Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ҚАЗАҚСТАН ГРЕКО-ҒА КІРУ ЖОЛЫНДА

ҚАЗАҚСТАН ГРЕКО-ҒА КІРУ ЖОЛЫНДА

ГРЕКО атқарушы хатшысы Джанлука Эспозито: «Қазақстан Еуропа кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына кіру жолында», – деді.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектеновтің басшылығымен қазақстандық делегация Римде (Италия) цифрлық ғасырға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияларды дайындау мәселелері жөніндегі ЕҚЫҰ (Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы) конференциясына қатысты. Олжас Бектенов Еуропа, Орталық Азия және Солтүстік Американың 57-ден астам мемлекеттерінің делегацияларын Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, оның ішінде осы процеске цифрлық технологияларды енгізу тәжірибесімен таныстырды.

«Бүгінгі күні мемлекеттік аппараттың азаматтармен өзара қарым-қатынасы «клиентке бағдарлану», қызмет алудың ашықтығы мен қол жетімділігі қағидаттарында құрылуда. Біздің алдағы 2 жылға арналған мақсатты индикатор – 90% электрондық қызмет көрсету, ал 10% — тек қана «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету», – деді ол.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. Ол сондай-ақ, «Цифрлық агент» мобильді қосымшасы арқылы қазақстандықтардың шағым беруге немесе көрсетілген қызметтің сапасын бағалауға мүмкіндіктері бар екендігін атап өтті. Еуропалық алаңда алғаш рет қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы таныстырылды.

«Біз өзімізге мынадай қағидатты орнаттық: біздің белсенді жақтастарымыз көбейген сайын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат соғұрлым тиімді болады. Қабылданған шараларды жетілдіру үшін қолданылатын тетіктерді біріктіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың кешенді құралын құру туралы шешім қабылданды. Осылайша біз қоғамдық бақылаудың интерактивті картасын жасауға бел будық. Бүгінгі таңда карта 150 млрд теңгеден астам сомадағы бюджеттік шығындар туралы егжей-тегжейлі ақпаратты қамтиды», – деді Олжас Бектенов.

Аталған ресурс арқылы азаматтар бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауға тікелей қатысуға мүмкіндік алатындығы айтылды. Халықаралық ұйымдар мен шетел өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда ақпараттық технологияларды пайдаланудың қазақстандық тәжірибесін оң бағалады.

«Біз Қазақстанның ұйымға кіру мәселесі бойынша айтарлықтай ілгеріледік. Қазақстан жақында ГРЕКО — ге қосылады деп үміттенеміз», – деп атап өтті Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (ГРЕКО) атқарушы хатшысы Джанлука Эспозито.

Қазақстанның Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына (ГРЕКО) кіруі:
* құқықтық көмек көрсету, қылмыскерлерді экстрадициялау және олар заңсыз тапқан мүлікті қайтару мәселелері бойынша Еуропа елдерімен ынтымақтастықты нығайтуға;
* Еуропа мемлекеттерінің аумағында халықаралық тергеу тапсырмалары бойынша өткізілетін жедел-іздестіру іс-шараларына Қазақстанның құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуы бойынша ГРЕКО мүше елдердің құзыретті органдарымен ынтымақтастықты дамыту үшін негіз құру (сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы конвенцияны ратификациялау кезінде);
* Еуропа елдерінің тәжірибесіне негізделген ГРЕКО ұсынымдары арқылы Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын жетілдіруге ықпал етуге мүмкіндік береді.

Өз тілшімізден

Пікір жазу