Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Спорт (страница 6)

Спорт

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ — СПАРТАКИАДА ЖЕҢІМПАЗЫ!

Жуырда Қызылорда қаласында ҚР мектеп және колледж оқушылары арасындағы IX жазғы спартакиадасының жабылу салтанаты өтті. Дүбірлі сынды Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған болатын. Төрт айдан астам уақытқа созылған сында Түркістан облысының спортшылары жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. Түркістанның талантты өрендері 20 алтын, 6 күміс және 6 қола медаль еншіледі. Екінші орынды Алматы қаласының спортшылары жеңіп алса, үздік ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН 52 СПОРТШЫ ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА БАРАДЫ

18 тамыз – 2 қыркүйек аралығында Индонезияда XVIII жазғы Азия ойындары өтеді. Дүбірлі бәсекеге Қазақстаннан 400-ден астам спортшы қатысады. Ал, Түркістан облысынан 52 спортшы құрлықтың басты бәсекесінде бақ сынайды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Жалпы, Азия ойындарынан Түркістан облысы мен Шымкент қаласының спортшылары алтын медальсіз қайтқан емес. Тиісінше, ортақ жеңіске қомақты үлес ...

Толығырақ »

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҰЛЫ ДАЛА РУХЫ» ФЕСТИВАЛІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН БАСТАЛДЫ

Ағымдағы жылдың 4 шілде күні Астана қаласында шымылдығы түрілген «Ұлы дала рухы» фестивалінің негізгі мақсаты — жастар арасында ұлттық спорт түрлерінің дамуына тың серпін беру. Төрт аймақты қамтитын жобаға еліміздің барлық өңірлерінен спортшылар қатысады. Сайыпқырандар көкпар, бәйге, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық атудан сынға түсетін болады. Аталған жобаның идея авторы ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы. ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ «CHALLENGE. СЕНІҢ ЖАҢА ҚЫРЫҢ!» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасына қолдау білдіру мақсатында, шырайлы қаламызда «Challenge. Сенің жаңа қырың!» республикалық спорттық акциясы өткізілді. Акцияға қала тұрғындары, студенттер, оқушылар, БАҚ өкілдерімен қатар, қаламыздың танымал үздік спортшылары Мұxтарxан Ділдәбеков, Біржан Жақыпов, Ерсұлтан Мұзаппаров, Роза Абитовалар қатысып, қатысушыларға қолдау білдірді.  Акцияда жалпы 1000-ға жуық адам белсенділік танытып, жаттығулар жасады. Ісшараның басты мақсаты – қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау ...

Толығырақ »

«ON START» ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҮШ КҮНДІК ЛАГЕРІ

Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 20-22 маусым күндері аралығында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Сенің жаңа қырың» атты челенджін жастар арасында насихаттау, жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбилеу, бұқаралық спортты дамыту, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, жастарды жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту мақсатында «ON START» спорт ойындарының 3 күндік лагері ...

Толығырақ »

ӘЛЕМДІК РЕКОРД ЖАҢАРДЫ

Шымкенттің миллион тұрғыны бар ірі қалалар – мегаполистер қатарына қосылуына орай, облыс орталығының тұрғындары қолдарын жазып бүгу жаттығуын миллион рет орындады. Əл-Фараби алаңында өткен спорттық іс-шараға шаһардың бес мың тұрғыны қатысты. Олардың арасында қала əкімдігінің барлық қызметкері болды. Ерекше флешмобқа Шымкенттің əкімі Нұрлан Сауранбаев та қатысып, спорттық бағдарламаны толық орындап шықты. Спорттық рекордты КИнЭС – 2018 қазақстандық рекордтар кітабының өкілдері тіркеп, қала басшысына ...

Толығырақ »

Сенің жаңа қырың!

Шымкент қаласында республикалық «Чаллендж! Сенің жаңа қырың!»  атты спорттық акциясы болып өтті. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Бірінші рет өткізіліп отырған бұл игі бастама Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей қолдауына ие болып, бүгін еліміздің барша өңірлерін қамтуда. Спорттық іс-шараға да атақты спорт саңлақтары мен студенттер, спорттық мектептер және қала тұрғындары қатысты. Олардың бұл бастамасы барша оңтүстікқазақстандықтарға өнеге — ...

Толығырақ »

КӘСІПКЕРДІҢ ҚОЛҰШЫ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында Отырар ауданындағы Ақтөбе ауылында туған жерге деген тартулардың бірін жеке кәсіпкер Есбол Қамбаров жасады. Бұл – заманауи талапқа сай 240 орындық Әуесбек Қамбаров атындағы спорт кешені елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейлі жылы аясында және қасиетті Рамазан айында пайдалануға берілді.     Спорттық нысанның салтанатты ашылуына ...

Толығырақ »

КҮШ АТАСЫН ТАНЫМАСА ДА…

Оңтүстік Қазақстан облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Ордабасы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекеніндегі Қажымұқан атындағы орталық стадионда Қажымұқан Мұңайтпасұлының 147 жылдығына арналған қазақ күресінен дәстүрлі халықаралық турнир бастау алды.    Қазақ халқының маңдайына біткен орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбын ардақтап өткізген бұл дода қызықты әрі тартысты өтті. Батыр бабаларының ...

Толығырақ »

ОТБАСЫЛАР САЙЫСЫ ӨТТІ

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет істері органдарының 20 жылдығына орай Отырар ауданындағы мемлекеттік қызметшілердің отбасылары арасында «Әкем, анам және мен» тақырыбымен үстел тенисі, асық ату, дойбы, арқан тарту және ләңгі тебу секілді бес спорт түрінен отбасылық сайысы өтті. Мақсат Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын, «Қазақстан-2050 стратегиясы» мен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық ...

Толығырақ »

ОН ҮШ – СИҚЫРЛЫ САН…

Иә, еліміздің 13-өңірінде жайғасқан ауыл шаруашылығына орта буын мамандар дайындайтын іргелі он оқу орнының бірі – Шымкент аграрлық  колледжінің он үшінші директоры болып білікті маман, ұлағатты ұстаз, заңгер, педагогика ғылымдарының магистрі, «Нұр Отан» партиясының «Өркениет» бастауыш ұйымының төрайымы Гауһар Алпысбайқызы Бекбергенованың тағайындалғанына аса көп уақыт бола қойған жоқ. Десек те, осы қысқа мерзім ішінде атқарған сан алуан шаруалары шаш етектен екеніне көз жеткіздік. Бардық, ...

Толығырақ »

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және «Нұр Отан» партиясы Түркістан қалалық филиалы «Рухани жаңғыру – ұлт болашағы» тақырыбында музей ұжымымен бірлескен кездесу өткізді. Айтулы шара Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында туған жер қасиетін арттыру, оның ішінде құнды жəдігерлерді сақтау мен тарихы жөнінде кеңінен насихаттау, кемел келешек пен оған жетер қадамдар жөнінде ой-бөлісіп, нақтылауға арналды. Іс-шарада қорық-музей директоры Ахметжанов ...

Толығырақ »

ҚАЗЫҒҰРТТАН БЕС ХАБАР

1. «Алғыс айту» күніне орай аудандық мәдениет сарайында «Мың алғыс саған, Қазақ елі!» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шарада аудан әкімі Т.Телғараев, аудандық мәслихаттың хатшысы Ө.Көпеев жиналған көпшілікті «Алғыс айту» күнімен құттықтап, бір топ азаматтарды марапаттап, құрмет көрсетті. Мерекеде өзбек, татар, иран ұлтының өкілдері қазақ халқына деген ризашылықтарын білдірді. Аудандық мәдениет сарайының өнерпаздары мен әншілер Н.Қожатов, Г.Ерменбай өз өнерлерін ортаға салды. 2. Қазығұрттықтар ...

Толығырақ »

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласына қарасты Көкжиде елді мекенінде 1-желтоқсан – Тұңғыш Президенті күніне орай, жаңа спорт залының ашылу салтанаты өтті. Шарада сөз алған қала әкімі Мұрат Қадырбек негізгі мақсат – өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттап, бос уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасау екендігін атап өтті. «Бүгінгі ашылған спорт залынан жерлестеріміз сияқты ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген спорт ...

Толығырақ »

ШАҒЫН ФУТБОЛ АЛАҢЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шолаққорған елді мекенінде 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент мерекесі күні қарсаңында шағын футбол алаңы пайдалануға берілді. Спорт алаңының ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Салыхан Полатов Елбасымыздың халықтың дене шынықтырумен және спортпен жаппай айналысуы үшін спорттық инфрақұрылымдардың қолжетімділігін кеңейту тапсырмасының кезең-кезеңмен орындалып отырғанын жеткізді. Аудан әкімінің айтуынша, бүгінде Созақ өңірінде 236 спорт ғимараты тұрақты түрде ...

Толығырақ »

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысындағы созақтық спортшы 19 жастағы Қобыланды Орынбасаров Сеулде өткен гір тасын көтеру спортынан әлем чемпионы атанды. Ал, жаттықтырушысы Мұрат Серікбаев ардагерлер арасындағы жарыста әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында қараша айының 15-19 аралығында өткен жарысқа әлемнің 33 елінен 600-ге жуық спортшы қатысқан. Додада 73 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Қобыланды, 32 келі гір тасын ...

Толығырақ »

БОКС САҢЛАҚТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірде өтіп жатқан бокстан республикалық біріншілік қарсаңында сала саңлақтарымен кездесті. Олардың қатарында ҚР бокс федерациясының вице-президенті Юрий Цхай, Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов, ҚР еңбек сіңген спорт шеберлері әрі Олимпиада чемпиондары Серік Сәпиев және Бақтияр Артаев, сондай-ақ Данияр Елеусінов, бокстан әлем чемпиондары Біржан Жақыпов пен Қайрат Ералиевтер бар. Кездесуде облыс басшысы ...

Толығырақ »

Қажымұқанға жасалған қастандық

Өмірдің тар жол, тайғақ кешуін бір кісідей бастан өткерген көрнекті ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор Абай Тұрсынов Ленинград қаласының жоғары оқу орындарында ұзақ жыл ұстаздық етіп, бертінде Алматыға көшіп келген зейнеткер. Абай Тұрсыновтың айтуынша, Қажымұқанмен жақсы қарым-қатынаста болған ата-анасы бір жолы әйгілі балуанды төніп келген ажалдан аман сақтап қалыпты. Оған өзі тікелей куә болған. Сол туралы Әбекең былайша сыр шертеді: ...

Толығырақ »

ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН БОЛАДЫ

Футболдан Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы жанкүйерлерін жылдан жылға қуантып келеді. Ол биыл өз тарихында тұңғыш рет ел премьер-лигасында қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл, әрине, қуанарлық жайт. Қазақстан Премьер-лигасының 30-турында «Ордабасы» өз тарихында бірінші рет қола жүлдегер атанып, келер жылы Еуропа лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Ал Чемпиондар лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік беретін ел біріншілігінің алтын жүлдесі кімге бұйыратыны әлі белгісіз ...

Толығырақ »

5 МЫҢ АДАМ ҚАТЫСҚАН МАРАФОН

Шымкент қаласында дәстүрлі жалпы қалалық «13 аймақ» – Бірге болсақ, бәрі мүмкін!» атты жүгіру марафоны өтті. Салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты насхаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиев пен «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық бөлімшесінің төрағасы Өмірзақ Мелдеханов, сондай ақ әкімдік қызметкерлері мен кәсіпқой спортшылар және қала тұрғындары жалпы ...

Толығырақ »

АЛҒАШҚЫ БОКС МЕКТЕБІ

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қаладағы балалар мен жасөспірімдерге арналған ел аумағындағы халықаралық талаптарға сай келетін алғашқы бокс мектебінің ашылу салтанатына қатысты. Енді №5-ші спорт мектебі әлемдік кеңістіктегі спорттық шараларды қабылдау мүмкіндігіне қол жеткізді. Бұған дейін ел аумағында мұндай мүмкіндікке Астана және Алматы қалалары ғана ие болып келген еді. Бүгінгі пайдалануға беріліп отырған бокс мектебі оңтүстік өңірі жас боксшыларының тыңғылықты дайындалуына ...

Толығырақ »

ТУТӨБЕДЕГІ ТАРИХИ ТІРЛІК

Бар қазақты бауырына екі жиған қасиетті Ордабасы тауы тағы бір игілікті бастаманың куәсі болды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласында латын әліпбиіне өтудің еліміз үшін маңыздылығы атап өтілген-ді. Осыған орай Оңтүстік өңіріне белгілі қаламгерлер Серік Жанəбіл, Мұхтар Мұхамбетжан, Бақтияр Тайжан, Ерсултан Əмірбек, Әсет Әссанди, Ғалымжан Зиябек бастаған азаматтар Ордабасы тауында бас қосып, бұл бастамаға қолдау білдірді. ...

Толығырақ »

1153 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары биылғы жылдың сегіз айында 1153 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 391 алтын медаль болса, 384-і күміс, ал 378 қола медаль. Оның арасында 51-і Азия чемпионы, ал 9 әлем чемпионы. Бұл туралы ОҚО Өңірлік коммуникацилар қызметінде өткен брифингте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев мәлімдеді. Сонымен қатар, өңірдегі бұқаралық спорттың дамуы туралы баяндаған басқарма ...

Толығырақ »

ТҰҢҒЫШ СПАРТАКИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АТАДЫ!

Оңтүстікте алғаш рет ұйымдастырылған еңбекші жастар спартакиадасы өз мәресіне жетті! Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Төлеби ауданы Леңгер қаласының орталық стадионында облыстың ірі 9 кәсіпорындарында жұмыс жасайтын жастар командаларының қатысумен «Еңбекші жастар – болашаққа жол бастар!» облыстық спартакиадасы өтті. Мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында дене шынықтыру және ...

Толығырақ »

ТӨРТ МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ТАБЫС ЕТТІ

Шымкент қаласында өткен «Денсаулық – 2017» фестивальі аясында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Германияның Гамбург қаласында өткен Әлем чемпионатының алтын жүлдегері Қайрат Ералиев пен қола медаль иегері Жомарт Ержанды жеңістерімен құттықтап, сый-құрмет көрсетті. Неміс жерінде өткен дүбірлі додада еліміздің қоржынына жалғыз алтынды алып беріп, көк туымызды көкке желбіреткен әлем чемпионы Қайрат Ералиевке облыс әкімі 4 миллион теңгенің сертификатын табыс етті. ...

Толығырақ »