Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Руханият (страница 8)

Руханият

ҚҰЛБЕК АЙТҚАН ЖАҚҚА ДУЛАТ БАРМАЙДЫ!

«Не шықса да, Шымкенттен шығады» деген сөздің жаңа нұсқасын бүгін Ордабасы ауданындағы Жаңатұрмыс ауылында естіп қайттық. Онда қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының және халықаралық ПЕН клуб, Платиналы «Тарлан» сыйлықтарының иегері, жазушы-драматург Дулат Исабеков кітапханасының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты жиынды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков ашып, облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың «сәлемдемесі» мен аманатын жеткізіп болған соң, жерлес ағамызды іле ...

Толығырақ »

ХАЛЫҚ АҚЫНЫ ТӨСБЕЛГІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Қазақстанның халық ақыны Қалыбекова Әселхан Әлішеріқызы Елордасы-Астананың 20 жылдығына арналған «Астанаға — 20 жыл» төсбелгісімен марапатталды. Айтыс өнерінің ақтаңгері атанған Әселхан Әлішеріқызының еліміздің дамуы жолында қосқан елеулі үлесі үшін берілген тарихи марапатты Отырар ауданының әкімі Айтаханов Ерлан Қуанышұлы бір топ зиялы қауым өкілдерімен бірге ақын шаңырағына барып, арнайы табыс етті. «Қазақтың төл өнері айтысты дамытуға қосқан үлесіңіз өте зор. ...

Толығырақ »

АБАЙ МҰРАСЫ – ХАЛЫҚ ҰЛАҒАТЫ

«Абай мұрасы – халық ұлағаты» көрмесі ашылды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпаратттық агенттігі Түркістан облысы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінде қазақ халқының ұлы перзенті Абай Құнанбаевтың туған күніне орай «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты фото-кітап көрмесі ашылды. Көрмеге данышпан ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бірнеше кітаптар жинақталған. Көрмеге Абай ...

Толығырақ »

МАҢҒЫСТАУДА «КИЕЛІ ОТЫРАРДЫҢ МӘДЕНИ МҰРАЛАРЫ» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Маңғыстау облысы тарихи-өлкетану музейінде Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында және Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Киелі Отырардың мәдени мұралары» тақырыптық жылжымалы көрмесі ашылды. Құнды жәдігерлерді кеңінен насихаттауға арналған шараны Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының мүшесі, өлкетанушы Отыншы Көшбайұлы және Маңғыстау облысы тарихи-өлкетану музейінің директоры Тамара Қалмырзақызы құттықтау сөзбен ашып, көрменің маңыздылығын жеткізді. ...

Толығырақ »

«МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ» ӘН БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда Түркістан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру, Астананың 20 жылдығына арналған Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» облыстық ән байқауының іріктеу кезеңі өтуде. Байқаудың мақсаты- композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармаларын дәріптеу, халық арасында ән өнерін дамыту, қазақ әндерін орындаушылар арасынан ...

Толығырақ »

БІШКЕКТЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СУРЕТШІ ҚҰТТЫБЕК ЖАҚЫПТЫҢ ЖЕКЕ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ

Бішкектегі Гапар Айтиев атындағы Қырғыз ұлттық сурет өнер музейінде қазақстандық суретші Құттыбек Жақыптың көрмесі өтеді. Аталған көрме Ш.Айтыматовтың 90 жылдығына арналып отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Суретшілер одағының жауапты хатшысы әрі өнертану ғылымдарының кандидаты Жамбыл Натбаев биыл Қазақстан суретшілер одағына 85 жыл толатындығын және мерейтой қарсаңында көптеген істер қолға алынып отырғандығын жеткізді. «Биыл әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АСТАНАНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ ӨТТІ

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында  Түркістан облысындағы Астана қаласының мәдени күндеріне арналған «Астанадан ақ тілек» гала-концерті өтті. Астананың 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шараны Түркістан қаласының әкімі Өсербаев Әліпбек Шәріпбекұлы мен Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Мұхамбеталина Нарима Абылқызы құттықтау сөзбен ашып берді. Концертте Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрі, «Шалқыма» халық биі ансамблі, ...

Толығырақ »

БАТЫРЛАР РУХЫН АСҚАҚТАТАР КӨРМЕ

Түркістанда Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдығына орай Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлының өмірі мен қайраткерлігіне арналған «Қазақта Кенекемдей ер өтпеген…» көрмесі өтті. Дербес мемлекет құру қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы болғаны белгілі. Тәуелсіздік жолында бүкіл өмірін сарп еткен хандарымыз бен билеріміз, батырларымыз аз емес. Солардың бірі де бірегейі – Кенесары ...

Толығырақ »

Түркістан облысында мектеп оқушыларына арналған «өлкетану» оқулығы шығарылуда

Түркістан облысында мектеп оқушыларына арналған «өлкетану» оқулығы шығарылуда. Бұл туралы бүгін Түркістан облысының Өңірлік  коммуникациялар  қызметінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы брифинг өткізілді. Брифингте облыстық жобалық кеңсесінің жетекшісі Бақытжан Әшірбеков «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарды баяндап өтті. Қазіргі таңда облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тәрбие және білім», «Рухани қазына», «Атамекен», «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламалары бойынша 46 жоба, 168 ...

Толығырақ »

ҮКАША АТАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНДЫ

Түркістан қаласының Бабайқорған ауылдық округіне қарасты Серт ауылында орын тепкен Үкаша ата кесенесі мен құдығы исі мұсылман баласына түрлі аңыз-әңгімелер мен қасиеті арқылы мәлім. Жылдың қайсы мезгілі болса да мұнда ағылып келушілердің қарасы қалың. Жылдан-жылға зиярат етушілердің де қатары ұлғайып келеді. Тарихи жерге тек қазақстандықтар ғана емес көптеген шетелдік туристер де ынталы. «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени  қорық-музейінің құрамына діни-рухани ескерткіш ...

Толығырақ »

Тарихы терең Отырар

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Отырар ауданында жұмыс сапарымен болып, «Отырар төбе» қалашығында арнайы мамандармен бас қосты. Түркістан қаласының дамуы бойынша келген сәулетшілер мен археолог, тарихшылар сынды өз саласының білгірлері жиналған Отырар қалашығындағы басқосуда аймақ басшысы кезінде көне шаһардың агломерациясы мықты болғанын айтты. «Отырар қалашығына келе жатқанда бірнеше төбелер бар. Олардың бәріне зерттеу жүргізілуі керек. Кезінде Отырар үлкен қала болса, ...

Толығырақ »

ОТЫРАРДА АҚЫННЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮЙІ АШЫЛДЫ

Түркістан облысына қарасты Отырар ауданында ақын Мұхтар Шахановтың шығармашылық үйі ашылды. «Мұхтар Шахановтың шығармашылық үйі» деп аталатын ғимарат жерлесміздың туған ауылы Шілік елді мекенінде бой көтерген. Ғимараттың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр сөз сөйлеп, облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың ақын ағасына деген ыстық ықыласқа толы құттықтауын жеткізді. Иығына зерлі шапан жауып, сый-сияпат көрсетті. Басқосуда Е.Садыр Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: ...

Толығырақ »

Бәйдібекте «Ұлттық домбыра күні» мерекесі кеңінен аталып өтті

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен қоғамда ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында алғаш рет ұйымдастырылып отырған, «Ұлттық домбыра күні» мерекесі Бәйдібек ауданында аталып өтті. Мерекелік іс-шараны аудан әкімі Танагузов Бахтбек Төленұлы ашып беріп, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында белгіленіп отырған Ұлттық домбыра күніне байланысты ұлтымыздың асыл ...

Толығырақ »

ҚОҢЫР ҮНДІ ДОМБЫРА

Ұлттық домбыра күнінің белгіленуі қазақ халқын ерекше қуантып отыр. Домбыра күнінің мерекеге айналуы — көнеден жеткен асыл қазынамызға, ұлттық мұрамызға берілген лайықты баға. Ұлттық домбыра күнін тұңғыш рет лайықты түрде атап өту үшін ауданның белсенді жастары «Шәміл-Дүр» жастар саябағына жиналды. Қазақ мұңайса мұңайып, қуанса шаттанып ұлттың жеңісінде рух көтеріп, делебе қоздырып қан ойнатқан алтын тиекті тәлім құралын ұлықтау шарасында өнерлі ...

Толығырақ »

Е.Айтаханов, Отырар ауданының әкімі: Домбыра — қазақ үшін тұтастай әлем, оның бүкіл өмірі

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Республикамызда тұңғыш рет шілденің алғашқы жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» болып белгіленді. Осыған орай бүгін қазақтың жаны болып табылатын халықтық аспаптың құрметіне арналған айтулы мереке еліміздің түкпір-түкпірінде аталып өтуде. «Домбыраның пернесінде ән ғажап, домбыраның шанағында зарлы азап. Қазақ болып қалды мәңгі домбыра, домбыра боп қалса екен-ау әр қазақ» — деп жерлесіміз, ақын Серік Сейітман жырлаған қасиетті домбыра ...

Толығырақ »

КҮЙ КҮМБІРЛЕТКЕН КИЕЛІ ДОМБЫРА

Елбасы Жарлығымен шілденің алғашқы жексенбісі – Ұлттық домбыра күні болып белгіленді. Биыл бұл күн бірінші шілдеге сәйкес келіп отыр. Осыған орай, еліміздің үшінші мегаполисі арнайы дайындығын әзірлеп, Шымқала тұрғындары мен қонақтарын таңғы сағат 10:00-де Асанбай Асқаров атындағы демалыс аймағында орын тепкен дендросаябаққа шақырды. Онда жиналған жұрт бұрын-соңды болмаған мерекелік іс-шараны тамашалауға зор мүмкіндік алды. Ұлттық домбыра күнінің құрметіне өткізілген флешмоб, ...

Толығырақ »

ТҰРАН – ИРАН РУХАНИЯТЫНДАҒЫ ҚОЖА АХМЕТ ЙАСАУИДІҢ ОРНЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Тұран – Иран руханиятындағы Қожа Ахмет Йасауидің орны» атты семинар өтті. «Мұсылмандар өміріндегі ирфан мен сопылықтың маңызы» тақырыбында баяндама жасаған Иран Ислам Республикасының Алматыдағы Бас Консулдығы жанындағы Мәдени Орталығының директоры, доктор Сейіт Жәуад Жәлоли Йасауи ілімі түбі бір түркі халықтарын ортақ дүниетанымға ұйыстыра білді деп атап өтті. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ АБАЙ ЖЕРІНЕ САЯХАТ ЖАСАДЫ

            Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бағдарламалық мақаласында ұлттық жаңғыру, ұлттық кодты сақтау мәселесі ел дамуының негізгі қағидаларының бірі ретінде қарастырылады. Ұлттық кодты сақтау үшін салт-дәстүрлерімізді, тіліміз бен музыкамызды, әдебиетіміз бен жоралғыларымызды болашақ ұрпаққа жеткізу үшін  Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.  Осы ...

Толығырақ »

«КИЕЛІ ТҮРКІСТАН» КӨРМЕСІ – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА!

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінде «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің «Киелі Түркістан» көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрме Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – киелі Түркістан мен Солтүстік Қазақстан өңірінің арасында рухани, мəдени жəне музейаралық қарым-қатынысты одан əрі дамытуға бағытталған. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа ...

Толығырақ »

Түркістан облысында «Мәдениет қамқоршысы – ауыл әкімі» атты семинар-кеңес өтті

Түркістан облысының Созақ ауданында облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық Мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен  тұңғыш рет мәдениет үйлері мен ауыл әкімдерінің байланысын арттыруға арналған «Мәдениет қамқоршысы – ауыл әкімі» атты семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңестің мақсаты- жергілікті әкімдік пен мәдениет үйлері және ауылдық клубтар арасындағы байланысты нығайту, бірлесе еңбек етуіне жол ашу, әріптестік қарым-қатынасты арттыру болып табылады. Елбасы Нұрсұлтан ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА» КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы және Ұлттық домбыра күні мерекесіне орай «Ұлы Дала шежіресі – домбыра» атты  лекция-концерт өтті.     Шараға елімізге белгілі айтыскер ақындар мен  домбырашы өнерпаздар, ұлттық-мәдени орталық жетекшілері мен  зиялы қауым өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты. Айта кетсек, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы жылдан бастап әр шілденің алғашқы жексенбісін «Ұлттық ...

Толығырақ »

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА «КИЕЛІ ТҮРКІСТАН» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінде «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің «Киелі Түркістан» көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрме Елордамыз — Астана қаласының 20 жылдығы және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты — киелі Түркістан мен Солтүстік Қазақстан өңірінің арасында рухани, мəдени жəне музейаралық қарым-қатынысты одан əрі дамытуға бағытталған. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ...

Толығырақ »

Жаңғыру — жазудан басталады

Бүгін Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы латын әліпбиіне көшу идеясын ілгерілету, “Рухани жаңғыру” бағдарламасын іске асыру, Президенттің №569 жарлығымен бекітілген, 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 жарлығымен өзгертілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әр сала мамандарына әдістемелік көмек беру мақсатында ...

Толығырақ »

Домбырашылар бас қосты

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы және Ұлттық домбыра күні мерекесіне орай «Ұлы Дала шежіресі –домбыра» атты лекция – концерт өтті. Шараға елімізге белгілі айтыскер ақындар мен домбырашы өнерпаздар, ұлттық-мәдени орталық жетекшілері мен зиялы қауым өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты. Домбырашылар басқосуында Түркістан қалалық «Өнер» мектебінің жас өнерпаздары «Домбыраның шаттық үні», «Ерке сылқым» күйлері ...

Толығырақ »

МУЗЕЙГЕ 150-ДЕН АСА ОҚУШЫДАН ҚҰРАЛҒАН КЕРУЕН-ШЕРУШІЛЕР КЕЛДІ

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Түркістан облысының мектеп оқушыларынан құралған «Облыс тарихы-2018» атты керуен-шеруі облыс орталығы Түркістан қаласына келді. Бұл туралы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі хабарлайды. Аталған керуен-шеруіне Түркістан облысының әр ауданынан үлгілі оқитын көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларынан шыққан және тұл жетім 10 мектеп оқушыларынан құралған 150-ден аса бала қатысты. ...

Толығырақ »