Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Бәйдібек ауданында үй салам дейтін тұрғындар үшін коммуналдық мәселелер толық шешілген

Бәйдібек ауданында үй салам дейтін тұрғындар үшін коммуналдық мәселелер толық шешілген

Бәйдібек ауданының орталығы Шаян ауылында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 55 гектар жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы аяқталды. Бүгін ауданға арнайы баспасөз-турымен барған БАҚ өкілдері аудандағы бірқатар жұмыстармен танысты, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Аталған жер телімдері Шаян ауылдық округінде кезекте тұрған 326 тұрғынға беріледі. Бұл жер телімдерінде автожол, аяқ жол төселіп, суағарлар мен электр бағаналары және ауыз су жүйесі орнатылған. Яғни, тұрғындарға жағдай жасалған. Шаян ауылдық округінің әкімінің орынбасары Сәкен Мырзабековтың айтуынша, инфрақұрылым республикалық бюджет есебінен тартылған. Үй салам дейтін тұрғындар үшін коммуналдық мәселелер толық шешілген.


Бәйдібек ауданынында жұртшылықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жуырда Астана қаласының 20 жылдығы мерейтойы қарсаңында 1 пәтерлі 20 тұрғын үйдің кілті салтанатты түрде табыс етіліп, 20 отбасы қоныс тойын тойлады. Атап айтқанда, үйлер жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз азаматтарға, мемлекеттік қызметшілер, өзге де бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілерге және апатты жағдайдағы үйлер санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға берілді. Үйлердің ауласы қоршалған, ауыз су тартылған. Баспаналы болған тұрғындардың бірі, көпбалалы әке, білікті хирург Жамалбек Бейсенов 10 жыл кезекке тұрған. Ол үйдің сапалы әрі қолайлы салынғанын айтып, ризашылығын білдірді.

Қазіргі таңда Бәйдібек ауданы Шаян ауылының батыс бөлігінде орналасқан жаңа үйлер өз алдына бір шағынаудан болып құрылып отыр.
Одан бөлек, Бәйдібек ауданындағы 3 елді мекенде жеке мердігерлердің есебінен 2 қабатты 10 пәтерлі қызметтік тұрғын үйдің және аудан орталығы Шаян ауылынан 2 қабатты 16 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысына жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп жатыр.

Пікір жазу