Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы

Қала тынысы

ОҚУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ НАШАҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕСІРТКІНІҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫНА ҚАТЫСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Шымкент қаласының «Азимед колледжінде» оқу орнының студенттеріне арнап «Оқушылар мен студенттер арасындағы нашақорлық және олардың есірткінің заңсыз айналымына қатысу мәселелері» тақырыбында құқықтық кездесу өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ​Оған Шымкент қаласының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Кеңес Сержан Абзалұлы, Шымкент қаласы Психикалық денсаулық сақтау ...

Толығырақ »

КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ТІРКЕУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІ ДАЯРЛАУ ҚАҒИДАЛАРЫ ӨЗГЕРДІ

2024 жылғы 23 сәуірден бастап еліміздің мамандандырылған ХҚКО-ларында көлік құралдарын тіркеу барысында міндетті нотариаттық куәландырылған көлікті сатып алу-сату шарттарын қабылдайтын болады. Бұл ретте мәміленің жазбаша нысаны жойылады. Бұл өзгерістер мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған. Айта кетейік, егер азаматтар қайта тіркеу үшін көлікті сатып алу-сату мәмілелерін нотариалды куәландырғысы келмеген жағдайда, олар екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы көлік құралын ...

Толығырақ »

АУДАН ӘКІМІ МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Aудан басшысы Арман Абдуллаев «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында салынып жатқан Сарыағаш қаласындағы №2 А.Сүлейменов атындағы 300 орындық мектептің құрылыс жұмыстарының барысын бақылады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінгі таңда, аталған мектептің іргетасын құю жұмыстары толығымен аяқталып, жертөле қабырғаларын көтеру және жабын қабатына темір бетон құю жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының барысын бақылаған аудан әкімі ...

Толығырақ »

“АБАЙ” САЯБАҒЫНДА САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Бүгін Тұран ауланы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен “Абай” саябағында “Киелі мекен” науқанына орай санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Тұран Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ескерткіштер жуылып, шөп орылды, сондай-ақ тротуарлар мен “Даңқ” мемориялы да толықтай жуылып, тазаланды. Аталған жұмысқа 2 техника және 50 адам жұмылдырылды. © Didarbek.kz

Толығырақ »

ЖАМБЫ АТУДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Биыл тұңғыш рет ұйымдастырылған жамбы атудан ересектер арасындағы Азия чемпионаты Шымкент қаласында өтті. 14-19 сәуір күндері 14 мемлекеттен келген 60 мерген үшінші мегаполисте ұлттық спорттан бақ сынады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісіШымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олар Индонезия, Кувейт, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Оман, Өзбекстан, Пәкістан, Ресей, Сауд Арабиясы, Сирия, Тайвань, Таиланд және Қазақстан мемлекетінің спортшылары. Сары құрлықтан жиналған ...

Толығырақ »

ҚЫЗ БАЛАЛАРҒА ӨНЕГЕЛІ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫ

Еңбекші ауданы әкімі аппараты жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен «Мейрімді аналар» тобы мүшелерінің қатысуымен М.Тынышбаев атындағы Шымкент көлік колледждің және №2 жалпы орта мектептің жоғарғы сынып оқушы қыздарының арасында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы», «Қыз балаларға өнегелі тәрбие беру жолдары», «Тәрбиенің негізі-әйел» тақырыптарында тәрбиелік кездесулер өткізілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Еңбекші Ауданы Әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме ...

Толығырақ »

ҚАРАТАУ АУДАНЫ: ҚАРАШАШ АНА КЕСЕНЕСІ ТАЗАРТЫЛДЫ

«Киелі мекен» апталығы аясында өтіп жатқан #TazaShym жалпықалалық шарасы Қаратау ауданында да жалғасын тапты. Аудан әкімдігі іс-шара барысында Қаратау ауданында орналасқан кесенелер мен зираттарды тазартуды жоспарлап отыр. Аудандағы бүгінгі іс Сайрам тұрғын алабындағы Қарашаш ана кесенесін тазалаудан басталды. Игі шараға аудан әкімдігі, «Қаратау коммуналдық мекемесі», аудан тұрғындары, еріктілер, оқушылар атсалысты. Тазалық акциясы аясында кесене маңындағы ағаш, бұталар ретке келтіріліп, түптері ...

Толығырақ »

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: ЕСКЕРТКІШТЕР МАҢЫ ТАЗАЛАНДЫ

Бүгін «Киелі мекен» апталығы аясында өтіп жатқан #TazaShym жалпықалалық іс-шарасы Еңбекші ауданындағы Жібек жолы көшесінде орналасқан Тұрар Рысқұлов гүлзарында жалғасты. Іс-шараға Еңбекші ауданы әкімдігі, «Группа Интеко» мекемесі, қала тұрғындары атсалысты. Тазалық акциясы аясында гүлзар аумағы, оның айналасындағы ескерткіштер, аялдамалар көшелер мен өткелдер күл-қоқыстан тазартылып, ағаш көшеттерінің түбін қопсыту, түптерін әктеу, орындықтарды, қоқыс жәшіктерін, шамдарды тазалау жұмыстары атқарылды. – Айнала көгеріп ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: МӘДЕНИ-ТАРИХИ КЕШЕНДЕР ТАЗАРТЫЛУДА

«Таза өлке» экологиялық апталығы барысында Әл-Фараби ауданының аумағында орналасқан тарихи-мәдени кешендер, ескерткіштер тазартылды. Аудан әкімдігі мен қоғам белсенділері игі шараға белсене кірісті. #TazaShym жалпықалалық тазалық шарасына қатысушылар — Әл-Фараби ауданының коммуналдық мемлекеттік мекемесі және «Эталон» ЖШС мердігер мекемесі қызметкерлері Әлия Молдағұлова көшесінде орналасқан Ә.Молдағұлова ескерткішінің айналасын қоқыстардан тазартып, ескерткішті жуып тазалады. Одан кейін аудан тазалықшылары Д.Қонаев және Тәуке хан даңғылының ...

Толығырақ »

ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ КИЕЛІ МЕКЕНДЕРДЕ ЖАЛҒАСТЫ

Бүгін #TazaShym жалпықалалық тазалық іс-шарасының екінші аптасы мегаполисте ауқымды істермен жалғасты. Акцияның екінші аптасы «Киелі мекен» атауымен аталып, қаламыздың әулиелі жерлерін тазалаудан басталды. Абай ауданы әкімдігі тазалық жұмыстарын Шымкенттің кіре берісіндегі Темірші әулие кесенесінен бастады. – Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып отырған республикалық «Таза Қазақстан» акциясын бүкіл халық болып қолдаймыз. Игі шараның аясында қаламыз көркейіп, қоршаған ортамыз тазаланып қалды. Ең ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРМЕН КҮРЕСТІ КҮШЕЙТТІ

2024 жылдың бірінші тоқсанында Мемлекеттік корпорация өз күшімен мемлекеттік қызмет көрсету барысында тіркелген 1319 бұзушылықты анықтады. Салыстырмалы түрде, өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 249 бұзушылықты құраған. — Мемлекеттік корпорация анықталған фактілерді құқық қорғау органдарына беріп, нәтижесінде 12 қылмыстық іс қозғалды. — «Азаматтарға арналған үкіметтің» 90 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 2 қызметкердің лауазымы төмендетілді, 9 қызметкермен еңбек шарты бұзылды. — ...

Толығырақ »

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА

Тұран ауданы әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық іс-шаралар жалғасуда, – деп хабарлайды DIDARBEK.KZ тілшісі Тұран ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осыған сәйкес, бүгін Тұран ауданы әкімі аппаратының басшысы Қалмырзаев Бақберді Әмзеұлының төрағалығымен жиналыс өтті. Жиын барысында Бақберді Әмзеұлы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтауға қатысты айтып, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнама ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ЕКІ ЖАҢА САЯБАҚ АШЫЛАДЫ

Бүгінде қала аумағын абаттандыру, көгалдандыру мәселелері өзекті болып отыр. Себебі, бұл бағыттағы жұмыстар халықтың қолайлы өмір сүруіне тікелей әсер етеді. Сондықтан, қаланың микроклиматын қалыптастыру маңызды міндеттердің біріне айналды, – деп хабарлайды DIDARBEK.KZ тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала әкімдігі тарапынан нысандарды көгалдандыру, аумақтарды абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Демалыс күндері мегаполис басшысы Ғабит Сыздықбеков Желтоқсан көшесіндегі гүлзардың құрылысын ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ БӨТЕННІҢ СКУТЕРІН КӨТЕРІП ҰРЛАП КЕТКЕНДЕР ҰСТАЛДЫ

Ұрлықтың ерекше тәсілі қаланың Әл-Фараби ауданының аумағында түнгі уақытта орын алды. Басына шлем киген үш белгісіз тұлға мотокөлікті тұрған орнынан қозғалта алмай, көтеріп алып кеткен, – деп хабарлайды DIDARBEK.KZ тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Скутерін кафенің жанында қалдырған тұрғын, оның жоғалғанын біле салысымен дереу полицияға хабарлаған. Жәбірленушіге жарты миллион теңге көлемінде шығын келтірілді. Тәртіп сақшылары бейнебақылау ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ДИАБЕТТІК ТАБАН СИНДРОМЫНА ШАЛДЫҚҚАН НАУҚАСТАРҒА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛЫП ЖАТЫР

Қант диабеті асқынған науқастарға шұғыл хирургиялық көмек көрсету үшін қалалық №2 аурухана базасында диабеттік табан бөлімшесі ашылған, – деп хабарлайды DIDARBEK.KZ тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аурухана дәрігерлері диабеттік табан синдромымен келген пациенттің аяқ ампутациясын алдын алу мақсатында эндоваскулалы баллонды ангиопластика, яғни стенттеу отасын жасайды. Тіліксіз ота арқылы науқастың аяғын аман алып қалуға болады. Операция кезінде хирургтар ...

Толығырақ »

КОРПОРАЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

«Азаматтарға арналған үкімет » мемлекеттік корпорациясы «Таза Қазақстан» экологиялық  акциясын қолдайды. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық  акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Түркістан облысының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлері сенбілік ұйымдастырды.  Акцияға облыс бойынша Барлық аудан қызметкерлері жұмылдырылды. Мекемеге қарасты территорияларды тазалап көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен  елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Аталмыш науқан 5 аптаға ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ЖАМБЫ АТУДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

Шымкент қаласында алғаш рет ересектер арасында жамбы атудан Азия чемпионаты өтуде. 14-18 сәуір аралығына жоспарланған құрлық чемпионатында 14 мемлекеттен (Индонезия, Кувейт, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Оман, Өзбекстан, Пәкістан, Ресей, Сауд Арабиясы, Сирия, Тайвань (Қытай туымен), Таиланд және Қазақстан) келген, жалпы 64 спортшы бақ сынайды. Бүгін жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шарада Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, ҚР Ұлттық және ат ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

8 сәуір күні елімізде республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды. Науқан бес аптаға созылады және әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты бар. Аталған науқанға Шымкент қаласының тұрғындары да ерекше қолдау білдіріп, жұмыстарды белсенді бастап кетті. Экологиялық акцияның алғашқы аптасы «Таза өлке» апталығы аясында қала тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалау,  ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

Шаһар басшысы Ғабит Сыздықбековтың қабылдауында қала тұрғыны Б.Алтынбаева жол және ирригация мәселесін көтерген болатын, деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Абай Ауданы Әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осыған орай, бүгін аудан әкімінің орынбасары Есімжан Баирбекұлы арнайы барып сала мамандарымен зерделеу жұмыстарын жүргізді. Аталған мәселе бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы жылы аталған көшеге асфальт төсеу және ирригациялық лоток салу жұмыстары жоспарланғанын атап өтті. ...

Толығырақ »

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОБИЛЬДЫ ТОППЕН КЕЗДЕСУІ ӨТКІЗІЛДІ

Еңбекші ауданы әкімі аппараты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильды топпен кездесуі өткізілді, деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Еңбекші Ауданы Әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Б.Жұмабек, М.Әуезов атындағы ОҚУ Саясаттану кафедрасының меңгерушісі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтер С.Мажинбеков сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді болдырмау мен алдын алу, жемқорлық ...

Толығырақ »

АЗАМАТТАР ҚАЛАНЫ ДАМЫТУДА ҰСЫНЫСТАРЫН ЖЕТКІЗДІ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қабылдауына жазылған 53 азаматтың мәселесін тыңдап, шешімін қарастырды, деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысы Полиция Департаментінің фейсбук парақшасына сілтеме жасап. Қабылдау барысында мәдениет, әлеуметтік көмек, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік мақсатта жер телімін заңдастыру мәселелері көтерілді. Тұрғындар қалада туризм салаларына дамытуға қатысты, білім беруде процестерді автоматтандыруға бағытталған жобаларымен қатар жаңа ескерткіштер орнатуға қатысты бастамаларын ұсынды. Қала басшысы мегаполисті ...

Толығырақ »

ҚАТЫН КӨПІР ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Аудан әкімі Бухарбай Пармановтың тұрғындармен тұрақты кездесу Қатынкөпір шағын ауданында өтті. Кездесу барысында Қатынкөпір шағын ауданында биыл атқарылатын жұмыстар баяндалып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берілді. Ағымдағы жылы шағын ауданда 7 көшеге асфальт төсеу, 14 көшеге жарықшам орнату және 5 көшеге ирригациялық жүйелер орнатылатын болады. Атап айтқанда: Асфальт төселетін көшелер: Юсупов, Қасқабаев, Қабылбеков, Үржар, Ақбақай, Әзірбаев, Низами тұйығы және Сәтпаев тұйығы. Жарықтандарылатын ...

Толығырақ »

ОРАЗА АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

Шымкент қаласының Бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының бастамасымен қала бойынша бір уақытта, Ораза айт намазы оқылды. Тұран аудандық «Қождан ата» мешітінің Бас имамы Құрманбаев Батырхан мешіт жамағатын айт мерекесімен құттықтап, ҚМДБ Төрағасы Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы құттықтау сәлемін жеткізді. Айт намазға Тұран ауданының әкімінің орынбасары Жанаев Асылжан Дәулетханұлы мешітке келіп, Тұран ауданының әкімі Берік Айдарұлының арнайы құтықтау сәлемін ...

Толығырақ »