Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2023 » Май (страница 5)

Месячные архивы: Май 2023

ШЫМКЕНТ ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН ҰЛҒАЙТТЫ

Шымкент қаласының сыртқы сауда айналымы 404,4 млн АҚШ долларды құрады. Оның ішінде, экспорт – 137,4 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,2 пайызға өскен. Бұл туралы Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебеков мәлім етті, деп хабарлайды didarbek.kz. Жалпы экспорттың ішінде шикізаттық емес экспорт көлемі есепті кезеңде 106,5 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАСТЫҚТАР КӨРЕРМЕНДЕРГЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРДІ ТАНЫСТЫРДЫ

Бүгін «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестиваль аясында Түлкібас ауданының Түркістандағы мәдениет күндері өз мәресіне жетті. Мерекелік шараны «Салт дәстүр – сан ғасырлық саф мұра» атты ән, жыр мен ұлттық салт-дәстүрлер көрінісі қорытындылады. Этноауылда киелі шаһарға келген туристерге түлкібастық өнерпаздар бесікке салу, құда түсу, қыз ұзату, беташар, тұсау кесу сынды әдет-ғұрпымызды таныстырды. Шараның алғашқы күні «Visit Turkistan» орталығы алаңында аудан өнерпаздарының ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: КОНТЕЙНЕРЛЕР ОРНАТУ БОЙЫНША ЖАҢА ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Шымкентте қала тазалығы күн тәртібіндегі мәселе. Қаланы таза ұстау, қоқыстарды дер кезінде тасымалдау, тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату бойынша ауқымды жұмыстар қолға алынған. Атап айтқанда, қала аумағында бүгінде 610 қоқыс алаңшасы, 2627 қоқыс контейнері, 205 сеткалы контейнер, 125 фракция (құрғақ және дымқыл) контейнер орнатылған. Сондай-ақ, құрамында сынап бар қалдықтарды жинауға арналған 50 контейнер, нан қалдықтарын жинауға арналған 200 дана бөшке қажетті ...

Толығырақ »

КӨШЕЛЕРГЕ АТАУ БЕРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА АТАУ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ ӨТТІ

Бүгін Шымкент көшелеріне атау беру және қайта атау бойынша кезекті қоғамдық тыңдау өтті. Жиынға қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мен Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарынан құралған тұрақты комиссия мүшелері қатысты. — Көше атауларын нақтылау бойынша жыл басынан бері үш рет бас қостық. Бізге 211 құрамдас бөлікке, оның ішінде 11 шағынаудан, 197 көше, 1 аллея, 2 көшенің транскрипциясын түзеу мәселесі ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1293 ОТБАСЫҒА ПӘТЕР ТАБЫСТАЛДЫ

Шымкентте мемлекеттік бағдарламалар аясында қала тұрғындарын баспанамен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Жыл соңына дейін 324 арендалық пәтер түрлі санаттағы азаматтарға, 888 пәтер жұмыс істеп жүрген жастарға, 1919 пәтер несиелік негізде берілу жоспарлаған. Оның ішінде, жыл басынан бері тұрғын үй кезегінде тіркелген 1293 азамат ипотекалық негізде «Отбасы банк» арқылы баспаналы болды. Яғни, 1047 пәтер «5-20-25» бағдарламасымен, 246 пәтер «2-10-20 ...

Толығырақ »

«ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» ЖОБАСЫМЕН 13 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ САЛЫНАДЫ

Биыл Тұран ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында барлығы 13 балалар ойын алаңшасы салынып, халық игілігіне беріледі. Қазіргі уақытта Құрсай елді мекеніндегі Құлаңтөбе көшесінде, Ақтас елді мекенінде атауы жоқ көшеде және Бәйдібек би даңғылы 246 мекенжайында балалар ойын алаңшасының құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың тамыз айында толық аяқталып, нысан пайдалануға тапсырылады. Ал, жыл соңына дейін Тұран ауданында Құрсай, Қазығұрт, ...

Толығырақ »

300-ДЕН АСА САРБАЗ ОТАН АЛДЫНДАҒЫ БОРЫШЫН ӨТЕУГЕ АТТАНДЫ

Жергілікті әскери басқару органдарында ер азаматтарды әскери шақыру жұмыстары жалғасып жатыр. Қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде әскерге шақыру кезеңінде шақырылушылар мен олардың ата-аналарымен Отан қорғау, Конституциялық борыш, әскер қатарына жөнелту дайындығы мен әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне берілетін жеңілдіктер жөнінде сұхбат жүргізіліп, түсіндірме жұмыстарын қоса жүргізуде, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Шымкент қаласы Еңбекші және Қаратау аудандарының қорғаныс істері ...

Толығырақ »

Шымкент: Чумчак пен Сай каналдары пайдалануға берілді

Шымкент қаласындағы Чумчак пен Сай каналдары пайдалануға берілді, деп хабарлайды didarbek.kz. Сайрам ауданына қарасты 250-дей шаруа қожалығы енді судан тапшылық көрмейді. Себебі осыған дейін қала аумағындағы жұмысы тоқтап тұрған Чумчак және Сай каналдарының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Екі жыл бұрын құрылысы басталып, аяқталмай қалған канал ағысының тоқтауы шаруалардың егістігіне залалын тигізіп, тұрғындар тарапынан наразылық тудырған еді. Жуырда мәселе оң шешімін ...

Толығырақ »

Шымкент: Ақниет шағын ауданында бес көше жөндеуден өтеді

Шымкент қаласы Ақниет шағын ауданында 5 көше жөндеуден өтеді, деп хабарлайды didarbek.kz. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімІнің баспасөз қызметі мәлімдеді. Қазір Ақниет шағын ауданындағы 21 көшенің 16-ы асфальтталған болса, 5 көшеге шағал тас төселген. Аталған шағын аудан көшелерін 2024 жылға дейін толық 100 пайыз жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Мәселен, келесі жылы Ақеділ, Наркескен, Ақкөгершін, Сарқырама көшелері және атауы жоқ 1 ...

Толығырақ »

Шымкент: 2023 жылы Әл-Фараби ауданы газбен толық қамтылады

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 2023 жылы табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші 100 пайызды құрайтын болады, деп хабарлайды didarbek.kz. 2022 жылы Ақтас-2 елді-мекенінде мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, абоненттерге қосылу бойынша жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, 195-орамда мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары жүргізілді. Ал, 276-орамда құрылыс жұмыстары 2023 жылдың І-жартыжылдығында аяқталу ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚАЙНАРБҰЛАҚТАҒЫ АУЫЗСУ ҚҰБЫРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН САПАЛЫ ОРЫНДАУДЫ ТАПСЫРДЫ

Шымкент қалалық Қаратау ауданына қарасты Қайнарбұлақ елдімекенінде 60 мыңнан аса халық қоныстанған. Қазір аталған елдімекенде бірнеше инфрақұрылым жүйесі қатарынан тартылуда. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Қайнарбұлақтағы осы инженерлік-инфрақұрылымдық жұмыстардың жай-күйін білу мақсатында нысандарды аралауға шықты. Айта кеткеніміз жөн, Қайнарбұлақта ауыз су кесте бойынша шектеулі уақытпен беріледі. Сондықтан Қайнарбұлақ елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жалпы ұзындығы 329 шақырымды ...

Толығырақ »

ТРАНЗИТТІК ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРАТЫН ЖОБА ҚАРҚЫНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Шымкенттің оңтүстік бағытындағы жалғыз кірме-шығыс жолындағы жүктемені азайту мақсатында 15,5 шақырымдық Қонаев даңғылының жалғасы салынуда. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов мегаполистің транзиттік әлеуетін арттыратын нысанның құрылыс жұмыстарын қадағалады. Нысан 6 кезеңнен тұрады. Қонаев даңғылы жалғасының 5-ші кезеңі Бадам өзенінен Әскери бөлімінің тұсына дейінгі аумақты қамтиды. Бұл аралықтың ұзындығы – 4,7 шақырым, ені – 42 метр, 6 жолақты. Ал нысанының 6-шы ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ҚАРАБАСТАУ СУ ҚҰБЫРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ 50%-ҒА ОРЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласындағы Қарабастау су құбыры құрылысының 50 пайызы аяқталды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Еңбекші ауданы бойынша Қаратөбе, Қарабастау, Абдулабад, Тоғыс, Жұлдыз, Бадам-1, Жыланбұзған, Айнатас, Базарқақпа тұрғын үй алаптарында алдағы уақытта тұрғындарды ауыз сумен қамту мақсатында су құбырларына байланысты құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Соның ішінде Қарабастау елді мекенінде бұл бағыттағы жұмыстар басталып кеткен. Бүгін қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Қарабастаудағы су құбырларының ...

Толығырақ »

М.ӘЙТЕНОВ: «ҚАЛАМЫЗ ТАҒЫ БІР САЯБАҚПЕН ТОЛЫҒАДЫ»

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов бүгін Shymkenт City шағын ауданында болып, мұнда жаңадан салынатын саябақ құрылысының жобасымен танысты. Жалпы жаңа қалашықтың аумағы 20,4 гектар жерді алып жатыр. Бүгінде шағын ауданды инфрақұрылыммен қамту жұмыстары толық жүргізілуде. Бұған дейін «Shymkenт City» аумағының даму жоспарына 15 инвестор тартылып, тұрғын үй құрылыстары қарқын алды. Сондай-ақ, заманауи ғимараттар, бизнес кеңселер, әкімшілік-іскерлік орталықтар салуға сырттан да инвестициялық ...

Толығырақ »

АКИМ ГОРОДА ПОРУЧИЛ КАЧЕСТВЕННО ПРОВЕСТИ СТРОИТЕЛЬСТВО ПИТЬЕВОГО ТРУБОПРОВОДА В КАЙНАРБУЛАКЕ

В микрорайоне Кайнарбулак Каратауского района города Шымкент проживает более 60 тысяч человек. Сейчас в данном населенном пункте ведется строительство ряда важных инфраструктурных систем. Сегодня аким города Мурат Айтенов посетил мирорайон Кайнарбулак, чтобы ознакомиться с ходом строительства инженерно-инфраструктурных работ. Следует отметить, что в Кайнарбулаке питьевая вода подается по графику, ограниченное время. Поэтому для обеспечения микрорайона Кайнарбулак чистой питьевой водой ведутся строительство ...

Толығырақ »

Биыл Әл-Фараби ауданында 20-дан астам көшеге жөндеу жүргізіледі

Биыл Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 22 көшеге орташа жөндеу жүргізіліп, 14 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды didarbek.kz. Бұл туралы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев брифинг барысында мәлімдеді. Әл-Фараби ауданында ұзындығы 260 шақырымды құрайтын 390 көше-даңғыл мен өткелдер бар. Жолдардың 230 шақырымы асфальт, 25,7 шақырымы тас жол және 4,3 шақырымын топырақ жол құрайды. Биылғы жылы Жолаушылар көлігі және ...

Толығырақ »

Шымкент: Абай ауданында 10-ға жуық мектеп салынады

Шымкент қаласы Абай ауданында “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында 7 мектеп салу жоспарлануда, деп хабарлайды didarbek.kz. Қазіргі таңда аудан аумағында 29 мектеп бар. Оның ішінде 16-сы жекеменшік. Аудан мектептеріндегі орын тапшылығын жою мақсатында 2023-2025 жылдары аралығында «Жайлы мектеп” ұлттық жобасы» аясында 7 мектеп салу жоспарланып отыр. 2023-2024 жылдары 6 мектеп салу жоспарда. Атап айтқанда: 1. Нұршуақ шағынауданында 2000 орындық мектеп; ...

Толығырақ »

Биыл Абай ауданында әмбебап спорт алаңшалары салынады

Шымкент қаласы Абай ауданы аумағында 2023 жылы “Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында 18 алаңша салынады, деп хабарлайды didarbek.kz. Оның ішінде 15 әмбебап спорт алаңша және 3 спорт алаңша салынатын болды. Жобалардың жалпы құны 497,5 миллион теңгені құрайды. Атап айтқанда, Бозарық, Самал-3, Асар, Достық, Қызылжар, Тұрлан, Нұршуақ, Алтынтөбе мөлтек аудандарында 15 әмбебап спорт алаңшасы, Асар, Достық, Қайнарбұлақ елді мекендерінде 3 спорт ...

Толығырақ »

Шымкент: Қайнарбұлақ тұрғын алабында 500-ге жуық үй ауыз сумен қамтылды

Шымкент қаласы Қайнарбұлақ тұрғын алабында 500-ге жуық үй ауыз сумен қамтылды, деп хабарлайды didarbek.kz. Бұл туралы Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Парманов Бұхарбай Рысқұлұлы брифинг барысында мәлімдеді. Абай ауданы бойынша 2022 жылдың соңында ауыз сумен қамтылмаған Қайнарбұлақ тұрғын алабы ғана болатын. Бүгінде бұл елді мекенде 493 үйге, яғни 1540 абонентке ауыз су құбыры тартылған. Ауыз су тарту бойынша 2022 жылы ...

Толығырақ »

Шымкент: «Базарқақпа» тұрғын алабындағы кәсіпкерлік нысандарға зерделеу жұмыстары жүргізілді

Бүгін Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ, Еңбекші ауданы әкімдігі, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы қызметкерлері «Базарқақпа» тұрғын алабындағы 20 кәсіпкерлік нысанға зерделеу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды didarbek.kz. Солардың қатарында 11 коммерциялық нысанның маңдайшасының заң талаптарына сәйкес еместігі анықталды. Кәсіпкерлік нысан иелеріне заң талаптарының сақталуы жөніндегі парақшалар таратылып, ақпараттық ескерту жұмыстары ...

Толығырақ »

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕДЕ ШЫМКЕНТ ТУРИЗМІНІҢ ӘЛЕУЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Астана қаласында қаласында 18 мамырда Qazaqstan Live Fest 2023 халықаралық көрмесі басталды. Бұл көрме Қазақстанның әр өңіріндегі туризм саласының қалай дамып келе жатқанын көрсетеді. Туристік әлеуеті жыл сайын артып келе жатқан Шымкент қаласынан көрмеде Visit Shymkent туристік ақпараттық орталығы, Amanat дизайнерлік киімдер бренді, Dora, Graf қонақ үйлері және «OCA travel», ShymTour туристік-компаниялары шаһардың әлеуетін таныстырды. Көрме аясында туризм және қонақжайлылық ...

Толығырақ »

«ШАҢЫРАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ

Бағдарламаға қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі 23.05.2023 жылдан бастап сағат 10:00-ден 31.05.2023 жылдың 19:00-ге дейін жүргізілетін болады. Конкурстық пәтерлер Тұран шағынауданында орналасқан 9 қабатты тұрғын үйлерде орналасқан 1,2 және 3 бөлмелі пәтерлер. «Шаңырақ» бағдарламасына тұрғын үй кезегінде тіркелген барлық санаттағы азаматтар қатыса алады. Бағдарлама бойынша 10% бастапқы жарнаны толтырып, жылына 5% мөлшермен 20 жылға несие алуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар аталған ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылау, тұрақтандыру бойынша кезекті баспасөз-туры ұйымдастырылды, деп хабарлайды didarbekkz ақпараттық агенттігі. БАҚ өкілдері, жұмысшы топ алдымен халық тығыз орналасқан «Шымсити» шағынауданы «Маркет» сауда орталығындағы бағаны бақылады. Онда нан 90 теңге, сиыр еті 2350 теңгеден сатылып жатыр. Сауда нүктесі 2019 жылы ашылған болатын. Мұнда жалпы әлеуметтік бағада 12 тауар түрі бар. Шаһарда бірінші ...

Толығырақ »

ЖҰМЫССЫЗДАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР ҰСЫНЫЛДЫ

Шымкентте мүгедектігі бар және пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарға жұмыс орындарына квота белгілеу тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді. Нәтижесінде 50 ұйымға 227 жұмыс орны бекітіліп, қазіргі таңда, 25 мекемеге 54 мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасты. Қала әкімінің тапсырмасымен 2022 жылы – ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастарды, бас бостандығынан ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: АУДАНДАРДА РЕТСІЗ САУДАМЕН КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

Тұран ауданында заңсыз дүңгіршектер мен ретсіз сауда орындарымен күрес жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда мамандар тарапынан 10 сауда орны анықталды. Атап айтқанда, ретсіз сауда орындары «Жабық базар» аумағында 1 май көшесі, «Автонұр базары» бойындағы Мақталы көшесі, «1000 ұсақ түйек» базары маңындағы Зерделі көшесі бойында орналасқан. Сонымен қатар алты көшеде және Алматы тас жолы бойында жабайы сауда жасау орны жұмыс ...

Толығырақ »