Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ОНЛАЙН ФОРМАТТАҒЫ «СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ»

ОНЛАЙН ФОРМАТТАҒЫ «СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ»

Ағымдағы жылғы 25 мамырда барлық өңірлеріндегі білім мекемелерінде соңғы қоңырау соғылады. Биылғы жылдың ерекшелігі елдегі жағдайға байланысты, онлайн арқылы қашықтан білім алып, алғаш рет мемлекеттік емтихансыз 25 мамыр күні жылдық қорытындымен 9 және 11 сынып оқушылары мемлекеттік аттестатқа ие болды.
2019-2020 оқу жылының қорытындысымен Үшінші Мегаполистегі 172 орта мектебін 222 037 оқушы аяқтап, 8 885 мектеп бітіруші түлектер үшін де өміріндегі ең маңызды оқиға болып табылатын «Соңғы қоңырау» онлайн форматында соғылатын болады. Ең маңыздысы 11 жыл бойы үлгілі тәртібі, озық білімімен ерекшеленген 546 түлек «Алтын белгі», 356 түлек «Үздік аттестат» иегерлері атанды.
2019-2020 оқу жылының аяқталуына орай, «Соңғы қоңырау мерекесі» «Birgemiz: ТҮЛЕК – 2020» тақырыбыбен онлайн форматында өтеді. Мерекелік көңіл-күйдегі психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында қала ішіндегі көрнекі орындарға билбордтар ілінді.
Сондай-ақ 25 мамыр (икемді кесте бойынша) онлайн соңғы қоңырау әр сыныпта барлық оқушылардың қатысуымен өтеді. Жиынға білім ұйымдарының қамқоршылық кеңестерінің өкілдері, өңірдің танымал тұлғалары, ардагер ұстаздар, танымал университеттерде , шет елдерде білім алып жатқан табысты түлектері т.б. шақырылады.
Сонымен қатар, жергілікті телеарналарда бітіруші түлектерді өңірдің танымал азаматтары, ардагер ұстаздар құттықтап түлектерге арналған ақ тілектері бағдарламалық көрсетілімдер арасында қайталанып беріліп, көпшілік назарына ұсынылады.
Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тажиева дарынды оқушылармен және олардың ата-аналары, ұстаздарымен «ZOOM» платформасында мерекелік кездесу өткізеді. Кездесу барысында кәсіби бағдарлау, жаңа өмір жолының басталуына оң бағыттар мен мотивациялық қолдау білдіріп, алдағы сындарға сәттілік тілейді. Мерзімі 25 мамыр. Сағат 17.00.
Жергілікті телеарналарда алдын ала дайындалған мектеп бітіруші түлектердің «Ұстазыма мың алғыс!» атты эстафеталық шеруі, «Ұстазым» әніне «Челленж», «Түлектер жетістігі» халықаралық, республикалық деңгейдегі олимпиадалық ғылыми жоба спорттық, өнер сайыстарының жеңімпаздарын патриоттық рухқа тәрбиелеудегі тележобалары көрсетіледі .

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу