Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Әлеумет (страница 30)

Әлеумет

АДАЛДЫҚ САҒАТЫ: «АДАЛДЫҚТЫ МҰРА ЕТКЕН ҰЛЫ АБАЙ»

Жастардың арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен тоқсан сайын «Адалдық сағаты» республикалық акциясы өткізілуде. Қалыптасқан жағдайда «Адалдық сағаты» дәстүрлі түрдегі кездесулердің орнына онлайн форматта өтті. Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай онлайн дәрістің тақырыбы «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» деп анықталды. Дәріс жас ұрпақты әділ, әрі парасатты болуға шақырған ұлы ойшылға арналды. Президент ...

Толығырақ »

СКРИНИНГ ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары бойынша брифинг өтті. Брифингке Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр, Шымкент қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызмттердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев және қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова қатысты. Баспасөз мәслихатында мәлім болғандай, қаладағы кәсіпорындарда коронавирус инфекциясына қарсы диагностикалық тексеру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Инфекция жағдайының өсуі ...

Толығырақ »

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ҚАТАҢ ЖҮРГІЗУДЕ

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы «Шымкент қаласының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» № 17 Қаулысына 3 тармағы 18 тармақшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, аталған қаулының 7-қосымшасына сәйкес жұмыстары жүргізілуде. Жоғары спорт шеберлігі топтарына, спорттық жетілдіру топтарына және оқу-жаттығу топтарына «Қажымұқан» Орталық стадионында, «Металлург» стадионында, ескек ...

Толығырақ »

КІРЕБЕРІС КӨПІР ҚАСБЕТІ ЖАҢАРУДА

Бұл туралы бүгін Мұрат Әйтенов Instagram парақшасында хабарлады. – Шымкенттің оңтүстігінен кіреберісіндегі көпірдің қасбетін өзгерту мәселесін мамандармен талқыладым. Қалаға кіреберіс ерекше, заманауи мегаполиске кіріп келе жатқаныңды сездіретіндей болу керек деп есептеймін. Сонымен қатар, Республика даңғылындағы жөндеу жұмысының не үшін жүргізіліп жатқанын түсіндіре кетейін. Көптеген тұрғын бұл мәселеге сынмен қарауда. Байқасаңыздар, жолдың бөлу жолағының екі жағынан да арналар орнатылуда. Жауын-шашын кезінде ...

Толығырақ »

11 КАНАЛ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

Шымкент қаласында биыл ұзындағы 134,4 шақырым болатын 11 канал қайта жаңартылады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің төрағалығымен өткен аппараттың отырысында айтылды. Жиында қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков суарылатын жерлердің ирригациялық инфрақұрылымын жаңғырту мәселесі жайын баяндады. Басқарма басшысы бүгінде Шымкентте жалпы ұзындығы 241,24 шақырымды құрайтын 27 каналдың бар екенін атап өтті. Биылғы жаңаратын 11 каналдың бірі ұзындығы ...

Толығырақ »

ОРАМЖАПЫРАҚ БЕЛОРУССИЯҒА ЖӨНЕЛТІЛЕДІ

Түркістан облысының шаруаларына өнімдерін экспортқа шығаруға кедергі жоқ. Күні кеше Хусейн Бабуров атты кәсіпкер жер емген дихандардан 500 тонна орамжапырақ сатып алуға келіскен. Ол алғашқы 200 т. орамжапырақты жүк көліктеріне тиеп, Белоруссияға аттандырды. Әр жүк көлігіне 20 тонна өнім сиятынын ескерсек, күніне 40-60 тонна экспортқа жіберілуде. Рефрижераторы бар жүк көліктеріне тиелген капуста араға 5 күн салып белорусь еліне жетеді. Ол ...

Толығырақ »

ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов опера және балет театрының жұмысымен танысып, театр ұжымының қызметкерлерімен кездесті. Онда опера мен балет өнеріне халықты көптеп тартудың жолдары қарастырылып, саланы дамытудағы ойларымен бөлісті. Бұдан бөлек, әкім Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан білікті балет маманын тарту мәселесін де көтерді, деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Қазақ театр өнерінің дамуына үлес қосу ...

Толығырақ »

ЕЛТАЙДА СУ ТАСҚЫНЫНАН ҚАТТЫ ЗАҚЫМДАНҒАН ҮЙЛЕР ЖОҚ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен табиғи апаттың салдарын жою және алдын-алу жұмыстары бойынша жиын болып өтті. Отырыста қалалық Төтенше жағдай департаментінің бастығы Нұрболат Дербісов жауын-шашын салдарынан таудан келген судан Елтай тұрғын алабында жарамсыз хәлге түскен үйлер жоқ екенін мәлім етті, деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Оның айтуынша, тасқын су 38 үйді зақымдаған. Алайда, ол ...

Толығырақ »

ОТБАСЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ҚҰРМЕТТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ! Сіздерді 15-мамыр отбасы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Отбасы құндылықтарын насихаттау біздің еліміздің басты міндеттерінің бірі. Отан — отбасынан басталады. Отанға деген құрмет пен махаббаттың бастауы — отбасыда. Ақын Қасым Аманжоловтың сөзімен айтсам, елін сүйер, сеніңіз, өз отбасын сүйе алған. Үйлесім мен ынтымақ, махаббат пен сыйластық әр отбасының ажырамас тірегі. Осындай ізгілікке үндейтін айтулы күні әрқайсысыңыздың шаңырағыңызға ...

Толығырақ »

ӨТІНІШТЕРДІ ҚАЙТА ҚАБЫЛДАУ АЯҚТАЛДЫ

Елімізде төтенше жағдай режимінің тоқтатылуына байланысты 2020 жылғы 11 мамыр күні сағат 18.00-ден бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан табысынан айырылғандарға төленетін 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлем тағайындауға жаңадан өтініштерді қабылдау аяқталды. Бұдан бұлай жоғарыда көрсетілген мерзімге дейін келіп түскен барлық өтініштер белгіленген тәртіппен қаралатын болады. Сонымен бірге өтініш МӘСҚ төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты төлемдер тағайындау қағидаларында көрсетілген шарттарға ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛДАҒЫ ЖАСТАР ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНА БАРДЫ

2020 жылғы 13 мамыр күні 19:30 сағат шамасында Өрт сөндіру бөлімінің байланыс торабына Алтынтөбе, Жігерген, С.Рақымов ауыл округтері тұрғындарынан үйдің ауласына жаңбыр суы жиналғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына Қазығұрт ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы мен аудан әкімдігі қызметкерлері дер кезінде шығып, Алтынтөбе ауыл округі, Қаржан елді мекенінде 2 үй, 1 емхана, 1 дәріхана, 2 қоражайдың аулаларына су кіргені, Жігерген ...

Толығырақ »

МОБИЛЬДІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫС РЕЖИМІНДЕ

Шымкентте мобильді жұмыспен қамту орталықтары жұмысын бастады. Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты орталықтар бүгінге дейін онлайн режимінде қызмет көрсетіп келді. – Мобильді жұмыспен қамту орталықтарының негізгі мақсаты – жұмыспен қамту, қысқа мерзімді оқыту, жұмысын жоғалтқан және өз мамандығы бойынша жаңа жұмыс орнын таба алмаған халыққа кәсіптік бағдар беру және психологиялық қолдау бойынша қызметтер көрсету. Орталық менеджерлері өтініш білдірушілерді базаға тіркейді, сосын ...

Толығырақ »

СУ ТАСҚЫНЫ ҚАУПІ ТОЛЫҚ БАҚЫЛАУДА

Кеше қатты жауған жауынның салдарынан Бадам мен Сайрам су өзендері арнасынан асып, Шымкенттің бірқатар аумағын су басқан болатын. Қазіргі таңда нөсер жауынға тап болған Елтай және Қарабастау елдімекендерінде дер кезінде тиісті көмек көрсетіліп, қауіптің алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Н.Дербісов мәлімдеді. — 13 мамырда сағат ...

Толығырақ »

ӨТКІР ӨМІРЗАҚ немесе ШАРШАМАЙТЫН ШӨКЕЕВ

Биылғы тышқан жылы Түркістан облысына оңай тиіп жатқан жоқ. Әлемді дүрліктірген індет біраз діңкелетсе, артынша түстік өңірдің шаруалары қыруар тонна қырыққабатын саудалай алмай қиналды. Осы ретте облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Үкіметке дер кезінде мәселемен шығып, түйткілді түйіннің тез тарқатылуына барынша атсалысты. Осылайша бұл қиындықтарды енді еңсердік пе дегенде, Мақтааралдағы 5 ауылды топан су шайып кетті. Мұндайда «Бір айналдырғанды, шыр айналдырады» ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛҒА МЕЙІРІММЕН

«Серпіліс» қоғамдық қоры мен «Жалын» қоғамдық бірлестігі және Шымкент қаласы Ішкі Саясат және дін істері басқармасының қолдауымен психолог мамандар Мақтаарал ауданында орын алған тасқын судың зардабын көзбен көріп, үрейленген азаматтарға психологиялық көмек көрсетті. Мамандардың сөзінше топан судың әсерінен жас балалар шошып қалған. Тәжірибелі психологтар балалармен бірге сазбалшық және тұз терапиясымен суреттер салу арқылы көңіл-күйіне оң ықпалын беретін әртүрлі сабақтар өткізді. Нәтижесінде ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР САНАТЫНА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» Шымкент қалалық филиалы “2-10-20” бағдарламасы бойынша өтінімдерді 18-30 мамыр аралығында қабылдайды. Қазір бағдарламаға қатысушылар санатына өзгерістер енгізілді. Бұл жөнінде Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғ. Төлепов ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді. Биыл “Бақытты отбасы” тұрғын үй бағдарламасы бойынша баспаналы болатындар саны артатыны белгілі. Себебі, бағдарламаға қатыса алатын азаматтар санаты артып ...

Толығырақ »

28 180 АЗАМАТТАН ӨТІНІМ КЕЛІП ТҮСКЕН

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, карантинге жабылған өңірлерде тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңгеден берілетіні бұған дейін хабарланған болатын. Осыған орай, бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов тұрғындарға берілетін өтемақыға қатысты өзгерістерді мәлімдеді. — Аталған көмекті алу үшін азаматтардан өтінімдерді қабылдау мақсатында «communal-komek.kz» сайты ...

Толығырақ »

ӘРУАҚ ТЕПКЕН ЖОҚ ПА ЕКЕН БІЗДІ ОСЫ?

Бұл тақырыпты қозғау – өте ауыр: түсінетін бар, түсінбей лағып кететін бар. Мәселен, Шымкенттегі балалар темір жолын бұзуға аса мүдделі екенін байқатқан қаланың бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовты әлеуметтік желі арқылы тоқтатпақ ниетте болып, «АСҚАРОВТЫҢ ӘРУАҒЫ ҰРЫП КЕТПЕСІН!» деп, талай дабыл қақтық. Сол кездегі қала әкіміне жағымпаздық жасағысы келді ме, әлде шынымен де халықтың мұң-мұқтажына қырын қарады ма – ол жағы ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІ ЕЛТАЙ ЕЛДІМЕКЕНІНЕ БАРДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатты жауын-шашын салдарынан су басқан Елтай елдімекеніне барып, жағдай барысымен танысты. Су шайған жерлерді аралап көрген қала әкімі тез арада осы салаға жауапты орынбасарының төрағалығымен тасқын зардаптарын жою және алдын алу жұмыстары жөнінде арнайы комиссия құруды тапсырды. Мамандардың пікіріне сүйене алдағы үш күнде толассыз жауын-шашынның болатынын айтқан Мұрат Дүйсенбекұлы, табиғаттың тосын мінез танытуына қарсы шаралар ...

Толығырақ »

ЕЛТАЙ ЕЛДІМЕКЕНІНДЕ ҚАУІП СЕЙІЛДІ

13.05.2020 жылы сағат 19.14-те Шымкент қаласы Еңбекші ауданы, Елтай елді мекеніне қатты жауын-шашын салдарынан Түркістан облысы Төлеби ауданынан секундына 3-5 текше метр су келгені туралы хабарлама келіп түскен. Үйлердің аулаларын су басып, судың деңгейі 20-50 см құрады. Көп мөлшерде келген судан арық жүйесі істен шығып, соның салдарынан тұрғын үйлердің аулаларын су басты. Жалпы 60 тұрғын үй аулаларын су басты және 3 ...

Толығырақ »

«БҮЙРЕКТЕН СИРАҚ ШЫҒАРУ»

«Жер астынан жік шықты, қос құлағы тік шықты» дегендей, otyrar.kz сайтынан мына бір мақаланы оқып, көптен бері Фарида Шарафутдинованы жақсы танысам да, адами қасиеттерін құрметтесем де, кәдімгідей реніш пайда болды. Бұл не? Адасқандық па, алжығандық па? Соншама өліп-талып Ресейдің «георгий жолағын» мақтайтындай, оны Ұлы дала елі алдында ақтайтындай Фаридаға не көрінді? Бұрынғылар: «Алпыстан асқаннан ақыл сұрама!» – деуші еді, сол ...

Толығырақ »

САРБАЗДАР АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Төтенше жағдай жарияланып, пандемиямен күресте ерікті сарбаздар жарады. Еске салып өтейін, олар қаланы залалсыздандыру жұмыстары мен блок-бекеттерде қауіпсіздікті қамтамасыз етумен айналысты. Аты жаман індеттің таралуын болдырмауда күш салып, оны ауыздықтауда елеулі үлес қосты. Осыны ескерген қала әкімі Мұрат Әйтенов, еңбегі ерен ерікті жүз сарбазды марапаттап, алғыс хат табыстады. Естеріңізде болса, төтенше жағдайға байланысты әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі Мемлекет ...

Толығырақ »

ҮШІНШІ ВИРУСОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ

Түркістан облысында COVID-19 инфекциясын инфекциясын ерте анықтау мақсатында үшінші вирусологиялық зертхана ашылды, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. «Облыстық физиопульмонология орталығында» COVID-19 инфекциясын ерте анықтау мақсатында вирусологиялық зертхана ашылды. Зертхана соңғы үлгідегі аппараттармен жабдықталған. Германияда өндірілген Xpert, БАК-ТЕК, БИОНЕР, Хайн-тест аппараттарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып коронавирус індетін анықтауға болады. Зертханаға өңірдегі ауруханалардан алынған сынамалар жолданады. Сонымен қатар ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛҒА 260 ТОННАЛЫҚ КӨМЕК КЕЛІП ЖЕТТІ

«Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» акциясы аясында Алматы облысынан Мақтаарал ауданына 15 жүк көлігіне тиелген 100 тонна азық-түлік пен 160 тонна құрылыс материалдары келіп жетті. Көмек керуеніндегі азық-түлік пен гигиеналық заттар облыстық штабтың Атакенттегі орталықтандырылған қоймасына, құрылыс материалдары Мырзакент кентіндегі құрылыс базасына түсірілді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Көмек керуенін Алматы облыстық жастар ісі жөніндегі ...

Толығырақ »

ЕҢБЕКТЕРІ ЕРЕН ЕРІКТІЛЕР

2020 жылы 1 мамырда Өзбекстанның Сырдария облысы Сардоба су қоймасындағы дамбаның бір бөлігін су шайып кетуінің салдарынан Қазақстанның Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы шекара маңына жақын бірнеше ауыл су астында қалып, өңірде төтенше жағдай жарияланды. Алғашқы күндері 14 елді мекеннен 31 606 тұрғын эвакуацияланса, нақты 5 елді мекен (Жаңа Тұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас, Достық ауылдары) толығымен су астында қалған болатын. Техногендік ...

Толығырақ »