Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2020 » Май » 28 (страница 2)

Ежедневные архивы: 28.05.2020

ЖОБАЛАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, ауданымызда ауыл шаруашылығы саласында бір жерден 2-3 өнім алу жобалары іске асырылуда. Аталған бағытта Көксәйек ауылдық округіндегі «Жубаев» шаруа қожалығы 6 га жерге қарбыз, қызанақ, қияр дақылдарын еккен. Тамыз айында дақылдар алғашқы өнімін береді деп күтілуде. Айта кетері, егістікте 2-ші өнімге күздік картоп егу жоспарланып отыр. Сонымен қатар округтегі «Сенбек» шаруа қожалығында да бірқатар жұмыстар ...

Толығырақ »

КЕЛІСІМ МЕН ЖОЛ КАРТАСЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Түркістан облысының әкімдігі мен «Узагротехсаноатхолдинг» АҚ және «Orbis Kazakhstan» компаниялары арасында ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру жобасын жүзеге асыру аясында инвестициялық келісім мен жол картасына қол қойылды. Көрші мемлекет өкілдерін аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев қабылдады. Өзбекстанның «Узагротехсаноатхолдинг» мемлекеттік компаниясы қазақстандық «Orbis Kazakhstan» компаниясымен бірлескен жобаны «Turkistan» индустриалды аймағындағы «Brownfield» өндірістік алаңында жүзеге асыруға ниетті. Жобаны 3 кезеңде іске асыру жоспарланып отыр. ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Шымкентте қаланың Бас санитарының қаулысымен карантиндік шара 8 маусымға дейін ұзартылды. Қала тұрғындары санитарлық талап бойынша көшеде, қоғамдық орындарда, дүкен мен базар, қоғамдық көлікте еркін жүруіне рұқсат етілгенімен, эпидемиологиялық жағдайларды ұмытпауы тиіс. Шымкент қаласында 2020 жылдың 27 мамырдағы мәлімет бойынша, COVID-19 инфекциясымен 732 жағдай тіркелді, сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 69,4 құрап отыр. Сондықтан әрбір қалалық үшін қарапайым санитарлық ...

Толығырақ »

ЕНДІ ИНТЕРНЕТТЕН ҚЫСЫЛМАЙТЫН БОЛДЫҚ

Шымкент қаласы 100 пайыз жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етіледі. Мұндай тапсырманы қала әкімі Мұрат Әйтенов интернетпен қамту мәселелері бойынша онлайн режимде өткен аппараттық жиында берді. Қаладағы шағын аудандарды жоғары сапалы интернетпен қамтамасыз ету жайын баяндаған цифрландыру басқармасы басшысының м.а.Р.Ақжігітов қала аумағындағы 105 шағынаудан мен тұрғын алаптары интернет желісімен қамтамасыз етілгенін, оның ішінде мобильді интернетке — 74, сымды интернетке — 79, талшықты-оптикалық ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА КОНЦЕПЦИЯ ҚАБЫЛДАНДЫ

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде қоғамдық көлік жүйесіне өзгерістер енгізу бойынша қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен жиын өтті. Онда «Astana LRT» компаниясы қала басшысына Шымкенттегі қоғамдық көлік кешенін модернизациялау бойынша жасалған тұжырымдамасын таныстырды. Жаңа жүйе бойынша қоғамдық көліктердің жұмысы жақсарып, тиімділігі артады. Атап айтқанда, автобустарды мобильді қосымша арқылы бақылауға болады, жол ақысын электронды төлеуге мүмкіндік туады, жаңа бағыттар ашылады, цифрлық және интеллектуалдық ...

Толығырақ »

«ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕНІҢ» ТИГІЗЕР ҮЛЕСІ ЗОР

Бүгінде еліміз бойынша басқару құрылымдары неғұрлым қарапайым жұмыс үлгісін таңдап, тұрғындарға ашық форматта қызмет көрсететін «Open space» үлгісіне көшуде. Бұл — халық пен билік арасын одан сайын жақындастыра түсетін бірден-бір тиімді бастама. Осыған орай, бүгінгі күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен халықтың билік институттарына деген сенімін арттыру мақсатында ел аумағында жаңа форматтағы халықтық кеңселер жергілікті әкімдіктер мен полиция, ...

Толығырақ »

ПАРАСАТТЫ ҚОҒАМ ҚҰРУҒА ШАҚЫРДЫ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай облысқа қарасты Бәйдібек ауданына жұмыс сапары барысында аудан активімен кездесу өткізді. Өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізілген келелі басқосуға Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Айкен Темір, бөлім басшылары мен ауыл әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты. Парасатты қоғамды қалыптастырудың негізгі тетіктері ортаға салынған ...

Толығырақ »

ҮШ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ЖЫЛЫЖАЙ САЛЫНУДА

Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков Жамбыл ауылына іс сапармен барып, «Бақыт-Ислам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы Нұржан Тынысбаевпен кездесіп, құрылысы жүргізіліп жатқан жылыжай жұмысымен танысты. Жамбыл ауылының тұрғыны, «Бақыт-Ислам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы Тынысбаев Нұржанға елді мекен шегінен өткен жылы жылыжай салу мақсатында 5 гектар жер берілген. Соның 3 гектарына жылыжай салу үшін 2019 жылы ауыл шаруашылығын қолдау қорынан 750 млн. ...

Толығырақ »