Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БЛОК БЕКЕТТЕР ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

БЛОК БЕКЕТТЕР ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Түркістан облысының шекаралық аймақтарына блок-бекеттер 18-наурыздан бастап орнатыла бастады. Тәулік бойы қызметке кіріскен полиция қызметкерлері мен медицина мамандары әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуларын тексеруден өткізді. Ал, өңірде карантин жарияланған тұста олар күшейтілген режимге көшті. Қазіргі таңда қатаң тәртіп пен бекітілген ережеге сәйкес жұмыс жасап жатыр, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz .

«Шақпақ» бекетінде жұмыс атқаратын Қанат Шультаев күнделікті таңғы сегізден кешкі 20/00 дейін жұмыс істейді. Блок-бекетке өтуші азаматтардың құжаттарын фотоға түсіріп, базаға енгізіп отыр. Полиция қызметкері күніне 12 сағат бойы үзіліссіз еңбек етуде.
— Тәртіп бұзушылар тіркелген жоқ. Елдің көпшілігі жағдайды түсіне бастады. Арасында бергі ауылдан, арғы ауылға барушылар келеді. Олардың барлығын қайтарып жатырмыз. Тек рұқсаты барлар ғана тіркеліп, арнайы тексерілген соң, бекеттен өте алады. Біз барлық мәліметті базаға енгізудеміз – дейді ол.
Қанат Айтыманұлы 5 баланың әкесі. Ұл-қыздарының барлығы да мектеп жасында. Қазіргі кезде сабақты онлайн өтіп жатыр. Ал жұбайы үйде балаларына бас-көз болып отыр.
Ішкі істер саласында 15 жыл бойы еңбек етілі бар маман жауапкершілігі жоғары жұмысты үлкен жігерлілікпен атқаруда.
«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автодәлізінің бойында орналасқан «Шақпақ ата» өткізу бекетінен қазіргі кезде 12 сағат ішінде 300 жуық көлік өтуде. Олардың басым бөлігі транзиттік жүк көліктері. Дәрігерлер жүргізушілердің дене қызуын өлшесе, тәртіп сақшылары арнайы тіркеп, базаға енгізуде. Түлкібас аудандық полиция бөлімінің көші-қон полициясы бөлімінің аға инспекторы Нурман Шыңғысбаевта бір айдан бері блок постта қызмет етіп келеді.
— Барлық сақтық шараларына қажетті құрылғылармен қамтылғанбыз. Қолғаптар мен бетперделерді уақытылы ауыстырып тұрамыз. Одан бөлек, арнайы киімдер берілді. Біздің мақсат- жүктелген жұмысты жауапкершілікпен атқару. Осы мақсатта күн-түн демей еңбек етудеміз – дейді полиция майоры.
Осылайша Түркістан облысының полицейлері төтенше жағдай талаптарының орындалуын қатаң бақылауға алып отыр. Әсіресе, көршілес облыстардан кіретін жүк көліктерін бақылау барынша күшейтілген. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға төтенше жағдай режимін қатаң сақтауға кеңес береді және облыс тұрғындарын елдегі жағдайға жауапкершілікпен қарауға шақырады.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу