Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлы қала әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Шыңғыс Мұқан 1984 жылы туған, білімі жоғары. Мамандығы бойынша экономист, аудармашы, мемлекеттік басқару магистрі. Алматыдағы «Қайнар» университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін және «Болашақ» бағдарламасы бойынша Гарвард университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын «Жас Алаш» газетінде тілші болып бастаған. Әр жылдары ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы, «Жайық-пресс» ЖШС-інің бас директоры, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, Атырау облысы әкімінің орынбасары, KazPetroDrilling АҚ-ның корпоративтік даму бойынша вице-президенті қызметтерін атқарған.

Қала әкімінің жаңа орынбасарына сәттілік тілейміз.

Еске сала кетейік, осыған дейін қала әкімінің екі орынбасары қызметінен босатылған болатын.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу