! © DIDARBEK.kz

Толығырақ »

ҚҰРЫЛЫС БАСТАЛАДЫ

Шымкент қаласының Тұран шағын ауданында бүгінде 42 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталған. Тағы 26 тұрғын үйдің жобасы әзірленіп жатыр. Оның үшінде 16 қабатты 4 үй, 8 қабатты 12 үй, 9 қабатты 15 үй бар. Олардың жобасы мамыр айында сараптамадан шығады деп күтілуде. Мұнан өзге 20 көпқабатты үйдің жобалық сметасын әзірлеуге байқау жарияланып, мердігер мекеме анықталған. Жалпы жыл соңында дейін ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Құрметті түркістандықтар! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Қазақ халқында «Бірлік болмай – тірлік болмас» деген мақал бар. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз мәңгі болуы үшін ең алдымен мықты татулық және тұрақтылық керек. Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының ынтымақ, бірлігін нығайтуда өте ауқымды жұмыстар атқарып, бірқатар саяси бастамаларды жүзеге асырды. Соның бірі — Елбасы ...

Толығырақ »

ТАТУЛЫҚ ПЕН БІРЛІКТІҢ МЕРЕКЕСІ

Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бейбітшілік пен тұрақтылық және ұлтаралық келісім – мемлекетіміздің ең басты негізі, рухани байлығы. Иә, қазақ – қашаннан бауырмал халық. Әр кезеңде елімізден пана іздеп келген өзге ұлт өкілдерінің бәріне құшағын ашып, төрінен орын берген елміз. Қаймағы бұзылмаған қазақ жері бүгінде әлемге бейбітшілік сүйген көпұлтты ел ...

Толығырақ »

БІРЛІК ПЕН ДОСТЫҚТЫҢ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті арыстықтар! Сіздерді 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің нұрымен шуақ алып келетін бұл мерекенің халқымыз үшін маңызы өте зор. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі адамзаттың ең игі істерінің негізі болып табылатын «Бірлік» атты ауқымды түсінікті насихаттайды. Өйткені біз БІР мақсат, БІР мүдде, БІР болашақ жолына жұмылған елміз. Бүгінгі таңда әлемдік ортада өз орны ...

Толығырақ »