Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Руханият (страница 9)

Руханият

МЕМҚЫЗМЕТ МӘРТЕБЕСІ МЕН МЕРЕЙІ

Шымшаһарда орын тепкен «Қазақстан Халқы Ассамблеясының» үлкен залындағы «Мемлекеттік қызметшілер күні» және мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығы мерекесі жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастыруы да, жазылған сценариі де, марапатталғандар тізімі де, концерттік бағдарламасы да – көңілге қонымды. Әсіресе, болашағымыздағы «аңыз адамдарды» марапатталғандардың арасынан байқағандай болдық. Мемлекеттік қызметші – қоғам айнасы. Биліктің жарқын келбеті. Мемлекет алдында тұрған талап пен міндетті орындау қоғамның осы тобына жүктелген. Басқару құрылымының жұмысын тиімді жүзеге ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕРЕКЕСІ

Шымкенттегі Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне және мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өттi. Жиынға Түркiстан облысының әкімі Ж.Түймебаев, Шымкент қаласының әкiмi Ғ.Әбдiрахымов, ҚР семлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев, мәслихат депутаттары және 900-ге жуық мемлекеттік қызметші қатысты. Салтанатты жиында Жансейiт Қансейiтұлы, Ғабидолла Рахметоллаұлы барша мемлекеттiк қызметкерлердi мерекемен құттықтап, қазiргi сәтте мемлекетке ...

Толығырақ »

ПОЛИЦИЯ ҚҰРМЕТІНЕ

Шымкент қаласында Қазақстан полициясының 26 жылдығына байланысты ескерткіш-обелиск ашылды. Салтанатты іс-шараға Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов, милиция генерал-майоры Ж.Сұлтанов және өзге сала ардагерлері мен полиция қызметкерлері қатысты. Ескерткіштің ашылу рәсімінде алғашқы болып сөз алған облыс басшысы Жансейіт Қансейітұлы жаңа нысанның мән-маңызына тоқталып, ішкі істер органдары қызметкерлерінің төл мерекесімен құттықтады.     – Қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, ел ...

Толығырақ »

Түймебаев түсірілім алаңын аралады

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Төле би ауданына жасаған жұмыс сапарының соңында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында түсіріліп жатқан «Төле би» атты 10 сериялы көркем фильмінің түсірілім алаңын аралады.  Облыс әкімдігінің қолдауымен «Сақ» киностудиясы қолға алған бұл фильм жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейді. Фильмде Төле би және өзге де би-шешендеріміздің қайраткерлігі көрсетілмек. Өңір басшысы ...

Толығырақ »

ҚАЛАЛЫҚТАР АҢ-ТАҢ – ҚАРСЫ АЛАДЫ «FONTAN»!

Шымкент қаласында «Fontan» аквапаркі ашылды. Салтанатты жиынға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, қала қонақтары мен тұрғындарын құттықтады. – Міне, баршамыз қуанышты оқиғаның куәсі болып отырмыз. Жаңадан ашылып отырған заманауи аквапарк барлық талапқа сай етіп жасалған. Бүгінде қаламызда халықтың тынығып, демалуына арналған орындар көбейіп келеді. Мәселен, жуырда ғана қаланы қақ жарып ағатын Қошқар ата өзенінің бойын абаттандырылып, суға шомылуға ...

Толығырақ »

ҚОС-ҚОСЫНАН АШЫЛҒАН БАЛАБАҚША

Шымкентте екі балабақша – №17 «Достық» және №37 «Әйгерім» (коррекциялық) бөбекжай-балабақшалары пайдалануға берілді. Ғимараттардың салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Нұрлан Сауранбаев қатысты. Айта кетейік, мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге арналған бөбекжай-балабақшалар заман талабына сай жабдықталған. «Достық» балабақшасы – 50, ал «Айгерім» бөбекжай-балабақшасы 55 орынға лайықталған. Жеке спорт залы және дәрігер бөлмелері бар.     Балабақша ғимаратын «Otau ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІНДЕГІ БАСҚОСУ

Шымкент қаласы әкімдігінде қала әкімі Нұрлан Сауранбаев төрағалық еткен арнайы мәжіліс өткізілді. Оған қала әкімінің орынбасарлары Бейсенбек Жанбосынов, Қайрат Нұртай, Ғабит Мәуленқұлов, Әл-Фараби ауданының әкімі Бауыржан Қалжанов, бөлім басшылары, БАҚ өкілдері және «Тұрғын үй Шымкент» серіктестігінің басшылығы қатысты. Күн тәртібіне бір ғана мәселе шығарылды – 1979 жылы пайдалануға берілген Ғани Мұратбаев атындағы балалар темір жолының жұмысын жандандыру тиімділігі. Мәжіліске қатысқан азаматтар ...

Толығырақ »

БАЛАЛАР ТЕМІР ЖОЛЫ – ТУРИСТІК НЫСАН

Қазақстандағы жалғыз балалар темір жолы Шымкентте ғана салынған. Келер жылы оның пайдалануға берілгеніне 40 жыл толады. Ит егесін таппай қалған 90-жылдары балалар темір жолының кенет тоқтап қалғанына шымкенттіктердің басым көпшілігі қынжылғаны рас. Мыңдаған балалардың қуанышына айналған осынау ерекше жолдың қайта «тіріліп», қалалық өмірдің айнымас бір бөлігіне айналғанын бәріміз де іштей тілеп жүретінбіз. Десек те, 2015 жылы «Тұрғын үй Шымкент» серіктестігінің ...

Толығырақ »

НҰРЕКЕҢ – ЖАНАШЫР ЖАННЫҢ БІРІ ЕКЕН!..

Шымкент қаласының көркіне көрік қосып, айнымас белгілерінің біріне айналған Балалар темір жолының алдағы тағдырына қала әкімі Нұрлан Сауранбаев оң көзқарас танытты, деп хабарлайды DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігінің тілшілері. Кей азаматтардың: «Бұл жолдың болашағы жоқ, оны түбегейлі бұзып тастау керек!» – дегеніне қарамастан, қала басшысы «бәріне көзімді өзім жеткізейін» деген адамдай, Балалар темір жолын тұтас – мына басынан ана басына дейін жаяу ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІ БАЛАЛАР ТЕМІР ЖОЛЫНА КӨҢІЛ АУДАРДЫ

Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев бірқатар орынбасарларымен және бөлім басшыларымен облыс орталығындағы Балалар темір жолын бастан-аяқ жаяу аралап өтті. Ондағы басты мақсат – темір жолдың қазіргі жай-күйін өз көзімен көру, оны қалпына келтіру мүмкіндігін саралау, оның болашақтағы тағдырын түбегейлі шешу. Аралау барысында қала әкімі өз орынбасарларының, қалалық бөлім басшыларының, «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің қызметкерлерінің, бірқатар БАҚ өкілдерінің Балалар темір жолына ...

Толығырақ »

БАЛАЛАР ТЕМІР ЖОЛЫ – БОЛАШАҒЫ БҰЛЫҢҒЫР МА?

Шымкенттегі Ғани Мұратбаев атындағы балалар темір жолы сонау 1979 – Халықаралық бөбектер жылы іске қосылды. Алда келе жатқан 2019 жылы тура 40 жыл толады екен. Өкінішке орай, Тәуелсіздік жылдары Асанбай Асқаровтың көзіндей болып қалып кеткен осынау ғажап нысан жетім баланың күйін кешіп келді. Оның болашағы не болар екен деген сауал шымкенттіктердің ғана емес, бүкіл қазақстандықтардың сары уайымына айналды. Тіптен, оны ...

Толығырақ »

ТҮЛЕКТЕР «БІРЛІК» МОНУМЕНТІНДЕ БАС ҚОСТЫ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында үш жүздің басын қосқан Ордабасыда алғаш рет «Туған жерге тағзым!» атты мектеп бітірушілердің салтанатты жиыны өтті. Аталған шара түркі тілдес үш елдің, яғни Қазақстан, Өзбекстан және Қырғыз Республикасының Президенттері басшыларының бас қосқандарына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Салтанатты шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев, ...

Толығырақ »

ОТЫРАР ЖЕРІНДЕ «КЕЙКІ МЕРГЕН» АТТЫ ТАРИХИ ТЕЛЕХИКАЯ ТҮСІРІЛУДЕ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының тапсырысымен «Projects House» компаниясы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің белсенді ұйымдастырушысы, батыр, құралайды көзге атқан Кейкі батыр жайында Мұрат Бидосовтың режиссерлігімен «Кейкі Мерген» атты тарихи телехикая түсіру жұмысын бастады. Ұлы қазақ даласындағы азаттық үшін күреске шыққан батырлардың тарихымыздағы орындарын ұрпақ санасында жаңғырту, туған жерінің бүтіндігін армандаған батырларды ел тарихының белестерінде ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі «Түркістан археологиялық экспедициясы» жобасы аясында Түркістан қаласындағы Бабайқорған ауылдық округінің Мерген төбе жерінде археологиялық қазба жұмыстарын бастады. Аталған қазба орны Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 33 км-дей жерде, Жаңақорған өзенінің жағалауында орналасқан. Бүгін аталған орынға «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов арнайы барып, жасалған жұмыстармен танысты. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында киелі жерлердің Қазақстан ...

Толығырақ »

АҚЫН ЖҮРЕК МҰҢАЙМАЙДЫ, ЖЫЛАҒАНДЫ БІЛМЕЙДІ!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Отырар ауданындағы жас суретші, қолөнер шебері, ақын қазақтың қайсар қызы атанып кеткен Тұрсынай Қайратқызының «Тұманды жарған Ай» кітабының тұсаукесері мен «Мен бақытты екенмін» атты шығармашылық кеші өтті. Сағыныш пен мұңнан, тазалық пен сұлулықтан тұратын Тұрсынайдың өлеңдері көңіл толқынын тербеп, адам баласының жандүниесін бірде мұңға, бірде шыңға сүйреп беймаза күйге бөлейтіні ...

Толығырақ »

«ОТЫРАР ЭРМИТАЖЫНАН» – «ТҰМАНДЫ ЖАРҒАН АЙҒА» ДЕЙІН…

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің өткен тарихынан сыр шертетін «ОТЫРАР ЭРМИТАЖЫ» атты тақырыптық көрмесі таныстырылды. Отырар ауданында ұйымдастырылған көрме-жәрмеңкеде музей тарихын көрсететін жәдігерлер, ата-бабамыздан келе жатқан ағаш өңдеу, кесте тоқу, сурет салу, түрлі металдарды қолдана отырып, қолөнер бұйымдарын жасау арқылы дүниеге келген өнер туындылары қойылды. Көрмемен танысқан көпшілік ...

Толығырақ »

ТАРИХ ТҮТІНІ ТҮП-ТҮЗУ

Сан ғасырлық мұралардың киелі ордасына айналған Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Астананың 20 жылдығына орай 18-мамыр Халықаралық музей күніне арналған аудан көлеміндегі қолөнер шеберлері мен суретшілер жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкенің мақсаты жергілікті қолөнершілер мен суретшілердің қолынан шыққан туындыларын көпшілік назарына ұсына отырып, өңірімізге келетін туристердің халқымыздың қолөнеріне деген қызығушылығы мен сұранысын тудыру болып табылады. Жыл ...

Толығырақ »

ТҮЙМЕБАЕВТЫ «ТЕНТІРЕТКЕН» ТҰЛҒАЛАРДЫ ТАНЫМАДЫҚ…

Өткен апта соңында ел назарын өзіне аударған бірқатар мәдени-тарихи шара ұйымдастырылды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Бәйдібек ауданының 90 жылдығына және ақын Орынбай Таймановтың 150 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өткізілді. Оған ел сүйіспеншілігіне бөленген айтыс ақындары Ақмарал Леубаева (Бәйдібек ауданы), Нұрлыбек Мейірманов (Бәйдібек ауданы), Қажымұқан Абзалов (Бәйдібек ауданы), Біржан Байтуов (Бәйдібек ауданы), Нұрғали Әнапия (Шымкент қаласы), ...

Толығырақ »

ДОДАҒА ШЫҚТЫ ДҮЛДҮЛДЕР

Бәйдібек ауданының 90 жылдығы және «Боралдайдың бозторғайы» ақын Орынбай Таймановтың 150 жылдығы орай Боралдай ауылында  дүркіреп өтті. Шара Орынбай Таймановтың кесенесінде құрбандық шалынып, құран оқумен басталды. О.Таймановтың 150 жылдығын атап өтуге, кесенені қалпына келтіруге үлес қосқан бірқатар азаматтарды ақынның 150 жылдық медалімен және алғыс хаттармен марапаттады. Жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық әдеби «Алаш» сыйлығының лауреаты Е.Тұрысов пен қоғам қайраткері, ...

Толығырақ »

Түркістанда «Ауыл – рухани жаңғырудың қайнар бұлағы» фестивалі өтуде

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын кеңінен насихаттау аясында Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ауыл – рухани жаңғырудың қайнар бұлағы» атты ауыл өнерпаздарының өнер фестивалі өтуде. Аталған өнер додасы Жаңа Иқан ауылдық мәдениет үйінде жалғасын тауып, ақсақалды қариядан ең жас дарынына дейін салт-дәстүрлерді дәріптеп, түрлі жанрдағы өнерлерді ортаға салды. Сонымен қатар, халық өнегесін үйрету мақсатында қолөнер шеберлері ...

Толығырақ »

«ҚАЗАҚ ЕЛІ» КИНОТУЫНДЫСЫНЫҢ ІІ-МАУСЫМЫ

«Қазақ елі» кинотуындысының ІІ-маусымы, яғни «Алтын тақ» бөлімі Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Иірсу ауылындағы, Тақиятөбе елді мекенінде басталды. Сондай-ақ, түсірілім ағымдағы жылдың маусым айына дейін Төле би ауданы мен Арыс, Ақсу өзендерінің бойында және Түркістан қаласында жалғасады. Фильмді Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мәңгілік ел» бағдарламасына сәйкес ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» АҚ таспалауда.  Қазір Түлкібас ауданы, ...

Толығырақ »

САУАТСЫЗДЫҚТЫ ЖЕҢЕ АЛМАЙ КЕЛЕ ЖАТҚАН ШЫМКЕНТІМ-АЙ!..

Шымқала тұрғындары да бүкіл еліміз сияқты Ұлы Жеңіс күнін мерекелеп, аталар ерлігіне тағзым етті. Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында «Шымкенттіктер Ұлы Жеңіс күні мерекесін атап өтті» деген ақпарат та жарияланды. Әттеген-айы сол, шала сауатты жазылған сөйлемдердің астарында ерлікті де, тағзым етушілерді де қасақана мазақ етіп отырған базбіреудің шикі әрекеті есіп тұрғандай. Мәселен, «Әр қазақстандықтың үйінде сонау сұрапыл соғыстың ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Шымкент қаласының əкімі Сауранбаев Нұрлан Ермекұлы ҰОС ардагерлері Бекназар Айтжан Тассейітұлы мен Қазыбаев Абылай Қазыбайұлының шаңырақтарында болып, Жеңіс мерекесімен құттықтап, қарт жауынгерлерге зор денсаулық, отбасыларына молшылық тіледі, сый-сияпат табыс етті. Шымкент қаласында жалпы зейнеткерлер саны 73087-ге  жуық болса, оның ішінде ҰОС ардагерлері мен мүгедектері – 74, тыл ардагерлері – 4775 адам болып отыр. Аталған санаттағы ардагерлер мен зейнеткерлер Шымкент қалалық маслихатының ...

Толығырақ »

БАРЛЫҚ ҒАЛАМ МАХАББАТТАН ЖАРАЛҒАН…

Отырар аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 15 сәуір – Қозы Көрпеш – Баян сұлу, яғни ғашықтар күніне орай халқымыздың ауыз әдебиеті арқылы аттары аңызға айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен махаббат рәміздері болған Қозы Көрпеш пен Баян сұлу, Қыз Жібек пен Төлеген, Сауран мен Бәтима және т.с.с. ғашықтардың жырларын кеңінен дәріптеу мақсатында «Барлық ғалам махаббаттан жаралған» атты IV аудандық байқау өткізілді. Байқауды мәдениет және тілдерді ...

Толығырақ »

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – БАТЫРЛАР ЖЫРЫНДА

Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Отырар аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Батырлар жырын оқығанда …» атты 8-15 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында батырлар жырын мәнерлеп, жатқа оқудан дәстүрлі III-ші аудандық байқауы болып өтті. 8-15 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында қазақ халқының батырлық эпосын насихаттап, елдік пен ерлік рухын, намысшылдық, қайсарлық қасиеттерді дарыту мақсатында ұйымдастырылған байқауға 13 ауылдық округтен 13 ...

Толығырақ »