Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 05.07.2018

Шардара ауданына баспасөз туры ұйымдастырылды

Түркістан облысы, Шардара ауданына баспасөз туры ұйымдастырылды. Алдымен, аудан әкімі Болатбек Қыстауов БАҚ өкілдеріне «Иіржарагро» ЖШС-не қарасты егістік алқаптың жұмысымен таныстырды. Аталған егістік алқапта 300 гектар жерге заманауи үлгідегі инновациялық тамшылатып суару әдісімен шит егілген.Адам күшін толықтай техникамен алмастыратын бұл әдістің ерекшелігі – шаруалар мол өнімге қол жеткізеді. БАҚ өкілдері ат басын бұрған келесі нысан – жаңадан салынып жатқан №18 ...

Толығырақ »

ШУАҚТЫ КҮНІ ШАҒАЛАЛЫ ШАРДАРАДА

Шардара ауданындағы ауыз толтырып айтатын шаруаның бірі туризмді дамыту бойынша келелі жұмыстар қолға алынуда. Шардара ауданы – жағажай туризмін дамытуға қолайлы аймақ. Шардара су қоймасы жағалауындағы туризм саласын дамыту бойынша бүгінгі таңда орман қоры жерінен елді мекен санатына ауыстырылған 255 гектар жер учаскесіне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысына жобалық сметалық құжаттама әзірленуде. Құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталмақ. Шағалалы өңірде биыл желкенді қайық спорты ...

Толығырақ »

Кентауда Астананың 20 жылдығынана орай төрт нысан ашылды

Түркістан облысының Кентау қаласында «Астананың 20 жылдығына — 20 нысан» акциясы шеңберінде төрт нысан ашылды. Мерейлі  мереке қарсаңында  кеншілер қаласында жаңа жүзу бассейнінің лентасы қиылды. Енді шаһардағы жергілікті тұрғындар мен балғындар су спортымен айналысу үшін алысқа сабылмайтын болды. Ғимараттың аумағы 1300 шаршы метрді құрайды. Ұзындығы  50 метрлік бассейн 8 жолақтан тұрады. Жүзу алаңына  бір мезетте 86 адамның түсуіне мүмкіндік бар. ...

Толығырақ »

Шардара ауруханасы елімізде теңдесі жоқ «Триаж» жүйесіне қосылды

Шардара аудандық ауруханасы елімізде теңдесі жоқ «Триаж» жүйесіне қосылды. Аурухананың негізгі ғимаратына қосымша (3H) «Триаж» жүйесіне арнайы бағытталған ғимарат салынып, заманауи техникалық жабдықтармен толық қамтамасыз етілді. Аурухананың бас дәрігері Жанар Оспанованың айтуынша, жөндеу-жаңару жұмыстары ауруханасының жеке қорынан (ақылы қызмет есебінен) және демеушілер есебінен қаржыланды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы ...

Толығырақ »

Шымкентте жаңа 30 автобустың таныстырылымы өтті

Шымкентте 3 әлеуметтік маңызды бағытта жүретін 30 автобустың таныстырылымы өтті. Іс-шараға қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов бастаған депутаттар, әкімдік қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. — Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болды. Уақыт өткен сайын шаһарда қоғамдық көліктердің қызметіне қойылар талап пен міндет салмағы арта түсуде. 2017 жылдың соңына қарай қала әкімдігінің басқарушы құрамы бір ай көлемінде қызмет орнына қоғамдық ...

Толығырақ »

КӨНЕ САЙРАМ ТАНЫМАСТАЙ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев барысында Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барып, Манкент ауылындағы «Нұрым Групп» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Бұл серіктестік 10 000 ірі қара малға арналған бордақылау алағы мен құрама жем цехын, мал сою алаңын іске қосып отыр. Ары қарай, облыс басшысы Ақсу ауылында орналасқан «Gas Standart System» ЖШС-нің сұйық газ сақтайтын және сататын ...

Толығырақ »

ӘЙГІЛІ ТЕМУРИДТЕР МУЗЕЙІНІҢ КӨРМЕСІНЕ КЕЛІҢІЗ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының Темуридтер тарихы мемлекеттік музейінің ұйымдастыруымен «Тимуридтер тарихы музейінің жауһарлары» тақырыбындағы фото-кітап көрмесінің салтанатты түрде ашылуы өтті. Аталған көрме — Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында, сонымен қатар Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылуда. «Темуридтер тарихы» Мемлекеттік музейі Өзбекстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ислам Каримовтың бастамасымен 1996 жылы Әмір Темірдің 660 жылдығына орай құрылған. 1000-ға ...

Толығырақ »

Сапаны мақсат тұтқан мекеме -3

Жоғары технологиялы өнім өндіретін «KARLSKRONA LC AB» ЖШС-і тек Шымкент қаласында ғана емес, еліміздегі іргелі өндіріс орындарының көшбасында тұр. Отандық нарықты өз өнімдерімен қамтамасыз етіп келе жатқанына 15 жыл болды. Өңірімздегі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылған өнідріс орны. Елімізде бұрын соңды өндірілмеген қажетті бөлшектер шығаратындықтан өнімдеріне деген сұраныс өте жоғары. Кәсіпорын бекіту-реттегіш арматура мен сорғылар өндіреді. Жылдық қуаттылығы 6 000-нан ...

Толығырақ »

Сапаны мақсат тұтқан мекеме -2

Медет Тұрғынбаев, Шымкент қаласы, KARLSKRONA компаниясының маркетинг бөлімінің менеджері:  «Біз ең алдымен сапаны бақылауда ұстаймыз, кепілдік береміз. Өндірген өніміміздің ұзақ уақытқа шыдас беретіні де содан. Барынша мүмкіндікті пайдаланып ең жоғарғы сапалы өнім жасап шығарамыз. Әлемдік масштабты  қамтитын жоспарларымыз көп. Ары қарай даму үшін ізденіс үстіндеміз. Болаттан жасалған кейбір қосымша бөлшектерді Германиядан алдырамыз. Инвестиция көлемі 4,2 млрд теңге. Алдағы уақытта екі ...

Толығырақ »

АСТАНАДА МӘРТЕБЕЛЕРІ АСҚАҚТАП…

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, «Актив лайф» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 28-30 маусым аралығында Астана қаласында өткен «Бүгіннің баласы – болашақтың данасы» атты жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бірінші республикалық шығармашылық байқауына қатысқан Түркістан облысының балалары елге оралды. Шараға 14 облыстан 400-ге жуық өнерпаз қатысқан. Дүбірлі додада көркемсөз өнерінен Айгүл Ержігітова бас жүлдені жеңіп қайтты.       Ербол Садыр ...

Толығырақ »

Төлебиде Астананың 20 жылдығы аталып өтті

Биыл Астана қаласының 20 жыл толуына орай  Түркістан облысы, Төлеби ауданында жыл басынан жоспарға сәйкес түрлі деңгейдегі шаралар ұйымдастырылуда. Бүгін аудандық мәдениет үйінде «Асқақтай бер — Астана!» атты салтанатты кеш өтті. Мерекеге орай, тематикалық кітап көрмесі, астана құрдастарының қатысуымен флешмоб ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараның шымылдығын аудан әкімі Бауыржан Омарбеков құттықтау сөзімен ашып, аудан тұрғынарын меерейлі мерекемен құттықтады. Мереке барысында, 20 адамға ...

Толығырақ »