Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2024 » Октябрь (страница 2)

Месячные архивы: Октябрь 2024

ШАҺАР БАСШЫСЫ ЖОЛ САПАСЫНДАҒЫ КЕМШІЛІКТЕРДІ ТҮЗЕТУДІ ТАПСЫРДЫ

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала аумағында жол құрылысын салып жатқан «АлемТрансЖол» ЖШС, «Techtronic-Stroy» ЖШС, «АқЖол» ЖШС, «Отау-Строй» ЖШС, «DOS group» ЖШС-ның өкілдерімен кездесті. Жиналыста аталған құрылыс компанияларының жұмысы сараланып, жол сапасындағы кемшіліктері талқыланды. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Түркістан облысы филиалының директоры Ғалымжан Утенбаевтың мәлімдеуінше, қала аумағындағы нысандардың жұмыс сапасын көруге жыл басынан бері 20 рет тексеріс келген. Тексеріске ...

Толығырақ »

ЗАҢСЫЗ САУДАНЫ РЕТКЕ КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуовтың тапсырмасымен аудан орталығындағы базар аумағындағы заңсыз сауда орындарын ретке келтіру, қызыл сызыққа шыққан дүнгіршіктерді жою мақсатында бүгін аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен округ әкімдігі, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі мен жергілікті полиция қызметінің біріккен рейдтік шарасы өтті. Шара барысында 11 азаматқа Заң бұзушылықтар бойынша хаттама толтырылып, сауда үйлері мен базар иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. ...

Толығырақ »

Жолдарды қала теңгеріміне қабылдау бойынша өзекті мәселелер сараланды

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Түркістан облысы филиалы директорының орынбасары Қанат Жолтаевты қабылдады. Қабылдауда «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының теңгеріміндегі жолдарды қала теңгеріміне қабылдау бойынша өзекті мәселелер сараланды. Шаһар басшысы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің 21,2 шақырымын Түркістан қаласы аумағына қабылдау үшін кемшіліктерді қалыпқа келтіріп, ең алдымен кезек күттірмейтін мәселелердің бірі жол бойындағы қоқыстар мен қураған шөптерден ...

Толығырақ »

БӘРІ ҚАЛАЙ БАСТАЛДЫ?

Ит егесін таппай қалған 90-шы жылдардың аяғы болатын. Шымқаланың халқы «судың да сұрауы бар» екенін ұмытқандай күй кешіп жүрген. «Водоканалдың» суы егінге де, үй ішін салқындатуға да, пәтерлердің ішіне микроклимат орнатуға да, тәулік бойы есепсіз ағызып қоюға да жаппай ысырап болып жататын. Сол ысырапқа тосқауыл қоятын бір жан табылмай жүрген сәттерде, мәселенің мән-жайын толық білетін іскер азамат Анарбек Орман осынау ...

Толығырақ »

ҚАРЫНДАСЫМ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтап, аса жауапты әрі қастерлі міндетті абыроймен атқарып жүрген педагогтерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент қаласы Ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап. Білім беру ісіндегі үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ педагогке «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын тапсырды. Марапатталғандар қатарында Шымкенттегі З. Космодемьянская атындағы Жиырма ...

Толығырақ »

«ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ» ЖОБАСЫ- ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ЕРЕК ҚОЛДАУ

Түркістан қаласындағы ерекше балаларды қолдаудың түрлі жобалары іске асырылуда. Аталған мақсатта жүзеге асқан «Жұлдызды сәт» мега-жобасының қорытынды концерті өтті. Қалалық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шарада неврологиялық сырқаты бар балалар өнерлерін ортаға салды. Концертте көрермендерге қолөнер көрмесі ұсынылып, арнайы театрландырылған сахналық қойылым көрсетілді.  Одан бөлек, келушілер «Жігерлі жандар» мотивациялық деректі фильмінен ерекше әсер алды. Сонымен қатар, жобаға ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫ ҚОЛӨНЕР ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан қаласын халықаралық талапқа сай қолөнер орталығына айналдыру бағытындағы жұмыстар басталды. Оның алғышарты ретінде шаһарда «Қолөнершілер орталығының» ғимараты салынып жатыр. Алдағы уақытта Түркістанның брендіне айналатын бұйымдар шығарылып, нарыққа енеді деп күтілуде. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды осы бағыттағы жұмыстарды жүйелеу үшін қолөнершілер мен сала мамандарымен, туризм өкілдерімен кеңес өткізді. Жиында қолөнер саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, ұсыныстар берілді. – Қолөнерді дамытуға ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА АБАТТАНДЫРУ МЕН ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Түркі елінің астанасы — Түркістан қаласына келушілер саны жыл санап артып келеді. Осы ретте, келушілер назарын аударатын қаланың сәулеті мен кіреберіс аумақтарды абаттандыру үлкен маңызға ие. Бүгін қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы шаһарға кіреберіс аумақтарды аралап, тазалық пен абаттандыру жұмыстарының барысын қадағалады. Алдымен, қала басшысы «Яссы» секторында орналасқан саябақ, Кентау, Қызылорда және Алматы тас жолдарының бойындағы қалаға кіреберіс аумақтардың абаттандыру жұмыстарымен ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕР САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен жер қатынастары жөнінде мәжіліс өтті. Жиында жер қатынастары бөлімінің есебі тыңдалып, алдағы атқарылатын жұмыстар талқыланды. Салада кездесетін өзекті мәселелер ортаға салынып, шешу жолдары қарастырылды. Жиын барысында қала әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков, Жер қатынастар бөлімінің басшысы Бауыржан Сыздықов салада 9 айда атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасап, алдағы жоспарлармен бөлісті. Бөлімнің жұмысымен танысқан қала әкімі жауапты ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Түркістан қаласындағы «Оқушылар сарайы» ғимаратында «Ұстазыма мың алғыс» салтанатты іс-шарасы өтті. «Ұстаздар күні» мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған жиынға Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы арнайы қатысты. Мерекелік шараның шымылдығы №11 Жамбыл Жабаев мектебі хор ұжымының орындауындағы «Ұстазым» әнімен түрілді. Қала әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, білім саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Елдің дамуы жолында мұғалімдердің алатын орнын ерекше атап өтіп, білім саласындағы ...

Толығырақ »

Түлкібас өңірінің өзіндік бренді бар

Күллі қазаққа алмасымен таныс Түлкібас өңірі өзіндік брендін қалыптастырған. Алма десек, ауыз жимай ең әуелі Түлкібас жерінде самсып өсіп тұрған қызылды-жасылды жеміс есімізге түседі. Сорттары да, дәмдері де әртүрлі. Дегенмен, сол алма жемісін өсіріп, баптау да ерен еңбекті талап етеді екен. Біздің ауданда көлемді баудан бөлек үй іргелік жерлерге, шағын бақшаларға алма қондырып, оны сатылымға шығарып отырған отбасылар көп. Табиғи, ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ КӨП ҚАБАТТЫ ҮЙДЕГІ КЕМШІЛІКТЕРДІ ТЕЗ АРАДА РЕТКЕ КЕЛТІРУДІ ТАПСЫРДЫ

Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуовтың жеке қабылдауна Састөбе кентінің Жібек-жолы көшесінегі 2021 жылы қолданысқа берілген әлеуметтік көп қабатты 64 пәтерлік үйдің тұрғындары келіп, біршама кемшіліктері бойынша өтінішін білдірген болатын. Аталған мәселені аудан басшысы назарға алып, бүгін жауапты мамандар және мердігермен бірге нысан басында тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында жергілікті тұрғындар тарапынан үйдің шатыры мен жылыту жүйесі және ішкі есік, терезелеріне қатысты ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА УНИВЕРСИТЕТ ЖАНЫНАН АШЫЛҒАН ЦЕХ ТӘУЛІГІНЕ 7 ТОННАҒА ДЕЙІН ЖЕМІС-ЖИДЕК ӨНІМІН ДАЙЫНДАЙДЫ

Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ботаникалық бағында орналасқан «Жеміс-жидектерді өңдеу өндірістік цехы» өз өнімдерін сатылымға шығарды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты «Ғылым қоры» АҚ қолдауымен ашылған цех жұмысы бүгінде қарқынды. Қазіргі таңда онда 13 түрлі өнім дайындалады. Атап айтқанда, кептірілген өрік пен алма, алмұрт, банан, алмұрт пен өрік пастиласы, асқабақ, күнбағыс дәні, жаңғақ қосылған өрік пастиласы мен табиғи ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАС КЕНТІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

​ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығы негізінде жаңа форматта өткізіліп жатыр. Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізіп, жиын ​барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерді тыңдайды. ​Осыған орай бүгін 2 қазан күні Түлкібас кенті әкімшілігінің АКТ залында кент әкімі Е.Айтымбетов және аудандық мәслихат депутаты Е.Құлжанбаев кент тұрғындарымен кездесті. Кездесуге ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Тоғысбаев, кент биі ...

Толығырақ »

САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚАРАМҰРТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Қарамұрт ауылдық округі тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында жол жөндеу жұмыстарының сапасымен танысты. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы Жеті мама, Х.Нигмаджанов және М.Шерметов көшелеріне асфальт жамылғылары төселген болатын. Ұзындығы 6,2 шақырымды құрайтын аталған көшелерді жұмыстары «Ауыл — Ел бесігі» жобасы аясында қолға алынған. Жалпы ауыл округ аумағында 31 көше болса, оның ішінде, 20 көшеге асфальт төсеу ...

Толығырақ »

АРМАН СӘБИТОВ: «АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚОЗҒАҒАН МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАШАНДА НАЗАРҒА АЛЫНАДЫ»

Әдеттегідей әр аптаның сәрсенбісінде өтетін Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтің тұрғындарды жеке қабылдауы бүгін тағы жалғасты. Тікелей қабылдауға алдын ала жазылған азаматтар өздерін толғандырып жүрген мәселелерін жеткізді. Қабылдауда қарасулық зейнеткер электр бағаналарын жаңарту, көшеге атау беру, реттік сандар мен жарықшамдар орнату, сонымен қатар газ құбырларын тиісті талаптарға сай жүргізу туралы өтінішін білдірді. Аудан басшысы аталған мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында өзі ...

Толығырақ »

Мәжілісте қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен перспективалары қаралды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен әкімдіктің кеңейтілген мәжілісі өтті. Алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстар мен міндеттерді айқындау мақсатында ұйымдастырылған жиналыста қаланың ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен перспективалары қаралды. Қала әкімінің орынбасары Талғат Төлегенов салықтық түсімнің орындалуы жөнінде баяндап, жоспарларға тоқталды. Көрсеткіштермен танысқан Әзімбек Пазылбекұлы экономиканың өсім қарқынын бәсеңдетпеуді ескертті. Әсіресе, өнеркәсіп және өңдеу саласындағы шараларды күшейту қажеттігін атап өтті. Бюджет ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ 

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып отыр. Осы орайда, бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Түлкібас ауданының аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов тұрғындарды жоспарға сай жеке мәселелерімен қабылдап, олардың өтініш-ұсыныстарын ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАС: АУЫЛ ӘКІМІ Т.РЫСҚҰЛОВ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

​Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығы негізінде жаңа форматта өткізіліп жатыр. Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізіп, жиын ​барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерді тыңдайды. ​Осыған орай ағымдағы жылдың 2 қазан күні, Майлыкент ауылдық округіне қарасты, Т.Рысқұлов елді мекенінде ауыл әкімі Қ.Ахметов ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесуге ардагерлер, ауыл ақсақалдары, депутат және ауыл тұрғындары ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ КӨП ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ЖЫЛДАМДАТУДЫ ТАПСЫРДЫ

Бүгінде Түлкібас ауданында үй кезегінде тұрған азаматтардың өтініштерін қанағаттандыру өзекті мәселенің бірі болып тұр. Қазіргі таңда үш мыңнан астам түлкібастық баспанаға мұқтаждардың қатарында. Аталған мәселені кезең-кезеңімен шешу мақсатында, аудан аумағында тиісті жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, аудан орталығына қарасты «Нұршуақ» мөлтек ауданынан 2 қабатты(1-16 пәтерлі, 2-20 пәтерлі) 56 пәтерді құрайтын 3 тұрғын үйдің, «Бақыбек» мөлтек ауданында 3 қабатты 48 пәтерді құрайтын ...

Толығырақ »

САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АҚБҰЛАҚ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУГЕ АРНАЙЫ БАРДЫ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Ақбұлақ ауылдық округі тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында Ақбұлақ дәрігерлік амбулаториясының ғимаратымен танысты. Іргетасы 2010 жылы қаланған медициналық мекемеде бүгінгі таңда 12 азамат күндізгі ем түрін қабылдайды. Айта кетейік, аталған нысан 0,40 га аумаққа салынған. Қазіргі уақытта сырқат жандарға шипа сыйлайтын мекемеде 23 қызметкер жұмыс істейді және қажетті жиһаздармен қамтылған. Алайда күнделікті күндізгі бөлімге ем қабылдау ...

Толығырақ »

КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДЕН ШЫҒАТЫН САРҚЫНДЫ СУ ЖИНАЛАТЫН ОРЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов пен тиісті тұлғалар бастаған топ келесі кезекте Ақбұлақ ауылындағы Рәсіл ата көшесіне келді. Аралау барысында көпқабатты тұрғын үйлерден шығатын сарқынды суларды жинау орнына қатысты түйткілді мәселенің мән-жайына қанықты. Мұнда 2020 жылы салынған аталған нысанның жер телімінің көлемі 0,80 га аумақты құрайды. Айта кетейік, қазіргі таңда сарқынды суларды жинайтын қосымша орындар салу бойынша қажетті жобалық-сметалық құжаттар ...

Толығырақ »

АТШАБАР АЛАҢЫНДАҒЫ ЖҮЗЕГЕ АСАТЫН ЖОСПАРЛАРМЕН ТАНЫСТЫ

Сайрам ауданындағы бұқаралық спортты дамыту мәселесіне айрықша көңіл бөліп келеді. Мұның дәлелі, Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Ақбұлақ ауылы, Ақсу өзенінің бойында орын тебетін атшабар алаңының алдағы жоспарларымен танысты. Жер телімі 3,6 га аумақты құрайтын аталмыш атшабар алаңында қөкпар, теңге алу, бәйге және т.б. ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізу мүмкіндігі қарастырылуда. Аралау барысында аудан басшысы тұрғындарымыздың салауатты өмір салтын қалыптастыру ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ АРҚЫЛЫ 8 АЙДА 200 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖОЛАУШЫ ҚАТЫНАҒАН

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайы арқылы қазіргі уақытта Ыстамбұл, Кувейт, Абу-Даби және республикаішілік Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Қостанай әуе рейстері қатынайды. Рейстерді «Turkish Airlines», «Jazeera Airways», «Wizz Air Abu Dhabi», «Fly Arystan», «Scat» және «Qazaq Air» әуекомпаниялары орындайды. 2024 жылдың 8 айында әуежай арқылы 197 300 жолаушы қатынаған. Оның ішінде халықаралық рейстерге – 54 900 жолаушы, ішкі рейстерге ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Әзімбек Пазылбекұлы Түркістан қаласының әкімі лауазымына тағайындалды. Жаңа әкімді қала активіне облыс әкімі Дархан Сатыбалды таныстырды. Қалалық мәслихат депутаттары қала әкімі лауазымына ұсынылған Әзімбек Пазылбекұлының кандидатурасын қолдап, дауыс берді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шаһардың жаңа басшысына Түркістан қаласын дамыту, Түркі әлемінің орталығына айналдыру, туристік және экономикалық әлеуетін көтеру бағытында маңызды ...

Толығырақ »