Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауында 1-4 сынып оқушыларын мектепте тегін тамақпен қамту туралы тапсырма берген болатын. Президенттің бұл бастамасы балалардың денсаулығына, жақсы дамуына, оқу үлгерімін және әл-ауқатын жақсартуына оң әсер ететіні сөзсіз. Осы мақсатта бүгін «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы қалалық білім бөлімімен бірлесіп қаладағы бірқатар мектептерге сараптама жұмыстарын жүргізді. Сараптама жұмыстарына «AMANAT» партиясы Арыс ...
Толығырақ »Ауыл жаңалықтары
АЛДАҒЫ ЖЫЛДАРЫ АРЫСТА 6 МЕКТЕП ПЕН 5 БАЛАБАҚША САЛЫНАДЫ
Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова қалалық Мәдениет үйінде Арыс қаласының тұрғындарымен кезекті кездесуі өтті. Бұған дейін, 6 ауылдық округте болып, ондағы өзекті мәселелерді талқылаған әкім, Арыс тұрғындарына қорытынды есеп берді. Арыс қаласында білім саласында жағымды жаңалықтар көп. Биыл Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы негізінде «Тараз» тұрғын ауданынан 600 орындық мектеп құрылысы басталды. Келесі жылы дәл осы ...
Толығырақ »Түркістан облысында «Жайлы мектеп» бағдарламасымен 63 мектеп салынады
Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы ауыл балалары әлі күнге ыңғайластырылған ескі ғимараттарда білім алуда. Ал аудан орталығында оқушылар санының күннен күнге артуынан мектептер жетпей жатыр. Мәселен, Сарыағаш қаласындағы 1200 бала білім алған орта мектеп апатты деп танылып, сүрілген. Қазір ондағы жеткіншектер басқа мектепке қатынап оқып жүр. Шекаралы ауданда жаңа мектептер салу мәселесі қашан шешімін табады? Бұл туралы Қазақстан арнасына сілтеме жассасғ,ан ...
Толығырақ »«ҰЛЫ ӨНЕРТАПҚЫШТЫҚҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» Облыстық байқауының аудандық кезеңі Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының оқушылары арасында өткізілді. Байқау мақсаты — білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі облысындағы, өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру. Байқау бірнеше номинациялар бойынша өткізіліп оқушылар белсене қатысып, әр номинациядан үздік жұмыстар іріктелді.Автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу ...
Толығырақ »АЙГЕРІМ ЕРАЛЫҚЫЗЫ: «БАСТЫ МАҚСАТ – ЖАСТАРДЫ ШЫҢДАУ»
Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Айгерім Ералықызы Дүйсенбековамен сұхбат жүргізген болатынбыз: – Айгерім Ералықызы Сауран ауданында жастар ресурстық орталығы қашан ашылды? Жалпы осы орталықтың атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып өтсеңіз? – Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» Түркістан облыстық әділет басқармасында 2021 жылы 12 шілдеде тіркелді. Жастар ресурстық орталығы – жастардың әлеуметтік ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА 300 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Жетісай ауданында Түркістан облысының 5 жылдығы аясында жаңа мектеп пайдалануға берілді. Заман талабына сай салынған жаңа типтік үлгідегі білім ордасы аудандағы 74-ші мемлекеттік мектеп болып отыр. Нысанның салтанатты ашылуына келген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы мен Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы, аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов пен аудандық білім бөлімінің басшысы Ғазиза Шүкірбаева Баянды ауылының тұрғындары мен ұстаздарын, оқушыларды ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА ӘЛІППЕГЕ АРНАЛҒАН КӨМЕКШІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасында журналист, жазушы, «Алтын қалам» республикалық әдеби байқауының лауреаты Ділдәгүл Нұрмаханбеттің «Әліппеге арналған әдістемелік-хрестоматиялық көмекші оқу құралының» таныстырылымы өтті. Алдымен көрмені тамашалаған көпшілік назарына бейне туынды ұсынылды. Шараға зиялы қауым өкілдері мен ұстаздар қатысып, автор мен оның кітабы жайлы пікірлерін білдірді. Жазушы Нұрдәулет Ақыш модератор болса, ҚР Мәдениет саласының үздігі Мақсат Айтжан кешті тізгіндеді. Шара барысында ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ
Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылық алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Осы орайда Түркістан облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтың тапсырмасы негізінде Жетісай ауданы әкімдігі мен аудандық полиция бөлімінің, аудан прокуратурасы мен аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Қауіпсіз қоғамдағы жастардың келбеті» атты аудандық жастар форумы ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА «ТӘРБИЕЛІ ЖАСТАР – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ» ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ
Отырар ауданында «Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» атты аудандық жастар форумы өтті. Еркін форматта өткен кездесуге құқық қорғау органдары мен зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, ақсақалдар мен аналар кеңесінің мүшелері, ұстаздар, БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі белсенділері, жергілікті тұрғындар, студенттер мен оқушылар, жалпы 400-ден аса жас қатысты. Іс — шара Отырар халық театрының жастар тәрбиесіне қатысты сахналық қойылымымен ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: ОҚУ ОРДАСЫНДА АКАДЕМИК СЕРІК ПІРӘЛИЕВТІҢ ЕҢБЕГІН ЕСКЕ АЛДЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, аталған оқу ордасында 2003-2007 жылдары ректор қызметін атқарған ардақты ұстаз Серік Пірәлиев атындағы конференция залының ашылу салтанаты өтті. Саналы ғұмырын білім жолына арнаған қайраткердің құрметіне аталған конференция залының ашылуына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркістан облыстық Ақсақалдар алқасының ...
Толығырақ »ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ЖӨНДЕУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БІЛІМ ОШАҚТАРЫНДА БОЛДЫ
Түркістан облысы демографиялық өсімі жоғары өңір. Өңірде мың мектепте 500 мыңнан астам оқушы білім алуда. Олардың 121-і күрделі жөндеуді қажет етеді. Түркістан қаласының аумағында 42 мың оқушыны қамтитын 34 мектеп бар. 7 мектеп ескірген. Солардың бірінде болған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды №7 С.Ерубаев мектеп — интернатының жай-күйімен танысты. Күрделі жөндеуді қажет ететін 500 орындық мектеп 1976 жылы салынған. Білім ...
Толығырақ »«АҚ ЛАЛАГҮЛДЕР МЕКЕНІ — ФИНЛЯНДИЯ» КІТАБЫ БОЙЫНША ОҚЫРМАНДАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Созақ ауданы, Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясында Қазақстан халықтары тілдері мерекесіне арналған «Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы» тақырыбындағы онкүндік өтті. Ұжым мүшелеріне ой салған бұл игілікті іс «Мен елімнің болашағын қалай көремін және ол үшін не істей аламын?», тақырыбында Г.Петровтың «Ақ лалагүлдер мекені — Финляндия» кітабы бойынша оқырмандар конференциясы еркін әңгіме пікірталас ретінде ұйымдастырылды. Конференция барысында «Г.Петровтың «Ақ лалагүлдер мекені ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДЫҚ ҰСТАЗ ТІРЕК СЫЗБАЛАРДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖИЫНТЫҒЫН ЖАСАДЫ
Түркістан облысы Төлеби ауданындағы №7 IT мектеп-лицейі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, бастауыш сынып мұғалімі Гүлдана Айдарбекова тірек сызбалар көмегімен оқыту технологиясын тиімді қолдануды ұсынып жүрген шығармашыл ұстаз. Электронды жиынтық -кестелер, сызбанұсқалар, диаграммалар, модульдер, блоктар, суреттер арқылы іске асырылады. Тірек-сызбалар оқушы қиялын дамыту мен өзін-өзі талдау, қызығушылығын ояту, шығармашылығын дамытудың негізі. «Бұл жобаны мен уақыт үнемдей отырып бала психологиясын қызықты ...
Толығырақ »ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН СЕМИНАР ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
Арыс қаласы, Ордабасы, Отырар аудандарында барлық білім беру ұйымдарымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында «Адалдық құндылықтарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез құлықты дәріптеу тақырыбында» семинар өткізілді. Аталған семинарға Түркістан облысы әкімі аппаратының қоғамдық саяси сала мониторингі бөлімінің басшысы Расұл Самат Әбдімүталіұлы , Түркістан облысының білім басқармасының құқықтық актілерді сараптау және заңдылықты қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Сапарбеков Әлжан Нұртасұлы, Түркістан ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: АРЫСТА 6 МЕКТЕП ПЕН 5 БАЛАБАҚША САЛЫНАДЫ
Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова қалалық Мәдениет үйінде қала тұрғындарымен кезекті кездесу өткізді. Жиында Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша бастау алған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында «Тараз» шағын ауданынан 600 орындық мектептің құрылысы басталғандығы айтылды. Сондай-ақ, келесі жылы дәл осы бағдарлама шеңберінде «Наурыз» шағын ауданынан 900 орындық мектеп салынбақ. Бұдан бөлек, «Отырар» шағын ауданынан 600 орындық мектептің және И.Журба атындағы ...
Толығырақ »«АУЫЛ МЕКТЕБІН САПАЛЫ БАСҚАРУ» ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖОБАСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Мелдебекова Майра Тұрғанбайқызы, Түркістан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығының» директоры Бақытжан Төлімбет Нұрмағанбетұлы және облыстық білім басқармасының өкілдері бүгін Сауран ауданы Ы.Алтынсарин ШЖЖОМ базасында Облыстық білім беруді дамыту орталығының жүргізіп отырған «Ауыл мектебін сапалы басқару» пилотты жобасының барысымен танысты. Мақсат — эксперименттің негізгі идеясын, тұжырымдамасын, жоспарланған ...
Толығырақ »«АҚЫЛДЫ БАЛАҒА – СЫЙЛЫҚҚА АҚЫЛДЫМ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ АКЦИЯ БАЙҚАУДЫҢ АУДАНАРАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ӨТТІ
Жетісай аудандық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Ақылды балаға-сыйлыққа Ақылдым» атты облыстық акция-байқаудың ауданаралық іріктеу кезеңі мәдениет үйінде өткізілді. Байқаудың мақсаты — оқырман балаларды кіттаппен, балаларға арналған баспасөзбен таныстыра отырып, бала қиялының шарықтауына, өзара диалог құру кезінде сөздік қорының молаюына қолдау көрсету, ертегілер арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Баланы ақылды, ізденімпаз, ұшқыр ойлы, сұлулығының негізі кітапта екенін ұғындыру. Байқауды «Ақылдым» балаларға арналған ...
Толығырақ »Сайрам ауданында «Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» форумы өтті
Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры М.Қабденовтің нұсқауына сәйкес, Сайрам ауданының Қ.Жандарбеков атындағы мәдениет үйінде аудандық полиция басқармасының ұйымдастыруымен әкімдік, прокуратура, білім беру мекемелері мен «Жастар ресурстық орталығының» қатысуымен форум өткізілді. Аталған форумға аудан әкімінің орынбасары А.Өсербаев, аудан прокуроры Д.Тлемисов, адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Г.Тынымбаева, «Жастар ресурстық орталығы» КММ, ардагерлер мен мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ауданның ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТӨРТ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Сарыағаш ауданында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында 4 жаңа мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Тарқата айтсақ, бүгінде Сарыағаш қаласында 300 және 900 орындық мектептердің құрылыс жұмыстары басталды. Одан бөлек, Дербісек ауылдық округіндегі — Дербісек, Қызылжар ауылдық округіндегі — Жаскешу елді мекендерінде 900 орындық мектептердің құрылыс жұмыстары басталып кетті. Осы орайда аудан әкімі Арман Абдуллаев пен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ өкілі М.Айманбетов ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Келес ауданында «Жайлы мектеп» жобасы арқылы 5 мектеп салынады. Бұл туралы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетовтың ауданға жасаған сапарында баяндалды. Ол ауданды аралау барысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында құрылысы жүріп жатқан мектептерге барды. Аудан басшысы Жәнібек Ағыбаев басқарма төрағасына мектептердің құрылысына қатысты бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Сапар барысында алдымен Ақтөбе ауылдық округінің Ғани Мұратбаев елді мекеніндегі 600 орындық ...
Толығырақ »КӘРІС ҰЛТЫНЫҢ АЗАМАТЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН САБАҚ БЕРЕДІ
Түркістан облысы, Арыс қаласының тұрғыны Самбет Наталья қазақшаға судай ағып тұр. Орайы келсе, астарлап та, мақалдап та, «оңдырмай» айтып тастайды. Өзге ұлт өкілінің өз тіліңде ақыл айтқаны да қызық болады екен? Міне, кәріс қызына жұрттың сүйсінтетіні де, оның сөзін ауыздарынан су ағып тыңдайтындары да осыдан!.. Қазақ тілінде емін-еркін сөйлейтін Наталья — нағыз қазақылықтың қаймағы бұзылмаған оңтүстік өлкеге келін боп түсті. ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: БІЛІМ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ ӨТІНІШТЕР МЕН ҰСЫНЫСТАР ТЫҢДАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев кезекті қоғамдық қабылдауын өткізді. Онлайн және офлайн форматта өткен қоғамдық қабылдауда 10-нан астам тұрғынның өтініштері мен мәселелері тыңдалды. Өтініштердің басым бөлігі білім саласындағы мәселелелерді қамтыды. Мектеп салу, балабақшаны қосымша қаржыландыру және өзге де түйткілдер тарқатылды. Жетісай ауданының тұрғыны өзі тұратын ауылға мектеп салу мәселесін көтерді. Ол зерделеніп, тиісті жауабы берілетін болды. Ал Түркістан қаласының ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ 9 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ТЕХНИКА ЖӨНДЕУМЕН АЙНАЛЫСАДЫ
Келес ауданындағы №25 С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Еркебұлан Мәулен бос уақытында трактор мен жеңіл автокөлік жөндеумен айналысады. Ол сабақтан тыс уақытында аулада тұрған техниканы жөндеуге асығады. Сондай-ақ мектеп жасынан ауыр техниканы тізгіндеп үйренген. – Әкем механизатор болған. Ол Келес совхозында автомеханика саласында еңбек еткен. Әулетіміздегі азаматтардың басым көпшілігі осы техникаға қызығып, нәпақасын тауып отыр. Өзім ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫМЕН 900 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Созақ ауданының орталығында «Жайлы мектеп» жобасы аясында Ы. Алтынсарин атындағы 900 орынға арналған мектептің құрылыс жұмыстары басталды. Осыған байланысты аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков құрылысы жүріп жатқан мектептің жұмыс барысымен танысты. Мердігер мекеменің өкілдерімен тілдесіп, жауапты мамандарға құрылысқа кедергі болатын бағаналарды ауыстыру жұмыстарын тездетіп аяқтауды тапсырды. Аталған білім ошағы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қаржыландыруымен қолға алынып, 2024 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА 900 ОРЫНДЫҚ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТІҢ» ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Сарыағаш ауданы, Жаскешу елді мекенінде 900 балаға шақталған «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгін аудан басшысы білім ошағының жұмыс барысымен арнайы танысты. Айта кетейік, Жаскешу ауылында орналасқан мектептің сыйымдылығы төмен болуына байланысты жаңа мектептің құрылыс жұмыстары мердігер мекеме тарапынан қолға алынған. -Балалардың болашағы үшін салынып жатқан білім ордасының сапасы басты назарда болуы қажет. Сол үшін мердігер мекеме, жұмысшы күшін ...
Толығырақ »