Бүгінде Кентау қаласындағы қазақ-неміс политехникалық колледжінің директоры, мемлекеттік қызмет саласында бірнеше жыл жемісті қызмет атқарған, қаламыздың дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген Кривенцов Виктор Александровичтің тілшілерге берген сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз. Виктор Александрович, интернационалды отбасында өмір сүріп келесіз, қайынатаңыз қазақ, енеңіз, күйеу балаңыз неміс ұлтынан. Бір емес бірнеше этностар ұйысып отырған жанұяның ерекше салт-дәстүрлеріңіз атап өтсеңіз? Қандай ұлттық мерекелеріңізді айтар едіңіз? – ...
Толығырақ »Ауыл жаңалықтары
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ
5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Осы ретте,«Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні» жер шарының әрбір тұрғынын бей-жай қалдырмауы қажет. Табиғатты аялау, оны қорғау — әрбір адамзаттың парызы десек артық етпейді. Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан үлкен қолдау көрсетілетін бұл мерекенің мақсаты – қоршаған ортаның айтулы проблемаларына әлемдік қауымдастықтың назарын аудару және адамзат баласының қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімін ояту ...
Толығырақ »КӘСІБІНЕН НӘСІП КӨРГЕН КӘСІПКЕР
Кентау қаласы Иассы ауылдық округінің тұрғыны Үміт Жүсіпбаев бірнеше кәсіптің түрін игеріп, бүгінде ісі өрге домалаған кәсіпкер. 8 жылдан бері жылыжай шаруашылығын қолға алып, онда көгөністің бір емес, бірнеше түрін егуде. Қияр, қызанақтың сапалы сорттарынан өнім алып, жан-жаққа тасмалдауда, деп жазады Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Сондай-ақ шаруа иесі өңірде сирек егілетін үш гектарға жылыжайға ...
Толығырақ »АҒЫН СУ КЕДЕРГІСІЗ ЖЕТКІЗІЛУДЕ
Келес өзенінен бастау алатын – Шошым каналынан бүгінгі таңда Келес ауданы аумағындағы 1100 га егінді жер суғарылады. Аталған каналдың басы көрші Сарыағаш ауданында орналасып 15,5 шақырымы сол ауданның аумағыннан өтіп, Келес ауданы еншісіне 11,5 шақырымы өткен. Аталған каналдың жалпы ұзындығы – 27 шақырымды құрайды. Осы кезеңге дейін Шошым каналынан су алатын шаруалар ағын судың толық келмейтіндігін алға тартып, аудан әкіміне уәждерін ...
Толығырақ »БІРНЕШЕ ӨНІМ ТҮРІН ӨНДІРЕДІ
Кентау қаласына қарасты Қарашық ауылдық округінде «Тұран» ШҚ халыққа қызмет жасайды. Меншік иесі Хабибулла Азимов. Аталмыш шаруақожалық 1984 жылы құрылған. Бүгінде кәсіпкер өнімнің бір емес, бірнеше түрін өндіреді, деп жазады Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Нысанның жалпы жер аумағы – 413 га. Шаруа қожалықтың негізгі кәсібі мақта өңдеу, сүт өнімдерін өндіру, мақта сорттарының тұқымын өсіру. Мақта шитін ...
Толығырақ »АРНАЙЫ МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСЫ
Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің жанынан құрылған Түлкібас аудандық Арнайы мониторингтік топ және ПБК мүшелері азық-түлік сапасына қоғамдық бақылау жүргізді. Қазақстан Республикасы еңбек және әлеуметті қорғау министрлігінің тапсырмасына сәйкес, 01.06.2020 жылдан бастап, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан Төтенше жағдай кезініндегі халықтың жекелеген санаттарына берілетін ең аз азық-түлік тұрмыстық жиынтығының құрамын таратуда. ...
Толығырақ »КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІ
Облыс әкімі Ө.Шөкеев аудан әкімдерімен өткізген соңғы селекторлық мәжілісте облыс аумағында ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 3 негізгі бағытты белгілеп берген болатын. Сол бағытардың бірі — Үшiншi бағыт: үй іргелік жерлерді тиімді израильдiк технологияларды пайдалану арқылы мол өнім алу. Осыған орай Түлкібас ауданында облыс әкімінің тапсырмасын іске асыру мақсатында карантин режиміне сәйкес барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып Шақпақ ауылдық округінде көшпелі ...
Толығырақ »АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ
Қазіргі таңда елімізде ауылдардың жағдайын жақсартып, елді мекен халқының тұрмысын көтеру үшін қолға алынған «Ауыл ел бесігі» жобасы Бәйдібек ауданында да қарқынды түрде жүзеге асуда. Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынған жоба аясында республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, аудандағы Мыңбұлақ ауылындағы 8 көше мен Боралдай ауылындағы 7 көшенің бірқатарына асфальт төселетін болса, бірқатарына аяқжолдар, суағарлар салу, бірқатар көше бойларына жаңадан бағаналар орнатып, ...
Толығырақ »ОНЛАЙН ҚЫЗМЕТ АЛУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының Түркістан қалалық бөлім қызметкерлері еріктілермен бірге қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, «Қалтадағы ХҚО» атты акциясын Түркістан облысы, Түркістан қаласының сауда үйлерінде өткізді. Акция барысында еріктілер мен корпорация қызметкерлері тұрғындарға халыққа қызмет көрсету орталықтарының жаңа жұмыс істеу форматымен таныстырып, электронды үкімет порталын пайдалану және портал көмегімен мемлекеттік қызметтерге «Азамматтарға арналған үкімет» ...
Толығырақ »ЖАМАЛ АПАНЫҢ СЫЙЛЫҒЫ
Елдегі жетімінің маңдайынан сипап, жесірінің қолтығынан демеп қамқорлық көрсету, қайырымдылық жасау – қазақтың қанына сіңген қасиет. Бұл асыл құндылық сонау ықылым заманнан бері халқымыздың салт-дәстүрімен біте қайнасып жасап келеді. Міне, бүгін де сондай бір қайыры мол қайырымдылық шарасының куәсі болдық. Жүзіне немесе шыққан тегіне, руына қарамай жарлыларға жақсылық жасауға жаны құмартып тұратын Мырзашөл өңірінің Ақ Анасы атанған Жамал апа Жетісай ...
Толығырақ »ЕРІКТІ ЖАСТАРДЫ ШАҚЫРАДЫ
Облысымыздың белсенді жастары үшін керемет жаңалық. Салауатты өмір салтын сақтау-дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеудің негізі екені белгілі. Сол мүмкіндікті бірге жүзеге асырудың бірден-бір жолы — сана экологиясы мен қоршаған орта тазалығын сақтау. Осы ретте, «Таза әлем» бағыты бойынша іріктеу өтетінін хабарлай отырып, ЕРІКТІ ЖАСТАРДЫ шақырамыз. Жер анамызды қорғауға өз үлесіңізді қосу үшін, белгілі проблемаларды шешуде өтеусіз негізде көмек көрсеткіңіз ...
Толығырақ »ҮШ МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ
Түлкібас ауданында үш бірдей білім ұяларының оқушылары келесі оқу жылын жаңарған мектеп ғимаратында бастайды. Бүгін аудан әкімі Н.Байғұт көп жылдан бері жөндеу жұмыстарын қажет ететін ауданымызға қарасты Мичурин ауылдық округіндегі Г.Титов атындағы жалпы орта мектебіне арнайы барып, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында іске асып жатқан білім ошағының күрделі жөндеу жұмыстар барысымен танысты. Бұл жерде мектептің ішкі және сыртқы әрлеу ...
Толығырақ »МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ
Бүгінгі Қазақстан Республикасы үшін ең салтанатты, маңызды мерекелердің бірі – «Мемлекеттік рәміздер күнімен» баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Бұл күн қазақстандықтар үшін ең қымбат, құнды байлықтары — Ту, Елтаңба, Әнұраны дүниеге келген күн! 1992 жылы 4 маусымда тәуелсіз қазақ елінің мемлекеттік рәміздері бекітілген. Міне содан бері Туымыз көкте желбіреп, Әнұранымыз әлемнің түкпір-түкпірінде ...
Толығырақ »АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА
Түлкібас ауданында елдімекендер арасындағы жолдар мен ауылдардың ішкі көшелеріндегі жолдарды жөндеуге, күтіп ұстауға, кем-кетіктерін уақытында жөндеп отыруға ерекше мән беріліп келеді. Ағымдағы жылдың 4 маусым күні аудан әкімі Н.Байғұт Түлкібас және Састөбе кенттері мен Мичурин ауылдық округіндегі жөндеуден өтіп жатқан және алдағы уақытта жөндеу жұмыстары жоспарланған біршама көшелерді аралап, сапасын тексерді. Аралау барысында аудан басшысы Састөбе кентіндегі асфальт төселіп жатқан ...
Толығырақ »МЕРЕКЕЛІК АВТОШЕРУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Бүгін Түркістан облысы Жетісай ауданының орталығы Жетісай қаласында Мемлекеттік рәміздері күні аясында «Менің туым» атты акция ұйымдастырылды. Шара барысында жетісайлық жастар қаланың көрікті көшелерінде автошеру өткізіп, мерекенің маңызын айшықтай түсті. Аталған акцияның мақсаты – өскелең ұрпақты отандық патриотизм мен жоғары азаматтық сабақтастыққа үндеп, қоғамның рухани бірлігін нығайту болатын. Осы үдеден шыға білген акцияға ауданның белсенді жастары атсалысты. Осылайша жетісайлықтар Мемлекеттік рәміздер ...
Толығырақ »ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
Түркістан облысының аумағында енгізілген карантин режимі талаптарын сақтау, оның орындалуын ұйымдастыру үшін ауданда мобильді топ құрылған болатын. Ордабасы ауданы әкімінің тапсырмасы бойынша мобильді топтың мүшелері ауыл округтерінде орналасқан сауда нүктелерін, қоғамдық тамақтану орындарын, тіс емханасын, әсемдік салондарын, тағы басқа нысандарды аралап, карантин режимін бұзбау мақсатында кезекті рейдтік ісшара жүргізді. Олар ең алдымен Қажымұқан ауыл округінде тұрғындар жиі баратын нысандарға бет ...
Толығырақ »ӨТЕМАҚЫ БЕРІЛЕ БАСТАДЫ
Үкімет тарапынан берілетін 100 мың теңгелік өтемақыға байланысты Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фердауси, Достық, Өргебас елдімекендерінің 6314 азаматынан құжаттар қабылданды. Оның 6020-сы көші-қон полициясының ақпаратымен расталып, қаржы аудару үшін бекітуге ұсынылған. Бұл туралы бүгін топан судан зардап шеккен халықпен арнайы кездескен Түркістан облыстық Қазақстан халықтары Ассамблясыхатшылығының меңгерушісі, Мақтаарал ауданындағы облыстық штабтың әлеуметтік мәселелер жөніндегі жетекшісі Ғани Рысбеков мәлімдеді, деп жазады Түркістан облысының ...
Толығырақ »СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ
Еліміз бойынша «Birgemiz: ТҮЛЕК 2020» атты Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында мектеп бітіру іс-шарасы ұйымдастырылуда. Түлкібас ауданы білім бөліміне қарасты 51 жалпы білім беру ұйымдарында соңғы қоңырау шарасы барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді. Ісшара негізінен оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу, білім құндылықтарын қалыптастыру, жастардың бойында жоғары әлеуметтік белсенділігін және бәсекеге қабілеттілігін дамытуға ықпал жасау, «Алтын белгі» және ерекше үлгідегі аттестат ...
Толығырақ »ДОСТЫҒЫМЫЗДЫ АЙҚЫНДАП БЕРДІ
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейлік «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатын толық оқып шықтым. Оқи отыра, мен осындай дархан даласы бар тәуелсіз елде өмір сүріп жатқаныма шексіз бақытты екендігімді сезіне түстім. Президент өз мақаласында қазақ елінің біртұтастығы мен мызғымас достығына ерекше мән беріп, қашанда достығы мығым ел екендігімізді тағы да айшықтап берді. Мақаланың мардымдылығы сол — этносаралық келісім-ішкі саяси тұрақтылықтың маңызды ...
Толығырақ »ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ТҰҒЫРЛЫ, РӘМІЗДЕРІМІЗ ҒҰМЫРЛЫ БОЛСЫН!
Бүгін-Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күні мерекесі! Ел тарихында елеулі орын алатын айтулы мереке баршаңызға құтты болсын! Қазақ елін әлемге айшықтайтын Тәуелсіз еліміздің рәміздері тұғырлы hәм ғұмырлы болсын! Рәмізіміз-қазақ елінің айбыны, ел тарихының бет-бейнесі іспетті. Ел Тәуелсіздік алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған төрт белгі бар. Оның біріншісі – көк байрағы, екіншісі – Елтаңба, үшіншісі – Әнұран, төртіншісі – ...
Толығырақ »МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ӘСПЕТТЕЛДІ
Рәміздер — халқымыздың рухын, ұлттық санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгі болып саналады. Кез-келген мемлекеттің көркейіп, гүлденуі сол мемлекеттің төл рәміздеріне деген құрмет сезімінен өрбиді. Біздің елімізде бұл мереке 1992 жылы 4-маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы Заң қабылданғалы бері аталып келеді. Бүгінде бұл мереке Сарыағаш ауданында да аталып өтті. Сарыағаштық жастардың патриоттық сезімін ояту, ...
Толығырақ »ЖҰМА НАМАЗЫ 23 МЕШІТТЕ ОҚЫЛАДЫ
Бүгін таң намазынан бастап Сайрам ауданында мешіттер ашылады. Аудандағы 109 мешіттің 23-інде Жұма намазы оқылады. Осыған орай, мешіттерде дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде, деп жазады ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Жұма намазға жамағат жиналмайды. Қарттарға, нәрестелерге мешітке баруға болмайды. 100 адамдық мешіт болса, карантиндік режимге сәйкес, онда 100-ден 30% ғана кіруіне рұқсат етіліп отыр. Әр адам мешітте 15 минуттан ұзақ ...
Толығырақ »«МЕНІҢ ТУЫМ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Елбасы Н.Назарбаевтың 2007 жылы 4 маусымдағы Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң қабылданған болатын. Осы заңға сәйкес 4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтуде. Осыған орай, Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында «Менің туым» акциясы болып өтті, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Қазақстандықтардың Мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыру, өскелең ұрпақтың патриоттық санасын ...
Толығырақ »КӨПШІЛІК НАМАЗДАР ОҚЫЛА БАСТАДЫ
Түркістан облысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 748 мешіт болса, бүгінде оның облыс және аудан орталықтарындағы 632-інде жұма намаздары оқыла бастайды. Ал өзге бес уақыт намаздар барлық мешіттерде орындалады. Әрине, еліміздің бас санитар-дәрігерінің қаулысы бойынша, жамағат арақашықтықты сақтай отырып, мешіттің іші 30%-ға ғана толтырылады. Ал қалған адамдар мешіт сыртында құлшылық жасайды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммункациялар қызметінде Түркістан облысының бас ...
Толығырақ »РӘМІЗДЕРІМ – МАҚТАНЫШЫМ!
4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай Арыс қалалық ішкі саясат бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен қала орталығында орналасқан Батырлар аллеясында мерекелік акция өтті, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Акция барысында авто шеру ұйымдастырылып, Мемлекеттік Туымызды көкке қалықтатты. Жанға қуат, бойға мақтаныш, асқақ рух сыйлады. Шараның басты мақсаты — жастарды мемлекеттік рәміздерді қадірлеуге, ...
Толығырақ »