Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 08.06.2020

КАРАНТИНДІК РЕЖИМ ҰЗАРТЫЛДЫ

Түркістан облысының аумағында карантин және шектеу іс-шаралары 2020 жылы 8 маусым сағат 00.00-ден бастап коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылады. Осыған байланысты бірқатар шектеу шаралары қолға алынып отыр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді. С.Қалқаманов облыс тұрғындарын жарияланған карантиндік шараларға түсіністікпен қарап, сақтық шараларын сақтауға шақырды. «2020 жылғы ...

Толығырақ »

ПЛОГГИНГ МАРАФОНЫ ӨТТІ

Облыс орталығында «Жастар таза Түркістан үшін!» тақырыбында аймақтық алғашқы плоггинг марафоны өтті. Игі шара Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының бастамасымен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай ұйымдастырылған. Плоггинг – қоршаған ортаны қорғау бойынша әлемдік тәжірибеде жастар арасында танымал шара. Бұл – қашанда қоршаған ортаны қорғау үдерістерімен байланыста болу дегенді білдіреді. Түркістандық еріктілер мен жастар қаладағы «Жеңіс» саябағына жиналып, плоггинг марафонының ...

Толығырақ »

КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ

Шардара ауданында 75 көпқабатты тұрғын үйдің сыртқы қасбетін қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Халқының саны 80 мыңға жуықтаған шағалалы өңірде тазалық, көркейту-көгалдандыру басты назарға алынған. Оған қоса 1983 жылы салынған ескі кәріз жүйесі толықтай тазаланып қалпына келтірілуде, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Жорабайдың материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Бүгінде 100 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған. 37 жыл бұрын кеңес заманында қолданысқа ...

Толығырақ »

ӨРГЕБАСТЫҚТАР ӨЗ ҮЙЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН БАСТАДЫ

Мақтарал ауданындағы Өргебас ауылының тұрғындары судан зақымданған үйлерін сүріп, құрылыс жұмыстарына кірісіп кетті. Ауыл тұрғындарының әрқайсысына ҚР Үкіметі резервінен 17 млн теңге беріледі. Айта кетерлігі ауылда жалпы 190 үй бар, бүгінде 168 үй иесіне 8,5 млн теңге аударылған. Қалған отбасылармен келесім-шарт жасалуда. Жалпы сомма 3 бөлікпен аударылатын болады. Қазіргі таңда Өргебас ауылында 118 үй сүріліп, 35 үйдің іргетасы қаланып жатыр. ...

Толығырақ »

27 КӨЛІКТІ АЙЫПТҰРАҚҚА ҚОЙДЫ

Түркістан облысы полицейлері соңғы қоңырау мерекесі күндері рейд жүргізіп, 27 көлікті айыптұраққа қойды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Баршаңызға белгілі ағымдағы жылдың маусым айының 3-4 күндері аралығында елімізде «Жас түлек-2020» атты мектеп бітіру мерекелік шаралары өткізілді. Осы іс-шараға байланысты Сарыағаш ауданы аумағында орналасқан барлық жалпы орта білім беру ұйымдарында мектеп бітірушілердің арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын ...

Толығырақ »

МАЛ АЗЫҒЫ МОЛ ЖЫЛ

Бәйдібек ауданында мал азығын дайындау науқаны дәл уақытында басталды. Бүгінде 6 926 гектар жоңышқалық орылып, әр гектардан 2 500 килограмм өнім түсуде. Биылғы жоспарға сәйкес ол 320 000 тонна болуы қажет, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Жорабайдың материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Бұл көрсеткішпен жыл соңына дейін меже орындалады деп күтілуде.Аудандағы шаруашылықтың бірі «Ерсұлтан Агро» ЖШС жоңышқа оруды өз жауапкершіліктеріне алған. ...

Толығырақ »

КӨКНӘР ТӘРКІЛЕНДІ

Түркістан облысы полицейлері 4,7 мыңнан астам түп көкнәр тәркіледі, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Келес АПБ-нің полиция қызметкерлері Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, заңсыз есірткі еккен күдіктіні құрықтады. Анықталғандай, егде жастағы ер адам өз ауласында құрамында есірткісі бар өсімдік түптерін ірі мөлшерде өсірген. Келес ауданы тұрғынының үйін тінту кезінде ...

Толығырақ »

НЕСИЕНІ ЖАБАМЫН ДЕГЕН АЛАЯҚ

Түркістан облысы полицейлері тұрғындардың несиесін жауып беремін деген алаяқты ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Отырар АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтық бойынша арыз түсірген. Жәбірленуші әйелдің айтуынша ағымдағы жылдың қаңтар айында өзіне жақсы таныс емес жас жігіт алдап, сеніміне кіру арқылы, несиеңіздің 10% берсеңіз, қалған барлық қарыздарыңызды төлеп беремін деп уәде берген. Осылай алдау арқылы ...

Толығырақ »

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Қызылорда облысының «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация басшылары мен қызметкерлері жұмыс сапарымен Түркістан облысына «Түркістан» ӘКК келді. Сапардың басты мақсаты – агроөнеркәсіптік кешені, құрылыс, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруды қамтамасыз ету сияқты салаларда тәжірибе алмасу. Өз сөзінде «Түркістан» ӘКК басқарма төрайымы Ахмеджанова Айгүл қонақтарға бастамашылдығы, ӘКК жұмысын жақсарту және тәжірибе бөлісу ниеті үшін алғысын білдірді. Кездесуге қатысушылар өздерінің мекемелері туралы: ...

Толығырақ »

ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ

Техникалық және кәсіптік білімді дамытуға бағытталған «Worldskills Turkestan 2020»  байқауында Түркістан облысының 319 студенті 46 мамандық бойынша бақ сынауда. Чемпионат 10 күн бойы жалғасады. Әлемнің 83 мемлекетіне таралған халықаралық біліктілік сайысы колледж студенттері мен жас мамандар арасында білікті кадрларды анықтауға мүмкіндік береді. Мақсаты —  жұмысшы мамандығының беделін және кәсіптік білім сапасын арттыру. Сайыста жастардың тәжірибелік дайындығы мен кәсіптік біліктілігі шыңдалып, шығармашылығы ...

Толығырақ »

30 КӘСІПОРЫН АШЫЛУ ЖОСПАРЛАНУДА

Шымкентте 100 жаңа тауар түрін шығаратын 30 кәсіпорын ашылу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін «Бизнеске арналған Үкімет- Shymkent INVEST» кеңсесінің ашылу барысында Шымкент қаласы кәсіпкерлер Палатасының директоры Нұрлан Қабиштаев айтты. Іс-шара барысында сөз алған Шымкент қаласы кәсіпкерлер Палатасының директоры Нұрлан Қабиштаев мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлік саласында жыл соңына дейін жалпы 29,5 млрд. теңге игеру жоспарланғанын атап өтті. – Бағдарлама аясында нишалық ...

Толығырақ »

ҚАТЫГЕЗДІК ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛА ҚАЛДЫ?

Ролик дедік. Ойбайладық. Кінәліні іздедік. Кінәлі еместі кінәлі етіп тағайындап алдық. Енді оны тірідей союға дайынбыз. Сол арқылы бүкіл әкімдікті жұмыстан қуу керек дегенді де айттық. Тағайындалған кінәліміз – Данияр Алан​. Голощекин тілінде сөйлейтіндердің ашуын келтірген осыдан үш жыл бұрын жазған жазбасы. Әлгі «жалған намыс» қуушылар үш жылдан бері неге ауыздарына құм құйылғандай үндерін шығармай отырған? Әлде намыстарына енді тиді ...

Толығырақ »

ЖАҢА ФОРМАТТА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН КЕҢСЕ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дағдарыс кезінде кәсіпкерлік саласына қолдау көрсету тапсырмасы негізінде бүгін Шымкент қаласында «Бизнеске арналған Үкімет- Shymkent INVEST» кеңсесі жаңа форматта қайта ашылды. Бұл жоба кәсіпкерлерге бір көзден орталықтандырылған мемлекеттік және сервистік қызметтерді жедел алуға көмектеседі. Мұнда нишалық жобаларды сүйемелдеу, жеңілдетілген 1% несие беру, «1000 сауда орны» бағдарламасы бойынша жер учаскелерін алу және қаржы секторы, тауарды жылжыту, инвестиция, ...

Толығырақ »

ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ҰЗАРТЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласының Бас санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаев карантин шектеулеріне байланысты Қаулыға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша брифинг өткізді. Бүгінге дейін Шымкент қаласында 2020 жылдың 24 наурызы мен 7 маусымы аралығында COVID-19 инфекциясымен 1176 жағдайы тіркелген. Салдарынан сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 111,5 құрап отыр – Шымкент қаласының аумағында 2020 жылы 8 маусымынан бастап 2020 жылдың 22 маусымына дейін ...

Толығырақ »

КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ТҮРКІСТАНМЕН ҚАТАР ДАМИДЫ

Апталық мәжіліс отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев осылай деді. Атқарылған жұмыстар жайлы баяндаған Кентау қаласының әкімі Дәурен Махажанов шаһардың даму жоспарларымен бөлісті, облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Кентау қаласы бойынша биыл бірқатар инвестициялық жобалар іске қосылмақ. Атап айтсақ, Кентау қаласы Қотыр бұлақ елді-мекенінде салынып жатқан күн сәулесінен қуат алатын электростанция құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. «Hevel Kazahstan» ...

Толығырақ »

БАСПАНА ҮШІН БЮДЖЕТТІК НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов «Дипломмен ауылға» жобасы аясында жас мамандарды қолдау шаралары туралы айтып берді. – Мамандарды ауылға тарту үшін «Дипломмен ауылға» жобасы іске асырылуда. Былтыр 4 мыңнан астам маман 1 200 ауылда жұмысын бастады. Бұл тұрғыда мұғалімдер, дәрігерлер, мәдениет және спорт қызметкерлері, сондай-ақ ветеринарлар мен агрономдар қамтылды, — деді Р. Дәленов онлайн режимде халық алдында есеп беру барысында. Олар ...

Толығырақ »

ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН АБАЙ БОЛҒАН ЖӨН

Республика бойынша балалардың биік үйлердің терезесінен құлап, жазатайым оқиғалардың орын алуы көптеп кездесуде. Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы ТЖ департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Мадияр Жақсыбаев қалада қауіптіліктің алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. – Шымкентте жыл басынан бері мұндай жағдайлар тіркелген жоқ. Бірақ бұл ойланбай, алаңсыз отыруға себеп емес. Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жергілікті ...

Толығырақ »

КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Шымкентте соңғы екі тәулікте коронавирус инфекциясынан 16 науқас жазылып, ауруханадан шығарылды. Дертінен айыққандардың басым бөлігі 50 жастан асқан азаматтар. Қауіпті індетті жеңіп шыққандардың ішінде 80 жастағы әжей бар. Қарт кісіден коронавирус инфекциясы дер кезінде анықталған. Нәтижесінде әжейді емдеу кезінде асқынулар болмады, дейді дәрігерлер. Сондай-ақ медицина мамандары 7 айлық жүктілік кезеңіндегі әйелден коронавирус инфекциясын анықтап, емдеу шараларын жүргізді. Екі аптаға жуық ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ ЖЕМІСІН КӨРУДЕ

Түлкібас ауданы Балықты ауылдық округіне қарасты Балықты ауылында «Жақсымбек» шаруа қожалығы малдың санын көбейтіп, кәсібін дөңгелетуде. Мал шаруашылығымен біраз жылдан бері айналысып келе жатқан шаруа қожалық төрағасы Қынтаев Досжан есімді азамат ағымдағы жылдың наурыз айында «Кәсіпкерлік мектебі» мамандарының көмегімен Бизнес жоспарын әзірлеп, ауданымызда орналасқан «Түлкібас» несие серіктестігіне құжаттарын өткізген болатын. Бүгінгі таңда сұраған қаржысы толығымен мақұлданып, «Агробизнес» бағдарламасы аясында 60 ...

Толығырақ »

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАҒАН ЖӨН

Суға шомылу маусымы кезінде су нысандарында қайғылы жағдайды болдырмау мақсатында Төлеби ауданы әкімінің «2020 жылғы жазғы шомылу кезеңінде су айдындарында аудан халқын суда шомылу қауіпсіздігін сақтау жөніндегі іс-шаралар туралы» 27.05.2020 жылғы №132 өкіміне сәйкес аудан аумағындағы су нысандарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шаралар жоспары бекітілді. Қазіргі таңда ауылдық округтерде және тисті мекемелердің басшылары жоспарға сай су айдындарында ересектер мен балалар ...

Толығырақ »

КОРОНОВИРУСТЫҢ ТАҚЫРБАСТАРҒА ҚАНДАЙ ЗИЯНЫ БАР?

Коронавирустың тақырбас адамдарға қандай зияны бар? Бұл сұраққа Браун университетінің зерттеушілері жауап берді деп хабарлайды DIDARBEK.kz порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. Аталық гормондар (андрогендар) коронавируспен күресуге көмектеседі. Олардың организмде жетіспеушілігі шаш жоғалтуға әкеп соғады. Браун университетіндегі профессор Карлос Бамбьердің жетекшілігіндегі зерттеушілер тобы тақырбастарда коронавирус ауыр өтуі мүмкін деген тұжырымға келді. Коронавирустан тіркелген өлім-жітім мен таз бастану белгілерін салыстыра келе, ғалымдар ...

Толығырақ »

ЖАҢА БАҒЫТ ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

«Бизнестің жол картасы – 2025» аясында шағын бизнесті қолдаудың жаңа бағыты іске асырылады . Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлім етті. – Шағын бизнесті қолдау маңызды болып отыр. Кредиттер мен кепілге қолжетімділік мәселесін шешу – шағын және орта бизнестің, әсіресе, микробизнестің даму факторы. Сондықтан «Бизнестің жол картасы – 2025» мембағдарламасына «микро және шағын бизнесті микрокредиттеу» жаңа бағыты қосылады», ...

Толығырақ »

ХҚО-ДА КӨРСЕТІЛГЕН ТОП-5 ҚЫЗМЕТ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта жанданғаннан кейінгі көп жүгінген мемлекеттік қызметтердің рейтингін жасады. Азаматтар мамыр айында ХҚО-лар ашылғаннан кейін көбіне жеке куәлік пен паспорт алу үшін жүгінген. Алдын ала есептеулер бойынша 5 мыңға жуық азамат жеке басын куәландыратын құжатын жаңартқан. Екінші орында автокөлікті қайта тіркеу қызметі. Мамырда автокөлік иелері Шымкенттегі мамандандырылған ...

Толығырақ »

КАРАНТИН ЖӘНЕ ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ҰЗАРТЫЛДЫ

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Тулебаев Абдиманап Кошкарович, Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-1 бабы 1 тармағының 13 тармақшасының негізінде, 2020 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №37 БМСДҚ «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» (әрі қарай-№37 ҚР БМСДҚ) қаулысына, 2020 ...

Толығырақ »

ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің штаттан тыс кеңесшісі Айжани Нұрланова стационарлық типтегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, Шымкент қаласы әкімдігінің № 6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында болып, уақытша тұрушылардың өмір сүру жағдайларымен танысып және оларды оңалту бойынша ұсыныстар берді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. Бұл мекеме 1,5 жастан 18 ...

Толығырақ »