Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары (страница 6)

Ауыл жаңалықтары

ҰСТАЗ ҒИБРАТЫ ДАРЫҒАН ӨМІР

Бір күні кезекті семинардың алдында қағаздарымды реттеп отырсам, орта бойлы бір кісі кіріп келді. Жайдары жүзінен бақыттың лебі есетіндей. Келген бойда: Ұстаз, қолыңыздан сүйсем рұқсат па? – деді. Негізінде кісінің қолымнан сүйгенін бұрыннан қаламайтын едім. Жігіттің көңілін жықпайын деп: – Қаласаң қолымнан емес бетімнен сүй. Ол да қапсырып құшақтаған бойда бетімнен сүйді. Я, жігітім не үшін қолымнан сүйгің келді? Қонағым ...

Толығырақ »

ОЗЫҚ ҮЛГІДЕГІ БІЛІКТІ ҰСТАЗ

Бүгiнгi әңгiмемiздiң желiсi қазаққа келiн болған қарашай ұлтының қызы туралы болмақ. Қарашай қызы Лида жеңгемiзге жолығып, әдемi сыр-сұхбат құрдық. Өмiр жолына тереңiрек үңiлiп, бүгiнгi жастарға тәлiм-тәрбие берерлiк нәр алуға тырыстық. – Қазақстанға жер аударылып келген  қарашайлардың қатарында менiң әкемнiң де ата-аналары болған. Кейiн елдерiне қайтуға рұқсат берiлгенде,  туыстарына ермей Жамбыл қаласында   қалып қойған әкем Магамед  қазақ қызына үйленiптi. Өмiрге 9 ...

Толығырақ »

ҒЫЛЫМ ЖОЛЫНДАҒЫ ҰСТАЗ КЕЛБЕТІ

«Ұстаз деген ұлт тағдыры», – демекші бұл ғаламда ұстаздан тәлім-тәрбие алмаған маман иесі жоқ шығар. Педагог мамандығын оқығандар көп болғанымен, ұстаз болу тәжірибе жүзінде екінің бірінің қолынан келе бермейтін дүние екендігі шындық. Әр мамандықтың өзіндік ерекшеліктерімен қоса, қиыншылықтары да қатар жүретіні белгілі. Дегенмен, «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деген сөз бар. Олай айтатын себебіміз, барлық мамандық иесі мектеп табалдырығын ...

Толығырақ »

ҰЛАҒАТТЫ АРДАГЕР ҰСТАЗ

Мемлекеттегі бейбітшілік және келісім, оның қауіпсіздігі және тұрақтылығы этносаралық қарым-қатынастың орнықтылығына, төзімділікке және оң бағытталғандығына көбіне көп байланысты. Жастарда патриотизмді, азаматтықты, дінге төзімділікті және халықтар достастығы сезімін қалыптастыруда көп ұлтты мемлекет шеңберінде дамып жатқан ұлттық қатынастар мәнді әсер етеді. Этносаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы теориялық негізінің және тұжырымдамалық алғы шартының айқындаушы компоненттерінің бірі – санына қарамай, әрбір этнос бүкіл адамзат үшін ...

Толығырақ »

ҰСТАЗ – РУХАНИ СУРЕТКЕР АДАМ

Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері. Парасат пен пайымды, ақыл мен білімді, ұлттық және азаматтық құндылықтарды ұрпақ бойына дарытушы тұлға. Шәкірт тәрбиелеуде өзінің сүбелі үлесін қосып жүрген қаламыздағы үлгілі ұстаздардың бірегейі Утеуова Гүлнар Көміртайқызы деп білеміз. Ұстаз. Осы сөздің ішінде қаншама ұғым жатыр. Өміріміздің бәйтерегі болған мұндай ұғымға кеудесінде жаны бар әр адам өмір бойы ризашылық білдірумен өтетіні жасырын емес. ...

Толығырақ »

ӨНЕР МАЙТАЛМАНЫНА АЙНАЛҒАН ҰСТАЗ

Әсем әні қалықтаған қазақ даласында небір халық композиторлары жүрек түкпірінен жан тербеп шыққан әсерлі әндерін шығарып, кейінгі ұрпаққа мирас етіп қалдырды. Міне, осы өнер бүгінде жалғасын тауып, мөлдір бұлақтай көзі ашылып отыр. Ән салған адам сезім қылын шертетін әдемі үнімен жүрек тебірентеді. Тыңдаушының жанын жадыратып, мұңын тарқатады. Бүгінгі әңгіме киелі өнер иесі, танымал әнші әрі тамаша сазгер туралы өрбімек. Қаламқас ...

Толығырақ »

ДҮНИЕДЕГІ МАМАНДЫҚ АТАУЛЫНЫҢ ТӨРЕСІ – ҰСТАЗДЫҚ

Ұстаз – шәкірттерін білім нәрімен сусындататын адам. Ұстаз болу – екінің бірінің қолынан келмес, әрі аса үлкен жауапкершілікті қажет ететін жұмыс. «Мұғалім мамандығы барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ғалым да, батыр мен ақын да, темір балқытқан жұмысшы мен диқан да, мал бағып терін төккен шопан мен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ...

Толығырақ »

ТӨЛЕБИЛІК ҰСТАЗДАР ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАҚТАРЫН ҚҰРАСТЫРҒАН

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: ҮЛКЕНДЕР ЖОЛЫ ҰЛЫЛЫҚ – ҰРПАҒЫ ЖҮРЕР ҰҒЫНЫП Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты Ш.Құдайбердиев атындағы №32 ЖББМ-нің «Орыс тілі мен әдебиеті» кабинетіне 40 жылға жуық ұстаздық қызмет етіп, өмірі ұрпаққа өнеге болған Қарабекова Гүлзинат Кәрімқызының есімі берілді. Кабинеттің ашылу салтанатына аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, Гүлзинат Кәрімқызының ...

Толығырақ »

Саурандық оқушылар волейболдан өткен қыздар арасындағы турнирде жеңіс тұғырынан көрінді

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: Басқарма басшысының төрағалығымен алғашқы аппарат жиыны өтті Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Жұмашев Ғалымжан Сұлтанбекұлының төрағалығымен алғашқы аппарат жиыны өтті. Жиынға басқармадағы жауапты мамандар және (аудан/қаладағы) білім бөлімдерінің басшылары қатысты. Күн тәртібінде: Білім нысандарының 2023-2024 оқу жылдардағы күзгі-қысқы жылу беру маусымына дайындық барысы пысықталды. Жалпы, ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА МЕКТЕПТЕРДІҢ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚТАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес білім нысандарының алдағы жылу беру маусымына дайындығы қатаң бақылауда. Осы орайда Жетісай аудандық білім бөліміне қарасты 95 мекеменің 55-і жылту маусымына толықтай дайын болғанымен 40 білім беру ұйымының жылу жүйелерінде әртүрлі ақаулар анықталған. Анықталған ақаулықтарды қалпына келтіру үшін білім беру ұйымдарына Жетісай ауданының білім бөлімі үнемделген қаржы есебінен қажетті заттарын алуда. Жетісай ауданының ...

Толығырақ »

«АҚБЕРЕН» ӨНЕР БАЙҚАУЫНА 100-ГЕ ЖУЫҚ ОҚУШЫ ҚАТЫСТЫ

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: “Жасөспірім және заң” тақырыбы аясында тәрбиелік жиналыс ұйымдастырылды Ордабасы аудандық білім бөлімі мен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының жанынан құрылған жұмысшы топтың ұйымдастыруыме, Шұбар ауылындағы Д.Қонаев атындағы, Шұбарсу ауылындағы М.Исламқұлов атындағы жалпы білім беретін мектептерінде «Жасөспірім және заң» ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛДА 5 ЖЫЛ ІШІНДЕ 17 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛГЕН

БАҚ өкілдері Мақтаарал ауданына жасаған пресс-тур барысында Бірлік ауылдық округіне қарасты Өркениет ауылында орналасқан 200 орындық жаңа мектептің құрылысымен танысты. Мектептің құрылысы 2022 жылдың маусым айында басталған. Биыл жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Нысанның құрылысын мердігер «Нүрі-Л-Жетісай» ЖШС-і жүргізіп жатыр. Жаңа мектеп ғимаратында оқушылар үшін барлық жағдайлар жасалмақ. Физика, химия, информатика, технология кабинеттері, мультимедиялық және лингафондық кабинеттер соңғы үлгідегі ...

Толығырақ »

Түркістан облысы: Ғасырдан да ұзақ жасаған білім ордасы

Мектеп… Осы бір сөзде үлкен мән-мағына бар. Осы бір сөзден біздің бүкіл өміріміздің алғашқы баспалдақтары басталады… Кімге де болса он бір жыл білім берген, адалдыққа, кішіпейілдікке, мәдениетке үйреткен, болашаққа жолдама беретін алтын ұя мектебі қымбат… Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмытылмас сәттері ретінде балалық балдәурені мен мектептегі оқушылық  кезеңін еш уақытта есінен шығармасы ...

Толығырақ »

Ынтымақ – ырыс қайнары

Әлеуметтік сала – өте жауапты сала. 2019 жылы қазан айында Төлеби ауданының сол кездегі әкімі Бауыржан Омарбеков: «Осы ауданның азаматысыз, ауданды жақсы танисыз. Өйткені, барлық мәселе саяси ахуалға байланысты. Сондықтан ынтымақ пен тұрақтылықты қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз» деп әлеуметтік саланың жұмысын үйлестіруді маған сеніп тапсырған болатын. Содан бері төрт жылдан астам уақыт өтті. Шүкір, жұмысты біршама жолға қойдық ...

Толығырақ »

ҰСТАЗДАРДЫҢ ТӘЛІМГЕРІ

Барлық қажыр-қайратын, күш-жігерін білім саласына, ұрпақ тәрбиесіне арнаған Мырзахмет Сарманов есімі ел тарихында қалатын асыл тұлғалардың қатарында. Білікті басшы, білгір ұйымдастырушы, көрнекті ұстаз болған оның есімі бүкіл түркістандықтарға белгілі болды десек те болады. Ұстаздық еңбек жолында Мырзахмет Сармановтың атқарған істері ұшан-теңіз. Ол басқарған, қызмет жасаған мектептің жұлдызы әрдайым жарқырап жанып, тәрбиелеген шәкірттері биік белестерді бағындырып көптеген жетістіктерге жетті. Өйткені, ол ...

Толығырақ »

ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ — ӘЛЕУМЕТ ӘЛЕУЕТІ

Ұстаз… Қандай қасиетті сөз! Әр адамның  жүрегіне  ерекше  жылулық нұрын  себетін  аяулы  тұлға  бейнесімен  өзектес  ұғым. Адам  баласының жүрегінде  қадір  тұтып, құрметтейтін  екі  ұғым  болса, соның  бірі  -Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ  баласы  үшін  қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан  тәрбие  алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен  ұштасып жатады. Алғаш әріп танытып, өмірдің қыр сырын  ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: БЕС ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕН ҰСТАЗ

Қазақта «Түйір нан – тамшы тер» деген керемет ұғым бар. Еңбектену үшін мол ізденіс, ал іздену үшін өз мамандығыңды шексіз сүюің қажет. Сүйікті мамандығының иесі ғана алдағы мақсат-мұраттарына сүрінбей жетері сөзсіз. Түркістан қаласындағы №9 Некрасов мектеп-гимназиясының білікті ұстазы Байметова Гавхар Айдаралиқызы осындай ізденісі мол жандардың бірі. Гавхар бес тілде, атап айтар болсақ қазақ, өзбек, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейтін ...

Толығырақ »

ҰСТАЗДЫҚ – АСЫЛ ІС

Ұрпақтарымыздың ұлы мұраты жолында, еліміздің жарқын келешегі жолында талмай еңбек етіп жүрген ұстаздар жайында қанша мақтау айтсақ та артықтық емес сірә. Кемел келешегіміздің бүгінгі кезеңінен де жарқыныр ақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға жетелейтін құдіретті күш тек білімге ғана тән. Яғни, қандай да бір елдің өркендеуі, қоғамда өзіндік орынын ала білуі ол әрдайым білім саласының сапалы даму бағытына тікелей ...

Толығырақ »

ТЕРЕҢГЕ ТАРТҚАН ҰСТАЗ ТАҒЫЛЫМЫ

Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.   Сондай жанның бірі-  №7   мектеп-интернатында  көп жылдар бойы жемісті ...

Толығырақ »

ҰСТАЗДЫҚ ҰЛЫҚ ЕМЕС, ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ

Дана халқымыз «Ел есінде бір жыл қалғың келсе — ас бер, он жыл қалғың келсе — ағаш отырғыз, мәңгі қалғың келсе — бала тәрбиеле» — деген даналы сөз менің басты ұстанымым. Ұстаз ретінде баланың бойына адами құндылықтарды ұялатуды өзімнің басты міндетім деп санаймын. Өз уақытын аямайтын, өзгенің баласын өз баласындай аялайтын — ұстаздық, ең қадірлі де қастерлі мамандық. Жаһандану заманында ...

Толығырақ »

Құқықбұзушылықтардың профилактикасы сөз болды

 Бәйдібек ауданы «С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебі» КММ-де 2023-2024 оқу жылының жоспарына сәйкес, Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу бойынша «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу» тақырыбында аудан прокуроры Байтелиев Мәди Мұратбекұлымен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндет балалар мен ...

Толығырақ »

Сайрамда аудандық жас бишілер байқауы ұйымдастырылды

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: Сайрамда аудандық жас бишілер байқауы ұйымдастырылды Сайрам ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен №47 жалпы орта мектебінде «TuranBalaFest» үздік өнерпаздар телебайқауының «Би, заманауи би (ұжым және жекелей)» номинациясы бойынша аудандық би байқауы өтті. Байқау халық биі және халық стиліндегі би – әлем халықтарының билері, қазақ биі; қазіргі ...

Толығырақ »

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ» БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Түркістан облысы, Ордабасы ауданының мәдениет үйінде 2023 жылғы 9 қазан күні ҚР Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша семинар-кездесу өткізілді. Аталған іс-шараға Оқу-ағарту министрлігінің тәрбие және қосымша білім беру департаментінің басшысы М.Медетбекова, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, психология, тәрбие және тұлғаны дамыту орталығының директоры А.Танирбергенова, Түркістан облыстық білім саласы ардагерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Н.Байғұтов, Түркістан облыстық білім басқармасының бас ...

Толығырақ »

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАРДЫҢ БАСЫН ҚОСҚАН ФОРУМ ӨТТІ

Арыс қалалық мәдениет үйінде қаламыздың белсенді жастардың басын қосқан «Жалынды жастар – Жарқын болашақ» тақырыбында жастар форумы өтті. 300-ден астап қала жастары жиналған форумға қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мен қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, қала прокуроры мен сот төрағасы және Арыс аудандық полиция басқарма басшысы мен жеке құрамы қатысты. Еркін форматта өткен кездесу шымылдығын қалалық мәдениет үйінің өнерпаздарының «Қисық жол» ...

Толығырақ »

ҰЛЫ ТҰЛҒА – СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВ

 «Арыс қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «С.Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 11 қыркүйек күні Ұлтымыздың біртуар марғасқасын еске алып, ұлағатты өмірін ұрпаққа өнеге ретінде насихаттау мақсатында 10 қыркүйек- мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, публицист және редактор Сұлтанбек Қожановтың туғанына 129 жыл толуына орай қазақ тілі пәнінің мұғалімі Талтеева Гүлмира және үйірме жетекшілерінің ұйымдастыруымен ...

Толығырақ »