Басты бет » Облыс жаңалықтары » МЕХАНИКАЛЫҚ ТАЗАРТУДАН ӨТУДЕ

МЕХАНИКАЛЫҚ ТАЗАРТУДАН ӨТУДЕ

Ордабасы ауданында 871 шақырымды құрайтын 85 канал демеушілер есебінен механикалық тазартудан өтуде. Ондағы мақсат- аудан көлемінде егістік жерлерді ағын сумен қамтамасыз етілуін жақсарту, шілде айында су жетпей қалу қаупін сейілту.
Дәл қазіргі таңда 380 шақырымды құрайтын 43 каналда механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде механикалық тазалауды қажет ететіні 214,6 шақырым болса, бүгінгі таңға тазаланғаны 97 шақырым. Қалған 117,6 шақырымы 15 шілдеге дейін толық тазаланып бітеді деп күтілуде. Нәтижесінде 15 699 гектар жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсарып, шілде айында су жетпейтін 2 228 гектар жердің су мен қамтамасыз етілуі жақсара түспек.


Жалпы Ордабасы ауданында 871 шақырымды құрайтын 85 канал бар.Оның
15-і республикалық, 45-і облыстық, 17-сі ауыл округтерінің, 9-ы жеке меншікте. Бұл каналдар арқылы 33131 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы жер игеріледі.
Бүгінде демеушілер есебінен механикалық тазалаудан өтіп жатқан каналдарда 7 дана техника жұмыс істеуде. Атап айтқанда, Қажымұхан ауыл округінде 3 дана, Шұбар ауыл округінде 2, Бадам ауыл округінде 1, Бөржар ауыл округінде 1 дана техника тоқтаусыз жұмыс жасауда.
Бір ғана Қараспан ауыл округінде 905 агроқұрылым бар болса, олар жалпы 4 731 гектар суармалы жер көлемін пайдалануда. Оның ішінде «Қараспан магистралды» каналы арқылы жалпы ұзындығы 80 шақырымды құрайтын 17 ішкі каналдармен ауыл шаруашылығындағы 4 258 гектар суармалы жер суғарылуда. Қалған 473 гектары Қажымұхан ауыл округіне қарасты «Құртай» каналы арқылы және насостар арқылы су ішуде.


Бірнеше жылдан бері жаз айларында егістік жерлерге су жеткізу ауыл округінде өзекті мәселесі болып отырғаны жасырын емес. Осы аталған проблемманы түбегейлі шешу үшін Бадам өзеніне бөгет қойып, ұзындығы 4,2 шақырым жаңа канал қазып, «Қараспан магистралды» каналына су жіберу арқылы 2 664 гектар жерге су жеткізу мәселесі шешілмек. Нәтижесінде Бейсен, Жаңатұрмыс, Ақжол, Мақташы, Сарыарық, Жұлдыз Ынтымақ, Мәдениет, Семхоз елді мекендеріне егістік жерді сумен қамтамасыз етуі жақсарып, ауыл шаруашылығы өнімі артатын болады.

© Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*