Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиынға тиісті сала және дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібінде заңсыз құрылыс және заңсыз мал сою орындарының жұмыс барысы туралы мәселелер көтерілді.
Атап айтқанда, Қарабұлақ ауылдық округі аумағындағы заңсыз мал сою орындарын анықтау қажеттігі айтылды. Қазіргі таңда Қарабұлақ елдімекен шегінен қажетті жер телімін қарастырып, мал сою кезінде шығатын қалдықтарын тастайтын беті жабылған шұңқырлардың құрылысы жүргізіліп, қызмет көрсетуде.
Сондай-ақ, аудан басшысы басқосу барысында Қарабұлақ, Манкент ауылдық округтеріндегі заңсыз салынған бірқатар құрылыстарды атап өтті. Аудан әкімі осы орайда ауылдық округ әкімдеріне заңсыз нысандарға арнайы акт толтырылып, кемшіліктерді жою бойынша тапсырмалар берді.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі жоғарыда талқыланған мәселелер бойынша жүйелі жұмыстардың жүргізілуін жүктеді.