Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Архив меток: Rr (страница 71)

Архив меток: Rr

ШЫМКЕНТ: АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

Қазіргі таңда, Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан 2 гүлзарда абаттандыру, қайта құру жұмыстары жүргізілуде. — Д.Қонаев даңғылы мен Ғ.Иляев көшесі қиылысындағы гүлзарды көріктендіру жұмыстарының жобасы қолға алынды. Нысан аумағында газон алаңы толықтай жаңартылып, веложол, жарық шамдар және орындықтар орнатылу қаралған. Қосымша қылқан жапырақты ағаш көшеттері, декоративті гүлдер отырғызылатын болады, – дейді Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов. Сондай-ақ, Д.Қонаев даңғылы мен Түркістан ...

Толығырақ »

ШЫҒЫС МОНШАСЫ АШЫЛДЫ

Түркістанда бой көтерген тарихи сәулет үлгісіндегі шығыс моншасы ашылды. Былтыр іргетасы қаланған нысан – Қызылорда облысының Түркістанға тартуы. Тарихи қаланың келбетіне көрік беретін шығыс моншасының жалпы аумағы 3000 шаршы метрден асады, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан қаласында үздіксіз жүріп жатқан көріктендіру, абаттандыру, құрылыс жұмыстары облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тікелей бақылауында. Аймақ басшысы бүгін шаһардағы ...

Толығырақ »

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Түркістан облысы полицейлері тарапынан қайырымдылық шаралары әлі де өз жалғасын табуда, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Келес АПБ Кадр саясаты тобының қызметкерлері қасиетті Рамазан айында және 15 мамыр «Халықаралық отбасы күні» мерекесі күніне орай ауданның үлгілі отбасыларының бірі әрі көпбалалы ананың үйіне арнайы барып, қайырымдылық жасады. Отбасы мүшелерінің хал-жағдайларын біліп, сый-сыяпаттарын табыстады. Өз кезегінде, отбасының аяулы ...

Толығырақ »

ТАБИҒИ ГАЗДЫ ТЕГІН ҚОСТЫ

Түркістан қаласы, Отырар мөлтек ауданында көп балалы ана мен тұрмысы төмен екі отбасыға көмек ретінде көгілдір отын толығымен тегін өткізілді. Игі істі Қасиетті Рамазан айында облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «КазТрансГаз» АҚ-ы жүзеге асырды. Ортақ газ құбыры үйлеріне келіп тұрса да, қаржы қол байлау болған олар бірер уақыттан бері газға қосыла алмай келген. Жалпы, шаһардың экологиялық ...

Толығырақ »

ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгін таңертең Абай ауданы бойынша жұмыс істеп тұрған 9 базарға дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, банктерді де санитарлық тазалау барысы іске асырылды. Еліміздегі төтенше жағдай кезіндегі негізгі талаптың бірі бұл санитарлық нормаларды сақтау, дезинфекция жұмыстарын тұрақты жүргізу.  Осы орайда, тек жеке азаматтар ғана емес, қала көшелері мен ірі ғимараттардың санитарлық талапты сақтауы басты назарда екені белгілі. Карантин кезінде тұрғын үйдің ...

Толығырақ »

БҰҒАТТАУ БЕКЕТТЕРІНДЕ ТАЛАПТАР САҚТАЛҒАН

Шымкент қаласында карантин режиміне сәйкес, блок — бекеттер жұмысын жалғастыруда. Блок-бекеттің жұмысы туралы Шымкент қаласы Жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы, полиция капитаны Төлеген Боранбаев мәлім етті. – Елімізде 11 мамырда төтенше жағдай аяқталғанымен 25 мамырға дейін қала аумағында карантин режимі жалғасады. Осыған байланысты, Шымкент қаласына кіретін және шығатын жолдарда жалпы 18 бұғаттау бекеттерінде жұмылдырылған қызметкерлер қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына ...

Толығырақ »

ҚАЛАДА ОРНАЛАСҚАН ДҮҢГІРШЕКТЕР ЗАҢДЫ МА?

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында заңсыз орналасқан дүңгіршектер орнынан алынуы тиіс, деп жазады Әл-Фараби ауданы әкімдігіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпарат агенттігі. – Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43 бабы 10-тармағына сәйкес жер учаскесінің нақты (белгілі бір жердегі) шекарасы белгіленгенге дейінгі жер учаскесін пайдалануға жол берілмейді. Төменде көрсетілген заңсыз орнатылған, сондай-ақ, нысаналы мақсатында сай келмейтін нысандардың иелері дүңгіршектерді өздері алуларын сұраймыз. Аталған ...

Толығырақ »

ЖОЛДАР ҚАРҚЫНДЫ ЖӨНДЕЛУДЕ

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында құрылыс жұмыстары қарқын алып, қызу жүріп жатыр. Атап айтсақ, солардың бірі 10 нысан – 13 шақырым жол, 3 көпір, 1 оң жақ өткел қайта құрылымдаудан өтуде. Бұлардың қатарында А-2 автожолы мен Темірлан тасжолының қиылысындағы көлік өткелдері, А-2 автокөлік жолының бұрынғы қоқыс полигонынан Ынтымақ шағынауданына дейінгі бөлігін жөндеу, Жібек жолы, Төреқұлов, Адырбеков, Бадам өзеніндегі автокөлік көпірлері мен ...

Толығырақ »

КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯ ЖҰМЫСЫН ОНЛАЙН ӨТКІЗУДЕ

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің бастамасымен «Мемлекеттік қызметке орналасу ережелеріне» бірқатар өзгерістер енгізілді. Аталған өзгерістердің басым бөлігі мемлекеттік қызметке қабылдану барысындағы әңгімелесу рәсімдерін жеңілдетуге қатысты. Бүгінгі таңда мемлекеттік әкімшілік лауазымға үміткер кез келген азамат конкурсқа құжаттарын электронды түрде жолдап, әңгімелесу рәсіміне мемлекеттік органға келу қажеттілігінсіз үйінде отырып қашықтықтан онлайн түрде әлеуметтік желі қосымшалары (Zoom, Skype, Whatsapp т.б.) арқылы қатыса алады. Бұл ...

Толығырақ »

ЕРІКТІ ӘСКЕРИЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдай кезінде аянбай қызмет еткен бір топ ерікті әскерилер аудан әкімінің Алғыс хатына ие болды. Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков арнайы қатысып, қысыл-таяң шақта жанашырлықпен елге қызмет көрсеткен азаматтарға алғысын айтты, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының әлемде «COVID-19» індетінің таралып пандемия деп жариялануына ...

Толығырақ »

146 АЗАМАТ ЖАЗЫЛДЫ

Коронавирус жұқтырған тағы 16 науқас сауығып,ауруханадан шықты. Дертінен сауыққан азаматтардың жас ерекшеліктері 3 жастан 67 жасқа дейін. Жазылған азаматтар Түркістан және Арыс қалалары мен Ордабасы, Қазығұрт, Сарыағаш аудандарының тұрғындары. Барлығы да Covid-19 инфекциясын жұқтырған азаматтармен қарым-қатынаста болған. Науқастар екі аптадан астам уақыт жұқпалы аурулар бөліміндерінде ем қабылдап, сынама қорытындылары теріс нәтиже көрсетуіне байланысты үйлеріне шығарылды.Барлығының жағдайы қанағаттанарлық,шағымдары жоқ. Жалпы, Түркістан ...

Толығырақ »

МЕРИТОКРАТИЯ ҚАҒИДАТЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 55 мемлекеттік орган жұмысын атқаруда. Жалпы тұрғындардың саны 1 млн. 46 мың адамды құраса, жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілердің саны 676 адам, аумақтық мемлекеттік органдардағы қызметшілердің саны 1256 адамды құрайды. Оның ішінде 10 — саяси, 1922 — әкімшілік. Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің саны – 965 (50%) адам, оның ішінде басшы лауазымында – 124 (13%) адам. 29 жасқа ...

Толығырақ »

МАСКАНЫ НЕГЕ КИМЕЙСІЗ?

Күнсанап өршіп бара жатқан COVID -19 инфекциясын ауыздықтау мүмкін болмай тұр. Бұл ретте қала тұрғындарының санитарлық талаптарды сақтамауы да аты жаман аурудың дендеуіне себеп болуда. Өзгесін айтпағанда, қарапайым бетперде киюге қалалықтар құлық танытып отырған жоқ. Шымкенттік тұрғындардың дені санитарлық талаптарды сақтай бермейтіндігі байқалады. Басқа-басқа медициналық бетперде киюге құлықсыз. Жұқпаның қаншалықты қауіпті екендігін біле тұра бетпердені бірі қалтасына жасырып, енді бірі ...

Толығырақ »

ЕЛТАЙ АУЫЛЫНДА ӨТКЕН БАСПАСӨЗ ТУРЫ

Шымкент қаласы, Еңбекші ауданының Елтай ауылында қазіргі таңда су толығымен тоқталып, авариялық — қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл жұмыстарға Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жеке құрамында 48 қызметкер, 3 техника мен 1 мотопомпа жұмылдырылған. Өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы су басқан ауылда аула — аумақтардан, көшелерден батпақ лай мен тастарды шығарып, арықтарды жиналған қоқыстардан тазартуда. Осы ретте өрт сөндірушілер мен ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫ ҚАШАН АШЫЛАДЫ?

Шымкентте тамақтану орындары әзірге ашылмайды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов әлеуметтік парақшасында мәлім етті. – Кейбір әлеуметтік желілерде 18 мамырдан бастап қоғамдық тамақтану орындары (асхана, кафе, мейрамхана, барлар) және спорт залдар ашылады деген хабарлама тарап, тіпті кейбір кәсіпкерлеріміз дайындыққа кірісіп кетіпті. Әкімдік тарапынан әзірге ондай қаулы қабылданып, шешім шықпады. Өздеріңізге белгілі, мемлекет басшысы нысандарды ретімен іске қосуға ...

Толығырақ »

ПОЛИЦЕЙЛЕР 48 ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫН АШТЫ

Шымкент полицейлері үш тәулік ішінде 48 пәтер ұрлығын ашты. Арнайы ұйымдастырылған «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында үй тонау фактісі бойынша қылмыстарды тіркеді. Бұл туралы «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Жорабайдың материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz хабарлайды. Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері пәтер ұрлықтарын ашу мақсатында рейдтік шаралар барысын көбейтуде.. Аталмыш іс-шараны жоғары деңгейде өткізу үшін Криминалды полиция, Әкімшілік полиция, Жедел-криминалистикалық басқармаларының қызметкерлерінен жасақталған жұмыс ...

Толығырақ »

САУДА ОРЫНДАРЫНДА ТҮСІНДІРІЛДІ

Шымкент қаласының аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны өсуіне байланысты Абай ауданының әкімі Б.Парманов аудан аумағында орналасқан ірі сауда орындарына барып, санитарлық-тазалық шараларымен танысты. Бұл ретте «Алаш» және «Жабық» базарларына арнайы ат басын бұрған Бұхарбай Рысқұлұлы сақтық жұмыстарының жүргізілу барысын күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар Б.Парманов аудан аумағындағы барлық сауда орындары мен қоғамдық орындарында дезинфекция жасалуын және санитарлық-тазалық жұмыстарын тұрақты жүргізу бойынша ...

Толығырақ »

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Енді азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) бармай ақ құжаттарын egov.kz, telegram, facebook әлеуметтік желілері арқылы рәсімдей алады. Бұл адамдардың көптеп жиналуын болдырмау және вирусты жұқтыру қаупін мейлінше төмендетеді. Бастысы уақытын үнемдейді. Бұл туралы «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ө.Мырзабектің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz хабарлайды. Айта кетейік, Шымкент қаласында барлығы 3 мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Азаматтар онда бірқатар қызметтермен ...

Толығырақ »

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМЫ ҚҰРЫЛАДЫ

Шымкентте кәсіпкерлікті қолдау шаралары шеңберінде 725 жобаға жеңілдетілген несиелер ұсыну арқылы 3760 жұмыс орын сақталады. 940 жаңа жұмыс орындары құрылатын болады.  Ал,  жұмыспен қамту бағдарламарын жүзеге асыру нәтижесінде 15 233 адам жұмыспен қамтылып, кәсіпкерлік сауаттылықты арттыру бойынша 12 200 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылатын болады. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен жиында айтылды. Басқосуда төтенше жағдай кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнесті ...

Толығырақ »

АЛТЫ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

Аудан әкімінің орынбасары М.Сейтімбетовтың төрағалығымен Сарыағаш ауданында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылу барысы бойынша аудандық штаб отырысы болып өтті. Сала мамандарының және жобаларды іске асыратын мердігер мекемелердің қатысуымен өткен штаб отырысында аудан аумағында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында іске асырылатын 6 жобаның орындалуы туралы мәселер талқыланып, бірінші кезекте аудандағы жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамтамасыз етілуін және құрылыс ...

Толығырақ »

ҚЫЛМЫС САНЫ АЗАЙДЫ

Шымкент қаласында карантин кезінде орын алған қылмыстар саны едәуір азайған. Құқықбұзушылық 39,3 пайызға төмендеген. Қылмыстар саны былтыр 2311 болса, биыл 1290 істі құрап, өткен жылмен салыстырғанда  1021 іске азайған. Яғни, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 44,2 % төмендеген, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Жорабаеваның материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Қылмыс саны күрт азайғанының себебін әркім әр түрлі болжайды. Бірақ, бір анық ...

Толығырақ »

ҮШ БИДІ ТҮЙІСТІРГЕН

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» деген болатын. Шын мәнінде, халқымыздың төл тарихы тереңге тамыр тартады. Ордабасы – қазақ халқының тарихыңда маңызы жағынан ерекше орын алатын, жоңғар басқыншыларына ...

Толығырақ »

КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ ӨТКІЗІЛДІ

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның онлайн режимінде кезекті отырысы өткізілді. Қашықтықтан өткізілген комиссия отырысына қала, кент, және ауылдық округ әкімдері мен комиссия мүшелері толығымен қатысты. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясы төрағасының орынбасары – аудан әкімінің орынбасары С.Тасқұловтың төрағалығымен күн тәртібіндегі Сарыағаш ауданы аумағында орман, даланы өрттен қорғау жұмыстары, 2020 жылғы өрт қауіпті кезеңде орман, ...

Толығырақ »

ӨНЕР МЕКТЕБІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Шымкент қаласында осы жылдың қыркүйек айында 300 орындық өнер мектебі пайдалануға беріледі, деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Бекет батыр мен Тәшенов көшесінің қиылысында орналасқан білім мекемесінің құрылысы қызу жүргізілуде. Қазіргі таңда екінші қабаттың плита жабындылары мен бірінші қабаттың сыртқы қабырғалары газоблокпен 100 пайызға қаланған болса, бөлмеаралық қабырғалардың іргетастарын құю жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш өнер мектебінің құрылыс жұмыстарымен ...

Толығырақ »

ЕНДІ ӘУЕЖАЙҒА ЖАҢА ЖОЛМЕН БАРАСЫЗ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов халықаралық әуежай аумағында салынып жатқан жаңа жолаушылар терминалына баратын жол құрылысының барысын көріп шықты, деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.  Жалпы ұзындығы 2,287 шақырымды құрайтын жол құрылысының бүгінде жер жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәселен, суағар каналмен қиылысқан жерінде су өткізгіш құрылысы мен темір-бетонды құбырдың құрылыс-монтаж жұмыстары және жолмен қиылысатын газ, су ...

Толығырақ »