Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ (страница 503)

Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ

САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДЕ АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРДА

Облыс орталығы Түркістан қаласында іргелі оқу орнының бар екенін көпшілік біле бермеке керек. Ия,  Қазақстан Республикасындағы алдыңғы қатардағы оқу орындарының бірі – Түркістан жоғары медицина колледжі. Бұлай дейтініміз, колледждің жарты ғасырлық тарихында 40 мыңнан астам білікті мамандар дайындалып шыққан. Олар республикамыздың түпкір-түпкірінде, алыс және жақын шет мемлекеттерде де сәтті қызмет етуде. Білім алушылар үшін соңғы үлгіде жабдықталған, озық технологиялармен қамтамасыз ...

Толығырақ »

ШАҒАТАЙ ДИРХЕМДЕРІНІҢ КӨМБЕСІ

2012 жылы Шаян ауданының тұрғыны Құрысай деген мекеннен табылған ақша көмбесін «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің қорына өткізген болатын. Көмбе 450 дана тиындардан тұрады. Тиындарды тексеру барысында оларды жасырарда құмыра ішіне май жағып салғандығы анықталды. Осыған байланысты тиындар жақсы сақталған. Көмбеге тазарту жұмыстарын жүргізгеннен соң тиындардың жартысына жуығының беттерінде күміс қабаттарының қалдықтары бар екендігі белгілі болды. Көмбе құрамы біртекті, көлемі 39-43 мм. ...

Толығырақ »

САРЫАҒАШТА МӘЖІЛІС ӨТТІ

Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Абдуалиевтың төрағалығымен аппараттық мәжілісі болып өтті, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz  ақпараттық агенттігі. Сарыаңаш ауданы әкімінің орынбасарлары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, Сарыағаш ауданы бойынша кірістер басқармасының басшысы қатысқан жиында негізгі үш мәселе қаралды. Жиында сөз алған аудан бойынша кірістер басқармасының бөлім басшысы Ғ.Жұмашбеков ауданда ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАСТЫҢ БАҒБАНДАРЫ 5 МЫҢ ТОННА «АПОРТ» АЛМАСЫН ЖИНАДЫ

Түлкібастық шаруалар «апорт» алмасын өсіріп, биылғы алма жинау маусымында әзірге, 5 мың тонна жеміс жинады, деп хабаралйды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Жеміс түрін күтіп, баптауды ауданда 32 шаруашылық қолға алған. Жыл соңына дейін 6 мың тонна «апорт» теруге құлшынып отырған түлкібастық бағбандар межені былтырғыдан 2 мың тоннаға артық алуды болжап отыр. Дәмі тіл үйірер ...

Толығырақ »

Түркістан облысы, Келес ауданында ІТ сынып ашылды

Түркістан облысы, Келес ауданында ІТ сынып ашылды, деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz  ақпараттық агенттігі. Келес ауданының Абай ауылында орналасқан №73 Ө.Жәнібеков мектеп гимназиясында заманауи үлгіде жабдықталған IT сыныбының ашылу салтанаты болып өтті. Шараға Нұр Отан партиясы Түркістан облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Жолдасов, Келес ауданы әкімі А.Есбаев, Келес аудандық мәслихат хатшысы А.Тотиков қатысты. ІT сынып ...

Толығырақ »

«Нұр Отан» партиясы Келес аудандық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті

Келес аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Келес аудандық филиалының кезектен тыс 1 – конференциясы болып өтті, деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz  ақпараттық агенттігі. Конференция жұмысын жүргізу үшін президиумнан «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Миятұлы Жолдасов, Келес ауданының әкімі Ақментай Үсенұлы Есбаев, «Нұр Отан» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

 Түркістан облысында «Денсаулық фестивалі» ұлттық бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Денсаулық фестивалі – 2018» акциясы өтті. Фестивальдің мақсаты — тұрғындардың назарын белсенді өмір сүруге аударып, денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауды насихаттау. Іс-шара таңғы сағат 08.00-де «Дені саудың — жаны сау» ұранымен жаттығу жасаумен басталады. Облыс орталығы Түркістан қаласында «Рәміздер» алаңында таңғы жаттығу өтсе, сағат 09.00-ден «Есімхан» алаңына дейін жаяу марафон өтті.  Марафонға спортшылар, мемлекеттік қызметкерлер, барлық ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА АЛПАУЫТ ЕЛДЕР ҚАТЫСАДЫ

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың айтуынша, келесі жылдан бастап жаңа облыс орталығында бірнеше аурухана мен емханалар, перзентханалар мен заманауи талапқа сай емдеу орталықтары бой көтермек. Жобалау жұмыстарына шетелдік компаниялар да тартылады деп күтілуде. —Жоспар бойынша облыс орталығынан 610 орындық облыстық көпсалалы аурухана салынады. Екіншіден,облыстық балалар ауруханасына қосымша 150 орындық ғимарат құрылысын бастау қолға алынып жатыр. Сондай-ақ, 500 ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ИНСУЛЬТ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Түркістан облысы, Кентау қаласындағы қалалық орталық ауруханасында инсульт орталығы ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков, Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев және медицина саласының ардагерлері қатысты. Аурухана базасында ашылған инсульт орталығы компьютерлік томографиямен жабдықталды. Заман талабына сай жаңа қондырғы инсульт пен бас ми жарақатын нақты анықтауға мүмкіндік береді. Осы уақытқа ...

Толығырақ »

Денсаулық сандарына жет

Бәйдібек аудандық орталық стадионда Бәйдібек ауданы әкімдігі мен аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен «Денсаулық сандарына жет» атты «Денсаулық фестивалі – 2018» іс-шарасы өтті. Шараға аудан орталығындағы барлық мекеме қызметкерлері қатысты. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары А.Темір қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, барлық қатысушыларды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Стадионға жиналғандар әуенді ырғақпен би түріндегі жаттығулар жасады. Ерлер мен әйелдер арасында ...

Толығырақ »

БАҚЫТ АСАНОВ: «ЗАҢ ОРЫНДАЛМАҒАН ЖЕРДЕ ДАМУ БОЛМАЙДЫ»

Мақтаарал ауданы Жаңажол аулыдық округіне қарасты А.Фердауси атындағы жалпы орта мектепте «Спорт бізді біріктіреді!» атты кіші футболдан достық турнирі өтті, деп хабарлайды, Мақтаарал ауданы әкімдігіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.  Барлығы 6 команда бақ сынасқан жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімі Бақыт Асанов арнайы қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. «Құрметті Фердауси ауылының тұрғындары! Міне, жаңа оқу жылында мемлекет Сіздерге 600 орындық ...

Толығырақ »

ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ

Бүгін – Отбасы күні.  Соңғы жылдары ҚР Президенті Жарлығымен бұл мереке қыркүйек айының екінші жексенбісі күні тойлануда. Оның мақсаты – жанұялық құндылықтарды нығайту. Осы орайда, Түркістан облысының отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен отбасылық құндылықтарды құрметтеу, салауатты өмір салтын насихаттау, қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын насихаттау мақсатында «Бақытты отбасы» атты жас отбасылар арасында ...

Толығырақ »

Отырарда спорт мектебіне автобус тарту етті

Бүгін Отырар ауданында «Денсаулық  сандарына  жет» ұранымен «Денсаулық-2018» фестивалі өтті. Дәстүрлі түрде  өткізіліп келе жатқан шараға 500–ге жуық   қатысушылар салт атпен, жаяу және велосипедшілер қатысып,  Жібек жолы даңғылы бойымен орталық алаңға келді. Орталық алаңда еліміздің әнұраны орындалып, аудан әкімі Ерлан Айтаханов құттықтау сөз сөйледі. «Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясының ең маңызды басымдылықтарының бірі –денсаулық, ел халқының көпшілігінде салауатты өмір салты ...

Толығырақ »

Келес ауданының әкімі А.Есбаев әлем чемпионы Ә.Құрбанқұловты қабылдады

Келес ауданының әкімі А.Есбаев түрік күресінен әлем чемпионы атанған жерлесіміз Ә.Құрбанқұловты қабылдады, деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz  ақпараттық агенттігі. Қырғызстан Республикасында өтіп жатқан III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Келес ауданы Ошақты ауылдық округінің тумасы Құрбанқұлов Әуезхан түрік күресінен 65 кг салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды. Әлем чемпионы Келес ауданы әкімі Ақментай Есбаевтың қабылдауында болды. Алтынды олжалаған ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 10 АҚЫН-ЖАЗУШЫНЫҢ КІТАБЫ ШЫҒАРЫЛЫП, 25 ҚАЛАМГЕРДІҢ САЙТЫ ҚҰРЫЛАДЫ

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың мәжіліс залында зиялы қауым өкілдері, өлкетанушылар, басқарма басшылары, қоғам белсенділері, ұстаздар мен ғалымдар, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын тиімді жүзеге асыру» тақырыбында қоғамдық тыңдау өтті. Жиынды Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсен Тәжібаев жүргізді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Басқосуда «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Бақытжан Әшірбеков 8 ...

Толығырақ »

ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ ӨТТІ

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың мәжіліс залында «Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын тиімді жүзеге асыру» тақырыбында қоғамдық тыңдау өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Жиынға зиялы қауым, өлкетенушылар, басқарма басшылары, қоғам белсенділері, ұстаздар мен ғалымдар және БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсенбай Тәжібаев ашып, жүргізіп отырды. Ол облыста «Рухани ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ ЕСКЕРТІЛДІ!

Ағымдағы жылдың 7 қыркүйек күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жаңадан құрылған жергілікті және аумақтық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен, персоналды басқару қызметінің өкілдерімен және әдеп жөніндегі уәкілдерімен кездесті. Департамент басшысы Ә.Көмекбаев төрағалық еткен іс-шараға Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Е.Әлімқұлов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлтық бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының ...

Толығырақ »

Қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту мақсатында жиын өтті

Түркістан облысы ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «ОҚО талдау және болжау орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу мәселелерін түсіндіру, қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту мақсатында кездесу өтті, деп хабарлайды бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаға didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Кездесу Бәйдібек ауданында 06 қыркүйек күні аудан, ауыл округтерінің мемлекеттік қызметкерлері, қоғамдық кеңес, жергілікті қоғамдастық мүшелері, тұрғындардың қатысуымен ...

Толығырақ »

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында мәжіліс өтті

Жетісай ауданы әкімдігінде «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру және сектораралық өзара іс-қимылды дамыту» жол картасын іске асыру мақсатында кеңейтілген мәжіліс өтті, деп хабарлайды Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Шараның мақсаты — халықтың денсаулығына және өркендеуіне эпидемиологиялық қадағалау жүргізу, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы халықтың денсаулығын қорғау болып табылады. Жиынға Мақтаарал ...

Толығырақ »

Төлебиде Қазақстан халқы тілдері күні аталып өтті

Төлебиде Қазақстан халқы тілдері күні аталып өтті, деп хабарлайды Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде республикамызда Қазақстан халықтарының тілдері күні атап өтілетін еді. Биыл алғаш рет бұл мерекені еліміз 5-ші қыркүйекте, қазақтың көрнекті әдебиеттанушысы, ағартушысы Ахмет Байтұрсыновтың туылған күнінде атап өтуде. Алдағы уақытта осы тоғызыншы айдың бесінші күнінде Қазақстан халқы тілдері ...

Толығырақ »

ҚЫЗЫЛҚҰМДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ…

Жетісай ауданы, Қызылқұм ауылдық округінде Жетісай аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Б.Жанаевтың, Жетісай аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Қ.Сатыбалдиевтың қатысуымен ауылдық округі тұрғындарымен арнайы кездесу өткізілді. Кездесуде Қызылқұм ауылдық округі бойынша жаңадан тағайындалған Жетісай аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары (Блашев Қайрат, Жұмабеков Мұхит, Төлешов Ержан) таныстырылды. Сонымен қатар, кездесу барысында тұрғындарға құқықбұзушылықтың ...

Толығырақ »

Кітапхана мерейіне әріптес ілтипаты

Сарыағаш аудандық орталық кітапханада кітапханашылар арасында «Шын жүректен! Кітапхана мерейіне әріптес ілтипаты» атты аудандық байқау өтті. Қасиетті рухан қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар – ең қажет, абыройлы мамандық иелері. Кітапханашылар білім, ғылым, өнер мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып, өркениетті елге айналуымыздың негізін қалауда. Кітапханашы өмір бойы оқуда, ізденісте болуы шарт. Ол – оның кәсіби ...

Толығырақ »

Отырарлықтардың беркелі ісі

Отырарлықтар көкөніс өсіру кәсібін күнен – күнгей дамытып келеді.  Аудандағы «Бек» шаруа қожалығы жылыжай өндірісін қолға алып, халықты көкөніспен қамтамасыз етуде. Бұл шаруашылық негізінен қияр және қызанақ өсірумен айналысады. Алдағы уақытта өз өндірісін ұлғайтпақ ниетте. «Нұрдаулет -2004» ЖШС-нің басшысы маяқұмдық кәсіпкер Бақтыбай Байымбетов те қыс маусымында аудан тұрғындарының дастарханына  қияр, қызанақ жеткізіп халықтың алғысын иеленіп келеді. «Тер төкпей, еңбектің жемісін ...

Толығырақ »

Келес аудандық мәслихатының кезектен тыс үшінші сессиясы өтті

Түркістан облысы, Келес аудандық мәслихатының кезектен тыс үшінші сессиясы өтті, деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz  ақпараттық агенттігі. Сессияға аудан әкімі А.Есбаев, Мәслихат хатшысы А.Тотиков, аудан әкімінің орынбасары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және аудандық мәслихаттың депутаттары қатысты. Күн тәртібінде Келес ауданының «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджетін бекіту туралы», Келес ауданының дербес құрамын келісу, Келес ...

Толығырақ »

Әкім Мақталы ауыл округінің тұрғындарымен кездесті

Жетісай ауданына қарасты Мақталы ауыл округіндегі ең өзекті мәселе – ауыз су. Округ бойынша барлығы 11 елдімекен бар болса, оның 10-ы ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. Ал қалған 1 елдімекен ауыз суды тасмалдап ішіп отыр. Алайда Мақталы, Чехов және Жайлаукөл ауылдарының ауыз су құбырларының әбден тозығы жетіп, күрделі жөндеуді қажет етеді. Бұдан бөлек, округтегі 47 дренаж жарамсыз күйге түскен. Соның салдарынан ...

Толығырақ »