«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі «Түркістан археологиялық экспедициясы» жобасы аясында Түркістан қаласындағы Бабайқорған ауылдық округінің Мерген төбе жерінде археологиялық қазба жұмыстарын бастады. Аталған қазба орны Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 33 км-дей жерде, Жаңақорған өзенінің жағалауында орналасқан. Бүгін аталған орынға «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов арнайы барып, жасалған жұмыстармен танысты. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында киелі жерлердің Қазақстан ...
Толығырақ »Ауыл жаңалықтары
ӘЛЕУЕТІ АРТҚАН САЯЛЫ САРЫАҒАШ
Елбасы міндеттеген тапсырмалар мен мемлекеттік бағдарламалардың ауданда жүзеге асырылу барысымен танысу мақсатында іс-сапармен келген аймақ басшысы ең алдымен Азаттық елді мекеніндегі «Қанат» шаруа қожалығының жұмысын аралап көрді. Қожалықтың жұмысымен таныстырған серіктестік иесі Марат Мырзахметов бүгінде мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаудың нәтижесінде кәсібін дөңгелетіп отырғанын айтады. Оның айтуынша, өткен жылы 1 гектар жылыжайдан 75 тонна қызанақ, 3,5 гектар жерден 125 тонна ...
Толығырақ »ОҢТҮСТІКТЕ ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ЖАЛПЫ ОБЛЫСТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
Оңтүстік Қазақстанда демалыс күндері жалпы облыстық сенбілік өтті. Оған 45 мыңнан астам адам қатысты. Тазалық шарасы барысында 22 мың гектар аумақ тазартылып, 54 мыңға жуық ағаш әктелді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Облыс аумағында өткен сенбілік серпінді өтті. Ерікті жастар мен елді мекен тұрғындары және мемлекеттік органның қызметкерлері бұл күні аулалар мен демалыс орындарын және көше бойларын қоқыстан тазартып, ...
Толығырақ »ШАРДАРАДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ НӘТИЖЕЛІ
Шардара ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» жұмыссыздықты жоюда оң нәтиже беруде. Бағдарламаны іске асыру мақсатында өткен жылы 2952 адам қатыстырылды. Оның ішінде 984 жұмыссыз болса, 1234-і өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, ал 734 жұмыс іздеушілер. Жалпы бағдарламаға қатысушылардың 32 пайызы табысы аз азаматтар. Ал 2018 жылдың 1 мамырына аталған бағдарламаға 958 адам қатыстырылса, жыл соңына ...
Толығырақ »ОҚО-ДА САРЫМСАҚ ӨСІРУ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ
2016 жылы Тасарық ауылдық округіндегі тастақ жерді техниканың күшімен игеріп, жүзімбақ еккен жеке кәсіпкер Сабыржан Танабаев ауданда үлкен көлемде сарымсақ егуді бірінші болып қолға алды. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі жазады. Бастапқыда 10 гектарға жаңа технологиямен жүзім еккен шаруа өткен жылы қосымша он гектар жерге 16 мың түп көшет отырғызып, былтырғы жылы алғашқы жемісін жинап алды. Еңбегіне қолдау ...
Толығырақ »ОТЫРАРДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Бүгін Отырар ауданында Павлодар облысы, Баянауыл ауданынан «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында Баянауыл ауданының әкімінің орынбасары Бақыт Тоқжігітова бастаған бір топ делегация келіп, халықпен кездесу өткізді. Кездесудің маңыздылығы жөнінде аудан әкімі Ерлан Айтаханов кеңінен түсіндірді. Отырар ауданының әкімі Е.Айтаханов өз сөзінде: «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы республикамыз ...
Толығырақ »МАҚТАРАЛДЫҢ МЫҚТЫ МЕЖЕЛЕРІ
Мақтарал ауданының индустриалды аймағында 6 жоба іске асырылып, 380 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылады деп жоспарлануда. Биыл аудандағы өнеркәсіп өнімін 13666,4 миллион теңгеге жеткізу межеленіп отыр. Қазіргі таңда ауданның индустриалды аймағынан жер бөлініп, құрылысы басталған «Soldatos» ЖШС-ның асфальт-бетон зауытын салуға 300 млн. теңге жұмсалатын болады. Жоба бойынша 30 адам жұмыспен қамтылып, сағатына 300 тонна асфальт-бетон өнімдері өндірілетін болады. Сондай-ақ, «Раджапов» ...
Толығырақ »ОРДАБАСЫ ТАУЫ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛМАҚ
Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірліктің бастауы болған Ордабасыдағы тариxи қорықты туризм орталығына айналдыру жұмыстары басталды. Бүгінде құрылыс жұмыстары қарқын алған аталған жобаның жұмысымен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы барып танысып қайтты. Бұл туралы ОҚО әкімнің баспасөз қызметі хабарлайды. Аймақ басшысының бастамасымен қолға алынған жоба аясында келушілер үшін жаяу жүргіншілер және автомобиль жолдары мен жобаның ...
Толығырақ »АҚЫН ЖҮРЕК МҰҢАЙМАЙДЫ, ЖЫЛАҒАНДЫ БІЛМЕЙДІ!
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Отырар ауданындағы жас суретші, қолөнер шебері, ақын қазақтың қайсар қызы атанып кеткен Тұрсынай Қайратқызының «Тұманды жарған Ай» кітабының тұсаукесері мен «Мен бақытты екенмін» атты шығармашылық кеші өтті. Сағыныш пен мұңнан, тазалық пен сұлулықтан тұратын Тұрсынайдың өлеңдері көңіл толқынын тербеп, адам баласының жандүниесін бірде мұңға, бірде шыңға сүйреп беймаза күйге бөлейтіні ...
Толығырақ »«ОТЫРАР ЭРМИТАЖЫНАН» – «ТҰМАНДЫ ЖАРҒАН АЙҒА» ДЕЙІН…
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің өткен тарихынан сыр шертетін «ОТЫРАР ЭРМИТАЖЫ» атты тақырыптық көрмесі таныстырылды. Отырар ауданында ұйымдастырылған көрме-жәрмеңкеде музей тарихын көрсететін жәдігерлер, ата-бабамыздан келе жатқан ағаш өңдеу, кесте тоқу, сурет салу, түрлі металдарды қолдана отырып, қолөнер бұйымдарын жасау арқылы дүниеге келген өнер туындылары қойылды. Көрмемен танысқан көпшілік ...
Толығырақ »ТАРИХ ТҮТІНІ ТҮП-ТҮЗУ
Сан ғасырлық мұралардың киелі ордасына айналған Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Астананың 20 жылдығына орай 18-мамыр Халықаралық музей күніне арналған аудан көлеміндегі қолөнер шеберлері мен суретшілер жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкенің мақсаты жергілікті қолөнершілер мен суретшілердің қолынан шыққан туындыларын көпшілік назарына ұсына отырып, өңірімізге келетін туристердің халқымыздың қолөнеріне деген қызығушылығы мен сұранысын тудыру болып табылады. Жыл ...
Толығырақ »ОТБАСЫЛАР САЙЫСЫ ӨТТІ
15 мамыр – Халықаралық отбасы күні, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет істері органдарының 20 жылдығына орай Отырар ауданындағы мемлекеттік қызметшілердің отбасылары арасында «Әкем, анам және мен» тақырыбымен үстел тенисі, асық ату, дойбы, арқан тарту және ләңгі тебу секілді бес спорт түрінен отбасылық сайысы өтті. Мақсат Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын, «Қазақстан-2050 стратегиясы» мен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық ...
Толығырақ »«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына ЮНЕСКО/ИКОМОС консультативтік миссиясының бағдарламасы аясында келген ресейлік сарапшы Наталья Душкина, Мәдениет және спорт министрлігінің тарихи-мәдени мұра басқармасының бас сарапшысы Әлібек Күзербаев, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі директорының орынбасары Серік Үркімбаев, «Қазқайтажаңғырту» бас директорының орынбасары Еркеболат Тоқмағамбетов, «Қазқайтажаңғырту» ғылыми-зерттеу және жобалау филиалының директоры Садуақас Агитаев, «Қазқайтажаңғырту» ...
Толығырақ »ТҮЙМЕБАЕВТЫ «ТЕНТІРЕТКЕН» ТҰЛҒАЛАРДЫ ТАНЫМАДЫҚ…
Өткен апта соңында ел назарын өзіне аударған бірқатар мәдени-тарихи шара ұйымдастырылды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Бәйдібек ауданының 90 жылдығына және ақын Орынбай Таймановтың 150 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өткізілді. Оған ел сүйіспеншілігіне бөленген айтыс ақындары Ақмарал Леубаева (Бәйдібек ауданы), Нұрлыбек Мейірманов (Бәйдібек ауданы), Қажымұқан Абзалов (Бәйдібек ауданы), Біржан Байтуов (Бәйдібек ауданы), Нұрғали Әнапия (Шымкент қаласы), ...
Толығырақ »ОҚО-ДА 90 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР БІЛІМ ОРДАСЫ МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАДЫ
Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында Ж.Жабаев атындағы жалпы орта мектебі 90 жылдық мерейтойын тойлады. Қазақтың біртуар азаматтары оқыған білім ошағының салтанатты жиынына облыс әкімі Ж.Түймебаев арнайы қатысып, көпшілікті аталған мерекемен құттықтады. «Сіздерді жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың есімін иеленген іргелі білім ордасының 90 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мектеп 90 жылда талай шәкіртті қанаттандырып, үлкен өмірге ұшырып келді. Кеңестер Одағының ...
Толығырақ »ДОДАҒА ШЫҚТЫ ДҮЛДҮЛДЕР
Бәйдібек ауданының 90 жылдығы және «Боралдайдың бозторғайы» ақын Орынбай Таймановтың 150 жылдығы орай Боралдай ауылында дүркіреп өтті. Шара Орынбай Таймановтың кесенесінде құрбандық шалынып, құран оқумен басталды. О.Таймановтың 150 жылдығын атап өтуге, кесенені қалпына келтіруге үлес қосқан бірқатар азаматтарды ақынның 150 жылдық медалімен және алғыс хаттармен марапаттады. Жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық әдеби «Алаш» сыйлығының лауреаты Е.Тұрысов пен қоғам қайраткері, ...
Толығырақ »БОЛАТБЕК ДҮЙСЕНБЕКҰЛЫ МӘЛІМДЕЙДІ
Шардара су қоймасы жағалауындағы туризм саласын дамыту бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Алдағы уақытта 255 гектар аумақта 60 нысан құрылысы жүргізіледі. Атап айтқанда, қонақ үйлер, яхт клуб, ресторандар, аңшылар және балықшылар үйі, аквапарк сынды ғимараттар бой көтереді. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шардара ауданының әкімі Болатбек Қыстауов мәлім етті. Аудан басшысының айтуынша, туристік аумаққа тартылатын инвестиция көлемі ...
Толығырақ »ОТЫРАРДА «ОТЫРАР ТАЛАНТТАРЫ-2018» ФЕСТИВАЛІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау және Астана қаласының 20 жылдығы аясында ұйымдастырылған дәстүрлі «Отырар таланттары -2018» VІІ халық өнер фестивалінің екінші іріктеу кезеңі мәресіне жетті. Аудандық өнер додасының мақсаты- жергілікті мәдениет мекемелерінің жұмыстарын насихаттау, келешек ұрпақты салауатты өмір салтына бейімдеу, ел ішіндегі талант иелерін анықтап, олардың шығармашылығына қолдау көрсету , жастар арасында халқымыздың ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын ...
Толығырақ »ЖЕҢІС КҮНІ СОЗАҚТЫҚ 6 СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ АВТӨКӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ
Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында Жеңістің 73 жылдығына орай 6 майдангерге автокөлік табысталды. Жаңа нива автокөліктердің кілтін Жеңіс күні мерекесіне арналған шарада аудан әкімі Салыхан Полатов салтанатты түрде тапсырды. Аудан орталығы Шолаққорғанда өткен мереке жалпыхалықтық шерумен бастау алып, жиылған жұртшылық «Белгісіз сарбаз» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып соғыс сарбаздарының рухына тағзым етті. Осыдан 73 жыл бұрын адамзат тарихында ең ауыр және ...
Толығырақ »ТӨЛЕБИДЕ ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ӨНДІРІЛЕТІН БОЛАДЫ
Оңтүстік Қазақстан облысының 120 мыңға жуық халқы бар Төле би ауданында алдағы 5 жылда өздерінде өндірілген электр қуатымен толық қамтылатын болады. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Осы мақсатта ауданда жеті ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, Сайрамсу мен Қасқасу өзенінің бойында алты шағын су электр станциясы бой көтереді. Ал осы жылдың қыркүйек айында қуаттылығы 5 МВт, ...
Толығырақ »ОҚО-НЫҢ ТАРИХИ ОРЫНДАРЫН ТҮГЕНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Халықаралық Түркі академиясының президенті Д.Қыдырәлі бастаған ғалымдар тобымен кездесті. Академия президентінің кеңесшісі Е.Исақұлов, профессор Қ.Қонқабаевпен, ғалым А.Тойшанұлымен болған басқосуда Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған міндеттерді іске асыру жайы талқыланды. Жиын барсында өңір басшысы ғалымдарды облыс аумағындағы маңызды тарихи нысандар туралы мағлұмат жинастырып, арнайы сериямен кітап шығаруға атсалысуға шақырды. «Өздеріңіз білесіздер, оңтүстік өңірі тарихқа ...
Толығырақ »Созақ ауданы, Құмкент ауылында екі бірдей спорт нысаны ашылды
9 мамыр Жеңіс мерекесі күні Құмкент ауылында екі бірдей спорт нысаны ашылды. Қазақ француз біріккен «Катко» кәсіпорнының демеушілігімен балалар ойын алаңы мен шағын футбол алаңы ашылды. Нысанның ашылу салтанатынаСозақ ауданынныі әкімі Салыхан Сабырұлы Полатов, «Катко» кәсіпорнының бас инженері Николя Дюбек қатысты. Құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Салыхан Сабырұлы: «Елбасы Н. Ә. Назарбаев халыққа Жолдауында айтылған бұқаралық спорт және дене шынықтыруды дамыту мәселесі ...
Толығырақ »КҮРКІРЕП КҮНДЕЙ ӨТТІ ҒОЙ СОҒЫС…
Күндей күркіреп өткен соғыстың аяқталғанына да 73 жыл. Мерекеге жиналған көпшілік «Мәңгілік ел есінде» ескерткішіне гүл қою рәсіміне қатысты. Аудан әкімі Ерлан Айтаханов пен ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзабай Өксікбаевтар азалы әуеннің сазымен жеңіс жолында шейіт кеткен жерлестерімізге арнап гүл шоқтарын қойған соң, боздақтарға арналып құран оқылды. Осы мерекелік шараға орай мәдениет сарайының фойесінде әскери тақырыптағы көрме қойылыпты. Келушілер соғыс жайында ...
Толығырақ »ИГІ ІС – ҰРПАҚҚА АМАНАТ!
Ордабасы ауданындағы Қалдыбай Бектаев атындағы жалпы орта мектебінің жас та жаңашыл директоры Гүлнұр Сүлейменованың бастамасымен ауыл азаматтарының басы қосылып, «Туған жерге тағзым!» акциясы өтті. Акция нәтижесінде оқу ордасының ауласында алақандай ауылдан Ұлы Отан соғысына аттанған 200 ардагердің есімі қашалған ескерткіш бой көтеріп, мәңгілік алау жағылды. Ескерткіштің салтанатты ашылуына Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Омарбеков, ауыл ардагерлері, аудан мен облыс зиялы қауым ...
Толығырақ »БАРЛЫҚ ҒАЛАМ МАХАББАТТАН ЖАРАЛҒАН…
Отырар аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 15 сәуір – Қозы Көрпеш – Баян сұлу, яғни ғашықтар күніне орай халқымыздың ауыз әдебиеті арқылы аттары аңызға айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен махаббат рәміздері болған Қозы Көрпеш пен Баян сұлу, Қыз Жібек пен Төлеген, Сауран мен Бәтима және т.с.с. ғашықтардың жырларын кеңінен дәріптеу мақсатында «Барлық ғалам махаббаттан жаралған» атты IV аудандық байқау өткізілді. Байқауды мәдениет және тілдерді ...
Толығырақ »